Гоббс Томас
05.12.2012 03:52
31756
Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңқы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.
Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".
Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.
Ең маңызды жаратылыс заңы:
• бейбітшілікке үмтылу;
• бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;
• адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.
Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.
Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.
Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.
Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әл Хорезми