Жаңалықтар

Кулактар қауымы

Кулактар қауымы Кулактар қауымы (алғашқыда «жылпос», «қанаушы» сөздеріне синоним ретінде айтылған) - жалдамалы жұмысшы күшін қанау саудагершілік өсімқорлық арендаға жер беру күш көлігін ауыл шаруашылық құрал саймандарын жалдау арқылы байытын село буржуазиясы. 1890 жылдан село буржуазиясының ресми атауы ретінде пайдалынала бастады.  Тауарлы өндірістің дамуы бары сында туды. Тап ретінде Ресейде 1861 жылғы шаруаларлар реформасынан кейін қалыптасты.  20 ғасырдың басында шаруа үйлерінің бестен бірін қамтыған Кулактар қауымы барлық егістік жердің жартысын иемденді товарлы астықтын жартысын өндірді. Сауда мекемелерін ашты, өсімқорлықпен айланысты, күш-көлігін жер өңдейтін құрал-саймандарды жалға беріп, кедейлер мен батырақтарды сүліктей сорды, орта шаруаға қысым салды. Өздерінің қанау әдістерін бүркемелеу үшін шаруалар қауымына қосылғанымен, бұл олардың жер өңдеу өндірісін капиталистік жолымен ұйымдастыруына оралғы болды. Рессейдегі басыбайлылық қалдықтары капиталистік қор жинауға кедергі жасады. Сондықтан да Кулактар қауымы помещиктерге дұшпандық көзбен қарады. Олар Ұлы Октябрь социалисттік революциасының жауы бола тұра 1918 жылдың жазына дейін помещик жер иеліктерін жойып біткенше барлық шаруаларымен бірге болды. Сөйтіп шурайлы жерлерді помещик малымен құрал-саймандарын басып алды. Селолық және облысттық Советтерге кіріп социалистік құрылысына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. 1918 жылдан Советтік өкіметіне ашық қарсы шықты астығын жасырды бірнеше рет бүлік шығарды. Кулактар қауымына қарсы күресте кедейлер комиттетері мен азық-түлік отряддары маңызды роль атқарды. Шетельдік интервенция мен азамат соғысы жағдайында 1919 жыл ауылдар мен селолардағы әсіресе кулактар қолындағы артық астықты алуға бағытталған азық-түлік салғырты енгізілді. Кулактар қолындағы 80 млн га жердің 50 млн-ы тартып алынды. Шұрайлы жерлерінің айрылыған Кулактар қауымы Совет өкіметіне қарсы нешетүрлі зұлымдық жасады. Азық-түлік комиттетерінің Қосшы одақтарының белсенді мүшелерін өлтірді, ұсақ буржуазия контрреволюцианың негізі әлеуметтік күшіне айналып, Антонов, Григорьев бүліктерін 1921 жылғы Батыс Сібір бүлігін шығарды. 1921 жылы Маңғыстау, Орал, Бөкей, Семей және Ақмола губернияларының бірсыпыра жерлеріне бандылар қозғалысы өріс алды. Ел ішіндегі бұл контрреволюцияға қарсы қоғамдық ұйымдар құрылып, ол бүкіл халықтық күреске ұласты. 1921 жыл 20-30 қаңтарда Әулие атада (Жамбылда) өткен Түркістан қазақ-қырғыз кедейлерінің съезінде қазақ кедейлері мен батырақтарының тұңғыш бұқаралық ұйымы қосшы одағын құру туралы қаулы алды. Ол Қазақстан компартиясы мен Совет өкіметінің ауылдағы негізгі тірегіне айналды. 1921 жылы еліміздің Жаңа экономикалық саясатқа көшуіне байланысты кулактар шаруашылықтары қайта өрістеді. Дегенмен жерді национализациялау ауылдағы капитал қорын жинау негізгі көздері жойылды. Совет өкіметі Кулактар қауымына қарсы тежеу және ығыстру саясатын жүргізді. РК (б) партиясының 11 съезінде В.И. Ленин партияға: таяау уақыттың ішінде «орыс капитализммен ұсақ шаруашылығынан өсіп шығатын капитализммен соның қолдауына сүйенетін капитализммен ақырғы және шешүші ұрыс» болғалы тұрғаның ескерген болатын. (шығармалары, 33 том, 275 бет). Шынында да жаппай коллективтендірудің бас кезінде Кулактар қауымы шаруа шаруашылықтарының 5 пайзын қамтиды. 1927 жылы кулактар шаруашылығы 1 миллионнан астам болды. Бырақта өндіріс құралдарының көпшілігі солардың қолында қалды. Олар коммунистік партияға қарсы тұратын «Шаруалар одағы» ұйымын құрмақ болды, Советтер мен коммунистерге қарсы үгіт жүргізіді. 1927-1928 жылдар бекітілген бағамен мемлекетке астық сатуға қарсы «Астық бүлігін» ұйымдастырды. 1927 жылы партия кедей, орташа бұқараға сүйеніп «Ауылға бет бұрыңдар» деген ұран көтерді. Партияның негізгі тіреуі 21 мыңдай пария ұясы мен ширек миллионнан астам коммунисттер еді. Бұларға бір миллион жас күрескер 200 мың ауыл тілшілер қосылды. Партия кулактарға қарсы шұғыл шаралар белгіледі, оларды тежеуді күшейтті, салық көлемін ұлғайтты. Кулактар сотқа тартылып артық астығы сот шешіммен конфикселенді. Бұл астықтың төрттен бір бөлігі ауылда кедейлер қорына берілді.[4] Байлар мен кулактардың Совет өкіметіне қарсы күресі Қазақстанда шиеленіскен жағдайда өтті. Өйткені олар мұнда сан жағынан көп (Азамат соғысының ақырында 6-8 пайзға жетті), экономикалық жағынан күшті еді. Кулактар шаруалардың салғыртқа қарсы наразылығын пайдаланып, оларды Совет өкіметіне қарсы көтермек болды. 1921 жылы көктемде жүзеге аса бастаған жер-су реформасының нәтижесінде Жетісу, Сырдария губернияларының батырақтары, 160,1 мың жер, құрал-сайман алды. Оралдың сол жағалауындағы қазақ шаруалары 208 мың жерге ие болды. Қазақ шаруалары бұрын өздерінен тартып алыңған жайылымдықтарды егістік жерлерді мал айдайтын жолдарды қайтып алды. Кулактар өз жерлерін өртеп, мүліктерін жоя бастады, қастандық әрекетке көшті, қазақтар мен орыстар арасында арандаушылық өсек аяң таратты, қарулаңған бандалар қазақ ауылдарынп шабуыл жасады. Ауыл шаруашылығының жаппай коллективтендірудің өрістеуі Кулактар қауымына тап ретінде жою саясатына көшуге негіз болды. Қосшы одағы мүшелерінің қатары 19683 адамға жетті. 1927-1928 жылдарғы жерді қайта бөлу нәтижесінде байлар мен кулактар шаруашылықтарының үлесі 5 еседен де көп кеміді. Қазақстан Орталық Атқару комитеті 1928 жылы 27 тамызда аса ірі байлар мен кулактар мүлкін конфикселеу туралы заң шығарды. Бұл конфикселеуге 696 шаруашылық ілікті. Ірі байлар мен феодолдардан 145 мың бас мал, ауыл шаруашылық құрал-саймандары, құрылыстар тағы басқа мүлік алынды. Малдың 78,8 пайызы қазақ еңбекші шаруаларына бөлінді. Барлығы 988 бірлестік конфискеленген мал мүліктен алды. Кулактар қауымы құрылысына қарсы қатты қарсылық көрсетті. Таптық күрестің бұлайша шиеленісі Кулактар қауымын тап ретінде жою процесін тездетті. БК (б) ОК-нің (1930 жылы 30 қаңтар) Орталық Атқару комитеті мен ҚСРО Халкомсовының (1930 жылы 01, 04 ақпан) қауылылары мен нұсқаларына сәйкес жаппай коллективтендіру аудандырға жерді жалға рұхсат беру және жалдама еңбекті қолдану туралы заң жойылды. Конфискеленген мүліктер колхоздардың бөлінбейтін қорына қосылды. Ірі кулактар мен контрреволюциялықтар күреске қатысқандардың отбасы жер аударылды. Бұл шараны жүзеге асыруға Совет өкіметінің қоғамдық ұйымдардың шаруалардың өкілдері қатысты. Қазақ АССР ОАК мен Халкомсовы осы жылғы 19 ақпанда колхоз қозғалысын өрістеу, байлар мен кулактарға қарсы кұресу туралы қауыл алды. Бұл қаулыда кулактар мен байлардың мүліктерін конфискелеп, өздерін жер аудару туралы Советтердің округ атқару комитеттеріне құқық берілді. Жаппай коллективтендіру аудандарында кулактар мен байлар шаруашылығын жою жөніндегі комиссиялар құрылды. Республикамыздың жаппай коллективтендіру жұргізілген 60 ауданда еңбекшіліердің белсене қатысуымен 1930 жылдың 1 ақпанында 19163 бай-кулак шаруашылықтары жойылды. Ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрудың нәтижесінде шаруалар кулактар қанауынан мәңгі құтылды. ҚСРО-да колхоз құрылысы жеңді. Кулактар қауымының тудырған жағдайлар жойылды. Кулактардың негізгі бөлігі өздері тұрған әкімшілік аудандар төңерегіне ғана жер аударылып, кейін колхоздарға қабылданды, совхоздарға жұмысқа кірді, қалаларға ауысты.Адал еңбек еткен Совет өкіметіне ниет түзу бұрыңғы кулактар бірте бірте азаматтық құқықтарына ие болды. 1936 жылғы ҚСРО Конституциясы бойынша олардың барлығына да сайлау құқық берілді, 1941 жылдың басында жер аударылған 830 мың кулак (220 мың отбасы) болды. Ұлы Отан Соғысы жылдарында олардың көпшілігі қажырлықпен еңбек етті, балалары фашист басқыпшыларына қарсы майдаңға аттанды. Олардың көпшілігі ордендерімен, медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін кулактардан соңғы тежеулер алынып, олардың социалистік құрылысқа белсене араласуына мүмкіндік туғызылды. Сөйтіп қайта тәрбиелеңген Кулактар қауымы советтік құрылыстың тең құқықтық азаматына айналды. Социалистік лагерьдің басқа елдерінде Кулактар қауымы шаруа шаруашылықтарын өндірістік кооперативтендіру нәтижесінде тап ретінде жойылды. Бұларда кулактарды жою жүйелі тежеу және ығыстыру жолымен іске асты. Кулактардың басым бөлігі өз шаруашылықтарын жойып, халықтың басқа салаларына ауысты.  
05.12.2012 03:59 9469

Кулактар қауымы
Кулактар қауымы (алғашқыда «жылпос», «қанаушы» сөздеріне синоним ретінде айтылған) - жалдамалы жұмысшы күшін қанау саудагершілік өсімқорлық арендаға жер беру күш көлігін ауыл шаруашылық құрал саймандарын жалдау арқылы байытын село буржуазиясы.
1890 жылдан село буржуазиясының ресми атауы ретінде пайдалынала бастады.
 Тауарлы өндірістің дамуы бары сында туды. Тап ретінде Ресейде 1861 жылғы шаруаларлар реформасынан кейін қалыптасты.
 20 ғасырдың басында шаруа үйлерінің бестен бірін қамтыған Кулактар қауымы барлық егістік жердің жартысын иемденді товарлы астықтын жартысын өндірді. Сауда мекемелерін ашты, өсімқорлықпен айланысты, күш-көлігін жер өңдейтін құрал-саймандарды жалға беріп, кедейлер мен батырақтарды сүліктей сорды, орта шаруаға қысым салды. Өздерінің қанау әдістерін бүркемелеу үшін шаруалар қауымына қосылғанымен, бұл олардың жер өңдеу өндірісін капиталистік жолымен ұйымдастыруына оралғы болды. Рессейдегі басыбайлылық қалдықтары капиталистік қор жинауға кедергі жасады. Сондықтан да Кулактар қауымы помещиктерге дұшпандық көзбен қарады. Олар Ұлы Октябрь социалисттік революциасының жауы бола тұра 1918 жылдың жазына дейін помещик жер иеліктерін жойып біткенше барлық шаруаларымен бірге болды. Сөйтіп шурайлы жерлерді помещик малымен құрал-саймандарын басып алды. Селолық және облысттық Советтерге кіріп социалистік құрылысына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. 1918 жылдан Советтік өкіметіне ашық қарсы шықты астығын жасырды бірнеше рет бүлік шығарды. Кулактар қауымына қарсы күресте кедейлер комиттетері мен азық-түлік отряддары маңызды роль атқарды. Шетельдік интервенция мен азамат соғысы жағдайында 1919 жыл ауылдар мен селолардағы әсіресе кулактар қолындағы артық астықты алуға бағытталған азық-түлік салғырты енгізілді. Кулактар қолындағы 80 млн га жердің 50 млн-ы тартып алынды.
Шұрайлы жерлерінің айрылыған Кулактар қауымы Совет өкіметіне қарсы нешетүрлі зұлымдық жасады. Азық-түлік комиттетерінің Қосшы одақтарының белсенді мүшелерін өлтірді, ұсақ буржуазия контрреволюцианың негізі әлеуметтік күшіне айналып, Антонов, Григорьев бүліктерін 1921 жылғы Батыс Сібір бүлігін шығарды. 1921 жылы Маңғыстау, Орал, Бөкей, Семей және Ақмола губернияларының бірсыпыра жерлеріне бандылар қозғалысы өріс алды. Ел ішіндегі бұл контрреволюцияға қарсы қоғамдық ұйымдар құрылып, ол бүкіл халықтық күреске ұласты. 1921 жыл 20-30 қаңтарда Әулие атада (Жамбылда) өткен Түркістан қазақ-қырғыз кедейлерінің съезінде қазақ кедейлері мен батырақтарының тұңғыш бұқаралық ұйымы қосшы одағын құру туралы қаулы алды. Ол Қазақстан компартиясы мен Совет өкіметінің ауылдағы негізгі тірегіне айналды. 1921 жылы еліміздің Жаңа экономикалық саясатқа көшуіне байланысты кулактар шаруашылықтары қайта өрістеді. Дегенмен жерді национализациялау ауылдағы капитал қорын жинау негізгі көздері жойылды. Совет өкіметі Кулактар қауымына қарсы тежеу және ығыстру саясатын жүргізді. РК (б) партиясының 11 съезінде В.И. Ленин партияға: таяау уақыттың ішінде «орыс капитализммен ұсақ шаруашылығынан өсіп шығатын капитализммен соның қолдауына сүйенетін капитализммен ақырғы және шешүші ұрыс» болғалы тұрғаның ескерген болатын. (шығармалары, 33 том, 275 бет). Шынында да жаппай коллективтендірудің бас кезінде Кулактар қауымы шаруа шаруашылықтарының 5 пайзын қамтиды.
1927 жылы кулактар шаруашылығы 1 миллионнан астам болды. Бырақта өндіріс құралдарының көпшілігі солардың қолында қалды. Олар коммунистік партияға қарсы тұратын «Шаруалар одағы» ұйымын құрмақ болды, Советтер мен коммунистерге қарсы үгіт жүргізіді. 1927-1928 жылдар бекітілген бағамен мемлекетке астық сатуға қарсы «Астық бүлігін» ұйымдастырды. 1927 жылы партия кедей, орташа бұқараға сүйеніп «Ауылға бет бұрыңдар» деген ұран көтерді. Партияның негізгі тіреуі 21 мыңдай пария ұясы мен ширек миллионнан астам коммунисттер еді. Бұларға бір миллион жас күрескер 200 мың ауыл тілшілер қосылды. Партия кулактарға қарсы шұғыл шаралар белгіледі, оларды тежеуді күшейтті, салық көлемін ұлғайтты. Кулактар сотқа тартылып артық астығы сот шешіммен конфикселенді. Бұл астықтың төрттен бір бөлігі ауылда кедейлер қорына берілді.[4]

Байлар мен кулактардың Совет өкіметіне қарсы күресі Қазақстанда шиеленіскен жағдайда өтті. Өйткені олар мұнда сан жағынан көп (Азамат соғысының ақырында 6-8 пайзға жетті), экономикалық жағынан күшті еді. Кулактар шаруалардың салғыртқа қарсы наразылығын пайдаланып, оларды Совет өкіметіне қарсы көтермек болды. 1921 жылы көктемде жүзеге аса бастаған жер-су реформасының нәтижесінде Жетісу, Сырдария губернияларының батырақтары, 160,1 мың жер, құрал-сайман алды. Оралдың сол жағалауындағы қазақ шаруалары 208 мың жерге ие болды. Қазақ шаруалары бұрын өздерінен тартып алыңған жайылымдықтарды егістік жерлерді мал айдайтын жолдарды қайтып алды. Кулактар өз жерлерін өртеп, мүліктерін жоя бастады, қастандық әрекетке көшті, қазақтар мен орыстар арасында арандаушылық өсек аяң таратты, қарулаңған бандалар қазақ ауылдарынп шабуыл жасады. Ауыл шаруашылығының жаппай коллективтендірудің өрістеуі Кулактар қауымына тап ретінде жою саясатына көшуге негіз болды. Қосшы одағы мүшелерінің қатары 19683 адамға жетті. 1927-1928 жылдарғы жерді қайта бөлу нәтижесінде байлар мен кулактар шаруашылықтарының үлесі 5 еседен де көп кеміді. Қазақстан Орталық Атқару комитеті 1928 жылы 27 тамызда аса ірі байлар мен кулактар мүлкін конфикселеу туралы заң шығарды. Бұл конфикселеуге 696 шаруашылық ілікті. Ірі байлар мен феодолдардан 145 мың бас мал, ауыл шаруашылық құрал-саймандары, құрылыстар тағы басқа мүлік алынды. Малдың 78,8 пайызы қазақ еңбекші шаруаларына бөлінді. Барлығы 988 бірлестік конфискеленген мал мүліктен алды. Кулактар қауымы құрылысына қарсы қатты қарсылық көрсетті. Таптық күрестің бұлайша шиеленісі Кулактар қауымын тап ретінде жою процесін тездетті. БК (б) ОК-нің (1930 жылы 30 қаңтар) Орталық Атқару комитеті мен ҚСРО Халкомсовының (1930 жылы 01, 04 ақпан) қауылылары мен нұсқаларына сәйкес жаппай коллективтендіру аудандырға жерді жалға рұхсат беру және жалдама еңбекті қолдану туралы заң жойылды. Конфискеленген мүліктер колхоздардың бөлінбейтін қорына қосылды. Ірі кулактар мен контрреволюциялықтар күреске қатысқандардың отбасы жер аударылды. Бұл шараны жүзеге асыруға Совет өкіметінің қоғамдық ұйымдардың шаруалардың өкілдері қатысты. Қазақ АССР ОАК мен Халкомсовы осы жылғы 19 ақпанда колхоз қозғалысын өрістеу, байлар мен кулактарға қарсы кұресу туралы қауыл алды. Бұл қаулыда кулактар мен байлардың мүліктерін конфискелеп, өздерін жер аудару туралы Советтердің округ атқару комитеттеріне құқық берілді. Жаппай коллективтендіру аудандарында кулактар мен байлар шаруашылығын жою жөніндегі комиссиялар құрылды. Республикамыздың жаппай коллективтендіру жұргізілген 60 ауданда еңбекшіліердің белсене қатысуымен 1930 жылдың 1 ақпанында 19163 бай-кулак шаруашылықтары жойылды. Ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрудың нәтижесінде шаруалар кулактар қанауынан мәңгі құтылды. ҚСРО-да колхоз құрылысы жеңді. Кулактар қауымының тудырған жағдайлар жойылды. Кулактардың негізгі бөлігі өздері тұрған әкімшілік аудандар төңерегіне ғана жер аударылып, кейін колхоздарға қабылданды, совхоздарға жұмысқа кірді, қалаларға ауысты.Адал еңбек еткен Совет өкіметіне ниет түзу бұрыңғы кулактар бірте бірте азаматтық құқықтарына ие болды. 1936 жылғы ҚСРО Конституциясы бойынша олардың барлығына да сайлау құқық берілді, 1941 жылдың басында жер аударылған 830 мың кулак (220 мың отбасы) болды. Ұлы Отан Соғысы жылдарында олардың көпшілігі қажырлықпен еңбек етті, балалары фашист басқыпшыларына қарсы майдаңға аттанды. Олардың көпшілігі ордендерімен, медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін кулактардан соңғы тежеулер алынып, олардың социалистік құрылысқа белсене араласуына мүмкіндік туғызылды. Сөйтіп қайта тәрбиелеңген Кулактар қауымы советтік құрылыстың тең құқықтық азаматына айналды. Социалистік лагерьдің басқа елдерінде Кулактар қауымы шаруа шаруашылықтарын өндірістік кооперативтендіру нәтижесінде тап ретінде жойылды. Бұларда кулактарды жою жүйелі тежеу және ығыстыру жолымен іске асты. Кулактардың басым бөлігі өз шаруашылықтарын жойып, халықтың басқа салаларына ауысты.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға