Жаңалықтар

Тіркеме

Тіркеме – (ағыл. trailer) ауыр жүк тартатын автомобильге, тракторға тіркелетін бір, екі немесе көп осьті дөңгелекті, моторсыз көліктік құрал. Кәдімгі тіркеме жабық шанақпен немесе борттық платформамен жабдықталады, арнаулы тіркемелерге белгілі бір жүкті тасымалдауға арналған шанақ орнатылады. Өлшемі ұзын жүктерді тасымалдау үшін тартқышқа жүктің өзімен қосылатын бір (сирек жағдайда екі) осьті шағын тіркеме қолданылады. Онда шанақтың орнында жүкті бекітуге арналған арнайы бұрылмалы тетік болады. Тіркемеге сондай-ақ әр түрлі машиналар, аппараттар немесе құрал-жабдықтар (мыс., компрессорлық станция, тіркеме шеберхана, автодүкен, т.б.) орнатылады. Бір осьтік тіркемелердің жүк көтергіштігі әдетте 2 т-дан, екі осьтік тіркемелерде 8 т-дан аспаса, аса ірі, бөлінбейтін жүктерді тасымалдауға арналған көп осьті тіркемелерде 20 – 50 т және одан да жоғары болады. Тіркемені тартатын көлікке жалғастыру үшін терте қолданылады. Жүк тиеу биіктігін төмендету және тіркеменің орнықтылығын жақсарту үшін кейде тіркеменің қаңқасын аласа етіп жасайды. Тіркеме жарық беретін аспаптармен жабдықталады. Тіркеме түрлері •    Белсенді тіркеме - доңғалақтары жетекші тіркеме. •    Мотоциклдің бүйірлік тіркемесі - екі доңғалакты мотоциклдің бір жағында доңғалағы екінші жағында мотоцикл бүйіріне бекітетін құрылғысы бар адам немесе жүк таситын тіркеме. •    Веломобиль тіркемесі - веломобильге тіркелетін техникалық талаптарга сай заводта немесе ез қолымен жасалатын тіркемебірөсті немесе косарланған есті толық салмағы автовелосипед салмағынан аспауы керек, ал тіркемеде тежегіш болмаса толық салмактан екі есе аз болуы қажет. •    Жүк тіркемесі- жүк тасуға арналған тіркеме. •    Тұрғын үйлі тіркеме - арнайы құралдармен жабдықталған тоқтап түрғанда адамдар түру ына арналған тіркеме. •    Жеңіл автомобиль тіркемесі - жеңіл көлікте тіркелетін техникалық талаптарға сай заводта немесе өз қолымен жасалатын тіркеме - бір өсті немесе қосалқы өсті толық салмағы жеңіл көлік салмағынан аспауы керек, ал тіркемеде тежегіш болмаса толық салмактан екі есе аз болуы қажет. •    Көп өсті тіркеме - екі есті доңғалақтан кеп есі бар тіркеме. •    Аласа аспалы тіркеме - аса ауыр жүк тасуға арналған доңғалақ өсінен қаңқасы төмен орналасқан тіркеме. •    Жалпы пайдалануға арналған тіркеме - жалпы пайдалануға арналған жүк тіркемесі. •    Бір өсті тіркеме - доңғалақты бір тірек өсті тіркеме. •    Жолаушыларға арналған тіркеме - жолаушылар тасуға арналған тіркеме. •    Белсенді емес тіркеме - доңғалақтары жетекші емес тіркеме. •    Ауыл шаруашылық тіркемесі - ауыл шаруышылық өнімдері мен тыңайтқыштарын тасуға арналған тіркеме. •    Жиналатын тіркеме - автопоезд олшемдерін кішірейту үшін жұмыс істемей тұрганда жиналатын тіркеме. •    Арнайы тіркеме - арнайы жабдықталған (цистерналы фургон) жүк тіркемесі. •    Трактор тіркемесі - тракторға тіркеуге арналған тіркеме, сондай-ақ жыртылған жерде жүре алатын тіркеме. •    Контейнер тасушы тіркеме - жүк және контейнерлер тасуға арналған аласа каңкалы тіркеме. •    Жазылатын тіркеме - ұзындығы өзгермелі, ілмегі және конигі бар тіркеме. •    Ауыр жүк тасушы тіркеме - аса ауыр жүктерді тасуға арналған төмен рамалы тіркеме.  
05.12.2012 02:55 6064

Тіркеме – (ағыл. trailer) ауыр жүк тартатын автомобильге, тракторға тіркелетін бір, екі немесе көп осьті дөңгелекті, моторсыз көліктік құрал.

Кәдімгі тіркеме жабық шанақпен немесе борттық платформамен жабдықталады, арнаулы тіркемелерге белгілі бір жүкті тасымалдауға арналған шанақ орнатылады. Өлшемі ұзын жүктерді тасымалдау үшін тартқышқа жүктің өзімен қосылатын бір (сирек жағдайда екі) осьті шағын тіркеме қолданылады. Онда шанақтың орнында жүкті бекітуге арналған арнайы бұрылмалы тетік болады.

Тіркемеге сондай-ақ әр түрлі машиналар, аппараттар немесе құрал-жабдықтар (мыс., компрессорлық станция, тіркеме шеберхана, автодүкен, т.б.) орнатылады. Бір осьтік тіркемелердің жүк көтергіштігі әдетте 2 т-дан, екі осьтік тіркемелерде 8 т-дан аспаса, аса ірі, бөлінбейтін жүктерді тасымалдауға арналған көп осьті тіркемелерде 20 – 50 т және одан да жоғары болады. Тіркемені тартатын көлікке жалғастыру үшін терте қолданылады.

Жүк тиеу биіктігін төмендету және тіркеменің орнықтылығын жақсарту үшін кейде тіркеменің қаңқасын аласа етіп жасайды. Тіркеме жарық беретін аспаптармен жабдықталады.

Тіркеме түрлері

•    Белсенді тіркеме - доңғалақтары жетекші тіркеме.
•    Мотоциклдің бүйірлік тіркемесі - екі доңғалакты мотоциклдің бір жағында доңғалағы екінші жағында мотоцикл бүйіріне бекітетін құрылғысы бар адам немесе жүк таситын тіркеме.
•    Веломобиль тіркемесі - веломобильге тіркелетін техникалық талаптарга сай заводта немесе ез қолымен жасалатын тіркемебірөсті немесе косарланған есті толық салмағы автовелосипед салмағынан аспауы керек, ал тіркемеде тежегіш болмаса толық салмактан екі есе аз болуы қажет.
•    Жүк тіркемесі- жүк тасуға арналған тіркеме.
•    Тұрғын үйлі тіркеме - арнайы құралдармен жабдықталған тоқтап түрғанда адамдар түру ына арналған тіркеме.
•    Жеңіл автомобиль тіркемесі - жеңіл көлікте тіркелетін техникалық талаптарға сай заводта немесе өз қолымен жасалатын тіркеме - бір өсті немесе қосалқы өсті толық салмағы жеңіл көлік салмағынан аспауы керек, ал тіркемеде тежегіш болмаса толық салмактан екі есе аз болуы қажет.
•    Көп өсті тіркеме - екі есті доңғалақтан кеп есі бар тіркеме.
•    Аласа аспалы тіркеме - аса ауыр жүк тасуға арналған доңғалақ өсінен қаңқасы төмен орналасқан тіркеме.
•    Жалпы пайдалануға арналған тіркеме - жалпы пайдалануға арналған жүк тіркемесі.
•    Бір өсті тіркеме - доңғалақты бір тірек өсті тіркеме.
•    Жолаушыларға арналған тіркеме - жолаушылар тасуға арналған тіркеме.
•    Белсенді емес тіркеме - доңғалақтары жетекші емес тіркеме.
•    Ауыл шаруашылық тіркемесі - ауыл шаруышылық өнімдері мен тыңайтқыштарын тасуға арналған тіркеме.
•    Жиналатын тіркеме - автопоезд олшемдерін кішірейту үшін жұмыс істемей тұрганда жиналатын тіркеме.
•    Арнайы тіркеме - арнайы жабдықталған (цистерналы фургон) жүк тіркемесі.
•    Трактор тіркемесі - тракторға тіркеуге арналған тіркеме, сондай-ақ жыртылған жерде жүре алатын тіркеме.
•    Контейнер тасушы тіркеме - жүк және контейнерлер тасуға арналған аласа каңкалы тіркеме.
•    Жазылатын тіркеме - ұзындығы өзгермелі, ілмегі және конигі бар тіркеме.
•    Ауыр жүк тасушы тіркеме - аса ауыр жүктерді тасуға арналған төмен рамалы тіркеме.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға