Жаңалықтар

Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы

Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы — мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1998), саясаттану ғылымдарының докторы (2001). Дипломатиялық дәрежесі — Төтенше және Өкілетті Елші. Тоқаев тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының бағыты мен жүзеге асырылуына тікелей қатысты. Ағылшын, қытай, француз шет тілдерін меңгерген. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Хатшысының Орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімінің Бас Директоры лауазымдық қызметін атқарады.. Қысқаша өмірбаяны 1953 жылы мамырдың 17 туған. 1975 жылы Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжін Тіл институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдік өкілдіктерде қызмет істеген. 1984 жылдан КСРО Сыртқы істер министірлігінің орталық аппаратында, Сингапур республикасындағы КСРО елшілігінде, КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. 1991 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы болды. 1992 жылы наурызда — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары, Министрдің бірінші орынбасары. 1994 жылы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі. 1999 жылы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер Министрі. 1999 жылы қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. 2002 жылы қаңтар — 2003 ж. маусым аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер Министрі. 2003 жылы маусымнан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2007 жылы қаңтар айынан — Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша Парламент Сенаттың депутаты. 2007 жылы қаңтардың 11 Парламент Сенаттың төрағасы болып сайланды. 2011 жылы наурыздың 12-сінде БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, әрі Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры ретінде Азияның алғашқы өкілі болып табылады. 2011 сәуірдің 15-нде Елбасы жарлығымен БҰҰ еуропалық бөлімшесінің Бас хатшысы қызметіне тағайындалуына байланысты Сенат депутаты уәкілеттігі аяқталды. Марапаттары •    «Парасат» ордені; •    «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені; •    «Астана» медалі; •    «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі; •    «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі. Әскери атағы Әскери атағы -запастағы полковник. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ф.Д. Рузвельт, Дэн Сяопин, У. Черчилль, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы дамыған және халықаралық қоғамдастықта ұстанымы мықты демократиялық мемлекет». Хоббиі Хоббиі - кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлық, тарихи және көркем әдебиет. Отбасы Жұбайы - Тоқаева Надежда Давыдовна (1957 жылы туған). Ұлы - Тоқаев Тимур Қасымжомартұлы (1984 жылы туған). Еңбектері «Азиатско-тихоокеанские государства во внешней политике Казахстана» тақырыбында кандидаттық, «Внешняя политика Республики Казахстан в период становления нового мирового порядка» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қазақстанда, сондай-ақ шет елдерде жарық көрген халықаралық қатынастар мәселелері жөніндегі кітаптар мен бірқатар мақалалардың авторы.[  
05.12.2012 03:04 19324

Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы — мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1998), саясаттану ғылымдарының докторы (2001). Дипломатиялық дәрежесі — Төтенше және Өкілетті Елші. Тоқаев тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының бағыты мен жүзеге асырылуына тікелей қатысты. Ағылшын, қытай, француз шет тілдерін меңгерген.

Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Хатшысының Орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімінің Бас Директоры лауазымдық қызметін атқарады..

Қысқаша өмірбаяны

1953 жылы мамырдың 17 туған.
1975 жылы Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжін Тіл институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын бітірген.
Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдік өкілдіктерде қызмет істеген. 1984 жылдан КСРО Сыртқы істер министірлігінің орталық аппаратында, Сингапур республикасындағы КСРО елшілігінде, КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. 1991 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы болды. 1992 жылы наурызда — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары, Министрдің бірінші орынбасары.
1994 жылы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі.
1999 жылы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер Министрі.
1999 жылы қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
2002 жылы қаңтар — 2003 ж. маусым аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер Министрі.
2003 жылы маусымнан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
2007 жылы қаңтар айынан — Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша Парламент Сенаттың депутаты.
2007 жылы қаңтардың 11 Парламент Сенаттың төрағасы болып сайланды.
2011 жылы наурыздың 12-сінде БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, әрі Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры ретінде Азияның алғашқы өкілі болып табылады.

2011 сәуірдің 15-нде Елбасы жарлығымен БҰҰ еуропалық бөлімшесінің Бас хатшысы қызметіне тағайындалуына байланысты Сенат депутаты уәкілеттігі аяқталды.

Марапаттары

•    «Парасат» ордені;
•    «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені;
•    «Астана» медалі;
•    «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі;
•    «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі.

Әскери атағы

Әскери атағы -запастағы полковник.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ф.Д. Рузвельт, Дэн Сяопин, У. Черчилль, Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы дамыған және халықаралық қоғамдастықта ұстанымы мықты демократиялық мемлекет».

Хоббиі

Хоббиі - кітап оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлық, тарихи және көркем әдебиет.

Отбасы
Жұбайы - Тоқаева Надежда Давыдовна (1957 жылы туған). Ұлы - Тоқаев Тимур Қасымжомартұлы (1984 жылы туған).

Еңбектері

«Азиатско-тихоокеанские государства во внешней политике Казахстана» тақырыбында кандидаттық, «Внешняя политика Республики Казахстан в период становления нового мирового порядка» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қазақстанда, сондай-ақ шет елдерде жарық көрген халықаралық қатынастар мәселелері жөніндегі кітаптар мен бірқатар мақалалардың авторы.[
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға