Жаңалықтар

Түріктердің наным-сенімдері және дін

Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады. Ұмай ана Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай - от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге Ұмай түріктер сиынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны мәселен, Төнікөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген: «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!». Отқа табыну Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ортаға әкеліп, құтырына айғайлап, кәрін төгіп, ойнақтаған жын-шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел- пәледен құткарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пәле-жаланы алас- тадықдеп сенгендей болды». Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа табынғаның археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Қалалардың жұрттарын қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың осы жануарларға табынумен байланысты екені даусыз. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI—VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып алынды. Ұлы» тастың құдіретті Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «ұлы» тастың құдіретті күшімен жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады. Түріктердің сиқырлы күшке, шаман бақсы-балгерлеріне сенетіні жайлы парсы тарих- шылары мен географтары да жазады. Өлген түріктер ертедегі шаман ғұрпымен жерленген. Деректемелерде жерлеу ғұрпының сипаттамалары сақталған, өлген адамды биіктеу жерге тігілген киіз үйге қойған. Туыстары құрбан- дыққа әкелген қойлары мен жылқыларын табалдырықтан асырып қойған да, сонан соң киіз үйді жеті рет айналып өткен. Үйді айналып, есік алдынан өткен сайын беттерін тілгілеп, жылайтын болған; сонан соң белгіленген күні өлген адамның атын, киімдері мен заттарын алып, оларды өлген адамның денесімен бірге өртеген. Будда діні Алдыңғы орта ғасырларда будда дінінің негізгі миссионерлері рөлін соғдылар алды. «Бодисатва» деген сөз парсы, ұйғыр, қытай тілдеріне соғды тілінен енген. Шығыс Түркістандағы буддалық түрік мәтіндерінің терминдеріне жасалған талдау олардың соғдылар арқылы келгенін дәлелдейді. Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, VI ғасырдан бастап түріктер будда дінінің күшті ықпалына ұшырады. Сюань-Цзян батыс түрік қағанының будда дініне ізгі көзқараста болғанын жазады. Зерттеушілердің пікірінше, VII ғасырдың бірінші жартысында батыс түріктердің кейбір билеушілері будда дініне көшеді немесе будда дініне қамқоршылық етеді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда будда діні едәуір кен таралды. Мұны бірінші кезекте будда ғибадатханаларының, монастырьларының табылуы дәлелдейді. Кездейсоқ табылған заттар ішінде үнді бұйымдары: буддалар мен будда дініне тон алтын жалатылып, асыл тастармен ою-өрнек салынған қола және күміс мүсіншелері ұшырасады. Орта ғасырлардағы белгілі қала Испиджабтың - Сайрамның қираған жұртына жақын жерден табылған жер асты монастыры археологтардың жақында ашқан жаңалыктарының қатарына жатады. Үңгірдегі монастырь кешендерінің ертедегі үлгілерін Үндістаннан іздестіру керек, онда үңгірдегі сәулет өнерінің дәстүрлері Маурья кезеңінде, Мағадхада және соған жақын жерде (қазіргі Бихарда) дамыған. Батыс Үндістанның ертедегі үңгір ғимараттары монастырлар болған. Әрбір монастырь бір немесе бірнеше чатьядан — мінажат орындарынан және бірнеше вихара — монахтар тұруға арналған жайлардан тұрған. Испиджабқа жақын жерден ашылған жайлардың вихаралар болуы мүмкін. Несторий ілімі Несторийдің ілімі 431 жылы Эфес соборында айыпталып, несториандар аяусыз құдалана бастады. Құғындаулар нәтижесінде олар Шығыска қашуға мәжбүр болды. Азияның алыстағы аймақтарының несториандармен байланысты болғаны қайран қалдырады. Олардың қолониялары мен сауда факториялары Жерорта теңізінің жағалауынан «Аспан империясына» дейін созылып жапы. Таулар мен ойпаттар арқылы өткен бұл жол бойындағы алқаптардан христиан мәдениетінін ескерткіштері табылды. Метрополияда да, отарларда да соғдыларға христиан дінінің таралуы соғдылардың сирия жазуымен танысуына жеткізді. Сирия жазуы христиан-соғдылардан ертедегі түріктерге жетті; бұл жазуды ұйғырлар қабылдады: «...сириялықтар дүние- жүзілік ғылым мен мәдениетке зор үлес қосты. Олар Шығысты дүние- жүзілік мәдениет дамуының көне замандағы жетістіктерден бастау алған сарынына қосты». Манихей діні Жібек жолының бойымен келесі бір дін — манихей діні таралған. Ол III ғасырда Иранда пайда болып, тез арада Италиядан Қытайға дейін көп мөлшерде әдептілер тапты. Ол жалпы алғанда зороастрашылдық пен христиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихей діні — мессианшылдықты, ал зороастрадан ізгілік пен зұлымдықтың, жарық пен қараңғылықтың күресі идеясын алған. Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте, отырықшы тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Тұрфан алқабынан табылған манихейлік «Екі негіздің қасиетті кітабы» деген шығарманың ертедегі ұйғырша қолжазбасында бұл кітап «он оқ елінде (нанымды) ояту үшін» «Арғу, Талас (Алтын Арғу—Талас-улуше, Талас-улуше)» қаласында жазылды делінген. Бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр. Жетісудыңтағы бірқатар қалаларында— Баласағүнда, Жікіл-Балықта манихей мекендері болтаны мәлім. Таразды қазған кездетабылған, манихейлік астралдық құдайлар нышаны болып саналатын айы бар, әйел бейнеленген қола медальонды манихейлік жәдігерлер қатарына жатқызған жөн. Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасында тағы бір дүниежүзілік дін—зороастра дінінің өкілдері болған, ол дін б. з. б. VII — IV ғасырларда ежелгі Иран аумағында қалыптасты. Оның ғұрыптық практикасына Ғаламның төрт элементін — суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу тән. Зороастра ескерткіштерін Орта Азиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан аңғаруға болады. Бұлар — мұнара сияқты құрылыстардың қалдықтары, оларды от жағатын мұнаралармен байланыстыру қажет. Олар Қостөбе және Қызылөзен қалалары орнының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазакстанда зороастра дінінің канондық түрінен айырмашылығы бар ерекше нұсқасы таралған. Ол жергілікті табынушылық діндермен, атап айтқанда, отқа, текке, бабаларға, жануарларға — қойға, жьшқыға, түйеге табынумен тығыз араласып кеткен. 
05.12.2012 03:59 47887

Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады.

Ұмай ана

Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай - от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге Ұмай түріктер сиынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны мәселен, Төнікөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген: «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!».

Отқа табыну

Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ортаға әкеліп, құтырына айғайлап, кәрін төгіп, ойнақтаған жын-шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел- пәледен құткарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пәле-жаланы алас- тадықдеп сенгендей болды». Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа табынғаның археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Қалалардың жұрттарын қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың осы жануарларға табынумен байланысты екені даусыз. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI—VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып алынды.

Ұлы» тастың құдіретті

Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «ұлы» тастың құдіретті күшімен жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады. Түріктердің сиқырлы күшке, шаман бақсы-балгерлеріне сенетіні жайлы парсы тарих- шылары мен географтары да жазады. Өлген түріктер ертедегі шаман ғұрпымен жерленген. Деректемелерде жерлеу ғұрпының сипаттамалары сақталған, өлген адамды биіктеу жерге тігілген киіз үйге қойған. Туыстары құрбан- дыққа әкелген қойлары мен жылқыларын табалдырықтан асырып қойған да, сонан соң киіз үйді жеті рет айналып өткен. Үйді айналып, есік алдынан өткен сайын беттерін тілгілеп, жылайтын болған; сонан соң белгіленген күні өлген адамның атын, киімдері мен заттарын алып, оларды өлген адамның денесімен бірге өртеген.

Будда діні

Алдыңғы орта ғасырларда будда дінінің негізгі миссионерлері рөлін соғдылар алды. «Бодисатва» деген сөз парсы, ұйғыр, қытай тілдеріне соғды тілінен енген. Шығыс Түркістандағы буддалық түрік мәтіндерінің терминдеріне жасалған талдау олардың соғдылар арқылы келгенін дәлелдейді. Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, VI ғасырдан бастап түріктер будда дінінің күшті ықпалына ұшырады. Сюань-Цзян батыс түрік қағанының будда дініне ізгі көзқараста болғанын жазады. Зерттеушілердің пікірінше, VII ғасырдың бірінші жартысында батыс түріктердің кейбір билеушілері будда дініне көшеді немесе будда дініне қамқоршылық етеді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда будда діні едәуір кен таралды. Мұны бірінші кезекте будда ғибадатханаларының, монастырьларының табылуы дәлелдейді. Кездейсоқ табылған заттар ішінде үнді бұйымдары: буддалар мен будда дініне тон алтын жалатылып, асыл тастармен ою-өрнек салынған қола және күміс мүсіншелері ұшырасады. Орта ғасырлардағы белгілі қала Испиджабтың - Сайрамның қираған жұртына жақын жерден табылған жер асты монастыры археологтардың жақында ашқан жаңалыктарының қатарына жатады.

Үңгірдегі монастырь кешендерінің ертедегі үлгілерін Үндістаннан іздестіру керек, онда үңгірдегі сәулет өнерінің дәстүрлері Маурья кезеңінде, Мағадхада және соған жақын жерде (қазіргі Бихарда) дамыған. Батыс Үндістанның ертедегі үңгір ғимараттары монастырлар болған. Әрбір монастырь бір немесе бірнеше чатьядан — мінажат орындарынан және бірнеше вихара — монахтар тұруға арналған жайлардан тұрған. Испиджабқа жақын жерден ашылған жайлардың вихаралар болуы мүмкін.

Несторий ілімі

Несторийдің ілімі 431 жылы Эфес соборында айыпталып, несториандар аяусыз құдалана бастады. Құғындаулар нәтижесінде олар Шығыска қашуға мәжбүр болды. Азияның алыстағы аймақтарының несториандармен байланысты болғаны қайран қалдырады. Олардың қолониялары мен сауда факториялары Жерорта теңізінің жағалауынан «Аспан империясына» дейін созылып жапы. Таулар мен ойпаттар арқылы өткен бұл жол бойындағы алқаптардан христиан мәдениетінін ескерткіштері табылды. Метрополияда да, отарларда да соғдыларға христиан дінінің таралуы соғдылардың сирия жазуымен танысуына жеткізді. Сирия жазуы христиан-соғдылардан ертедегі түріктерге жетті; бұл жазуды ұйғырлар қабылдады: «...сириялықтар дүние- жүзілік ғылым мен мәдениетке зор үлес қосты. Олар Шығысты дүние- жүзілік мәдениет дамуының көне замандағы жетістіктерден бастау алған сарынына қосты».

Манихей діні

Жібек жолының бойымен келесі бір дін — манихей діні таралған. Ол III ғасырда Иранда пайда болып, тез арада Италиядан Қытайға дейін көп мөлшерде әдептілер тапты. Ол жалпы алғанда зороастрашылдық пен христиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихей діні — мессианшылдықты, ал зороастрадан ізгілік пен зұлымдықтың, жарық пен қараңғылықтың күресі идеясын алған.

Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте, отырықшы тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Тұрфан алқабынан табылған манихейлік «Екі негіздің қасиетті кітабы» деген шығарманың ертедегі ұйғырша қолжазбасында бұл кітап «он оқ елінде (нанымды) ояту үшін» «Арғу, Талас (Алтын Арғу—Талас-улуше, Талас-улуше)» қаласында жазылды делінген. Бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр. Жетісудыңтағы бірқатар қалаларында— Баласағүнда, Жікіл-Балықта манихей мекендері болтаны мәлім. Таразды қазған кездетабылған, манихейлік астралдық құдайлар нышаны болып саналатын айы бар, әйел бейнеленген қола медальонды манихейлік жәдігерлер қатарына жатқызған жөн. Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасында тағы бір дүниежүзілік дін—зороастра дінінің өкілдері болған, ол дін б. з. б. VII — IV ғасырларда ежелгі Иран аумағында қалыптасты. Оның ғұрыптық практикасына Ғаламның төрт элементін — суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу тән. Зороастра ескерткіштерін Орта Азиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан аңғаруға болады. Бұлар — мұнара сияқты құрылыстардың қалдықтары, оларды от жағатын мұнаралармен байланыстыру қажет. Олар Қостөбе және Қызылөзен қалалары орнының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазакстанда зороастра дінінің канондық түрінен айырмашылығы бар ерекше нұсқасы таралған. Ол жергілікті табынушылық діндермен, атап айтқанда, отқа, текке, бабаларға, жануарларға — қойға, жьшқыға, түйеге табынумен тығыз араласып кеткен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға