Жаңалықтар

Авиация

  Авиация (лат. avis - құс) – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған , ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады.   Авиация тарихы Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Авиация — Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп тамыры латынша avіs – құс дегенді білдіреді. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлінеді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-жаттығулық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығында, аэрофототүсірім, байланыс, геологиялық барлау, балық аулау кәсібін барлау үшін, т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиацияға әскери әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу соның айғағы. Италияның ұлы кескіндемешісі Леонардо да Винчи еңбектерінде ұшу аппараттарының жобалық эскиздері (нобайы) кездеседі. 1754 ж. орыс ғалымы Михаил Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891 – 96 ж. неміс ғалымы Отто Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19 ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері Александр Можайский өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 ж. жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 ж. Англияда конструктор Хайрем Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп, қирады. Францияда жасалған жарқанаттың қанатын көзге елестететін «Авьон» аппараты да бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып (1897) өтіп барып құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды. 1903 ж. 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 ж. сенімді басқара отырып, бір жарым сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. 1909 ж. 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Луи Блерио өзінің монопландық сұлбада жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1910 ж. Борис Юрьев Ресейдегі алғашқы тік ұшақтың жобасын жасады. Дегенмен де, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салдарынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық және тәжірибелік ізденістерге кірісті. 1914 ж. басталған 1-дүниежүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне себепкер болды. Ол кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің «Илья Муромец», Францияның «Фарман», «Вуазен» және «Ньюпор», ағылшынның «Coпвuч», немістің «Фоккер» ұшақтарын жатқызуға болады. Олар сағатына 90 – 120 км жылдамдықпен ұшты. Кейінірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары сағатына 200 – 220 км, биіктеуі 7 км-ге жетті. 20 ғасырдың 20 – 30 ж. Англияда, Францияда, АҚШ-та, Германияда және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақтардың бірнеше жүздеген типтері жасалып, олардың көпшілігі көп сериямен шығарылды. Англияда жасалынған «Супермарин S.6В» ұшағы айрықша болды. Онымен 1927 ж. американ ұшқышы Чарлз Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып өтті. Он жылдан кейін 1937 ж. орыс ұшқыштары Валерий Чкалов, Георгий Байдуков және штурман Александр Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км қашықтықты қонбай ұшып өтті. 1930-жылдардың 2-жартысында КСРО-да, Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағынан жаңа сатыға көтерілді. 1950-жылдардың басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) бір орындық МиГ-19 ұшағы, 1960 жылдардың 2-жартысында Американың «Фантом» F-4 жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ көп мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона алатын, ұшқан кезде қанатының пішінін қажетке қарай өзгертуге болатын F-111 ұшақтары жасалды. 20 ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұшатын (ұшу жылдамдығы сағатына 2500 – 3000 км, ұшу қашықтығы 6 – 8 мың км) жолаушы таситын ұшақтар (Англия мен Францияда «Конкорд», КСРО-да ТУ-144) жасалды. 1990 жылдардың басында сериялы ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, биіктігі 30 мың м, ұшу қашықтығы 15 000 км-ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. Бірқатар елдерде орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау жұмыстары қолға алынды. Авиация мен ракеталық техникалардың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасығыш ракеталарды шығаруға негіз қалады. Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 ж. ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 ж. әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 ж. 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Қазіргі заманғы Ил-86, Ту-154, «Боинг-737», «А-320», т. б. ұшақтар   1990-жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүние жүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады. Авиация өнеркәсібі Авиация өнеркәсібі – өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдермен авиация техникасын жасайтын саласы. 20 ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі елеулі жетістіктер ұшу құралдарын көптеп шығаруды талап етті. Әсіресе 1-дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер орнатылған, бомба салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өндірісін өрістетуге кең жол ашты. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа авиация зауыттары салынды. Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-орын алды. Авиаконструктор Игорь Сикорский жасаған (1913) төрт моторлы «Илья Муромец» ауыр ұшағы 800 кг бомба, 5 – 6 зеңбірек, 8 адам көтеретіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын ұшақтармен қатар француздардың «Фраман», «Вуазен», «Ньюпор» ұшақтары, ағылшынның «Сопвич», немістің «Фоккер» ұшақтарының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің өркендеуіне пәрменді ықпал жасады. 1914 жылы Франция 540 ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917 жылы Ресейде шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қытай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ жасай бастады. 1930-жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Англияда, Италияда реактивті қозғалтқыш жасауға басты көңіл бөлінді. 1937 жылы турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 жылы неміс фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған ұшақтардың жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, ұшу биіктігі 30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты. Әуеде жанармай құйып алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған қиырына бара алатын болды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде (1939 – 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. Әскери авиация Германия мен Жапония сияқты басқыншылық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алды. Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге мүмкіндік болмады. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыштарын және басқа да маңызды тетіктерін жасауға Қазақстан металы пайдаланылды. Ондай тетіктердің көбісі Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Арқалық, Өскемен қалаларындағы зауыттарда жасалады. Қазір Қазақстан әскери авиация құралдары мен азаматтық авиация ұшақтарын негізінен Ресейден алады. Қазақстан азаматтық авиациясы соңғы жылдары жолаушылар таситын бірнеше «Боинг» ұшағын Америкадан сатып алды. Қазір авиация өнеркәсібі АҚШ, Канада, Англия, Францияда жақсы дамып отыр.  
05.12.2012 03:17 8317

 

Авиация (лат. avis - құс) – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған , ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады.
 
Авиация тарихы
Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Авиация — Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп тамыры латынша avіs – құс дегенді білдіреді. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлінеді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-жаттығулық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығында, аэрофототүсірім, байланыс, геологиялық барлау, балық аулау кәсібін барлау үшін, т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиацияға әскери әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу соның айғағы. Италияның ұлы кескіндемешісі Леонардо да Винчи еңбектерінде ұшу аппараттарының жобалық эскиздері (нобайы) кездеседі. 1754 ж. орыс ғалымы Михаил Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891 – 96 ж. неміс ғалымы Отто Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19 ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері Александр Можайский өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 ж. жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 ж. Англияда конструктор Хайрем Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп, қирады. Францияда жасалған жарқанаттың қанатын көзге елестететін «Авьон» аппараты да бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып (1897) өтіп барып құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды. 1903 ж. 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 ж. сенімді басқара отырып, бір жарым сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. 1909 ж. 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Луи Блерио өзінің монопландық сұлбада жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1910 ж. Борис Юрьев Ресейдегі алғашқы тік ұшақтың жобасын жасады. Дегенмен де, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салдарынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық және тәжірибелік ізденістерге кірісті. 1914 ж. басталған 1-дүниежүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне себепкер болды. Ол кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің «Илья Муромец», Францияның «Фарман», «Вуазен» және «Ньюпор», ағылшынның «Coпвuч», немістің «Фоккер» ұшақтарын жатқызуға болады. Олар сағатына 90 – 120 км жылдамдықпен ұшты. Кейінірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары сағатына 200 – 220 км, биіктеуі 7 км-ге жетті. 20 ғасырдың 20 – 30 ж. Англияда, Францияда, АҚШ-та, Германияда және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақтардың бірнеше жүздеген типтері жасалып, олардың көпшілігі көп сериямен шығарылды. Англияда жасалынған «Супермарин S.6В» ұшағы айрықша болды. Онымен 1927 ж. американ ұшқышы Чарлз Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып өтті. Он жылдан кейін 1937 ж. орыс ұшқыштары Валерий Чкалов, Георгий Байдуков және штурман Александр Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км қашықтықты қонбай ұшып өтті. 1930-жылдардың 2-жартысында КСРО-да, Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағынан жаңа сатыға көтерілді. 1950-жылдардың басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) бір орындық МиГ-19 ұшағы, 1960 жылдардың 2-жартысында Американың «Фантом» F-4 жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ көп мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона алатын, ұшқан кезде қанатының пішінін қажетке қарай өзгертуге болатын F-111 ұшақтары жасалды. 20 ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұшатын (ұшу жылдамдығы сағатына 2500 – 3000 км, ұшу қашықтығы 6 – 8 мың км) жолаушы таситын ұшақтар (Англия мен Францияда «Конкорд», КСРО-да ТУ-144) жасалды. 1990 жылдардың басында сериялы ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, биіктігі 30 мың м, ұшу қашықтығы 15 000 км-ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. Бірқатар елдерде орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау жұмыстары қолға алынды. Авиация мен ракеталық техникалардың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасығыш ракеталарды шығаруға негіз қалады. Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 ж. ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 ж. әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 ж. 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды.
Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Қазіргі заманғы Ил-86, Ту-154, «Боинг-737», «А-320», т. б. ұшақтар
 
1990-жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүние жүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады.
Авиация өнеркәсібі
Авиация өнеркәсібі – өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдермен авиация техникасын жасайтын саласы. 20 ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі елеулі жетістіктер ұшу құралдарын көптеп шығаруды талап етті. Әсіресе 1-дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер орнатылған, бомба салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өндірісін өрістетуге кең жол ашты. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа авиация зауыттары салынды. Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-орын алды. Авиаконструктор Игорь Сикорский жасаған (1913) төрт моторлы «Илья Муромец» ауыр ұшағы 800 кг бомба, 5 – 6 зеңбірек, 8 адам көтеретіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын ұшақтармен қатар француздардың «Фраман», «Вуазен», «Ньюпор» ұшақтары, ағылшынның «Сопвич», немістің «Фоккер» ұшақтарының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің өркендеуіне пәрменді ықпал жасады. 1914 жылы Франция 540 ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917 жылы Ресейде шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қытай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ жасай бастады. 1930-жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Англияда, Италияда реактивті қозғалтқыш жасауға басты көңіл бөлінді. 1937 жылы турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 жылы неміс фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған ұшақтардың жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, ұшу биіктігі 30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты. Әуеде жанармай құйып алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған қиырына бара алатын болды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде (1939 – 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. Әскери авиация Германия мен Жапония сияқты басқыншылық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алды. Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге мүмкіндік болмады. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыштарын және басқа да маңызды тетіктерін жасауға Қазақстан металы пайдаланылды. Ондай тетіктердің көбісі Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Арқалық, Өскемен қалаларындағы зауыттарда жасалады. Қазір Қазақстан әскери авиация құралдары мен азаматтық авиация ұшақтарын негізінен Ресейден алады. Қазақстан азаматтық авиациясы соңғы жылдары жолаушылар таситын бірнеше «Боинг» ұшағын Америкадан сатып алды. Қазір авиация өнеркәсібі АҚШ, Канада, Англия, Францияда жақсы дамып отыр.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға