Жаңалықтар

Бес мың деген белден асарда

Бес мың деген белден асарда   Бес мың. Бес мың рет жұртшылыққа өзінің еңбекке толы тіршілігін, барлығын мәлім еткен деген сөз. Бес мың - соншалық көрнекті, салмақты сан. Адамның ақыл, сезім, тәрбие-тәлім тіршілігінде күн санап қолына келіп, күн сайын көз алдыңнан өтіп-өтіп, өзінің, өнеге бойына әрқашан ұзақ уақыт үңілдіріп отыратын бір үлкен мәдениет белгісі бес мың күндей, бес мың рет шығып тарап келе жатқанда қандай боп ұғылып, қандай боп көрінбекке керек? Ол тіршіліктің, табиғаттың аумайтын, ауыспайтын орнағанының зор бір табиғи заңы сияқты сезілуге керек. Мысалы, түнгі тыныс артынан ағарып таң атып, еңбек күні басталғандай, күнделікті мерзімді үлкен өмір, қоғам өмірінің зор жолындай өзінің үзілмес жолымен, әрбір күннің, әрбір шисланың "мен келдім" сияқты боп бұл келеді. Айнымас мерзімді күндерінде, көп күндерінде ол шықпай, келмей тұрмайды. Егер де, мысалы, сол көп күндерде бір күн тоқтап, шықпай қала қалса, бізге күн мен түн өз кезегінен жаңылғандай, аса бір орасан хал, болмаса хал сияқты боп көрінер еді. Социалистік дәуірдің, барлық қазақ тіліндегі баспасөздің ең соқталы арқауы, ең үлкен ағысы — "Социалистік Қазақстанның" нық мән-маңызы сондай.   Мен — "Социалистік Қазақстанның" ескі оқушысының бірімін. Өзге көп оқушылары сияқты, менде де күндегі ой-сана тіршілігінің бір мезгілі, әрқашанда "Социалистік Қазақстанның" бетіне қарап, соны оқумен өтеді. Оқушы есебінде, күндегі өміріңнің біте қайнасқан, ет бауыр жақыны — туысы сияқты. Сондықтан ол маған шын қымбат.   Саяси, мәдениеттік тәрбиеші, бастаушы есебінде "Социалистік Қазақстаннан" менің алып отыратын азығым көп, ілгеріде де алатын үлгі-нәрлім көп болады деп білемін. Әсіресе, жазушы есебінде мен өзімді "Социалистік Қазақстанға" көп борыштымын деп білемін, нық байланыстымын деп санаймын. Азды-көпті жазған шығармалар турасында оның көңіл бөлуі, орын беруі, пайдалы сынымен жәрдем беруі арқылы борыштымын. Үнемі жазып жүрейін, сирек жазып жүрейін, бірақ маған пікірі қымбат, пікірі қадірлі барлық совет жұртшылығының ең маңдай алды өкілі, тілшісі — "С.Қ" әрқашан менің көңілімде, көз алдымда болады. Сол себепті мен онымен нық байланыстымын деймін.   "С.Қ" тілі — біздің жаңа әдебиет тіліміздің жаңа жол салушысы да, зор айнасы да. Бұл жағынан да күнделік оқу арқылы байқамай байып отырасың.   Бірақ осы тұста біздегі партия, совет жұртшылығының қадірлі сөзі "С.Қ" - ның бес мың деген белден асып отырған күнінде айтатын тілектеріміз де бар. Жаңа тілдің, мәдениетті тілдің, ұлы заманымызға сай тілдің үлкен қалыптаушысының бірі болғандықтан, "С.Қ" әрі оқушысы, әрі тілшісі бізден де, өзінен де қонымды жақсы, мәдениетті тілдің үлгісін көбірек талап ететін болсын.   Онан соңғы зор тілек — әдебиеттің бүгінгі күні мен өткен жайларын, әсіресе, халық әдебиетінің асыл қазыналарын зерттеп, талдап ұғу жолында атсалысса екен. Қазақстанда әдебиет тарихы ғылымының өсіп-өркендеуіне де көңіл бөле жүрсе екен.   Үшінші бір тілек, біздегі көркемөнер мәселесіне "С.Қ" біраз көңіл бөлді, бірақ автордың, режиссердің, театрдың қалыптанып өсіп, даму әңгімелеріне аз назар салып келеді. Сол жағы күшейсе екен.   Мұхтар Әуезов
05.12.2012 02:51 3272

Бес мың деген белден асарда

 

Бес мың. Бес мың рет жұртшылыққа өзінің еңбекке толы тіршілігін, барлығын мәлім еткен деген сөз. Бес мың - соншалық көрнекті, салмақты сан. Адамның ақыл, сезім, тәрбие-тәлім тіршілігінде күн санап қолына келіп, күн сайын көз алдыңнан өтіп-өтіп, өзінің, өнеге бойына әрқашан ұзақ уақыт үңілдіріп отыратын бір үлкен мәдениет белгісі бес мың күндей, бес мың рет шығып тарап келе жатқанда қандай боп ұғылып, қандай боп көрінбекке керек? Ол тіршіліктің, табиғаттың аумайтын, ауыспайтын орнағанының зор бір табиғи заңы сияқты сезілуге керек. Мысалы, түнгі тыныс артынан ағарып таң атып, еңбек күні басталғандай, күнделікті мерзімді үлкен өмір, қоғам өмірінің зор жолындай өзінің үзілмес жолымен, әрбір күннің, әрбір шисланың "мен келдім" сияқты боп бұл келеді. Айнымас мерзімді күндерінде, көп күндерінде ол шықпай, келмей тұрмайды. Егер де, мысалы, сол көп күндерде бір күн тоқтап, шықпай қала қалса, бізге күн мен түн өз кезегінен жаңылғандай, аса бір орасан хал, болмаса хал сияқты боп көрінер еді. Социалистік дәуірдің, барлық қазақ тіліндегі баспасөздің ең соқталы арқауы, ең үлкен ағысы — "Социалистік Қазақстанның" нық мән-маңызы сондай.

 

Мен — "Социалистік Қазақстанның" ескі оқушысының бірімін. Өзге көп оқушылары сияқты, менде де күндегі ой-сана тіршілігінің бір мезгілі, әрқашанда "Социалистік Қазақстанның" бетіне қарап, соны оқумен өтеді. Оқушы есебінде, күндегі өміріңнің біте қайнасқан, ет бауыр жақыны — туысы сияқты. Сондықтан ол маған шын қымбат.

 

Саяси, мәдениеттік тәрбиеші, бастаушы есебінде "Социалистік Қазақстаннан" менің алып отыратын азығым көп, ілгеріде де алатын үлгі-нәрлім көп болады деп білемін. Әсіресе, жазушы есебінде мен өзімді "Социалистік Қазақстанға" көп борыштымын деп білемін, нық байланыстымын деп санаймын. Азды-көпті жазған шығармалар турасында оның көңіл бөлуі, орын беруі, пайдалы сынымен жәрдем беруі арқылы борыштымын. Үнемі жазып жүрейін, сирек жазып жүрейін, бірақ маған пікірі қымбат, пікірі қадірлі барлық совет жұртшылығының ең маңдай алды өкілі, тілшісі — "С.Қ" әрқашан менің көңілімде, көз алдымда болады. Сол себепті мен онымен нық байланыстымын деймін.

 

"С.Қ" тілі — біздің жаңа әдебиет тіліміздің жаңа жол салушысы да, зор айнасы да. Бұл жағынан да күнделік оқу арқылы байқамай байып отырасың.

 

Бірақ осы тұста біздегі партия, совет жұртшылығының қадірлі сөзі "С.Қ" - ның бес мың деген белден асып отырған күнінде айтатын тілектеріміз де бар. Жаңа тілдің, мәдениетті тілдің, ұлы заманымызға сай тілдің үлкен қалыптаушысының бірі болғандықтан, "С.Қ" әрі оқушысы, әрі тілшісі бізден де, өзінен де қонымды жақсы, мәдениетті тілдің үлгісін көбірек талап ететін болсын.

 

Онан соңғы зор тілек — әдебиеттің бүгінгі күні мен өткен жайларын, әсіресе, халық әдебиетінің асыл қазыналарын зерттеп, талдап ұғу жолында атсалысса екен. Қазақстанда әдебиет тарихы ғылымының өсіп-өркендеуіне де көңіл бөле жүрсе екен.

 

Үшінші бір тілек, біздегі көркемөнер мәселесіне "С.Қ" біраз көңіл бөлді, бірақ автордың, режиссердің, театрдың қалыптанып өсіп, даму әңгімелеріне аз назар салып келеді. Сол жағы күшейсе екен.

 

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға