Жаңалықтар

Драматургияның бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері

Драматургияның бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері   Менің баяндамама кіретін мәселелердің бір қатарын Орымбек айтып кетті. Сондықтан кейбір жайларды қысқартып, баяндаманы бұрын белгіленген көлемінен кішірейте, тұжыра сөйлеймін. Ең әуелі, бүгінгі төңкерісшіл драматургияға қойылатын шарттан бастайын. Жаңа үлгідегі социалдық реализм драматургиясының жаңаша, саяси таптық мағынасы оның 1) тақырыбынан 2) драмалық түйінінен 3) тұлғасынан (образынан) 4) сюжетінен (әңгіме өнерінен) көрінетін болады. Тақырып – байшыл жазушының түсінігіндегі тақырып емес. Мұнда жазушының арнаулы тақырыпқа қараған өз көзқарасы, таптық айқын көзқарас болып, байшыл жазушыныкінен гөрі ашып айтылған болсын. Таптық тұрғысы айқын боп тұрсын. Драмалық түйін – байшыл реализм драмасында "тұлғаның өзімен өзі алысуынан" тұратын. Социалдық реализм драмасында түйін: субъектив ұжданшылдық емес, – объективті қоғамшылдықтан туған түйін. Түйінде оқиғаның саяси-қоғамдық сыры ашылатын болсын. Мысал: "Астық", "Майдан" – бір жағы, "Еңлік—Кебек", "Арқалық" – екінші жағы. Түйіннің қақтығысы арқылы шешілуі қуанышты үміттілікпен жүзі жарқындық түрінде шешіледі. "Астық," "Түрксіб", "Ғажайып қорытынды" пьесаларының аяқтары сияқты. Мұнда социализм үстем боп, өктем шығып алдында күн сияқты кең дүниесі көрініп жатқандай боп шешілетін болады. Тұлға (образ) – байшылдық реализмде жекешелік, драмашылдық жөнінен суреттеледі ("Қаракөздегі" Сырым). Ол қоғамдық өмірге қарсы қойылған тұлға болады. Үстем болатын арқау – дарашылдықта. Социалдық реализм драмасында тұлға қоғамдық күй мен жекеліктің бірлігі (единствосы) болады да, үстем арқау қоғамдық арқауы болады. Рас, адамның жекеше пішіні анықталмаса суреттілік болмайды. Сондықтан жаңағы айтылған өмір шындығын жеке адамның кейіптік мағынасы, толық тұлғасы арқылы көрсету керек. Сол адам тап тартысына қатынасушы адам болу керек. Жекешелік жағын басым етем деп, жалпы адамдық сипаттарды қазбалай беріп, өмірден, тартыстан шығып әкетілген адам болмасын. Осы айтылғандай сюжет те бұрынғысынан өзгереді. Жеке адамның басын баян ететін сюжеттен кетіп, қоғамдық сюжет боп өзгереді. Сюжет болмыстың кейіптілік мазмұнын таптық көркемдік үлгісімен көрсеткен сурет болсын. Сюжеті ескі классиктердің сол ескі өз сюжеттерін сомдап, талдап, нық зерттегеніндей қып – жете зерттеп сығымдап алу қажет. Жанр мәселесінде бізде де драма, комедия деген сияқты түрлерінің бірінен-бірі басым болсын, бәрі де тең жасай бермекке керек. Осы айтылғанның барлығы социалдық реализм бағытымен жазылып келе жатқан және келешекте жазылатын пролетариат драматургиясының негіз іргелері. Біз қазақтағы пролетариат драматургиясын алдымыздағы орыс жазушыларының үлгісімен салыстыра сынаймыз. Интернационалдық мәдениет үлгісін солар толық меңгерді деп біліп, соның аңғарын күзетеміз. Оқимыз, үйренеміз. Өзімізден ұлттық түр қоса өсеміз. Сол арқылы алдыңғы қатардың шеруіне қосыламыз. Осы бағытты драматургияда үлкен қып бастаған – Бейімбет. Драмалық ірі серпінінің басы – "Майдан". Одан бері "Шабуыл" (Ғабит екеуі бірігіп жазған), ең соңғы шығармасы "Талтаңбай", "Шұға". Төңкерісшіл драманың басы Сәкен. "Қызыл сұңқарлары", "Бақыт жолындағысы". "Майданмен" қатар жазылған Ілиястың "Кегі". Жұматтың "Шахтысы", "Забойы", "Тартыс", "Октябрь үшін", "Айман-Шолпан" Мұхтардікі. Ғұзайырдың "Заман заңы", Жұмағалидің "Атаман Анохины", Ғалымның "Астық үшін күресі", Асқардың "Семафор ашығы", Дүйсенбектің "Сұмдық", "Қастығы", Қанабектің "Колхозы". Атығай пьесалары, Ілиястың биыл біткен ең жаңа шығармалары – "Түрксіб", "Соқыр шек", "Колхоз тойы" Бұлар арқылы кірген үлкен сарындар драма техникасында аз емес. Және әсіресе аударманың күшеюі. Оның ішінде пролетариат драматургиясының көрнекті ірі тұрғылары аударылуы – ерекше жаңалығымыз. Драманы өскелеңдетуге себепші, айдашы болған – жұртшылық тілегі, екінші жағынан сонымен жалғас мемлекет драм театры. Әсіресе аударма пьесаларды көп қамту, театр ісі. Екі жылдағы репертуар соны дәлелдейді. Сол театр еңбегі арқылы пролетариат драматургиясының үлкен өрнектерін біздің жұртшылық біліп отыр. Бірақ әлі үлкен роман, поэманың аудармасын көрген жоқ. Бірақ ілгері басудың шарты артынды жақсы білуде. Егжей-тегжейіңді жақсы тексеріп, кемшілік мініңді ашық, айқын ұғынуда. Біздегі төңкерісшіл драматургия, саяси төңкерісшіл қызметімізбен қатар, бір ерекше үлкен олқылықты толтыра алмай келеді. Ол жоғарыда айтылған социалдық реализм шарт қылатын үлкен тұлға. "Майданнан" бастасақ, жақсылығы колхоз құрылысының үстіндегі тап жауын жақсы, айқын көрсетуде. Ленин: "Толстой шығармасын оқығанда жұмысшы табы өз жауын жақсы таниды",дейді. "Майдан" бұл міндетті атқарғанмен, жақсы кейіпкерге келгенде бәсеңдейді. Жұрттың көз алдында көретіні көбінесе Мамық, Көдебай, Досан, Әліш, Пүліштердің пьеса ішінде өсіп өзгеруі жақсы-ақ. Бірақ, өте баяу өседі. Төңкерістік үлкен арқау пьесаның ұлы арқауы оларда зерде бола алмай қалады. Бұлардың, жекешелік, кейіптік қалпынан да тап болған. Бір бітімдестік қалпы басымырақ. Горький таптық белгілермен қатар "профессиялық", жеке адамдық белгілері де айқын басым дейді. Әсіресе, осы жағы сөзінен көрінсін. Қаһармандық іс, еңбек қаһарман сөзін керек қылады. Оқиғадан таптық мазмұн шығару біздің пьесаларда үстірт келеді. Адамды ол пәлен таптікі деумен қатар шаблонға сала суреттейді деп келіп Горький Шершлді мысалға алады. Оның таптық мінезі еңбекші елді жек көру. Сонымен қатар онда "придаток" дегенде, қоспалар бар. Бұлар құнсыз, күлкі түрінде. Адамның бәрінің тілі өзгеше басқа-басқа болып, барынша мағыналы болуы қажет. Бейімбет Мамық, Көдебай, Бекболатты барынша мол көрсеткенде сол өз тілдерімен жаңа таптық белгілерімен қатар Горький айтқан қоспаларымен де көрсетеді. Ал дұрыс адамдарға келгенде осы ерекшеліктер, тұлғалық ерекшеліктер тереңдемей қалады. Олар функцияның күйінде тұрып біріне бірі ұқсаңқырап кетеді. Есте көп сақталмайды. Топталған коллективтік пішінмен ғана танылады. Ол қонымсыз. Жаңа драматургияда үстемдік алып келе жатқан жеке кейіптік, қоғамдық кейіптің күшті болуы шарт. Киршон, Погодин, Афиногенов үлгісі – социалдық реализм үлгісі. Пьесалары жақсы кейіп діңгегіне құрылған "Майдан" кемшілігін сөз жағынан Бейімбет "Талтаңбайда" түзеңкіреген. Адамның бәрінде жекеше тілдер бар. Сол сөздері адамдарының ішін, қалпын да ашады. Бірақ мұнда да теріс кейіпкердің ашылуы айқынырақ та, дұрыс кейіпкер сол ерекшелікке ие бола алмай қалған. Тағы да тұтасқан коллектив пішін боп қалады. Керегі жеке үлкен кейіп. Жаңа адамның кейпі. Соның қуаныш пен жадырайтын жарқын жүзі. Бастайтын, желпінтіп, ертіп әкететін тартысы болуы керек. "Талтаңбай" мен "Майдан" аяғы дұрыс кейіпкердің жеңуімен біткенмен де алдыңғы жүрістері оқушы, көрушіні қоздыра әзірлемейді. Бұларға тілеулестік, осылардың өз еңбегі арқылы туып отырған жоқ, жау жағының қастығы айқын көрінгендіктен туып отыр. Драмалық құрылыс жағында Бейімбет пьесалары біздегі үлгі беріп отырған пьесалар. "Майдан" айналасында талай "Майдандар" туады. Бұл ірі белгі. Жоғарыда айтылған социалдық реализм шарттары көзіңше орындалады. Тақырып, драмалық түйін, сюжет жақтары Бейімбетті социалдық реализм үлгісіндегі драматург қып шығарады. Жалғыз мәселе тұлға жөнінде. Драмаларының "экспозициясы", драмалық тартыстары, қақтығыстары, түйін шешуі және сөз тартыстарын жүргізуі барлық жерде драматургия заңымен жүреді. Өрескелдік, артықтық жоқ. Адамдары іспен көрсетіледі. Сөзі де іс. Бірақ, адамның іші тереңдеу қажет. Тартысының себебі, түйін байланысы үстірттеу, жеңілдеу болмай терең тамырларды байлау керек. Сонда пьеса проблемалы пьеса болар еді. Ойға айдайтын, тереңге шомдыратын пьеса болар еді. Топтағыш қасиеттері асар еді де, дұрыс адамдары бір-біріне ұқсап қалмай, әрқайсысы өз бетінде бір-бір үлкен сәуледей, шамдай жанар еді. Айналасын солайша жарқыратар еді. Мұнда бәрі орташа күйдегі, құба төбел жай-күйдің көрмесі боп, кішілеу соға береді. Пьесаның негізін, үлкен ағымын дұрыс кейіптеуге құрған "Қызыл сұңқарлар" көруші, оқушының көз алдына ұдайы Еркебұлан тобы орын алып отырады. "Досымда", "Астықта", "Ғажайып қорытындыда" көз алдыңда үнемі болатын адамдар, дұрыс адамдар. Жаңа үлгіге ауысуда қатты еске алатын мәселенің бірі осы болу керек. "Түрксібтің" соңғы құрылысы қазақ драматургиясына соны боп тұрған үлкен жайды қолға алады. Пьеса әлі түгел, толық істеліп болған жоқ. Жазушы әлі де толықтай түспек. Бірақ осы бүгінгі қалпының өзін алғанда да "Түрксібтің" тынды айырып отырғаны даусыз. Социалдық реализм бағытымен жазылған пьесаларға "Майдан" мен "Түрксібті" қосамыз. Соңғы құрылысында "Түрксіб" нағыз өндіріс тақырыбының пьесасы болады. Өндіріс бойына кеп, соның өсуімен бірге өзі өсетін Қамысбай – үлкен "обобщающий" кейіп. Қазақ кедейінің ғасырларда басып өтіп, түлей өсіп ұлы тұрқыға шығып келе жатқаны – пьесаның жыры. Жол үстіне кедергі боп, айқасып түсіп, қара бурасын шөгіп жатқан ескілік қайшылықтары рушылдық, ұлтшылдық, ұлы орысшылдық, зиянкестік барлығы да пьеса ішінде тарихи зор мағынада беріледі. Көрушінің көз алдында көбінесе Қамысбай, Сәрсен, Қаумен, Базбектер – дұрыс тұлғалар жүреді. Әсіресе Қуанышбай толық, жақсы тұлға. Бірақ, әлі жетер өрісіне жетіңкіремей, баяу тартып жатқан сыңар, жарты, жартылап көрсетілген адамдар да бар. Соның бірі – пьесаның үлкен кейпі Сәрсен. Бұл жанды, қонымды адам болудың орнына "ылғи деректің" адамы боп қала беретін сияқты. Қоғамдық-таптық қалпынан басқа жеке адамдық пішіні көрсетілмеген. Сондықтан үстірт тұлға боп тұр. Функцияға жақын пьесаның екінші үлкен кемшілігі драмалық түйін, қақтығыстар – дастан үлгісінде шұбалаң күйде қалыптасады. Оқиғалар да жай, сылбыр өршиді. Тартыстың дәл өзімен тығыздалған сюжет боп жедел басын, жепіріп, қусырып әкетіп отырады. Драма заңы соны керек етеді. Дастанша жай әңгімелесу, баяу суретпен өрбу – пьеса сюжетіне жол емес. Мұны Белинский айтқан сияқты Киротинде. Горький де пьеса шарты деп біледі. Аяғының тоқтауы жақсы, үлкен үміт, сенім үстінде жүзі жарқын қуанышы үстінде бітеді. Алдындағы перспективасы зор таптың жеңу жыры, ұлы табыс жыры боп аяқтайды. Оптимизм – социалдық реализм шарт қылған талап. Театр қоя білу керек. Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 03:23 4951

Драматургияның бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері

 

Менің баяндамама кіретін мәселелердің бір қатарын Орымбек айтып кетті. Сондықтан кейбір жайларды қысқартып, баяндаманы бұрын белгіленген көлемінен кішірейте, тұжыра сөйлеймін.

Ең әуелі, бүгінгі төңкерісшіл драматургияға қойылатын шарттан бастайын. Жаңа үлгідегі социалдық реализм драматургиясының жаңаша, саяси таптық мағынасы оның 1) тақырыбынан 2) драмалық түйінінен 3) тұлғасынан (образынан) 4) сюжетінен (әңгіме өнерінен) көрінетін болады.

Тақырып – байшыл жазушының түсінігіндегі тақырып емес. Мұнда жазушының арнаулы тақырыпқа қараған өз көзқарасы, таптық айқын көзқарас болып, байшыл жазушыныкінен гөрі ашып айтылған болсын. Таптық тұрғысы айқын боп тұрсын.

Драмалық түйін – байшыл реализм драмасында "тұлғаның өзімен өзі алысуынан" тұратын. Социалдық реализм драмасында түйін: субъектив ұжданшылдық емес, – объективті қоғамшылдықтан туған түйін. Түйінде оқиғаның саяси-қоғамдық сыры ашылатын болсын. Мысал: "Астық", "Майдан" – бір жағы, "Еңлік—Кебек", "Арқалық" – екінші жағы. Түйіннің қақтығысы арқылы шешілуі қуанышты үміттілікпен жүзі жарқындық түрінде шешіледі. "Астық," "Түрксіб", "Ғажайып қорытынды" пьесаларының аяқтары сияқты. Мұнда социализм үстем боп, өктем шығып алдында күн сияқты кең дүниесі көрініп жатқандай боп шешілетін болады.

Тұлға (образ) – байшылдық реализмде жекешелік, драмашылдық жөнінен суреттеледі ("Қаракөздегі" Сырым). Ол қоғамдық өмірге қарсы қойылған тұлға болады. Үстем болатын арқау – дарашылдықта. Социалдық реализм драмасында тұлға қоғамдық күй мен жекеліктің бірлігі (единствосы) болады да, үстем арқау қоғамдық арқауы болады. Рас, адамның жекеше пішіні анықталмаса суреттілік болмайды. Сондықтан жаңағы айтылған өмір шындығын жеке адамның кейіптік мағынасы, толық тұлғасы арқылы көрсету керек. Сол адам тап тартысына қатынасушы адам болу керек. Жекешелік жағын басым етем деп, жалпы адамдық сипаттарды қазбалай беріп, өмірден, тартыстан шығып әкетілген адам болмасын.

Осы айтылғандай сюжет те бұрынғысынан өзгереді. Жеке адамның басын баян ететін сюжеттен кетіп, қоғамдық сюжет боп өзгереді. Сюжет болмыстың кейіптілік мазмұнын таптық көркемдік үлгісімен көрсеткен сурет болсын. Сюжеті ескі классиктердің сол ескі өз сюжеттерін сомдап, талдап, нық зерттегеніндей қып – жете зерттеп сығымдап алу қажет.

Жанр мәселесінде бізде де драма, комедия деген сияқты түрлерінің бірінен-бірі басым болсын, бәрі де тең жасай бермекке керек.

Осы айтылғанның барлығы социалдық реализм бағытымен жазылып келе жатқан және келешекте жазылатын пролетариат драматургиясының негіз іргелері. Біз қазақтағы пролетариат драматургиясын алдымыздағы орыс жазушыларының үлгісімен салыстыра сынаймыз. Интернационалдық мәдениет үлгісін солар толық меңгерді деп біліп, соның аңғарын күзетеміз. Оқимыз, үйренеміз. Өзімізден ұлттық түр қоса өсеміз. Сол арқылы алдыңғы қатардың шеруіне қосыламыз. Осы бағытты драматургияда үлкен қып бастаған – Бейімбет. Драмалық ірі серпінінің басы – "Майдан".

Одан бері "Шабуыл" (Ғабит екеуі бірігіп жазған), ең соңғы шығармасы "Талтаңбай", "Шұға". Төңкерісшіл драманың басы Сәкен. "Қызыл сұңқарлары", "Бақыт жолындағысы". "Майданмен" қатар жазылған Ілиястың "Кегі". Жұматтың "Шахтысы", "Забойы", "Тартыс", "Октябрь үшін", "Айман-Шолпан" Мұхтардікі. Ғұзайырдың "Заман заңы", Жұмағалидің "Атаман Анохины", Ғалымның "Астық үшін күресі", Асқардың "Семафор ашығы", Дүйсенбектің "Сұмдық", "Қастығы", Қанабектің "Колхозы".

Атығай пьесалары, Ілиястың биыл біткен ең жаңа шығармалары – "Түрксіб", "Соқыр шек", "Колхоз тойы" Бұлар арқылы кірген үлкен сарындар драма техникасында аз емес. Және әсіресе аударманың күшеюі. Оның ішінде пролетариат драматургиясының көрнекті ірі тұрғылары аударылуы – ерекше жаңалығымыз. Драманы өскелеңдетуге себепші, айдашы болған – жұртшылық тілегі, екінші жағынан сонымен жалғас мемлекет драм театры. Әсіресе аударма пьесаларды көп қамту, театр ісі. Екі жылдағы репертуар соны дәлелдейді. Сол театр еңбегі арқылы пролетариат драматургиясының үлкен өрнектерін біздің жұртшылық біліп отыр. Бірақ әлі үлкен роман, поэманың аудармасын көрген жоқ. Бірақ ілгері басудың шарты артынды жақсы білуде. Егжей-тегжейіңді жақсы тексеріп, кемшілік мініңді ашық, айқын ұғынуда.

Біздегі төңкерісшіл драматургия, саяси төңкерісшіл қызметімізбен қатар, бір ерекше үлкен олқылықты толтыра алмай келеді. Ол жоғарыда айтылған социалдық реализм шарт қылатын үлкен тұлға. "Майданнан" бастасақ, жақсылығы колхоз құрылысының үстіндегі тап жауын жақсы, айқын көрсетуде. Ленин: "Толстой шығармасын оқығанда жұмысшы табы өз жауын жақсы таниды",дейді. "Майдан" бұл міндетті атқарғанмен, жақсы кейіпкерге келгенде бәсеңдейді. Жұрттың көз алдында көретіні көбінесе Мамық, Көдебай, Досан, Әліш, Пүліштердің пьеса ішінде өсіп өзгеруі жақсы-ақ.

Бірақ, өте баяу өседі. Төңкерістік үлкен арқау пьесаның ұлы арқауы оларда зерде бола алмай қалады. Бұлардың, жекешелік, кейіптік қалпынан да тап болған. Бір бітімдестік қалпы басымырақ. Горький таптық белгілермен қатар "профессиялық", жеке адамдық белгілері де айқын басым дейді. Әсіресе, осы жағы сөзінен көрінсін. Қаһармандық іс, еңбек қаһарман сөзін керек қылады. Оқиғадан таптық мазмұн шығару біздің пьесаларда үстірт келеді. Адамды ол пәлен таптікі деумен қатар шаблонға сала суреттейді деп келіп Горький Шершлді мысалға алады. Оның таптық мінезі еңбекші елді жек көру. Сонымен қатар онда "придаток" дегенде, қоспалар бар. Бұлар құнсыз, күлкі түрінде. Адамның бәрінің тілі өзгеше басқа-басқа болып, барынша мағыналы болуы қажет. Бейімбет Мамық, Көдебай, Бекболатты барынша мол көрсеткенде сол өз тілдерімен жаңа таптық белгілерімен қатар Горький айтқан қоспаларымен де көрсетеді. Ал дұрыс адамдарға келгенде осы ерекшеліктер, тұлғалық ерекшеліктер тереңдемей қалады. Олар функцияның күйінде тұрып біріне бірі ұқсаңқырап кетеді. Есте көп сақталмайды. Топталған коллективтік пішінмен ғана танылады. Ол қонымсыз. Жаңа драматургияда үстемдік алып келе жатқан жеке кейіптік, қоғамдық кейіптің күшті болуы шарт. Киршон, Погодин, Афиногенов үлгісі – социалдық реализм үлгісі. Пьесалары жақсы кейіп діңгегіне құрылған "Майдан" кемшілігін сөз жағынан Бейімбет "Талтаңбайда" түзеңкіреген. Адамның бәрінде жекеше тілдер бар. Сол сөздері адамдарының ішін, қалпын да ашады. Бірақ мұнда да теріс кейіпкердің ашылуы айқынырақ та, дұрыс кейіпкер сол ерекшелікке ие бола алмай қалған. Тағы да тұтасқан коллектив пішін боп қалады. Керегі жеке үлкен кейіп. Жаңа адамның кейпі. Соның қуаныш пен жадырайтын жарқын жүзі. Бастайтын, желпінтіп, ертіп әкететін тартысы болуы керек. "Талтаңбай" мен "Майдан" аяғы дұрыс кейіпкердің жеңуімен біткенмен де алдыңғы жүрістері оқушы, көрушіні қоздыра әзірлемейді. Бұларға тілеулестік, осылардың өз еңбегі арқылы туып отырған жоқ, жау жағының қастығы айқын көрінгендіктен туып отыр. Драмалық құрылыс жағында Бейімбет пьесалары біздегі үлгі беріп отырған пьесалар. "Майдан" айналасында талай "Майдандар" туады. Бұл ірі белгі. Жоғарыда айтылған социалдық реализм шарттары көзіңше орындалады. Тақырып, драмалық түйін, сюжет жақтары Бейімбетті социалдық реализм үлгісіндегі драматург қып шығарады. Жалғыз мәселе тұлға жөнінде. Драмаларының "экспозициясы", драмалық тартыстары, қақтығыстары, түйін шешуі және сөз тартыстарын жүргізуі барлық жерде драматургия заңымен жүреді. Өрескелдік, артықтық жоқ. Адамдары іспен көрсетіледі. Сөзі де іс. Бірақ, адамның іші тереңдеу қажет. Тартысының себебі, түйін байланысы үстірттеу, жеңілдеу болмай терең тамырларды байлау керек. Сонда пьеса проблемалы пьеса болар еді. Ойға айдайтын, тереңге шомдыратын пьеса болар еді. Топтағыш қасиеттері асар еді де, дұрыс адамдары бір-біріне ұқсап қалмай, әрқайсысы өз бетінде бір-бір үлкен сәуледей, шамдай жанар еді. Айналасын солайша жарқыратар еді. Мұнда бәрі орташа күйдегі, құба төбел жай-күйдің көрмесі боп, кішілеу соға береді.

Пьесаның негізін, үлкен ағымын дұрыс кейіптеуге құрған "Қызыл сұңқарлар" көруші, оқушының көз алдына ұдайы Еркебұлан тобы орын алып отырады. "Досымда", "Астықта", "Ғажайып қорытындыда" көз алдыңда үнемі болатын адамдар, дұрыс адамдар. Жаңа үлгіге ауысуда қатты еске алатын мәселенің бірі осы болу керек. "Түрксібтің" соңғы құрылысы қазақ драматургиясына соны боп тұрған үлкен жайды қолға алады. Пьеса әлі түгел, толық істеліп болған жоқ. Жазушы әлі де толықтай түспек. Бірақ осы бүгінгі қалпының өзін алғанда да "Түрксібтің" тынды айырып отырғаны даусыз.

Социалдық реализм бағытымен жазылған пьесаларға "Майдан" мен "Түрксібті" қосамыз. Соңғы құрылысында "Түрксіб" нағыз өндіріс тақырыбының пьесасы болады. Өндіріс бойына кеп, соның өсуімен бірге өзі өсетін Қамысбай – үлкен "обобщающий" кейіп. Қазақ кедейінің ғасырларда басып өтіп, түлей өсіп ұлы тұрқыға шығып келе жатқаны – пьесаның жыры. Жол үстіне кедергі боп, айқасып түсіп, қара бурасын шөгіп жатқан ескілік қайшылықтары рушылдық, ұлтшылдық, ұлы орысшылдық, зиянкестік барлығы да пьеса ішінде тарихи зор мағынада беріледі. Көрушінің көз алдында көбінесе Қамысбай, Сәрсен, Қаумен, Базбектер – дұрыс тұлғалар жүреді. Әсіресе Қуанышбай толық, жақсы тұлға. Бірақ, әлі жетер өрісіне жетіңкіремей, баяу тартып жатқан сыңар, жарты, жартылап көрсетілген адамдар да бар. Соның бірі – пьесаның үлкен кейпі Сәрсен. Бұл жанды, қонымды адам болудың орнына "ылғи деректің" адамы боп қала беретін сияқты. Қоғамдық-таптық қалпынан басқа жеке адамдық пішіні көрсетілмеген. Сондықтан үстірт тұлға боп тұр. Функцияға жақын пьесаның екінші үлкен кемшілігі драмалық түйін, қақтығыстар – дастан үлгісінде шұбалаң күйде қалыптасады. Оқиғалар да жай, сылбыр өршиді. Тартыстың дәл өзімен тығыздалған сюжет боп жедел басын, жепіріп, қусырып әкетіп отырады. Драма заңы соны керек етеді. Дастанша жай әңгімелесу, баяу суретпен өрбу – пьеса сюжетіне жол емес. Мұны Белинский айтқан сияқты Киротинде. Горький де пьеса шарты деп біледі.

Аяғының тоқтауы жақсы, үлкен үміт, сенім үстінде жүзі жарқын қуанышы үстінде бітеді. Алдындағы перспективасы зор таптың жеңу жыры, ұлы табыс жыры боп аяқтайды. Оптимизм – социалдық реализм шарт қылған талап. Театр қоя білу керек.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға