Жаңалықтар

Мұса пайғамбар

  Мұса пайғамбар (ивр. מֹשֶׁה‎, Грекше: Mωϋσῆς, Арабша: موسىٰ ) - Пайғамбар, Гимранның ұлы. Жақып Пайғамбардың немересі - Лауиден тарайды. Мысыр перғауыны (патшасы) Уалид ибну Мусхап заманында дүниеге келген. Риуаятта Перғауын жаман түс көреді. «Баитл Мухаддас жақтан шыққан өрт Мысырға жетіп, Мысырдың күллі ғимараттарын, жергілікті қыбытилард (халықты) өртел, күл қылып тастапты дейді. Бірақ, бәни Исраил аман қалыпты». Перғауын бақсы, балгер, сиқыршы, жұлдызшыларды жинап түс жорытады. «Бәни Исраилден дүниеге бір ұл келеді екен, - депті жорушы. - Мысырың да, тағың да соның кодынан күл-талқан болады екен. Өзіңді еліңмен бірге мекеніңнен қуып шығып, дініңді өзгертеді екен. Ол ұл сенің тірі кезіңде туады екен». Перғауын Исраилден туған ұлды түгел өлтіруге әмір етеді. Исраил ішіне бақылаушы қояды. Бала көтеретін аналардың бәрі өмірден бас тарта алмайды. Қыздар тірі қалып жатады. Жазалаушылар екі қабат әйелдерді қинап, түсік тастатады.   Үлкендер өліп,жастар қосылмай, елде еркек құрып бара жатады. Қыбытидің ақсақалдары перғауынға келіп, «Әулет құруға айналды. Ауыр жұмыс қарттарға қалды. Тіршілікті кім жалғастырады», - деп арыз айтады. Перғауын енді ұлдарды жыл аралатып өлтіруге жарлық шығарады. Осылайша, ұлдарды өлтірмейтін бір жылы Мұса туады. Жасырын көтеріп, туған ана Перғауыннан қорқып, бөбегін мақтаға орап салып, сандықты бекітеді де Ніл дариясына ағызып қоя береді. Мұсаның әпкесі сандыққа еріп, Нілді жағалай береді.   Сандық ағып, Перғауын сарайының тұсына жеткенде оны су алуға келген күндер көреді де іші толған қазына екен деп, аузын ашпастан Перғауыннын әйелі Әсияға алып келеді. Сандық ішінен ақ сазандай ұл шығады. Құдірет Әсияның мейірімін ұлға аударып, емірентіп жібереді.   Перғауын жендеттерге: «Ұлды өлтіріңдер», - деп әмір етеді. Әсия ара түседі. Сөйтіп, бала тірі қалады. Әсия енді оны емізетін «сүтана» іздетеді. Кімді әкелсе де бала шырылдап, оның емшегін аузына алмайды. Әсия сүт анайы енді өзі іздел шығады. Мұны сырттай бақылап тұрған Мұсаның әпкесі қасына келеді де «Мен бір сенімді сүтананы білуші едім», - дейді.   «Шақыр», - дейді Әсия, - «егер бала оның емшегін емсе, сый-сияпатқа бөлеймін». Ол - Мұсаның өз анасы еді. Бала емірент емеді, ана мейірлент емізеді. Әсия қуанады. Сарайда тұрып, баланы бағуға бұйырады. Сүтана Сарайда тұруды қолайсыз көріп, үйінде асырауды өтінеді. Тек, күнде әкеліп көрсетіп тұру шартымен баланы үйге береді. Емшектен шыққан соң М. Перғауын үйінде ер жетеді. Есейе келе Перғауынның Исраилге істеген зұлымдығынан түңіледі, әрі біреуге болысамын деп, оқыстан адам өлтіріп алады да Мысырдан қашып, Медиян қаласына кетіп қалады. Медиянда Шұғайып Пайғамбарға жалданып қой барады. Жақсы жалпыға Пайғамбар қызының біреуін қосады. 10 жылдан соң қожасынан рұқсат сұрап, әйелі екеуі Мысырға қайтады. Жолда адасады, шаршап-шалдығады. Әбден дағдарған сәтте Тұр тауы жақтан жылтылдап от көрінеді. Мұса соған жақындағанда «Ей, Мұса, мен Аллаһпын Менен басқа құдірет жоқ. Маған ғибадат қыл» - деген дауыс естіледі. Бұл - Мұсаға Пайғамбарлық әкелген үн еді. Аллаһ Тағала Мұсаны Перғауынға барып, оны Құдайға құлшылыққа шақыруға міндеттейді.   Мұса өзіне жәрдемші етіп, туысқаны һарунды қосып беруді, оған да иман дарытуды өтінеді. Өйткені Мұсадан гөрі һарун сөзге шешен, әрі тапқыр еді. Ол тілекті қабылдайды және дәл осы жерде екі түрлі муғжиза береді. Бірі - тастай салса, айдаһар болып шыға келетін таяғы (ол Мұсаның қой баққан, күн көрген таяғы болатын). Екіншісі - қолдарынан шашырайтын нұр еді. Перғауын Мұса Пайғамбардың насихатын тыңдамады. Оның мұғжижасын «сиқырлық» деп санады. өз сиқыршыларын бәсекелестірді. Сиқыршылары Мұсаның мұғжизасын мойындау тәубе ұйірді. Перғауын олардың қол-аяқтарын кесіп, креске танып жазалады. Сикыршылар сонда да бетінен қайтпай, Аллаһты мойындап көз жұмды.   Зұлымдығы барған сайын асқынған Перғауын қауымына жаза ретінде Аллаһ Тағала су апатын, шегіртке, бит, бақа апаттарын жіберіп, ескерту жасады. Перғауын апат келгенде Аллаһқа сиынатын, имандыларға соқтықпайтын болып, апат өткен соң ұмытып кететінді шығарды. Мұса оны түзей алмайтын, Пайғамбарға ол да маза бермейтін болған соң Мұсаға Исраил қауымын алып, Мысырдан шығып кетуге әмір етті. Балаларды қоспағанда, М. (а.с.) 600 адамды алып, түн ішінде Мысырдан шығып кетті. Перғауын қаптаған қолмен (бір миллион 600 мың деседі) соңына түсіп, таң ата Қызыл теңіз жағасында куып жетелі. Алда - су, артта - жау. Қауым қысылған тұста Аллаһ «Таяқпен теңізді ұрі» дейді. Таяқпен ұрғанда теңіз қақ бөлініп, тоқтай қалады. Исраилдер өтіп кетеді де Перғауындарды теңіз қайта басып қалады. Жан алқымға келгенде перғауын баяғыдай тағы да «Мұсаның, Исраил қауымының Аллаһына иман келтірдім», - деп жалынады. «Аллаһпен алысып-алысып, жан алқымға келгендегі тәубең қабылданбайды», - деп періште оны суға батырып жібереді.   Мұса Пайғамбар Баитл Мұхаддаска кіріп, ондағы Қайсанилер қалдығы Жабабилерді қуып тастамақ болады. Бірақ, Исраилдер қорқақтық жасап, соғыс ашулан бас тартады. Осы кербаққандығы үшін Аллаһ Тағала оларды шөлге шығарыл, 40 жыл бойы қаңғыртып жібереді. Баитл Мухаддасқа исраилдер 40 жылдан сол қайта оралады. Мұса Пайғамбар жүз жастан асып, Сынада қайтыс болады. Оның ардақты есімі Құранда 36 жерде кездеседі.  
05.12.2012 03:17 18808

 

Мұса пайғамбар (ивр. מֹשֶׁה‎, Грекше: Mωϋσῆς, Арабша: موسىٰ ) - Пайғамбар, Гимранның ұлы. Жақып Пайғамбардың немересі - Лауиден тарайды. Мысыр перғауыны (патшасы) Уалид ибну Мусхап заманында дүниеге келген. Риуаятта Перғауын жаман түс көреді. «Баитл Мухаддас жақтан шыққан өрт Мысырға жетіп, Мысырдың күллі ғимараттарын, жергілікті қыбытилард (халықты) өртел, күл қылып тастапты дейді. Бірақ, бәни Исраил аман қалыпты». Перғауын бақсы, балгер, сиқыршы, жұлдызшыларды жинап түс жорытады. «Бәни Исраилден дүниеге бір ұл келеді екен, - депті жорушы. - Мысырың да, тағың да соның кодынан күл-талқан болады екен. Өзіңді еліңмен бірге мекеніңнен қуып шығып, дініңді өзгертеді екен. Ол ұл сенің тірі кезіңде туады екен». Перғауын Исраилден туған ұлды түгел өлтіруге әмір етеді. Исраил ішіне бақылаушы қояды. Бала көтеретін аналардың бәрі өмірден бас тарта алмайды. Қыздар тірі қалып жатады. Жазалаушылар екі қабат әйелдерді қинап, түсік тастатады.
 
Үлкендер өліп,жастар қосылмай, елде еркек құрып бара жатады. Қыбытидің ақсақалдары перғауынға келіп, «Әулет құруға айналды. Ауыр жұмыс қарттарға қалды. Тіршілікті кім жалғастырады», - деп арыз айтады. Перғауын енді ұлдарды жыл аралатып өлтіруге жарлық шығарады. Осылайша, ұлдарды өлтірмейтін бір жылы Мұса туады. Жасырын көтеріп, туған ана Перғауыннан қорқып, бөбегін мақтаға орап салып, сандықты бекітеді де Ніл дариясына ағызып қоя береді. Мұсаның әпкесі сандыққа еріп, Нілді жағалай береді.
 
Сандық ағып, Перғауын сарайының тұсына жеткенде оны су алуға келген күндер көреді де іші толған қазына екен деп, аузын ашпастан Перғауыннын әйелі Әсияға алып келеді. Сандық ішінен ақ сазандай ұл шығады. Құдірет Әсияның мейірімін ұлға аударып, емірентіп жібереді.
 
Перғауын жендеттерге: «Ұлды өлтіріңдер», - деп әмір етеді. Әсия ара түседі. Сөйтіп, бала тірі қалады. Әсия енді оны емізетін «сүтана» іздетеді. Кімді әкелсе де бала шырылдап, оның емшегін аузына алмайды. Әсия сүт анайы енді өзі іздел шығады. Мұны сырттай бақылап тұрған Мұсаның әпкесі қасына келеді де «Мен бір сенімді сүтананы білуші едім», - дейді.
 
«Шақыр», - дейді Әсия, - «егер бала оның емшегін емсе, сый-сияпатқа бөлеймін». Ол - Мұсаның өз анасы еді. Бала емірент емеді, ана мейірлент емізеді. Әсия қуанады. Сарайда тұрып, баланы бағуға бұйырады. Сүтана Сарайда тұруды қолайсыз көріп, үйінде асырауды өтінеді. Тек, күнде әкеліп көрсетіп тұру шартымен баланы үйге береді. Емшектен шыққан соң М. Перғауын үйінде ер жетеді. Есейе келе Перғауынның Исраилге істеген зұлымдығынан түңіледі, әрі біреуге болысамын деп, оқыстан адам өлтіріп алады да Мысырдан қашып, Медиян қаласына кетіп қалады. Медиянда Шұғайып Пайғамбарға жалданып қой барады. Жақсы жалпыға Пайғамбар қызының біреуін қосады. 10 жылдан соң қожасынан рұқсат сұрап, әйелі екеуі Мысырға қайтады. Жолда адасады, шаршап-шалдығады. Әбден дағдарған сәтте Тұр тауы жақтан жылтылдап от көрінеді. Мұса соған жақындағанда «Ей, Мұса, мен Аллаһпын Менен басқа құдірет жоқ. Маған ғибадат қыл» - деген дауыс естіледі. Бұл - Мұсаға Пайғамбарлық әкелген үн еді. Аллаһ Тағала Мұсаны Перғауынға барып, оны Құдайға құлшылыққа шақыруға міндеттейді.
 
Мұса өзіне жәрдемші етіп, туысқаны һарунды қосып беруді, оған да иман дарытуды өтінеді. Өйткені Мұсадан гөрі һарун сөзге шешен, әрі тапқыр еді. Ол тілекті қабылдайды және дәл осы жерде екі түрлі муғжиза береді. Бірі - тастай салса, айдаһар болып шыға келетін таяғы (ол Мұсаның қой баққан, күн көрген таяғы болатын). Екіншісі - қолдарынан шашырайтын нұр еді. Перғауын Мұса Пайғамбардың насихатын тыңдамады. Оның мұғжижасын «сиқырлық» деп санады. өз сиқыршыларын бәсекелестірді. Сиқыршылары Мұсаның мұғжизасын мойындау тәубе ұйірді. Перғауын олардың қол-аяқтарын кесіп, креске танып жазалады. Сикыршылар сонда да бетінен қайтпай, Аллаһты мойындап көз жұмды.
 
Зұлымдығы барған сайын асқынған Перғауын қауымына жаза ретінде Аллаһ Тағала су апатын, шегіртке, бит, бақа апаттарын жіберіп, ескерту жасады. Перғауын апат келгенде Аллаһқа сиынатын, имандыларға соқтықпайтын болып, апат өткен соң ұмытып кететінді шығарды. Мұса оны түзей алмайтын, Пайғамбарға ол да маза бермейтін болған соң Мұсаға Исраил қауымын алып, Мысырдан шығып кетуге әмір етті. Балаларды қоспағанда, М. (а.с.) 600 адамды алып, түн ішінде Мысырдан шығып кетті. Перғауын қаптаған қолмен (бір миллион 600 мың деседі) соңына түсіп, таң ата Қызыл теңіз жағасында куып жетелі. Алда - су, артта - жау. Қауым қысылған тұста Аллаһ «Таяқпен теңізді ұрі» дейді. Таяқпен ұрғанда теңіз қақ бөлініп, тоқтай қалады. Исраилдер өтіп кетеді де Перғауындарды теңіз қайта басып қалады. Жан алқымға келгенде перғауын баяғыдай тағы да «Мұсаның, Исраил қауымының Аллаһына иман келтірдім», - деп жалынады. «Аллаһпен алысып-алысып, жан алқымға келгендегі тәубең қабылданбайды», - деп періште оны суға батырып жібереді.
 
Мұса Пайғамбар Баитл Мұхаддаска кіріп, ондағы Қайсанилер қалдығы Жабабилерді қуып тастамақ болады. Бірақ, Исраилдер қорқақтық жасап, соғыс ашулан бас тартады. Осы кербаққандығы үшін Аллаһ Тағала оларды шөлге шығарыл, 40 жыл бойы қаңғыртып жібереді. Баитл Мухаддасқа исраилдер 40 жылдан сол қайта оралады. Мұса Пайғамбар жүз жастан асып, Сынада қайтыс болады. Оның ардақты есімі Құранда 36 жерде кездеседі.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға