Жаңалықтар

Әлемнің ұлы азаматы

Әлемнің ұлы азаматы Адамзаттың бұрынғы тарихтарында мемлекет басында дана-данышпан адамның болғаны жоқ деуге болады. Солар болмағандықтан, барша халықтардың тарихтарын алсақ, аңсаған арманын, қиял көксеген көкейкесті тілегін алсақ, әрдайым жақсы мемлекет бастығына құштарлық білінетін. Жақсыны қиял ететін. Халықтың өмірін, бар тілегін игілік жақсылыққа1 бастайтын басшыға халықтар, тарихтар, талай да талай нәсілдер мұқтаж, ділгер болатын. Бірақ арман еткен дана, қамқор басшысын қалың жұрт қай заманда болса да алған емес. Сондай жайды барлай кеп, биыл, міне, 42 жыл толған социалистік Отан тарихын ойласақ, Ұлы Октябрьдің әзірлігін, ұлы күндерін еске алсақ, данышпан ұстаз Лениннің жайын өзгеше құрметпен, алғыспен еске аласың. Озғын саналы адамзат тарихындағы бірінші социалистік Отанның алғаш туған сәтінде оны тудырған ұлы революцияның бесігінің жанында сол Отанның да, революцияның да данышпан атасындай болып Ленин басшылық еткен. Біздің Отан - Лениндей дананың ой-санасы тудырған, даналығы тудырған Отан. Лениндей ұстазы, алып ойлы данасы болуы социалистік Отанның ең ырысы, бақыты еді. Бұл адам баласының да арман еткен ұлы бақыты. Біздің бірінші социалистік Отан көп ұлтты, көп халықтар достығымен құрылған социалистік Отан болды. Лениннің өз қолымен жазылған, өз жүрегі мен даналық ойы тудырған Россия халықтарының правосы дейтін ұлы жол туды. Және революцияның алтын бесігінің ішінде Лениннің тағы да өз қолымен жазылған асыл заң барлық Россиядағы үлкенді - кішілі халықтардың бәріне тендік, азаттық, еркіндік берген декреттер туды. Халықтар бақыты содан басталды. Содан кейін Россиядағы талай халықтардың шынайы тарихы басталды. Ленин - халықтарға тарихтар берген дана. Кейін одақтық немесе автономиялық еркіндік, тендік алған бұрынғы Россия бұратана елдерінің көпшілігі әлі ұлт болған, тұтасқан қалыпқа жеткен жоқ еді. Олардың көпшілігі феодалдық өркеннің үстіндегі феодалдық бытыраңқылық қалпынан асқан жоқ - ты. Лениннің дана басшылығы біздің Отан тарихында жер үстінде ең алғаш басталатын халықтар достығын берді, сөйтті де революция теңестірген, социалистік тарих өсіріп, өркендеткен жаңа бақытты жаңа ұлттар туғызды. Ол ұлттар социалистік ұлттар деп бүгін әлем тарихына өздерінің қатарға кірген қалпын паш етті. Лениндік халықтар достығы - адамзат тарихының жиырмасыншы ғасырда тапқан ең ұлы, ең сәулелі қасиетті адамзаттық табысы. Бұрын антагонистік қауымда "адам - адамға қасқыр" деген қағида болған. Сол ұзақ замандарда халыққа халық та достық күйде бола алмаған. Әр халықтар тағдырларын әр замандарда билеген әкім атаулысы халық йен халықты шарпыстырып, шабыстырып, кескілескен өштікте, қастықта ұстаған. Күштісі күшсізін, көбі азын, өнерлісі өнерсізін, қарулысы қарусызын құлдану, жем ету, жер етуде күндер кешкен. Біздегі лениндік халықтар достығы құр ғана үгіттің ұраны емес. Біздің қоғамдық, мемлекеттік, азаматтық, идеялық, тарихтық социалистік лениндік көзқарасымыздың асыл тұрғысының, биік санасының бірі. Осындай халықтар достығына құрылған, бұрынғы адамзат тарихтары көрмеген тың ырысты тарих біздің халықтарымыздың ұлы Лениннің ұстаздығынан алған тарихтары болады. Социалистік ұлттар бақыты Ленин арманындай ақталды. Бұрын бастарына қара тұман, кер заман, надандық қараңғы түн түнегі тұрған елдердің басына қазір 42 жыл толған аз ғана шақтың өзінде де санап бітіргісіз, сөзбен айтып болғысыз мың сан игілік, ырыс, алтын арай бақ орнады. Бұл - бүгінгісі, жоқтан бар болған, қараңғыдан жарыққа шыққан, надандықтан әлем таңғаларлық шапшаңдықпен алдыңғы сап мәдениет тобына ілескен шындықтардың барлығы Ленин бақыттандырған социалистік ұлттардың бүгінгі шағы. Бұл ғана емес, Ленин жолы сол ұлттардың, халықтардың бәріне тың тарихтар, ол тарихтарына асқар жолдар, шырқау биік өрістер әкеп берумен бірге және ұлы болашақта берді. Шеті, шегі шарықтап, шырқап, самғап кетіп жатқан ұлан - ғайыр болашақ өрісін тағы берді. Лениндік достық заңы тудырған советтік социалистік республикалардың ортасында өзі де Ленин даналығымен өзгеше ұлы ырысқа, бақытқа жеткен аға халық - орыс халқы бар. Сол ұлы орыс халқымен бар тілегі, күш - жігері, дарынды ой - санасы, арман - мүддесі біте қайнасып қосылысқан социалистік ұлттар қатары бұрынғы тарихтар болжап болмастай ұлы болашаққа  барады. Ол болашақ осыдан қырық қана жыл бұрын артта қалған мемлекеттің бірі саналған Россия болса, соның шет - шеткері аймақтарында кейбіреуі өліп таусылу қаупінде жүрген, мүлде Азиялық орта ғасыр кертартпалығында, надандық қараңғылығында жатқан талай елдер бүгін Европаның, Американың өзіндегі сан алуан мәдениетті, көне тарих, көбеген мәдениет иесі болдым деген елдердің талайымен терезе теңестіруге жарады. Енді аз шақта бастығы ұлы орыс халқы болып, біздегі барлық лениндік социалистік ұлттар қатары жаңағы аталған елдердің бәрін, соның ішінде Американың дәл өзін де басып озатын болашағына шәк - шүбәсіз нық сенеді. Жалғыз біздің социалистік Отан ғана емес, қазір бүкіл адам баласының мол үлесінің бірі болуға жеткен социалистік санадағы көп - көп республикалар бар. Ол - , Евро- падағы халықтық- демократия елдері, Азиядағы Вьетнам, Корея сияқты мемлекеттер Ленин даналығының қазынасынан мейлінше мол пайдалануда. Олар үшін де Ленин адамзат тарихындағы ең зор дана, ең асыл, ардақты ұстаз. Бұл жайды да біз әлем жүзіне кең жайылып, тарап бара жатқан жиырмасыншы ғасыр асқар ойының ұлы данасы Лениннен тараған шарапат дейміз. Бұл аталғанның бәрі тарихтардың жаңа туған паралары, бүгінгі жетіп тұрған сәт кезеңдері. Ал әлем жүзінде барлық адамзат көлемінде енді жақын заманда болатын болашақты ойласақ, ол жөнде де ұшан - теңіз өріс алатын, дегені болатын Ленин даналығының алдағы ай мен күндей айқын нұрлы жарық жолын көреміз. Ленин даналығы халықтар мен тарихтарға сондай дарынды күш - қуат, жаңа әлем аштырып, таптырса, жеке - жеке қауымдарға да шегі жоқ мол шабыт берді. Лениннің ойымен мемлекет шаруалары жаңаша тарихқа көшті. Өндіріс өзінің ғылымдық басшы даналық өзгеріс даму жол бағытын Ленин ойларынан . Қала қайта туды, ауыл- село Ленин нұсқаған жолмен бұрын түске кірмеген жаңғыру жаңалыққа жетті. Жеке адамның немесе адам топтарының халықтық қазыналарға үлес қосатын шабытты ізденулердің бәріне де Лениннен дарыған даналық бітті. Бізде ғылым, көркемөнер, техника, әдебиет қауымдарының барлығы да лениндік білім, сын, терең ой, шарықтаған шабытпен қанаттанды. Үй іші тіршілікті алсақ, аталық - аналыққа, жар - жарастық достыққа, балалық өмір кезеңдеріне бәр - бәріне бұрынғы тарихтар білмеген, бұрынғы қауымдар таппаған қасиет,  қадірлі қағидалар орнады. Семья ішіндегі теңдік әйел - ананы, жарды, қарындасты, қыз - баланы өр көңілді, зор құрметті лениндік жігер саналы жұрт етті. Осы айтылған бар жағдайлар ортасында жеке адам өзі өсті. Социалистік қауым адамында адамзат атына ең лайықты дерлік адамдық, азаматтық қасиет қосылды. Ленин өз үлгісімен халық идеалындағы, қиялындағы басшының, қамқор азаматтың халық алдындағы халық ұлы болған ар қарызы, жауапкерлігі қандай болатынын андатты. Бұрын - соңды адам баласының тарихы, тәрбиесі білмеген лениндік адамгершілік моральды біз ұстазымыз Лениннен, оның тәрбиесінен үлгі етіп, ең асыл мұра тұтындық. Соның себебінен жоғарыда айтылған жайлардың қорытынды нәр қасиеті жеке адам басының бас қасиетіне себеп болды. Сондықтан да бізде дүниежүзілік адамдық сана соншалық өзгеше өсті дейміз. Әлем көрмеген, естімеген ерлік - геройлық талайы, советтік Отанның, Отан ішінде көп халықтардың сан алуан ұл - қыздары тудырған ерлік - геройлықтар соның айғағы. Неше алуан шаруада, өндірісте, сан салада өзгеше ірі табыстар зор, еңбек табыстары, геройлық сипаты бар еңбек жемістері о да сол біздегі лениндік адамдық сананың өзгеше өсуінен. Қай тіршілік саласын алсақ та, шабытты ізденулер, жігерлі өрлеулер бәрі де өз сырын бір Ленин берген тәрбиелік партиялық сипаттан таратады. Ленин аты, Ленин үлгісі, Ленин ұстаздығы, ұлы терең ойлары біздің шабытымыздың басшысы да жебеушісі. Әр ісімізде Ленин бейнесі есімізде. Ол - ұстаз. Біздің бар мейірімізді, бар  сенімімізді өзіне тартқан айнымас ұлы ұстаз. Дүниеде болып өткен нелер ұлы жандар бар. Олардың ішінде даналар да аз емес - ті. Көбінен қалған дарынды кітап, ұлы шығармалар саналы тірлігінде үнемі есіне түсіп, қатарында ілесіп жүргендей болатын жайлар бар. Ал Ленин еңбектері мен ойлары, даналығы, ұстаздық тәрбиесі ол сіздің басыңыздағы аспан әлемінің ай, күніндей. Күндіз - түн, қысы - жазы, айлар - жылдар бойларындағы, ойларындағы саналы нұрың. Өмір серігің, үнемі алға бастар, қасиетке бастар ұлы сәулелі жұлдызың. Міне, осындай данышпандық даналық ұстаздық өз басынан тараған, миллиондарды осылайша өз жолымен өсіріп тәрбиелеген Ленин жер жүзінің ұлы азаматы дейді адамзат тарихы. Мұхтар Әуезов
05.12.2012 03:43 4622

Әлемнің ұлы азаматы

Адамзаттың бұрынғы тарихтарында мемлекет басында дана-данышпан адамның болғаны жоқ деуге болады. Солар болмағандықтан, барша халықтардың тарихтарын алсақ, аңсаған арманын, қиял көксеген көкейкесті тілегін алсақ, әрдайым жақсы мемлекет бастығына құштарлық білінетін. Жақсыны қиял ететін. Халықтың өмірін, бар тілегін игілік жақсылыққа1 бастайтын басшыға халықтар, тарихтар, талай да талай нәсілдер мұқтаж, ділгер болатын. Бірақ арман еткен дана, қамқор басшысын қалың жұрт қай заманда болса да алған емес.

Сондай жайды барлай кеп, биыл, міне, 42 жыл толған социалистік Отан тарихын ойласақ, Ұлы Октябрьдің әзірлігін, ұлы күндерін еске алсақ, данышпан ұстаз Лениннің жайын өзгеше құрметпен, алғыспен еске аласың.

Озғын саналы адамзат тарихындағы бірінші социалистік Отанның алғаш туған сәтінде оны тудырған ұлы революцияның бесігінің жанында сол Отанның да, революцияның да данышпан атасындай болып Ленин басшылық еткен. Біздің Отан - Лениндей дананың ой-санасы тудырған, даналығы тудырған Отан. Лениндей ұстазы, алып ойлы данасы болуы социалистік Отанның ең ырысы, бақыты еді. Бұл адам баласының да арман еткен ұлы бақыты.

Біздің бірінші социалистік Отан көп ұлтты, көп халықтар достығымен құрылған социалистік Отан болды. Лениннің өз қолымен жазылған, өз жүрегі мен даналық ойы тудырған Россия халықтарының правосы дейтін ұлы жол туды. Және революцияның алтын бесігінің ішінде Лениннің тағы да өз қолымен жазылған асыл заң барлық Россиядағы үлкенді - кішілі халықтардың бәріне тендік, азаттық, еркіндік берген декреттер туды. Халықтар бақыты содан басталды. Содан кейін Россиядағы талай халықтардың шынайы тарихы басталды.

Ленин - халықтарға тарихтар берген дана. Кейін одақтық немесе автономиялық еркіндік, тендік алған бұрынғы Россия бұратана елдерінің көпшілігі әлі ұлт болған, тұтасқан қалыпқа жеткен жоқ еді. Олардың көпшілігі феодалдық өркеннің үстіндегі феодалдық бытыраңқылық қалпынан асқан жоқ - ты.

Лениннің дана басшылығы біздің Отан тарихында жер үстінде ең алғаш басталатын халықтар достығын берді, сөйтті де революция теңестірген, социалистік тарих өсіріп, өркендеткен жаңа бақытты жаңа ұлттар туғызды. Ол ұлттар социалистік ұлттар деп бүгін әлем тарихына өздерінің қатарға кірген қалпын паш етті.

Лениндік халықтар достығы - адамзат тарихының жиырмасыншы ғасырда тапқан ең ұлы, ең сәулелі қасиетті адамзаттық табысы. Бұрын антагонистік қауымда "адам - адамға қасқыр" деген қағида болған. Сол ұзақ замандарда халыққа халық та достық күйде бола алмаған. Әр халықтар тағдырларын әр замандарда билеген әкім атаулысы халық йен халықты шарпыстырып, шабыстырып, кескілескен өштікте, қастықта ұстаған. Күштісі күшсізін, көбі азын, өнерлісі өнерсізін, қарулысы қарусызын құлдану, жем ету, жер етуде күндер кешкен.

Біздегі лениндік халықтар достығы құр ғана үгіттің ұраны емес. Біздің қоғамдық, мемлекеттік, азаматтық, идеялық, тарихтық социалистік лениндік көзқарасымыздың асыл тұрғысының, биік санасының бірі. Осындай халықтар достығына құрылған, бұрынғы адамзат тарихтары көрмеген тың ырысты тарих біздің халықтарымыздың ұлы Лениннің ұстаздығынан алған тарихтары болады.

Социалистік ұлттар бақыты Ленин арманындай ақталды. Бұрын бастарына қара тұман, кер заман, надандық қараңғы түн түнегі тұрған елдердің басына қазір 42 жыл толған аз ғана шақтың өзінде де санап бітіргісіз, сөзбен айтып болғысыз мың сан игілік, ырыс, алтын арай бақ орнады. Бұл - бүгінгісі, жоқтан бар болған, қараңғыдан жарыққа шыққан, надандықтан әлем таңғаларлық шапшаңдықпен алдыңғы сап мәдениет тобына ілескен шындықтардың барлығы Ленин бақыттандырған социалистік ұлттардың бүгінгі шағы. Бұл ғана емес, Ленин жолы сол ұлттардың, халықтардың бәріне тың тарихтар, ол тарихтарына асқар жолдар, шырқау биік өрістер әкеп берумен бірге және ұлы болашақта берді. Шеті, шегі шарықтап, шырқап, самғап кетіп жатқан ұлан - ғайыр болашақ өрісін тағы берді.

Лениндік достық заңы тудырған советтік социалистік республикалардың ортасында өзі де Ленин даналығымен өзгеше ұлы ырысқа, бақытқа жеткен аға халық - орыс халқы бар. Сол ұлы орыс халқымен бар тілегі, күш - жігері, дарынды ой - санасы, арман - мүддесі біте қайнасып қосылысқан социалистік ұлттар қатары бұрынғы тарихтар болжап болмастай ұлы болашаққа Әлемнің ұлы азаматы барады.

Ол болашақ осыдан қырық қана жыл бұрын артта қалған мемлекеттің бірі саналған Россия болса, соның шет - шеткері аймақтарында кейбіреуі өліп таусылу қаупінде жүрген, мүлде Азиялық орта ғасыр кертартпалығында, надандық қараңғылығында жатқан талай елдер бүгін Европаның, Американың өзіндегі сан алуан мәдениетті, көне тарих, көбеген мәдениет иесі болдым деген елдердің талайымен терезе теңестіруге жарады. Енді аз шақта бастығы ұлы орыс халқы болып, біздегі барлық лениндік социалистік ұлттар қатары жаңағы аталған елдердің бәрін, соның ішінде Американың дәл өзін де басып озатын болашағына шәк - шүбәсіз нық сенеді.

Жалғыз біздің социалистік Отан ғана емес, қазір бүкіл адам баласының мол үлесінің бірі болуға жеткен социалистік санадағы көп - көп республикалар бар. Ол - Әлемнің ұлы азаматы, Евро- падағы халықтық- демократия елдері, Азиядағы Вьетнам, Корея сияқты мемлекеттер Ленин даналығының қазынасынан мейлінше мол пайдалануда. Олар үшін де Ленин адамзат тарихындағы ең зор дана, ең асыл, ардақты ұстаз.

Бұл жайды да біз әлем жүзіне кең жайылып, тарап бара жатқан жиырмасыншы ғасыр асқар ойының ұлы данасы Лениннен тараған шарапат дейміз. Бұл аталғанның бәрі тарихтардың жаңа туған паралары, бүгінгі жетіп тұрған сәт кезеңдері. Ал әлем жүзінде барлық адамзат көлемінде енді жақын заманда болатын болашақты ойласақ, ол жөнде де ұшан - теңіз өріс алатын, дегені болатын Ленин даналығының алдағы ай мен күндей айқын нұрлы жарық жолын көреміз.

Ленин даналығы халықтар мен тарихтарға сондай дарынды күш - қуат, жаңа әлем аштырып, таптырса, жеке - жеке қауымдарға да шегі жоқ мол шабыт берді. Лениннің ойымен мемлекет шаруалары жаңаша тарихқа көшті. Өндіріс өзінің ғылымдық басшы даналық өзгеріс даму жол бағытын Ленин ойларынан Әлемнің ұлы азаматы. Қала қайта туды, ауыл- село Ленин нұсқаған жолмен бұрын түске кірмеген жаңғыру жаңалыққа жетті.

Жеке адамның немесе адам топтарының халықтық қазыналарға үлес қосатын шабытты ізденулердің бәріне де Лениннен дарыған даналық бітті. Бізде ғылым, көркемөнер, техника, әдебиет қауымдарының барлығы да лениндік білім, сын, терең ой, шарықтаған шабытпен қанаттанды.

Үй іші тіршілікті алсақ, аталық - аналыққа, жар - жарастық достыққа, балалық өмір кезеңдеріне бәр - бәріне бұрынғы тарихтар білмеген, бұрынғы қауымдар таппаған қасиет, Әлемнің ұлы азаматы қадірлі қағидалар орнады. Семья ішіндегі теңдік әйел - ананы, жарды, қарындасты, қыз - баланы өр көңілді, зор құрметті лениндік жігер саналы жұрт етті.

Осы айтылған бар жағдайлар ортасында жеке адам өзі өсті. Социалистік қауым адамында адамзат атына ең лайықты дерлік адамдық, азаматтық қасиет қосылды. Ленин өз үлгісімен халық идеалындағы, қиялындағы басшының, қамқор азаматтың халық алдындағы халық ұлы болған ар қарызы, жауапкерлігі қандай болатынын андатты.

Бұрын - соңды адам баласының тарихы, тәрбиесі білмеген лениндік адамгершілік моральды біз ұстазымыз Лениннен, оның тәрбиесінен үлгі етіп, ең асыл мұра тұтындық.

Соның себебінен жоғарыда айтылған жайлардың қорытынды нәр қасиеті жеке адам басының бас қасиетіне себеп болды. Сондықтан да бізде дүниежүзілік адамдық сана соншалық өзгеше өсті дейміз. Әлем көрмеген, естімеген ерлік - геройлық талайы, советтік Отанның, Отан ішінде көп халықтардың сан алуан ұл - қыздары тудырған ерлік - геройлықтар соның айғағы. Неше алуан шаруада, өндірісте, сан салада өзгеше ірі табыстар зор, еңбек табыстары, геройлық сипаты бар еңбек жемістері о да сол біздегі лениндік адамдық сананың өзгеше өсуінен. Қай тіршілік саласын алсақ та, шабытты ізденулер, жігерлі өрлеулер бәрі де өз сырын бір Ленин берген тәрбиелік партиялық сипаттан таратады.

Ленин аты, Ленин үлгісі, Ленин ұстаздығы, ұлы терең ойлары біздің шабытымыздың басшысы да жебеушісі. Әр ісімізде Ленин бейнесі есімізде. Ол - ұстаз. Біздің бар мейірімізді, бар Әлемнің ұлы азаматы сенімімізді өзіне тартқан айнымас ұлы ұстаз.

Дүниеде болып өткен нелер ұлы жандар бар. Олардың ішінде даналар да аз емес - ті. Көбінен қалған дарынды кітап, ұлы шығармалар саналы тірлігінде үнемі есіне түсіп, қатарында ілесіп жүргендей болатын жайлар бар. Ал Ленин еңбектері мен ойлары, даналығы, ұстаздық тәрбиесі ол сіздің басыңыздағы аспан әлемінің ай, күніндей. Күндіз - түн, қысы - жазы, айлар - жылдар бойларындағы, ойларындағы саналы нұрың. Өмір серігің, үнемі алға бастар, қасиетке бастар ұлы сәулелі жұлдызың.

Міне, осындай данышпандық даналық ұстаздық өз басынан тараған, миллиондарды осылайша өз жолымен өсіріп тәрбиелеген Ленин жер жүзінің ұлы азаматы дейді адамзат тарихы.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға