Жаңалықтар

Бөлім мақсаты

Бөлім мақсаты Қазақ «от пен су — тілсіз жау» дейді. Бұл бір жағынан дұрыс та, екінші жағынан дұрыс емес. Жалғыз от пен су емес, жаратылыстың қайсысын алсақ та тілін білсек құлымыз да, тілін білмесек жауымыз. «Тілсіз» жау жаратылысты, тілін біліп, құл қылып алу — адам баласының тіршіліктегі негізгі мақсаты. Алдымен жаратылыстың тілі бар ма? Жаратылыстың тілі дегеніміз — «жаратылыстың заңы», олай десек жаратылыстың тілі адам тілінен анық. Тілін тексере біліп, оны дұрыс ұғынсақ жаратылыс ешуақытта заңынан айнуды білмейді. Айнитын болса заңының анығына дұрыс толық қана алмағанымыз болғаны. Сонымен жаратылыс заңынан айнымаушылығын адам баласының асқан тыңдаулы құлы, бірақ шексіз тыңдаулы болу үшін оның заңын толық, анық білу керек, білмесек бой бермейтін қарыспа «тілсіз жау» да, біле алсақ тынбайтын құлымыз. Өзі жаратылыстың бір мүшесі болғандықтан, адам баласының онсыз күні жоқ. Ӏшетін тамағымыз, киетін киіміміз — бәрі де жаратылыстан өнеді. Жаратылыс өз бетімен ешнәрсе өндірмейді, жаратылыстан еңбегінен өндіруші адам баласы тілін неғұрлым анық, толық білсек — соғұрлым жаратылыс оңай өндіртеді, неғұрлым білмесек, соғұрлым сараң өндіртеді. Сараң өндіртудің мәнісі адамның еңбегін көп керек қылады деген, сонымен жаратылыс заңын тексерудің негізгі мақсаты — адамды керексіз өндіріс мехнатынан құтқару. Жаратылыс заңдарын тексеруді білім дейді, білімді тұрмыс жабдығына ұқсатуды өнер дейді. Қазақтың осы күнге шейін «oт пен су тілсіз жау» деп келуі өнер-білімнің жоқ болғаны. Бұл қалып жалғыз ғана қазақтағы емес, жалпы жер үстіндегі еңбекші таптағы қалып, мұның мәнісі өнер-білімнің жалпыланып орнына жұмсалмағаны. Түрлі тарихи себептермен өнер-білім жалпы өндірушілер қолында емес, өндіртушілер қолында болған. Бұдан өнер-білімнің жалпы еңбекшілер тұрмысының оңдалуына әсері болмаған, не кем болған, қатта зиянды болған. Бұл қалып өнер-білімнің толық дамуына да зор кесел боп келген. Енді тұрмыс жөндеу жолын жалпыландыруды негізге алып отырған кеңес үкіметі өнер-білімді де жалпыландырып еңбекшінің тұрмыс жүзіндегі құралы қылмақ. Екінші түрде айтқанда, өнер-білімді өзінің негізгі жолына салмақ. Осы мақсатпен журналымызға өнер-білім бөлімін кіргізбекпіз. Әрине, өнер-білімді қолданып кеткендей танудың жолы мектеп жолы, әсіресе, жоғарғы дәрежелі мектеп. Бұ жағынан да шара қолданылмай жатқан жоқ. Алматыда арасына жыл салмай бірінің артынан бірі екі жоғары дәрежелі мектеп ашылып та отыр. Ол өзіне басқа журналдың мақсаты өнер-білімді мектепше жіпке тізгендей қылып тарту емес, тек негізгі жүйесімен, келе жатқан бағытымен кезінде таныстырып отырмақ. Жаратылыстың өзі қандай кең болса, құшағы сондай кең. Бір журнал арқылы оны тұтас шолу мүмкін де емес. Сондықтан аса бір негіздісі болмаса, журналымызда өнер-білімнің қазақ тұрмысына өте ділгер жағынан ғана мағлұмат беріп отырмақпыз. Біздің ойлауымызша, қазақ тұрмысына ділгер ауыл шаруасы, денсаулықпен байланулы өнер-білімдер болу керек. Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 03:07 3696

Бөлім мақсаты

Қазақ «от пен су — тілсіз жау» дейді.

Бұл бір жағынан дұрыс та, екінші жағынан дұрыс емес. Жалғыз от пен су емес, жаратылыстың қайсысын алсақ та тілін білсек құлымыз да, тілін білмесек жауымыз. «Тілсіз» жау жаратылысты, тілін біліп, құл қылып алу — адам баласының тіршіліктегі негізгі мақсаты.

Алдымен жаратылыстың тілі бар ма?

Жаратылыстың тілі дегеніміз — «жаратылыстың заңы», олай десек жаратылыстың тілі адам тілінен анық. Тілін тексере біліп, оны дұрыс ұғынсақ жаратылыс ешуақытта заңынан айнуды білмейді. Айнитын болса заңының анығына дұрыс толық қана алмағанымыз болғаны.

Сонымен жаратылыс заңынан айнымаушылығын адам баласының асқан тыңдаулы құлы, бірақ шексіз тыңдаулы болу үшін оның заңын толық, анық білу керек, білмесек бой бермейтін қарыспа «тілсіз жау» да, біле алсақ тынбайтын құлымыз.

Өзі жаратылыстың бір мүшесі болғандықтан, адам баласының онсыз күні жоқ. Ӏшетін тамағымыз, киетін киіміміз — бәрі де жаратылыстан өнеді. Жаратылыс өз бетімен ешнәрсе өндірмейді, жаратылыстан еңбегінен өндіруші адам баласы тілін неғұрлым анық, толық білсек — соғұрлым жаратылыс оңай өндіртеді, неғұрлым білмесек, соғұрлым сараң өндіртеді.

Сараң өндіртудің мәнісі адамның еңбегін көп керек қылады деген, сонымен жаратылыс заңын тексерудің негізгі мақсаты — адамды керексіз өндіріс мехнатынан құтқару.

Жаратылыс заңдарын тексеруді білім дейді, білімді тұрмыс жабдығына ұқсатуды өнер дейді. Қазақтың осы күнге шейін «oт пен су тілсіз жау» деп келуі өнер-білімнің жоқ болғаны.

Бұл қалып жалғыз ғана қазақтағы емес, жалпы жер үстіндегі еңбекші таптағы қалып, мұның мәнісі өнер-білімнің жалпыланып орнына жұмсалмағаны. Түрлі тарихи себептермен өнер-білім жалпы өндірушілер қолында емес, өндіртушілер қолында болған. Бұдан өнер-білімнің жалпы еңбекшілер тұрмысының оңдалуына әсері болмаған, не кем болған, қатта зиянды болған. Бұл қалып өнер-білімнің толық дамуына да зор кесел боп келген. Енді тұрмыс жөндеу жолын жалпыландыруды негізге алып отырған кеңес үкіметі өнер-білімді де жалпыландырып еңбекшінің тұрмыс жүзіндегі құралы қылмақ. Екінші түрде айтқанда, өнер-білімді өзінің негізгі жолына салмақ.

Осы мақсатпен журналымызға өнер-білім бөлімін кіргізбекпіз. Әрине, өнер-білімді қолданып кеткендей танудың жолы мектеп жолы, әсіресе, жоғарғы дәрежелі мектеп. Бұ жағынан да шара қолданылмай жатқан жоқ. Алматыда арасына жыл салмай бірінің артынан бірі екі жоғары дәрежелі мектеп ашылып та отыр. Ол өзіне басқа журналдың мақсаты өнер-білімді мектепше жіпке тізгендей қылып тарту емес, тек негізгі жүйесімен, келе жатқан бағытымен кезінде таныстырып отырмақ. Жаратылыстың өзі қандай кең болса, құшағы сондай кең. Бір журнал арқылы оны тұтас шолу мүмкін де емес.

Сондықтан аса бір негіздісі болмаса, журналымызда өнер-білімнің қазақ тұрмысына өте ділгер жағынан ғана мағлұмат беріп отырмақпыз. Біздің ойлауымызша, қазақ тұрмысына ділгер ауыл шаруасы, денсаулықпен байланулы өнер-білімдер болу керек.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға