Жаңалықтар

Кеңқол мәдениеті

Кеңқол мәдениеті - Талас өзені алқабында ежелгі дәуірден сақталған археологиялық ескерткіштердің ғылымдағы жиынтық атауы. Б.з.б. 1-мыңжылдығының 1-жартысында қалыптасқан. Толық зерттелген негізгі ескерткіші – Кеңқол қорымына байланысты Кеңқол мәдениеті деп аталған. Қырғызстан жеріндегі Таластың жоғары ағысындағы кең алқапта, Кеңқол өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қорым алғаш рет 1930 жылы А.Н. Бернштамның далалық зерттеулері барысында ашылды. Кеңқол мәдениеті ескерткіштерін зерттеуге И.К. Қожамбердиев, С.С. Сорокин, Ю.А. Заднепровский, т.б. қатысты. Кеңқол қорымындағы барлығы 100-ден астам обаның жартысы зерттелген. Топырақ үйіндінің астындағы катакомбалы жерлеу бөлмелері – Кеңқол мәдениетінің жерлеу ғұрпындағы басты ерекшеліктердің бірі. Бастапқы қабір шұңқырынан катакомбаға ұзындығы 2 м-ден 8 м-ге дейін ұзынша дәліздер апарады, катакомбаның аузы таспен, ағашпен, шикі кірпішпен де өріліп жабылады. Мүрделер бір-бірден, кейде топтап, ағаш, киіз төсеніште немесе тақтай табытта жерленген. Өлкенің қолайлы табиғи ерекшеліктеріне байланысты, қабірлерге қойылған заттар неғұрлым жақсы сақталған, оның ішінде жібектен тігілген киім қалдықтары да бар. Жалпы заттай деректер көптеп саналады. Ерлер қабіріне ағаш қынды темір семсерлер мен қанжарлар, сүйектен, темірден жасалған жебелер тән. Әсіресе, мүйіз жапсырмалармен беріктендірілген ауыр құранды ер назар аудартады. Әйелдер қабіріне айналар мен қысқаштар, сүрметастар және сырға, жүзік, моншақ сияқты сәндік бұйымдар салынған. Бұлардың арасында алтын сырғалар мен қапсырмалар да бар. Басқа заттардан – темірден соғылған ауыздық, пышақ, айылбас, тас қайрақтар көптеп кездеседі. Әр қабірде міндетті түрде бір-екіден қыш құмыра, екіден беске дейін ағаш ыдыс бар. Тоқыма себеттер мен ет турауға арналған аласа жозылар жақсы сақталған. Сүйек шүмегімен бірге қойылған ағаш бесік жалпы археологиялық қазбаларда сирек кездесетін бұйымдарға жатады. Қыш ыдыстың түбі жайпақ, қабырғаларында толқынды сызықтар түріндегі оюлар жиі қолданылған. Қытайдың Хань әулеті кезінде жасалған қола айналар кездеседі. Жерленген адамдардың бас сүйегінде жарақаттар байқалады. Адамдар бет әлпеті бойынша мұнда Орта Азия нәсілінің белгілері едәуір мөлшерде араласқан еур. тектес адамдар жерленгені анықталған. Кеңқол мәдениетінің ескерткіштері Талас алқабынан басқа өлкелерде де ашылды. Шудың жоғары алқабындағы Құмарық қорымында (Қарабалта қаласы маңында) катакомбалы обалар шоғырланған. Оңтүстік Қазақстандағы Шәушіқұм, Жамантоғай, Бөріжар, Ташкент алқабындағы Янгиюль, Вревский зираттарында жерлеу ғұрпы мен заттай деректері бойынша Кеңқол мәдениетіне сәйкес келетін обалар көптеп саналады. Кеңқолда алғашқы зерттеулер жүргізген Бернштам бұл обаларды таза ғұн ескерткіштері деп санайды. Дегенмен, ғалымдардың негізгі пікірі Кеңқол мәдениеті Талас пен Шудың жоғары алқабын мекендеген жергілікті сақ тайпаларының ұрпақтарына шығыстан келген ғұндардың араласуы нәтижесінде қалыптасты дегенге саяды.
05.12.2012 04:03 4092

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға