Мұзаффар әмірші
05.12.2012 03:01
4189
- Орнауы: 1859—1885
- Таққа көтерлуі: 1885
- Қайтыс болғаны: 1885
- Жерленгені: Бұқар
- Алдыңғысы: Насырұлла әмірші
- Соңғысы: Абдулахад әмірші
- Әулеті: Маңғыт әулеті
- Атасы: Насырұлла әмірші
Мұзаффар әмірші — Бұқар әміршілігінің әміршісі.
Әмір Мұзаффар әмір Насырұлланың баласы, Бұқар әміршілігінің маңғыттардан шыққан бесінші билеушісі. Әмір лауазымы бар тұңғыш билеуші.
1859 жылы әкесі өлген соң, таққа отырды. Билегеннің басында өзіні әділ, адал, дана әмірші ретінде көрсетті. Бірақ кейін, билігінді берік ұстағаннан соң, жұрттың мүлкіне, өміріне және ар-намысына озбырланып кетті. Жұрт әмірдің шексіз билігін шыдамай, оған қарсы көтерілістерді бастады. Солардың бірі Шахрисабзтің кенегестерінің көтерілісі еді. Мұзаффар бұл көтерілісті басып-жаншыды, Яққабаққа шабуыл жасап, жұртты өлтіріп, тонып кетті.
Мұзаффардың діни қайраткерлерімен қарым-қатынастары өзгеше еді. Бір жағынан әмір мүфти-молдалар оның билігін шектеп, мемлекеттік істеріне кіретіні қорыққан. Олардан тәуелді болғысы келмеді. Екінші жағынан діни қайраткерлер Мұзаффардың билігінің таянышы еді. Мұзаффар оларды қолдап мәртебесін көтерді, молдалар ше оған қалағанын істеуге мүмкіндік берді. Шариғатқа жатпайтын нәрселәрін жаса да, молдалар әмірді әрқашан қолдаған. Мысалы, заң бойынша әмірге жүзден астам әйел алуға рұқсат еді. Әмірдің рұқсатысыз астана жұрт үйлене алмайтын болған. Елдің ең сұлу қыздары әмірдің гареміне әкелінетін болатын. Мұзаффардың гаремінде әйелдерімен аралас жас ұл балалар да еді.
Мұзаффардың арманы — Ферғана алқабының әміршісі болуы еді. Сол үшін әмір Қоқан хандығында Құдияр хан мен Малля хан арасында тартысын қолдап, оларды әдейі бір-бірімен ерегістіртті. Түркістанды орыс әскерлерінен қорғанысына үлес қосқан Қанағат шаһты өлтіріп,Құдияр ханды қолдаған. Малля ханды қолдаған қырғыз Әлімқұлға қарсы соғысқан. Малля ханды өлтірген. Ақырында Қоқан қаласын алып, жұртты тонап кетті. Құдияр ханды тұтқынға алды. Кейін Қоқанды Әлімқұл алып, Қоқанның тағына Сейітті отырғызды. 1865 жылы орыстар Ташкентті қамалағанда, ташкенттіктер әмір Мұзаффардан көмек сұрағанда, Мұзаффар оларды алдап, өзі Қоқанға қарсы шабуыл жасады. Қоқандықтарды қаштырып, сөйтіп орыс әскерлеріне Ферғана алқабына жол ашты. Ақырында Қоқан хандығы Ресей империясына кірді. Бұқар әміршілігі Ресейдің көршілес мемлекетіне айналды. Соңда молдалардың қысымынан әмір Мұзаффар орыс әскерлеріне ғазауат жарияланып, соғыс ашады. Бірақ Ұратөбе және Ғишткөпрікте бұқарлық пен орыстар арасында болған шайқастарда жеңіліп, Жизақ пен Самарқанды орыстарға беріп, Ресеймен бітім жасады.
1881 жылы Абдулахад әмірші деген баласын Ресейге жіберді. Бұл қылықтың сылтауы баласының заңды мұрагері екенін орыс патшасы мойындасын еді.
Әмір Мұзаффар 1885 жылы қайтыс болып, Бұқар қаласының кесенелерінің бірінде жерленген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абысын