Жаңалықтар

Тоғорыл хан

Тоғорыл хан, Тоғұрыл хан, Уаң хан (шамамен 1140 – 1203) – керей (керейт) ұлысының билеушісі (1168 – 1203), Керей ханы Бұйрықтың бес ұлының бірі. Әкелері өлгеннен кейін, балалары хан тағы үшін өзара қақтығысты. Билікке келген Тоғорыл ханды ағасы Ерке Қара наймандардың көмегімен тақтан тайдырды. Бірақ Тоғорыл хан моңғол қолбасшысы Есукейдің көмегімен билікті қайта қолына алды. Енді оған қарсы әкесінің інісі Гүр хан араласты. Қарауыл Қыпшақ деген жерде Гүр хан Тоғорыл ханды шапқан. Қашып құтылған Тоғорыл ханға тағы да Есукей көмекке келіп, билікті біржола қолына алып берді. Осы кезден бастап Тоғорыл хан – Есукей, керей мен моңғол, кейін Тоғорыл хан мен Темучин (Шыңғыс хан) арасындағы андаластық-достық қатынасы басталған. Тоғорыл хан билігі тұсында керей елі Моңғол үстіртіндегі елеулі әскери-саяси күшке айналды. Тываның қара орманына ел ордасын тікті. Сөйтіп, Керей ұлысы мемлекеттік сипатқа ие болды. Керейлердің күшейген кезеңінде Есукей батыр өліп, бөржігін ақсүйектері саяси күйзеліске ұшырады. Есукей батырдың үлкен ұлы Темучин әкесінің андалы достық жолын ескеріп, Тоғорыл ханға әке орнына әке болуын өтінді. Тоғорыл хан келісімін беріп, бұл оқиға Темучиннің саяси сахнаға көтерілуіне алғашқы бастама болды. 1179 ж. Темучин Тоғорыл хан және Жамұқамен бірлесіп Бугур Кегер шайқасында меркіттерге күйрете соққы беріп, меркіттерге қолды болған қалыңдығы Бөртені қайтарды. Бұл оқиға Тоғорыл хан мен Темучин арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Темучин 1189 ж. өз әулетінің ханы сайланғанда Тоғорыл хан оны алғаш қолдап, ақ батасын берді. 1198 ж. Тоғорыл хан Темучинмен бірлесіп шүршіттерге көмекке аттанып, татар ханы Мэгужин Султінің басын алғаны үшін шүршіт ханы Вангин Чинсаннан Уаң (Ван) хан, яғни “ел, ұлыс билеушісі” деген лауазым алды. Осы кезден Тоғорыл хан тарихи әдебиеттерде Уаң хан (Ван хан) атана бастады. Тоғорыл хан мен Темучин 1201 ж. Жамұқа бастаған Алақай Бұлақ одағына соққы берді. 1203 ж. Темучинмен бірлесіп, найман Бұйрық ханға шабуыл жасады. Тоғорыл ханның Нилқа Сәңкүм және Ұйқы атты екі ұлы болған. Сәңкүм өзін Темучиннен кем санамаған. Осы жай ақыры Тоғорыл хан мен Темучин арасына сызат түсірді. Жамұқаның араласуымен бұл оқиға, тіпті Темучинді өлтіру әрекетіне ұласты. Ендігі жерде Темучин күшке көшті. Сөйтіп, екі жақ 1203 ж. ақтық шайқасқа шықты, керейлер жеңіліп, тарих тұғырынан тайды. Тоғорыл хан ұлы Сәңкүммен бірге найман шекарасына жеткен жерінен қолға түсіп, қаза тапты. Баласы қашып құтылып, Си Ся елі арқылы Тибетке жетіп, одан Қашқарға оралғанда Қашқар билеушісі оны өлтіріп, бала-шағасын Шыңғыс ханға қайтарды.
05.12.2012 02:58 5511

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға