Жаңалықтар

Дүниежүзілік маңызы бар оқиға

Дүниежүзілік маңызы бар оқиға   Кремльдің Үлкен сарайында СССР Жоғарғы Советінің депутаттары Н.А. Булганин мен Н.С. Хрущевтың тарихи сапарының қорытындыларын зор қанағаттанғандықпен мақұлдап, депутаттардың дауыс беріп көтерген қолдарымен бірге көтерілген екі жүз миллион адамның қолы қалың ормандай болып көз алдыма келді. Индия, Бирма және Афганистанға барған совет үкімет делегациясының салтанатты сапарына совет халқы аса зор назар аударды. Бұл сапардың соғысты жақтайтындардың күштерін әлсіретуге, бейбітшілік ісінің нығаюына, халықтардың достық, ынтымағының күшеюіне себепкер болатынын әбден ұғады.   Өткен жыл дүниежүзілік маңызы бар оқиғаларға толы жыл болды. Совет Одағы барлық бейбітшілік сүйгіш елдердің рухани күшті қуаттауын сезіне отырып, халықаралық жағдайдың шиеленісін бірсыпыра әлсіретуге өзінің мол күш-жігерін жұмсады.   Осы жылы "Женева рухы" туып, халықаралық шиеленісті бәсендетуге қолайлы саяси жағдай жасала бастады. Біздің "Женева рухына" адалдығымыз туралы айтылатын сөздердің бәрінен артық айғақ болатын бірсыпыра дәл шараларды Совет Одағы жүзеге асырды. Осының ішінде совет қарулы күштерінің қатарынан 640 000 адамның қыс- қартылуы, Финляндиядағы соғыс базасының босатылуы сияқты көптеген жұмыстар істелді. СССР Жоғарғы Советі 1956 жылға белгіленген Отан қорғаныс қажеттеріне жұмса- латын қаржыны он миллиард сомға жуық мөлшерде азайтты. Мұның өзі де Совет Одағының бейбітшілік мақсатын көздейтініне тағы бір даусыз айғақ. Әттең, батыс державаларынан біз мұндай жайды көре алмай отырмыз. "Женева рухын" Совет Одағы емес, қайта біздің Женева кеңесі жөніндегі әріптестеріміз бұзып отырғанын фактілер көз жеткізе көрсетуде" деді Н.С. Хрущев жолдас. Шынында да, НАТО-ның агрессивтік блогының атқарып отырған қызметі мен алға қойған мақсатының "Женева рухына" қай жері жанасады! АКДІ-тың өзбыр қайраткерлерінің бүкіл Германияны советке қарсы агрессивтік блокқа қосып алуға тынбай тырысуы "Женева рухына" маңайлар қояр ма екен? Жалпы алғанда, бүкіл жер шарын советке қарсы блоктармен, факттармен, договорлармен торлап алуға осылай қисынсыз бой ұрудың "Женева рухына" қаншалықгы қатынасы бар!   Совет мемлекеті басшыларының Индияны, Бирманы және Афганистанды аралауы аяқталған жылға аса зор абырой болды. Бұл сапардың төрт елге емес, бүкіл дүние жүзіне қатынасы бар екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ сияқты. СССР-дың лениндік сыртқы саясаты принципінің — саяси әлеуметтік системалары түрліше мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру принципінің іс жүзінде жүзеге асырылып отырғандығы бүкіл дүние жүзіне тамаша өнеге болды. Қатар өмір сүрудің бес принципіне негізделген қарым- қатынас барлық елдерге бірдей пайдалы. Бұлганин жолдас, бұл принциптерді басқа елдер, соның ішінде АКДІ, Англия және Франция қабылдаса, халықаралық шиеленісті бұдан былай да бәсендете беруге себепкер болар еді деді. Шынында, бұл батыс елдеріне арнаған совет елінің ақ ниет, адал көңілі еді. Егерде батыстағы саясатшылар бұл ұсынысты қабылдамайтын болса, онда олар өз жерлерінің халықтары алдында тым қолайсыз жағдайда қалмақ. Олардың халықтары ұлы Индияға, Бирмаға, Афганистанға ұнаған зат бізге не үшін ұнамайды деген ойға келеді.   Өткен жылы Совет Одағы мен Азияның қарапайым миллиондаған адамдары жүзбе-жүз кездесіп, бірінің бірі қолын қысты деп айта аламыз. Өйткені Булганин және Хрущев жолдастар арқылы Азия халықтары бүкіл Совет Одағын құттықтады. Ал Неру мен У Ну СССР-ға келгенде, біз олар арқылы Азия халықтарын құттықтадық. Бул шын мәнісіндегі тарихи оқиға емес пе! Біз тек қана қол қысысып қойғанымыз жоқ, біз қарусыздандыру, атом және сутегі қаруына сөзсіз тыйым салу сияқты қазіргі замандағы түбірлі Мүдделердің көбінде көзқарасымыздың ортақ екендігін түсіндік.   Н.А. Булганин мен Н.С. Хрущевтың сапарының маңызды қорытындысы — саяси және соғыстық сипаттағы қандай да болса міндеттемелер таңбастан, тендік және өзара тиімділік принципіне негізделген сауда, экономикалық, мәдени және басқа байланыстарды ұлғайту туралы қол жеткен келісімдер болып табылады.   Мен әдебиетші болғандықтан, рухани қазыналармен, соның ішінде әдеби шығармалармен халықаралық алыс - беріс жасап тұрудың қаншалықты маңызы барлығына қанықпын. Индиялық достар маған Британ үстемдігі жылдары совет кітабының Индияда өте неке-саяқ кездескенін айтқан болатын. Индия жұртын социализм еліндегі болып жатқан оқиғалардан аулақұстауға, бездіруге тырысқан Англия отаршыларының ниеті Индияға совет әдебиетін жолатпау болды. Қазірдің өзінде де Индия оқушысы совет әдебиетінің шығармаларын көбінесе ағылшын тілінде, я болмаса ағылшын тілінен аударма күйінде алып оқиды. Біздің әдебиеттеріміз ешбір делдалсыз-ақ бір-бірімен тікелей араласуға тиісті деп ойлаймыз.   Біз өз елімізде отырып Индияның өзық адамдарынан Индия халқы туралы көп түсінік алып, мол білуге ұмтылып келеміз. Совет мемлекетінде бірқатар жоғары оқу орында- рында хинди, урду, тағы басқа тілдер көптен бері оқытылып келеді. Осының нәтижесінде Индия авторларының шығармаларын тұп-тура түпнұсқадан аударып, оқушыларымызға таныстырып отыратын шебер аудармашы кадрларымыз бар.   Н.А. Булганин мен Н.С. Хрущевтың сапарының игілікті қорытындыларының бірі — жақын мерзімде Индия, Бирма, Ауған тілдерін жақсы білетін мамандар тобының ұл- ғаюында екені сөзсіз. Осындай оқу орындарын ашу ісі жобаланып отырғаны туралы Индияда сөйлеген сөздерінің бірінде Н.С. Хрущев айтқан болатын. Сол мамандардың еңбегінің арқасында Азия елдері жазушыларының жаңа кітаптарына біздің оқушьшарымыздың қолы еркін жететін болады.   Жуық арада Индияда да орыс тілі мен орыс әдебиеті мамандарының алғашқы буындары шықпақ. Осы бір игілікті істің іргесі қаланды. Мен бұл арада Делидегі гуманитарлық колледж университетінің орыс филология бөлімін айтып отырмын. Онда өткен жылдың өзінде жүзге жуық жас индиялықтар оқыды. Индияда мейман болған совет әдебиетінің қайраткерлері, біз, орыс филология бөлімі ұйымдастырған совет кітабы көрмесінің ашылуында болдық. Бұл көрмеден біз орыс совет авторларының кітаптарын, сондай-ақ орыс тіліне аударылып шыққан туысқан әдебиеттеріміздің көптеген шығармаларын кездестірдік. Бірақ Индияның қалың оқушы жұртшылығының бұл кітаптарға әлі де қолы жетіңкіремей жатыр. Ол кітаптар, ой мен сезімнің үнсіз, тілсіз бір дүниесі сияқты, барын бойына жасырып, жаймаларда жатыр.   Таяу жылдардың ішінде жас аудармашылар отрядының күшімен бұл кітаптардың Индия халықтарының тілінде сөйлеп кететініне біз кәміл сенеміз. Индияның қалың оқушы бұқарасы бұл кітаптардан дос халықтың дос халыққа жіберген игі хабаршысын — елшісін табатын болады.   Совет делегациясы келісіп келген экономикалық байланысқа келетін болсақ, мұнда да Азия халықтары Совет Одағы мен өзбыр отаршылар арасындағы керемет керегарлықты айқын көріп отыр. Бұл керегарлықты тіпті француздың саяси қайраткері Мендес-Франстың өзі атап өтуге мәжбүр болды, ол советтің Азия елдеріне экономика сала- сындағы ұсыныстары жөнінде француздың "Экспресс" газетінде жазған мақаласында былай деді: "Жуырда ғана Мұндай ұсыныстар есіне де кірмеген мешеу елдер бұл ұсы- ныстарды қабылдауға асығып отыр. Өйткені олардың батыс елдерден басқа көмек сұрайтын ешкімі жоқ еді, ал батыс елдер оларға өз шарттарын тағатын еді". Бұл мойын- дау-ақ емес пе!   Олардың қоятын шарттарының сыр-сипаты мәлім. Отаршылдар кейбір елдерге "экономикалық көмек" деп аталатын қаржы босатып, "тегін" қару береді. Оның есесін өтеу үшін көмек алған мемлекет отаршылдарға зеңбірекке жем болатын, қанды қасабына түсетін адамын беріп, үлкен- үлкен армия құрып, өз халқының титығына жететін.   Басқа халықтарға, соның ішінде Азия халықтарына да бірде-бір тәкаппарлық көрсету бізге, совет адамдарына, бүтіндей жат қылық, СССР — көп ұлтты, тең праволы ха- лықтардың мызғымас достығымен шындалған күшті мемлекет. Оның ішінде менің туған елім Қазақстан совет өкіметі тұсында патшалы Россияның артта қалған отарынан қуатты индустриялы, колхозды, социалистік республикаға айналды. Тәуелсіз Одақтың советтік республикалары, оның ішінде Орта Азия республикалары тамаша табыстарға жетіп, гүлденіп келеді. Кешегі күні еліміздің басшылары Азия елдерін аралағанда, Азия халықтарының бүкіл Совет Одағына деген сенімі мен құрметі әсіресе айқын көзге түсті. Бұл сенім мен құрметтің негізгі себептерінің бірі — осы біздің табыстарымыз бен гүлденуімізде жатыр.   Николай Александрович Бұлганин мен Никита Сергеевич Хрущевтың СССР Жоғарғы Советі сессиясында сөйлеген сөздерін тыңдағанда мен, жазушы, совет адамының, оның жер бетінде атқарып келе жатқан игілікті міндеттерін мақтан етіп, тебіреніп отырдым. Совет адамдарына біздің жауларымыз қаншама жала жапса да, қаншама күйе жағып қараласа да, совет адамдары шет елдегі миллиондаған қарапайым адамдардың арасында зор абыройға ие болып отыр. Олар совет адамдарын бейбітшіліктің, достықтың және әлеуметтік тендіктің идеалы деп таниды, әрбір еңбек адамына жаны ашитын ізгі идеалды жақтаушы деп қарайды.   "Біз, — деді Н.А. Булганин жолдас, - Совет Одағының, Индияның, Бирманың және Афганистанның арасындағы достық пен ынтымақтың біздің халықтарымыздың игілігі үшін, бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшіліктің игілігі үшін дамып, нығая беруіне бар күшімізді жұмсаймыз". Мұхтар Әуезов
05.12.2012 03:24 4206

Дүниежүзілік маңызы бар оқиға

 

Кремльдің Үлкен сарайында СССР Жоғарғы Советінің депутаттары Н.А. Булганин мен Н.С. Хрущевтың тарихи сапарының қорытындыларын зор қанағаттанғандықпен мақұлдап, депутаттардың дауыс беріп көтерген қолдарымен бірге көтерілген екі жүз миллион адамның қолы қалың ормандай болып көз алдыма келді. Индия, Бирма және Афганистанға барған совет үкімет делегациясының салтанатты сапарына совет халқы аса зор назар аударды. Бұл сапардың соғысты жақтайтындардың күштерін әлсіретуге, бейбітшілік ісінің нығаюына, халықтардың достық, ынтымағының күшеюіне себепкер болатынын әбден ұғады.

 

Өткен жыл дүниежүзілік маңызы бар оқиғаларға толы жыл болды. Совет Одағы барлық бейбітшілік сүйгіш елдердің рухани күшті қуаттауын сезіне отырып, халықаралық жағдайдың шиеленісін бірсыпыра әлсіретуге өзінің мол күш-жігерін жұмсады.

 

Осы жылы "Женева рухы" туып, халықаралық шиеленісті бәсендетуге қолайлы саяси жағдай жасала бастады. Біздің "Женева рухына" адалдығымыз туралы айтылатын сөздердің бәрінен артық айғақ болатын бірсыпыра дәл шараларды Совет Одағы жүзеге асырды. Осының ішінде совет қарулы күштерінің қатарынан 640 000 адамның қыс- қартылуы, Финляндиядағы соғыс базасының босатылуы сияқты көптеген жұмыстар істелді. СССР Жоғарғы Советі 1956 жылға белгіленген Отан қорғаныс қажеттеріне жұмса- латын қаржыны он миллиард сомға жуық мөлшерде азайтты. Мұның өзі де Совет Одағының бейбітшілік мақсатын көздейтініне тағы бір даусыз айғақ. Әттең, батыс державаларынан біз мұндай жайды көре алмай отырмыз. "Женева рухын" Совет Одағы емес, қайта біздің Женева кеңесі жөніндегі әріптестеріміз бұзып отырғанын фактілер көз жеткізе көрсетуде" деді Н.С. Хрущев жолдас. Шынында да, НАТО-ның агрессивтік блогының атқарып отырған қызметі мен алға қойған мақсатының "Женева рухына" қай жері жанасады! АКДІ-тың өзбыр қайраткерлерінің бүкіл Германияны советке қарсы агрессивтік блокқа қосып алуға тынбай тырысуы "Женева рухына" маңайлар қояр ма екен? Жалпы алғанда, бүкіл жер шарын советке қарсы блоктармен, факттармен, договорлармен торлап алуға осылай қисынсыз бой ұрудың "Женева рухына" қаншалықгы қатынасы бар!

 

Совет мемлекеті басшыларының Индияны, Бирманы және Афганистанды аралауы аяқталған жылға аса зор абырой болды. Бұл сапардың төрт елге емес, бүкіл дүние жүзіне қатынасы бар екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ сияқты. СССР-дың лениндік сыртқы саясаты принципінің — саяси әлеуметтік системалары түрліше мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру принципінің іс жүзінде жүзеге асырылып отырғандығы бүкіл дүние жүзіне тамаша өнеге болды. Қатар өмір сүрудің бес принципіне негізделген қарым- қатынас барлық елдерге бірдей пайдалы. Бұлганин жолдас, бұл принциптерді басқа елдер, соның ішінде АКДІ, Англия және Франция қабылдаса, халықаралық шиеленісті бұдан былай да бәсендете беруге себепкер болар еді деді. Шынында, бұл батыс елдеріне арнаған совет елінің ақ ниет, адал көңілі еді. Егерде батыстағы саясатшылар бұл ұсынысты қабылдамайтын болса, онда олар өз жерлерінің халықтары алдында тым қолайсыз жағдайда қалмақ. Олардың халықтары ұлы Индияға, Бирмаға, Афганистанға ұнаған зат бізге не үшін ұнамайды деген ойға келеді.

 

Өткен жылы Совет Одағы мен Азияның қарапайым миллиондаған адамдары жүзбе-жүз кездесіп, бірінің бірі қолын қысты деп айта аламыз. Өйткені Булганин және Хрущев жолдастар арқылы Азия халықтары бүкіл Совет Одағын құттықтады. Ал Неру мен У Ну СССР-ға келгенде, біз олар арқылы Азия халықтарын құттықтадық. Бул шын мәнісіндегі тарихи оқиға емес пе! Біз тек қана қол қысысып қойғанымыз жоқ, біз қарусыздандыру, атом және сутегі қаруына сөзсіз тыйым салу сияқты қазіргі замандағы түбірлі Мүдделердің көбінде көзқарасымыздың ортақ екендігін түсіндік.

 

Н.А. Булганин мен Н.С. Хрущевтың сапарының маңызды қорытындысы — саяси және соғыстық сипаттағы қандай да болса міндеттемелер таңбастан, тендік және өзара тиімділік принципіне негізделген сауда, экономикалық, мәдени және басқа байланыстарды ұлғайту туралы қол жеткен келісімдер болып табылады.

 

Мен әдебиетші болғандықтан, рухани қазыналармен, соның ішінде әдеби шығармалармен халықаралық алыс - беріс жасап тұрудың қаншалықты маңызы барлығына қанықпын. Индиялық достар маған Британ үстемдігі жылдары совет кітабының Индияда өте неке-саяқ кездескенін айтқан болатын. Индия жұртын социализм еліндегі болып жатқан оқиғалардан аулақұстауға, бездіруге тырысқан Англия отаршыларының ниеті Индияға совет әдебиетін жолатпау болды. Қазірдің өзінде де Индия оқушысы совет әдебиетінің шығармаларын көбінесе ағылшын тілінде, я болмаса ағылшын тілінен аударма күйінде алып оқиды. Біздің әдебиеттеріміз ешбір делдалсыз-ақ бір-бірімен тікелей араласуға тиісті деп ойлаймыз.

 

Біз өз елімізде отырып Индияның өзық адамдарынан Индия халқы туралы көп түсінік алып, мол білуге ұмтылып келеміз. Совет мемлекетінде бірқатар жоғары оқу орында- рында хинди, урду, тағы басқа тілдер көптен бері оқытылып келеді. Осының нәтижесінде Индия авторларының шығармаларын тұп-тура түпнұсқадан аударып, оқушыларымызға таныстырып отыратын шебер аудармашы кадрларымыз бар.

 

Н.А. Булганин мен Н.С. Хрущевтың сапарының игілікті қорытындыларының бірі — жақын мерзімде Индия, Бирма, Ауған тілдерін жақсы білетін мамандар тобының ұл- ғаюында екені сөзсіз. Осындай оқу орындарын ашу ісі жобаланып отырғаны туралы Индияда сөйлеген сөздерінің бірінде Н.С. Хрущев айтқан болатын. Сол мамандардың еңбегінің арқасында Азия елдері жазушыларының жаңа кітаптарына біздің оқушьшарымыздың қолы еркін жететін болады.

 

Жуық арада Индияда да орыс тілі мен орыс әдебиеті мамандарының алғашқы буындары шықпақ. Осы бір игілікті істің іргесі қаланды. Мен бұл арада Делидегі гуманитарлық колледж университетінің орыс филология бөлімін айтып отырмын. Онда өткен жылдың өзінде жүзге жуық жас индиялықтар оқыды. Индияда мейман болған совет әдебиетінің қайраткерлері, біз, орыс филология бөлімі ұйымдастырған совет кітабы көрмесінің ашылуында болдық. Бұл көрмеден біз орыс совет авторларының кітаптарын, сондай-ақ орыс тіліне аударылып шыққан туысқан әдебиеттеріміздің көптеген шығармаларын кездестірдік. Бірақ Индияның қалың оқушы жұртшылығының бұл кітаптарға әлі де қолы жетіңкіремей жатыр. Ол кітаптар, ой мен сезімнің үнсіз, тілсіз бір дүниесі сияқты, барын бойына жасырып, жаймаларда жатыр.

 

Таяу жылдардың ішінде жас аудармашылар отрядының күшімен бұл кітаптардың Индия халықтарының тілінде сөйлеп кететініне біз кәміл сенеміз. Индияның қалың оқушы бұқарасы бұл кітаптардан дос халықтың дос халыққа жіберген игі хабаршысын — елшісін табатын болады.

 

Совет делегациясы келісіп келген экономикалық байланысқа келетін болсақ, мұнда да Азия халықтары Совет Одағы мен өзбыр отаршылар арасындағы керемет керегарлықты айқын көріп отыр. Бұл керегарлықты тіпті француздың саяси қайраткері Мендес-Франстың өзі атап өтуге мәжбүр болды, ол советтің Азия елдеріне экономика сала- сындағы ұсыныстары жөнінде француздың "Экспресс" газетінде жазған мақаласында былай деді: "Жуырда ғана Мұндай ұсыныстар есіне де кірмеген мешеу елдер бұл ұсы- ныстарды қабылдауға асығып отыр. Өйткені олардың батыс елдерден басқа көмек сұрайтын ешкімі жоқ еді, ал батыс елдер оларға өз шарттарын тағатын еді". Бұл мойын- дау-ақ емес пе!

 

Олардың қоятын шарттарының сыр-сипаты мәлім. Отаршылдар кейбір елдерге "экономикалық көмек" деп аталатын қаржы босатып, "тегін" қару береді. Оның есесін өтеу үшін көмек алған мемлекет отаршылдарға зеңбірекке жем болатын, қанды қасабына түсетін адамын беріп, үлкен- үлкен армия құрып, өз халқының титығына жететін.

 

Басқа халықтарға, соның ішінде Азия халықтарына да бірде-бір тәкаппарлық көрсету бізге, совет адамдарына, бүтіндей жат қылық, СССР — көп ұлтты, тең праволы ха- лықтардың мызғымас достығымен шындалған күшті мемлекет. Оның ішінде менің туған елім Қазақстан совет өкіметі тұсында патшалы Россияның артта қалған отарынан қуатты индустриялы, колхозды, социалистік республикаға айналды. Тәуелсіз Одақтың советтік республикалары, оның ішінде Орта Азия республикалары тамаша табыстарға жетіп, гүлденіп келеді. Кешегі күні еліміздің басшылары Азия елдерін аралағанда, Азия халықтарының бүкіл Совет Одағына деген сенімі мен құрметі әсіресе айқын көзге түсті. Бұл сенім мен құрметтің негізгі себептерінің бірі — осы біздің табыстарымыз бен гүлденуімізде жатыр.

 

Николай Александрович Бұлганин мен Никита Сергеевич Хрущевтың СССР Жоғарғы Советі сессиясында сөйлеген сөздерін тыңдағанда мен, жазушы, совет адамының, оның жер бетінде атқарып келе жатқан игілікті міндеттерін мақтан етіп, тебіреніп отырдым. Совет адамдарына біздің жауларымыз қаншама жала жапса да, қаншама күйе жағып қараласа да, совет адамдары шет елдегі миллиондаған қарапайым адамдардың арасында зор абыройға ие болып отыр. Олар совет адамдарын бейбітшіліктің, достықтың және әлеуметтік тендіктің идеалы деп таниды, әрбір еңбек адамына жаны ашитын ізгі идеалды жақтаушы деп қарайды.

 

"Біз, — деді Н.А. Булганин жолдас, - Совет Одағының, Индияның, Бирманың және Афганистанның арасындағы достық пен ынтымақтың біздің халықтарымыздың игілігі үшін, бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшіліктің игілігі үшін дамып, нығая беруіне бар күшімізді жұмсаймыз".

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға