Жаңалықтар

Біздің жауапкершілігіміз

Біздің жауапкершілігіміз Жазушылар- жауапты ойдың адамдары. Бұл не деген сөз? Ең алдымен, әдебиет өзінің жаратылыс - болмысында азаматтық екенін ұмытпайық. Жаңа адамды тәрбиелеу мұратында шығармалар тудыру - оның міндеті. Бірақ осы бір жалпы ойдан өзге, мәселенің бір маңызды қырын ерекше атап айтуға болар еді. Әрбір жазушыны азаматтық нәрлі ой мен берекелі іске белсендіріп, оған әсіресе жауапты міндет жүктейтін жәй оның өзінің творчестволық мүдделерімен көбірек байланысты болып жүрген, өзі жетігірек білетін өмір саласы ғой. Бұл салада ол шындық болмыстың осы бір "кесегінің" неқилы нәзік сырларын анық, дәл ұғынған шебер суретші ғана емес, соған орай оқиғалардың қалың ортасында жүрген публицист есебінде де көрінуге тиіс. "Отан" деген әрі аумақты, әрі нақты ұғым. Оның әрбір түкпірінде қазір жеті жылдық үстінде, партия мен халықтың жүзеге асырып жатқан алып зор істерімен саралас, барынша тығыз байланыста қаралып ұғынылуға тиіс әртүрлі істер істеліп жатыр. Жазушының бұлай ұғынуы өмірді жете білуге негізделмек керек. Жазушы және жеті жылдық деген сөздерді біз жиі айтамыз. Ал осы проблеманы қалай нақты түсіну керек? Мәселен, мен үшін жеті жылдық бұл алдымен өзім жақсы білетін адамдар тұратын облыстардың болашағы. Мен қаталаған адам қасық су таба алмайтын құрдым шөлдерді, аңызақ жел улеген шөлейт жерлерді, бірлі - жарым ғана ел мекендеген бұрынғы иесіз тау аңғарларын, шетсіз- шексіз сары дала, жапан түздерді көп көрдім. Қыстық азық деп үнем етер басы - артық бірер қап астығы болса бар мұратына жеткендей көрінетін кедей адамдарға да мен өмірімде көп кезіктім. Сол жерлерді халық түңілгеннен Бетпақдала, Қарақұм деп атайтын. Қазір ол өлкелерде өмір өзгеше. Жердің ені өзгерді, өзі де еңсеріліп, жеңілді. Жеті жылдық тұсында жеріміз қазіргіден де жомарттана, мейірлене түспекші. Отанымның осы бір өлкесінің болашақ тағдыры маған жерүйектей, байлық пен бақ- дәулеттің түпсіз қоймасындай көрінеді. Партиямыздың Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөнінде алда болатын пленумы мен және жазушының өмірдегі орны жайындағы жалпы әңгімемен байланысты Советтік Шығыс республикалары өмірінің бір қырын сөз еткім келеді. Әңгіме мал шаруашылығында еңбек етіп жүрген адамдар жайлы. Бәрімізге аян, жеті жылдық жоспарда мал шаруашылығына үлкен орын берілген. Жазушының міндеті - осы проблемаға адамдардың өзара қарым - қатынасы тұрғысынан қарап көру, экономика тілін адамның жаны мен характерінің тіліне аудара білу. Мал жұмысында істеп жүрген жұрт өте көп, мал жайының ел назарын аудармай келген күні жоқ. Орта Азия мен Қазақстан республикаларында мал шаруашылығының дені жайылымдық болып келеді. Біздің шөлді - шөлейтті, таулы жерлердің көбі - жайылымды кең жайлау. Жазушының қамқор ойы, жіті көзі осынау қалың малшы коллективен творчестволық еңбегін тани білуге керек. Праюгикалық іспен де және олардың бүгінгі, ертеңгі өмірінің шындығын, ерлік істерін көркем тілменен көрсету арқылы да оларға көмектесуге тиіс. Малшылар отырықшыл ел емес, маусымдап құмнан саяға, бөктерден қияға көшіп, үнемі қоныс аударып жүреді. Сол адамдар жайын ойлағанда, көңілде куаныш пен қобалжу қатар тұрады. Тіпті солардың тұрмыс жайынан бастайықшы. Өздерінің бір жерде орнықты мекені болмағандықтан, олар алым - салымы, ашық - тесігі көп көшпелі киіз үйлерде тұрады, кейде жалаң қабат киіз жапқан қоста күнелтуге де мәжбүр. Көптеген шопандардың үй іші жыл бойына осындай жағдайда болады. Мұндағы өмір сарыны да бірыңғай жұпыны. Жас ержетіп, үбірлі - шүбірлі болып, үлкендер еңіске тартып, қартайып жатады. Жеке отарлардың тұрақты мәдениет орталықтарымен, клубтармен, емхана, кітапханалармен байланысы кейде тіпті болмайды. Дүркінді баспасөз бен кітап малшыларға тым кешеуілдеп келеді. Бұл үйлердегі жастар жағының қалаға барып, білімге қолы жеткендері кейде осындай қиындықтардан қаймығып, қайта оралмайды. Осындай бір ерсі сәйкессіздік бар, мал басы жылдан - жылға көбейіп отырғанда, шопан кадрларының жайы қиындай береді олардың қатарының өсуі мардымсыз. Малшы балаларын оқыту жайы да қиын. Аудан орталықтарынан соларға арнап жатақханалар ұйымдастырылады. Бірақ олар мектеп - интернаттардан әлі алыс жатыр. Бастауыш мектептер кітаптармен, окулықтармен, оку құралдарымен нашар жабдыққалады. Олардан жоғары мектепке жастар аз түседі. Әсіресе осы проблемаға баса назар аудару қажет- ақ. Менің ойымша, республикадағы мектеп - интернаттар жайлау мен отардан келген балаларға мейірлене, пейілдене есік ашатын болуы шарт. Олай болса, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Семей сияқты қалалардан көбірек интернат ашу қажет. Байырғы қарт малшылардың тұрмыс, еңбек жағдайлары түбірімен түп - түгел жақсартылатын болсын. Сонда олардың балаларында да әке жолын қуу тілегі мол болады. Осы айтылғанның бәрі де, меніңше, жалғыз ғана Қазақстан емес, Орта Азияның малды аудандарында да қатысы бар мәселелер. Жазушы - қоғам қайраткері... Демек, әлгі аталған республикаларда осы мәселенің қай жағы болса да моральдық тұрғыдан да, үй тұрмысы, семья қарым - қатынасы тұрғысынан да жазушыға соқпай, оны толғантпай кете алмайды. Бұл реттерде біздегі жағдайдың бәрі бірдей өзгеше емес екенін ешкімнен жасыра алмаймыз. Аудандық, облыстық, республикалық газеттерді бір ақтарып қарап өтсек те жеткілікті. Солардың беттерінен ескіліктің кісі ренжірлік қалдықтарының, әйелге теріс көзқарастың неше түрлі фактілерін табамыз. Қызға зорлықпен құда түсу, қос қатын алушылық, қалыңмал, ескілікті әдет - ғұрыптар, тағысын тағылар. Осындай оқиғалардың кейбірі РСФСР жерінде де кездеседі. Қазақ халқының бірсыпырасы Батыс Сібірде (Алтай өлкесінде, Омбы, Новосибирь облыстарында) тұратыны мәлім. Солардың арасында сақталып қалған кеселді жайлар, зиянды әдет - ғұрыптар бар. Өткеннің жағымсыз салттарын қызғана қорғайтын молдалар мен жалған батагөй ақсақалдардың қынжыларлық қылықтарына тиісінше тойтарыс берілмейді. Міне, осындай істер Ғылым академиясының Сібір бөлімшесіне немесе Сібірдің ежелгі мәдени орталығы Омбы сияқты қалаларға жақын жерлерде болып жатады! Жеті жылдықта біз сол араларда көп жайды өзгертуіміз керек. Сібір қазақтарының арасына ана тілінде әдебиет, баспасөз тарату мейлінше қажетті шара. Осы фактілердің бәрін мен "қара даққа" әуестіктен жазып отырғаным жоқ. Біздегі бұрынғы шаңырқаған шөлдер мен құлазыған түздердің қазір өңі өзгеріп, дәулеті шалқыған бай өлкеге айналғанын тілегі түзу адамның ешбірі көрмей өте алмайды. Ендеше, бұған жазушы, совет жазушысы, неге қуанбасын! Бір кезде бедеріне бүр түспей, безерген бедеу бетпақтың астындағы мол суы бұл күнде кең өңірлі өлкемізге өң берейін деп жатса, елсіз, иесіз жатқан тау қойнаулары мен кең сахара байлықтары адам игілігіне жаратылып, аймағымыздан алтын ағылайын деп отырса, қарт бурыл Ертіс суы Қарағанды даласына қарай бұрылу алдында болса, соның қуанышы кернеген жазушы жүрегі неге шаттанбасын! Коммунизм құрылысы ұлан - байтақ мол жерлердің бойына жан бітіреді, тамырына қан жүгіртті. Бұл тақырып жазушының шабытын шақырады! Жазушы - партияның көмекшісі. Ал көмектесу - үлкен мен кіші жайында да, жаңа мен ескі - өткеннің қарасы өшпеген қалдықтары жайында да қастерлеп жаза білу деген сөз. Ойымыз әрқашан ояу болып, шабытымыз шарқ ұра берсін. Халықтың өмірімен тығыз байланысты болу бізді, жазушыларды, ылғи осындай күйде ұстауға тиіс. Бауыржан Момышұлы
05.12.2012 02:57 3392

Біздің жауапкершілігіміз

Жазушылар- жауапты ойдың адамдары. Бұл не деген сөз? Ең алдымен, әдебиет өзінің жаратылыс - болмысында азаматтық екенін ұмытпайық. Жаңа адамды тәрбиелеу мұратында шығармалар тудыру - оның міндеті. Бірақ осы бір жалпы ойдан өзге, мәселенің бір маңызды қырын ерекше атап айтуға болар еді. Әрбір жазушыны азаматтық нәрлі ой мен берекелі іске белсендіріп, оған әсіресе жауапты міндет жүктейтін жәй оның өзінің творчестволық мүдделерімен көбірек байланысты болып жүрген, өзі жетігірек білетін өмір саласы ғой. Бұл салада ол шындық болмыстың осы бір "кесегінің" неқилы нәзік сырларын анық, дәл ұғынған шебер суретші ғана емес, соған орай оқиғалардың қалың ортасында жүрген публицист есебінде де көрінуге тиіс.

"Отан" деген әрі аумақты, әрі нақты ұғым. Оның әрбір түкпірінде қазір жеті жылдық үстінде, партия мен халықтың жүзеге асырып жатқан алып зор істерімен саралас, барынша тығыз байланыста қаралып ұғынылуға тиіс әртүрлі істер істеліп жатыр. Жазушының бұлай ұғынуы өмірді жете білуге негізделмек керек.

Жазушы және жеті жылдық деген сөздерді біз жиі айтамыз. Ал осы проблеманы қалай нақты түсіну керек? Мәселен, мен үшін жеті жылдық бұл алдымен өзім жақсы білетін адамдар тұратын облыстардың болашағы. Мен қаталаған адам қасық су таба алмайтын құрдым шөлдерді, аңызақ жел улеген шөлейт жерлерді, бірлі - жарым ғана ел мекендеген бұрынғы иесіз тау аңғарларын, шетсіз- шексіз сары дала, жапан түздерді көп көрдім. Қыстық азық деп үнем етер басы - артық бірер қап астығы болса бар мұратына жеткендей көрінетін кедей адамдарға да мен өмірімде көп кезіктім. Сол жерлерді халық түңілгеннен Бетпақдала, Қарақұм деп атайтын. Қазір ол өлкелерде өмір өзгеше. Жердің ені өзгерді, өзі де еңсеріліп, жеңілді. Жеті жылдық тұсында жеріміз қазіргіден де жомарттана, мейірлене түспекші. Отанымның осы бір өлкесінің болашақ тағдыры маған жерүйектей, байлық пен бақ- дәулеттің түпсіз қоймасындай көрінеді.

Партиямыздың Орталық Комитетінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөнінде алда болатын пленумы мен және жазушының өмірдегі орны жайындағы жалпы әңгімемен байланысты Советтік Шығыс республикалары өмірінің бір қырын сөз еткім келеді.

Әңгіме мал шаруашылығында еңбек етіп жүрген адамдар жайлы. Бәрімізге аян, жеті жылдық жоспарда мал шаруашылығына үлкен орын берілген. Жазушының міндеті - осы проблемаға адамдардың өзара қарым - қатынасы тұрғысынан қарап көру, экономика тілін адамның жаны мен характерінің тіліне аудара білу.

Мал жұмысында істеп жүрген жұрт өте көп, мал жайының ел назарын аудармай келген күні жоқ. Орта Азия мен Қазақстан республикаларында мал шаруашылығының дені жайылымдық болып келеді. Біздің шөлді - шөлейтті, таулы жерлердің көбі - жайылымды кең жайлау. Жазушының қамқор ойы, жіті көзі осынау қалың малшы коллективен творчестволық еңбегін тани білуге керек. Праюгикалық іспен де және олардың бүгінгі, ертеңгі өмірінің шындығын, ерлік істерін көркем тілменен көрсету арқылы да оларға көмектесуге тиіс.

Малшылар отырықшыл ел емес, маусымдап құмнан саяға, бөктерден қияға көшіп, үнемі қоныс аударып жүреді. Сол адамдар жайын ойлағанда, көңілде куаныш пен қобалжу қатар тұрады. Тіпті солардың тұрмыс жайынан бастайықшы. Өздерінің бір жерде орнықты мекені болмағандықтан, олар алым - салымы, ашық - тесігі көп көшпелі киіз үйлерде тұрады, кейде жалаң қабат киіз жапқан қоста күнелтуге де мәжбүр. Көптеген шопандардың үй іші жыл бойына осындай жағдайда болады. Мұндағы өмір сарыны да бірыңғай жұпыны. Жас ержетіп, үбірлі - шүбірлі болып, үлкендер еңіске тартып, қартайып жатады. Жеке отарлардың тұрақты мәдениет орталықтарымен, клубтармен, емхана, кітапханалармен байланысы кейде тіпті болмайды. Дүркінді баспасөз бен кітап малшыларға тым кешеуілдеп келеді.

Бұл үйлердегі жастар жағының қалаға барып, білімге қолы жеткендері кейде осындай қиындықтардан қаймығып, қайта оралмайды. Осындай бір ерсі сәйкессіздік бар, мал басы жылдан - жылға көбейіп отырғанда, шопан кадрларының жайы қиындай береді олардың қатарының өсуі мардымсыз.

Малшы балаларын оқыту жайы да қиын. Аудан орталықтарынан соларға арнап жатақханалар ұйымдастырылады. Бірақ олар мектеп - интернаттардан әлі алыс жатыр. Бастауыш мектептер кітаптармен, окулықтармен, оку құралдарымен нашар жабдыққалады. Олардан жоғары мектепке жастар аз түседі. Әсіресе осы проблемаға баса назар аудару қажет- ақ. Менің ойымша, республикадағы мектеп - интернаттар жайлау мен отардан келген балаларға мейірлене, пейілдене есік ашатын болуы шарт. Олай болса, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Семей сияқты қалалардан көбірек интернат ашу қажет.

Байырғы қарт малшылардың тұрмыс, еңбек жағдайлары түбірімен түп - түгел жақсартылатын болсын. Сонда олардың балаларында да әке жолын қуу тілегі мол болады. Осы айтылғанның бәрі де, меніңше, жалғыз ғана Қазақстан емес, Орта Азияның малды аудандарында да қатысы бар мәселелер.

Жазушы - қоғам қайраткері... Демек, әлгі аталған республикаларда осы мәселенің қай жағы болса да моральдық тұрғыдан да, үй тұрмысы, семья қарым - қатынасы тұрғысынан да жазушыға соқпай, оны толғантпай кете алмайды. Бұл реттерде біздегі жағдайдың бәрі бірдей өзгеше емес екенін ешкімнен жасыра алмаймыз. Аудандық, облыстық, республикалық газеттерді бір ақтарып қарап өтсек те жеткілікті. Солардың беттерінен ескіліктің кісі ренжірлік қалдықтарының, әйелге теріс көзқарастың неше түрлі фактілерін табамыз. Қызға зорлықпен құда түсу, қос қатын алушылық, қалыңмал, ескілікті әдет - ғұрыптар, тағысын тағылар. Осындай оқиғалардың кейбірі РСФСР жерінде де кездеседі. Қазақ халқының бірсыпырасы Батыс Сібірде (Алтай өлкесінде, Омбы, Новосибирь облыстарында) тұратыны мәлім. Солардың арасында сақталып қалған кеселді жайлар, зиянды әдет - ғұрыптар бар. Өткеннің жағымсыз салттарын қызғана қорғайтын молдалар мен жалған батагөй ақсақалдардың қынжыларлық қылықтарына тиісінше тойтарыс берілмейді. Міне, осындай істер Ғылым академиясының Сібір бөлімшесіне немесе Сібірдің ежелгі мәдени орталығы Омбы сияқты қалаларға жақын жерлерде болып жатады! Жеті жылдықта біз сол араларда көп жайды өзгертуіміз керек. Сібір қазақтарының арасына ана тілінде әдебиет, баспасөз тарату мейлінше қажетті шара.

Осы фактілердің бәрін мен "қара даққа" әуестіктен жазып отырғаным жоқ. Біздегі бұрынғы шаңырқаған шөлдер мен құлазыған түздердің қазір өңі өзгеріп, дәулеті шалқыған бай өлкеге айналғанын тілегі түзу адамның ешбірі көрмей өте алмайды. Ендеше, бұған жазушы, совет жазушысы, неге қуанбасын! Бір кезде бедеріне бүр түспей, безерген бедеу бетпақтың астындағы мол суы бұл күнде кең өңірлі өлкемізге өң берейін деп жатса, елсіз, иесіз жатқан тау қойнаулары мен кең сахара байлықтары адам игілігіне жаратылып, аймағымыздан алтын ағылайын деп отырса, қарт бурыл Ертіс суы Қарағанды даласына қарай бұрылу алдында болса, соның қуанышы кернеген жазушы жүрегі неге шаттанбасын! Коммунизм құрылысы ұлан - байтақ мол жерлердің бойына жан бітіреді, тамырына қан жүгіртті. Бұл тақырып жазушының шабытын шақырады!

Жазушы - партияның көмекшісі. Ал көмектесу - үлкен мен кіші жайында да, жаңа мен ескі - өткеннің қарасы өшпеген қалдықтары жайында да қастерлеп жаза білу деген сөз.

Ойымыз әрқашан ояу болып, шабытымыз шарқ ұра берсін. Халықтың өмірімен тығыз байланысты болу бізді, жазушыларды, ылғи осындай күйде ұстауға тиіс.

Бауыржан Момышұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға