Автокосметика
05.12.2012 03:35
4695
Автокосметика- автомобильдің (мотоциклдің, велосипедтің) қызмет мерзімін ұзартуға, оның пайдалану жағдайын жақсартуға және сыртқы көркін сақтауға арналған химиялық құралдартобы. Оған жуғыш, тазартқыш, жалтыратқыш, қорғағыш, герметизациялағыш, эксплуатациялық және көмекші құралдар жатады.
Жуғыш және тазартқыш құралдар
________________________________________
Жуғыш және тазартқыш құралдар автомобильдің лак-сырлы жабынын, қаптамасын, әйнегін, двигателі мен сәндік детальдарын жууға және тазартуға арналады.
Лақтап, сырланған жерді жууға:«Автошампунь концентрированный» («Қойытылған автошампунь»), «Автоэмульсия», «Автошампунь АІІІ-74», «Автошампунь с осушающим эффектом» («Кептіргіш автошампунь»), «Автошампунь с антикоррозионным эффектом» («Тат бастырмайтын автошампунь»), ұнтақ тәріздес «Лакклин» және аэрозольды (бүріккіш) құтыда әзірленген «Автошамнунь пенный» («Көпіргіш автошампунь») препараттары пайдаланылады.
Қыс кезінде автомобильдің лакты-сырлы қабатын және сәндік детальдарын суды пайдаланбай-ақ «Зимний» автотазартқышымен тазартуға болады. Өте ластанған жерін арнаулы «Автотазарғқыш» (орындық қабыныкі) препаратымен тазартқан жөн. Автомобильді жууға сабынды не синтетикалық жуғыш құралдарды пайдалану тиімсіз, олар лакты-сырлы қабаттың бетін бүлдіруі мүмкін.
Маңдай әйнекті — 40 градусқа дейінгі температурада тазартуға әйнек шайғыштың құтысына құйылып қойылатын «НИИС-4» сұйық препарат пайдаланылады. Ал —27 градусқа дейінгі температурада автомашинаның әйнегін тазартуға «Автоочиститель-1» (әйнектікі) препаратын қолдануға болады.
Автомобильдің әйнегін, сәндік детальдарын және лак-сырлы бетін тазартуға арнайы препарат шығарылады. Мұнымен жуғанда түрлі насекомдардың іздері, майлы дақтар т. б. кірлер тез кетеді.
Лак-сырлы қабаттың бетінен битумды, майлы дақтарды кетіру үшін сұйық және аэрозольдық «Автоочиститель битумных іштей» («Битум дағын кетірегін автотазартқыш») препаратын пайдалануға болады.
Автомобиль, мотоцикл, катер двигательдері мен агрегаттары беттеріндегі су кетіре алмайтын кірді кәдімгі және аэрозольды құты мен шығарылатын «Автоочиститель двигателя» («Двигатель автотазартқышы») құралымен тез әрі сапалы тазаргуға болады.
Автомобиль мен мотоцикл двигателінің оталдыру білтесіндегі, клапандардағы, поршеньдердегі, цилиндр қақпағындағы күйені кетіруге, оларды бөлшектен жатпай-ақ «Автоочиститель нагара» («Күйе автотазартқышы»), ал двигательдің салқындату жүйесін қақтан арылту үшін «Автоочиститель-1 накипи» («Қақ автотазартқышы») препараттары ұсынылады.
«Автоочиститель-1 ржавчины» («Тат автотазартқышы») және «Автопреобразователь ржавчины» («Тат автотүрлендіргіш») препараттары таттан газарту жұмыстарын жеңілдетеді. Қорғасынды-қышқылды аккумуляторлардың табақшаларына күкірт қышқылы тұзының мөлшерден тыс шөгуінің (сульфатация) алдын алу, батарея ыдыстарын ішінара қалпына келтіру және аккумуляторлық қызмет ету мерзімін ұзарту үшін «Автодесульфатор» препараты шығарыл ады.
Жылтыратқыш құралдар
________________________________________
Лактан сырланған жерді жылтыратуға және боялған жердің ұсақ ақауларын кетіруге арналған. Бұл құралдардың құрамында балауыздан басқа да арнайы еріткіштер мен түрлі қоспалар бар.
Олар сырланатын қабатты кірден тазарта отырып, жылтырлауға мүмкіндік береді және балауызды қабықты сыртқы атмосфералық әсерлен қорғанды.
Осы мақсатта «Автополироль для обветренных покрытий» («Күн жеген жердің автожылтыратқышы»), «Автополироль для старых покрытий» (Ескі сырдың автожылтыратқышы»), «Автополироль консервирующий для новых покрытий» («Жаңадан сырлау алдындағы негіз автожылтыратқыш»), «Глянец» автополиролі мен «Клинерполиш» препараттары шығарылады.
Сондай-ақ «ВАЗ-1», «ВАЗ-2», «ВАЗ-З», әрлеуіш пасталар мен аэрозольды құтымен шығарылатын «Автополироль-2» құралдары да бар. Арнайы «Автосалфетки изолирующие» («Жалтыратқыш автосалфеткалар») және «Полир» салфеткаларын пайдалану да тиімді. Жылтыратқыш препаратты автомобильдің лак-сырлы жабынының жай-күйіне сәйкес таңдайды.
Қорғауыш құралдар
Қорапты (кузов), хромды детальдарды, двигательдің сыртқы бетін, түбін, бүйірін, детальдарды» ішкі бетін, ауызғы бөліктерін қорғау үшін бояулар, эмальдар, мастикалар т. б. пайдаланылады.
Судың, майдың, бензиннің, кірдің т. б. әсеріне көбінесе автомобильдің астыңғы бөлігі, қаптал қанаттарының ішкі беті мен шасси жиі ұшырайды.
Оларды қорғау үшін «Мастика битумная антикоррозионная» («Тат бастырмайтын битумды мастика»), «Автоантикор для днища битумный» («Автомобиль бауырының битумды таттандырмағышы»), «Автоантикор эиоксидный» («Эпоксидті автотаттандырмағыш»), «Автогрунтовка цинконаполненная» («Мырышты автосылақ»), каучукты-битумды «Битукас» таттандырмағышы пайдаланылады.
Олар суға шыдамды және соққыға төзімді қабықша түзіл, сыртқы бетті сенімді қорғайды. Автомобильдерді жылытылмайтын гаражда немесе ашық алаңдарда сақтаған кезде қорап пенгальваникалық жалат пасы бар металл детальдар бөлінбес үшін «Автоконсервант» құралы шығарылады.
Ал жағылған қорғауыш қабатты «Автодеконсервант» аэрозольды препаратының көмегімен оңай кетіруге болады. Жаңа және пайдаланылған автомобильдердің қималы детальдарының ішкі жағын таттан сақтау үшін «Мовиль» сұйық автоконсерванты мей «Резистин» аэрозольды препаратын пайдаланған жөн.
Жеңіл автомобильдердің, автобустардың т. б. машиналардың әйнектеріне қырау тұрып, мұз қатпас үшін «Автоантиобледепитель» («Автомұзқатырмағыш»), ал буланбас үшін аэрозольды құтымен шығарылатын «Автоантизапотеватель» («Автотерлетнегіш») препарат қолданылады.
«Автосалфетки антизапотевагель» («Терлетпегіш автосалфетка») автомобильдің жылытылмайтын әйнегін терлеуден сақтан қана қоймай, оны шаңтозаңнан тазартуға және автомобильдің ішкі, сыртқы беттерін антистатикалық өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді.
Ал «Автокраска для резиновых деталей» Автомобиль резеңкелерінің сырын «Лак қанда атмосфералық әсерге тәзімді қабықша түзіліп, ұсақ сызаты бар тұстарды қалпына келтіруге игі ықпал етеді.
«Нитроэмаль для металлических поверхностей» (Металға арналған нитроэмаль) препаратының (аэрозольды құтыда шығарылады) көмегімен тұрмыстық жағдайда автомобильдің сыры ұшқан жерін қалпына келтіруге болады.
Автомобильді ұзақ пайдаланған кезде двигательдің салқындату жүйесінің, сондай-ақ салон мен фар әйнектерінің нығыздығы нашарлауы мүмкін. Осындайларды болдырмас үшін герметизациялағыш құралдар пайдаланылады. Двигательдің су ие антифриз құйылған салқындату жүйесінің нығыздығын уақытша қалпына келтіру үшін радиатор «Автогерметик», резеңке кіріктіргіш нен әйнектің, сондай-ақ резеңке кіріктіргіштердің және металл беттердің аралығын нығыздау үшін «Автогермегик-1» препараттары қолданылады.
Сызаттар мен жарықшақтарды бітеу үшін «Автогерметик универсальный эноксидный» Эпоксидті универсал автокіріктіргіш пайдаланылады. Ол — болаттың барлық маркаларын,алюминий мен оның қорытпаларын, ағашты, пластмассаны, басқа да материалдарды бір-біріне берік желімден алады. Су, антифриз, май өткізбейтін, резеңкеден, тоздан және картоннан жасалған салмаларды алмастыру және нығыз емес жерлерді герметизациялау үшін «Автогерметик» прокладка қолданылады.
Көмекші құралдар
Көмекші құралдар автомобильді күту және жөндеу кезінде көптеген операцияларды жеңілдетеді әрі арзандатады. Автомобиль корпусынан ескі бояулы кетіру үшін «Автосмывка старой краски» («Ескі сыр автокетіргіші») пайдаланылады. Қайта сырлау алдында ескі бояуды кетіру қажет. Су тиген двигательдің оталуы қиындық келтірген кезде, оталдыру жүйесі детальдарының бетінен ылғалды тез кетіру үшін аэрозольды құтыдағы «Автожидкость для запуска отсыревших двигателей» («Дым тартқан двигательді оталдыру автосұйығы») пайдаланылады.
Ол үйкелету детальдарды майлаумен бірге, двигательді тат басудан сақтайды. «Автосмазка ВТВ-1» препаратының қызметі әр түрлі. Ол автомобильдің сәндік және боялмаған металл бетін бүлінуден сақтайды, аккумуляторлық батареяның клеммаларын тотығудан қорғайды. Құлыптарды майлан, олардың аязда қатып қалуын болдырмайды.
№ 8 автожиынтық құрамына автомобильдің жолға шыққан кездегі күтіміне қажет құралдар енеді. «Автонабор ремонтный эпоксидный» («Эноксидті жөндеу автосаймандарын») пайдалана отырып, металл беттердің тегіс емес жерін, саңылаулы және тоттанған жерін сөндеуге, пластмасса детальдарды қалпына келтіруге, металл т. б. материалдарды желімдеуге болады. Автопрепараттардың сыртында көрсетілген нұсқаулар мен талаптарды қатаң сақтау керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түгіскен ескерткіштері
Келесі жаңалық
Шекарасыз кино: бірінші байқау күніндегі фильмдер құпиялары