Жаңалықтар

Еңбегім - ұлы Отанымдікі

Еңбегім - ұлы Отанымдікі Партия мен үкімет менің шағын еңбегімді мұншама жоғары бағалады. Турасын айтқанда, бұл қуанышты хабар мен үшін мүлде күтпеген жерден болды десем, оным дұрыс болмас еді. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық өміріміздің қай саласында болсын, совет адамдарының еңбегі жемісті болып, көзге түскендей болса - ақ, ол еңбекті Отанымыздың қалай да бағаламай қоймайтыны сөзсіз. Бізді халқымыз, партиямыз, үкіметіміз осындай кәміл сенімге баулып, үйреткен. Сөйтсе де, әрбір жеке қуаныштың өзіндік сыры, әсері, өзіндік мағынасы болатыны анық. Осындай өзімше кейбір талдау жасай келіп, менікі өзімнің достарымның қуаныштарынан да біраз асып түсе ме деп таптым. Мен үшін, менің шағын еңбегімнің бағаланғанына қуанған достарымның саны өлшеусіз көп, олардың бәрінің есімі біреу - адал, таза жанды, туғаным совет халқы. Бұл - біздің бәріміздің, Қазақстанның және Совет Одағының жазушыларының да, республикамыздың ғылыми және искусство қайраткерлерінің де, мені тәрбиелеп өсіріп келе жатқан партия, қоғам ұйымдарының да ортақ қуанышы. Сол себепті де мен үшін бұл шатты кезеңнің орны өзгеше. Дәл, осы шаттықтың үстінде мына ақиқатты әбден түсіндім, біздің елімізде қоғамның мақұлдауына жараған пайдалы еңбек бірден халықтың өзінің, бүкіл ұлы Отанымыздың игілігіне айналады, ол еңбек үшін қам, жағдай жасайтын, оған мақтанып, қуанатын сол халықтың өзі болады. Осының өзі - біздің еліміздің социалистік мәдениетіміздің артықшылық қасиетінің бір сипаты. Сондықтан да менің былай деп айтуға жеткілікті дәлелім бар: "Иә, бұл күнге дейін менің авторлығыммен аталып келген еңбек, енді туғаным совет халқы - сенікі! Өлшеусіз сүйікті, ұлы даңқты Отаным - сенікі! Сенің тарихи, мәдени, материалдық табыстарың аса көп. Сол табыстар тізбегінің ұлы желісінің бір жерінен менің шағын еңбегім орын алуға жарамды болғандығынан да мен бақыттымын!" "Абай" романының сәтті болып шығуына себепші болған, көмектескен жағдайлар мен күштердің барлығына мың сан алғыс айтамын. Бұл істе маған дем берген, ақылшы, көмекші болған, жарық жұлдыздай жол көрсеткен, ең алдымен, - Владимир Ильич Лениннің Россиядағы тарихи даму жолдарын, патшалық Россияның отар аймақтарының тағдыры мен келешегін данышпандықпен көрсетіп берген ұлы еңбектері болды. Содан кейін мен БК(б)П Орталық Комитетінің идеология мәселелері жөніндегі тарихи қаулыларынан, Жданов жолдастың терең мазмұнды баяндамаларынан және біздің қателеріміз бен кемшіліктерімізді туралай көрсеткен ҚК(б)П Орталық Комитетінің қаулыларынан сабақ алдым. Мұның бәрі жауапты, қиын, тарихи тақырыпты көркем әдебиетте дұрыс алып шығуыма маған жол көрсетті. Сонымен қатар, көркем шығарма жасау міндетін шешу үстінде орыс халқының классик әдебиет дәстүрінен, совет әдебиетінен үлгі - өнеге алып отырдым. Орыс халқының игілігі, ұлы мәдениетінің алдында мен өзімді қашан да борыштымын деп санаймын. Сол сияқты, өзімнің қаламдас жолдастарым - қазақ жазушыларының үлкенді - кішілі өкілдерінің жазған еңбектерінен де көп пайдалы тәжірибелер алдым. Бұдан былайғы уақытта да осындай достық көмектерге сүйене отырып, совет оқушыларының, ұлы Отанымыздың өскен талабына сай етіп, қалауына жарарлық жаңа еңбектер берсем деген зор мақсатым бар. Өзімнің барлық жігерімді, шеберлігімді, ой, білімімді көркем әдебиетте өзіміздің совет халқының бүгінгі ерлік істерінің, тамаша өмірінің бейнесін неғұрлым көбірек көрсетуге жұмсамақшымын. Біртұтас үлкен еңбекте совет адамдарының образдарын көркемдік жағынан Абай образынан да толығырақ көрсетем деген, - менің келешек творчествомның биік мұраты. Менің шағын еңбегімді жоғары бағалаған, мені өсіріп, тәрбиелеп, жазушы еткен большевиктік партияға, совет үкіметіне шын жүректен сансыз көп алғысымды айтамын.  Мұхтар Әуезов
05.12.2012 03:50 5055

Еңбегім - ұлы Отанымдікі

Партия мен үкімет менің шағын еңбегімді мұншама жоғары бағалады. Турасын айтқанда, бұл қуанышты хабар мен үшін мүлде күтпеген жерден болды десем, оным дұрыс болмас еді. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық өміріміздің қай саласында болсын, совет адамдарының еңбегі жемісті болып, көзге түскендей болса - ақ, ол еңбекті Отанымыздың қалай да бағаламай қоймайтыны сөзсіз. Бізді халқымыз, партиямыз, үкіметіміз осындай кәміл сенімге баулып, үйреткен. Сөйтсе де, әрбір жеке қуаныштың өзіндік сыры, әсері, өзіндік мағынасы болатыны анық. Осындай өзімше кейбір талдау жасай келіп, менікі өзімнің достарымның қуаныштарынан да біраз асып түсе ме деп таптым. Мен үшін, менің шағын еңбегімнің бағаланғанына қуанған достарымның саны өлшеусіз көп, олардың бәрінің есімі біреу - адал, таза жанды, туғаным совет халқы.

Бұл - біздің бәріміздің, Қазақстанның және Совет Одағының жазушыларының да, республикамыздың ғылыми және искусство қайраткерлерінің де, мені тәрбиелеп өсіріп келе жатқан партия, қоғам ұйымдарының да ортақ қуанышы. Сол себепті де мен үшін бұл шатты кезеңнің орны өзгеше. Дәл, осы шаттықтың үстінде мына ақиқатты әбден түсіндім, біздің елімізде қоғамның мақұлдауына жараған пайдалы еңбек бірден халықтың өзінің, бүкіл ұлы Отанымыздың игілігіне айналады, ол еңбек үшін қам, жағдай жасайтын, оған мақтанып, қуанатын сол халықтың өзі болады. Осының өзі - біздің еліміздің социалистік мәдениетіміздің артықшылық қасиетінің бір сипаты. Сондықтан да менің былай деп айтуға жеткілікті дәлелім бар: "Иә, бұл күнге дейін менің авторлығыммен аталып келген еңбек, енді туғаным совет халқы - сенікі! Өлшеусіз сүйікті, ұлы даңқты Отаным - сенікі! Сенің тарихи, мәдени, материалдық табыстарың аса көп. Сол табыстар тізбегінің ұлы желісінің бір жерінен менің шағын еңбегім орын алуға жарамды болғандығынан да мен бақыттымын!"

"Абай" романының сәтті болып шығуына себепші болған, көмектескен жағдайлар мен күштердің барлығына мың сан алғыс айтамын. Бұл істе маған дем берген, ақылшы, көмекші болған, жарық жұлдыздай жол көрсеткен, ең алдымен, - Владимир Ильич Лениннің Россиядағы тарихи даму жолдарын, патшалық Россияның отар аймақтарының тағдыры мен келешегін данышпандықпен көрсетіп берген ұлы еңбектері болды. Содан кейін мен БК(б)П Орталық Комитетінің идеология мәселелері жөніндегі тарихи қаулыларынан, Жданов жолдастың терең мазмұнды баяндамаларынан және біздің қателеріміз бен кемшіліктерімізді туралай көрсеткен ҚК(б)П Орталық Комитетінің қаулыларынан сабақ алдым. Мұның бәрі жауапты, қиын, тарихи тақырыпты көркем әдебиетте дұрыс алып шығуыма маған жол көрсетті.

Сонымен қатар, көркем шығарма жасау міндетін шешу үстінде орыс халқының классик әдебиет дәстүрінен, совет әдебиетінен үлгі - өнеге алып отырдым. Орыс халқының игілігі, ұлы мәдениетінің алдында мен өзімді қашан да борыштымын деп санаймын. Сол сияқты, өзімнің қаламдас жолдастарым - қазақ жазушыларының үлкенді - кішілі өкілдерінің жазған еңбектерінен де көп пайдалы тәжірибелер алдым.

Бұдан былайғы уақытта да осындай достық көмектерге сүйене отырып, совет оқушыларының, ұлы Отанымыздың өскен талабына сай етіп, қалауына жарарлық жаңа еңбектер берсем деген зор мақсатым бар. Өзімнің барлық жігерімді, шеберлігімді, ой, білімімді көркем әдебиетте өзіміздің совет халқының бүгінгі ерлік істерінің, тамаша өмірінің бейнесін неғұрлым көбірек көрсетуге жұмсамақшымын. Біртұтас үлкен еңбекте совет адамдарының образдарын көркемдік жағынан Абай образынан да толығырақ көрсетем деген, - менің келешек творчествомның биік мұраты.

Менің шағын еңбегімді жоғары бағалаған, мені өсіріп, тәрбиелеп, жазушы еткен большевиктік партияға, совет үкіметіне шын жүректен сансыз көп алғысымды айтамын. 

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға