Жаңалықтар

Бейбітшілік - әлем тілегі

Бейбітшілік - әлем тілегі "Бейбітшілік", "достық", "игі еңбек" деген қасиетті мәні бар, жарқын саналы сөздерді ондаған, жүздеген миллиондардың аузымен айтқан шағында, совет халқы жер жүзіндегі озғын ойлы адамзаттың бәрінің ішіндегі ең асыл арманын, ең зор мүддесін, бар ынта пейілін де баян етеді. Бейбітшілікті игі еңбек үшін тілеу, ал игі еңбек арқылы халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту шарт. Біздің Отанның ұлы мұраты осында. Ол — барлық ізгі ниетті адам атаулының, ізгі ниетті халық атаулының мүддесі. Олардың бәрінің алдында жетекшілік етіп, алып тұлғалы совет халқы келеді. Бұл мәңгілік туысқан достықта біте қайнасқан, бір үй іші боп табысқан біздің Совет Одағындағы социалистік ұлттарымыз. Игі еңбекке шақырған ұрандар — ұлан-ғайыр Отанның бір шетіне дейін, қаршадай жасынан қарт қариясына шейін түгел қанықты, қымбат және ыстық ұран. Ол ұранның жақындығы мен ғажап сенімділігін, бұл күнде коммунизмнің заттық-техникалық негізін жасап жатқан ұлы құрылыстардың сенімділігіндей танимыз. Ол ұрандар, совет адамының кей қалада, қай өлкеде, қай полюсте, қандайлық географиялық алқапта, қай халық арасында еңбек еткеніне қарамай, барлығына да әрі ыстық, әрі қымбат. Сол совет адамы біздің ұлы құрылыстардың алып қалпына мақтан етумен қатар, партияның және оның ұлы көсемі жолдас Сталиннің ұлы басшылығына зор құрмет көрсетеді. Осымен қатар, сол совет адамы жасаушы боп, коммунизмді алдындағы таңындай көріп келе жатып, өзінің күндегі өмірінде, дәл жанында табиғатты өзгерткен еңбек жемістерін көреді. Совет адамының барлық қиыр шеттерде, әр адым жерде, еңбекте зор қайрат атып келе жатқаннан көреді. Мұның куәлігіне: советтік Арктиканы жеңген, тундраны жаңғыртқан, шөл-сахараны баулаған, тасқындарды табындырған, жер астының ертегілік, ғажайып байлықтарын ашқан совет адамдарының сөздері мен істері айқын айғақ. Ал біздің советтік Қазақстанда игі еңбектің ғажайып тарихтық жаңалықтар тудырғанына барлық өлкенің тарихы мен жаңаша жасаған халықтың тірлігі, оның ұрпақтарының өмірі дәлел бола алады. Бұрынғы шексіз, нәрсіз сахаралардың, елсіз шөлдердің ғасырлар бойындағы кезбесі болған қазақ кедейлері киіз туырлықты сорлы үйлерде туып, өліп, қайғы кешіп жүріп айтушы еді: "Ел дегенде не бар? Бар жұбанышың — сахара кең, шөлің елсіз. Даланың жел айдаған қаңбағындай қаңғи бер де, кезе бер. Көл бетіндегі көбіктейсің, бұрқ етіп шығып, сәтте жоқ боласың. Бүгін сайда, ертең қырда шаңбарақ атып шыққан боласың... Бірақ ізің қайда, көшкен өміріңнің жұбаныш етер ізі қайда? Кейінгі ұрпаққа қалдырған берік қымбат бұйымың қані?" — дейтұғын. Еңбекші қазақ - көшпелі сахара тұрғыны, тұл ғасырларды сынап келіп, осыны айтатын. Заттық мәдениет қалдырмаған, жалғыз киіз үйден басқа және жалғыз ғана күмбірлеген қос ішекті үнсіз домбыра сарынынан басқа түк қалдырмаған ескі өмірді шенеп отырып осыны айтатын. Ал социализм жеңген Отанда, халықтар достығы, мерекесі арқасында қалың көпшілік туғызатын игі еңбек деген не? Мұның жайын енді дүние жүзіне зор мақтанмен, жарқын жүзбен сол жаңағы қазақтың өзі — совет қайраткері баян ете алады. Ол баян еткенде, кешегі кезде кешу мекендерде толқын бетіндегі көбіктей қалқып жүрген қаңғыма сорлы киіз үйлер орнына, енді совет адамының игі еңбегі ғажайып жаңа қалалар тұрғызғанын айта алады. Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Лениногорск, Теміртау, Текелі, Ащысай, тағы солардай әлденеше жез кенін, тас көмір байлығын, полиметалл қазынасын, қара темір қорын ұшаң-теңіз мол етіп, Қазақстан кең байлығын шығарып жатқан қалалар болды. Соны айтады. Ол қазақ және де бұрын қаңбақ аунап ұшқан үнсіз, мәнсіз, көп елсіз және шексіз шөлдер мен сахараларда ғажайып шойын жолдар туғанын баян ете алады. Бұл — ұзаққа созылған Түрксіб жолы, Бетпақты басқан, Үстірттен асқан ұзақ шалқар шойын жолдар. Қазақстанның сай-саласын, тау-даласын ғасырлар бойы тылсым буғандай, жым-жырттық күйге салған қараңғы тыныштықты қазір паровоздардың жеңімпаз, іскер үні басты. Фабрик-заводтардың алып айғайы жаңғыртты. Соны баян етеді. Сол қазақ және де жалаңаш тұл өлкелерді жасыл жапырағы сылдыраған жас тоғайлар басқанын баян етеді. Сахаралар гүлденіп, жасарғанын жар етеді. Солар сияқты өмір көктемі жас ұрпақтардан да гүл атқанын айта алады. Мектепке толған балалардың көңілді даусы, Қазақстан жоғарғы мектептерінің коридор, аудитория-лабораториялары толған жас қайраткерлер үні, шат-шадыман әзілі екенін айта алады. Сол қазақ және ел тірлігінде жалғыз домбыраның үлкен операға жеткен ертегілік жолын баян етіп, совет көркемөнерінің асқанын да айта алады. Біздің социалистік Отанда бейбітшілікті қостаушы игі еңбектің тудырған ғажайып мәңгілік табыстарын санап та, атап та шығу оңай емес. Сондықтан да біз бейбітшілікті қадірлейміз. Оған ойымыздың беріктігі, сөзде ғана емес, біздің сан миллион халқымыздың жүрегінде нық орнаған... Бірақ осының бәрін біле тұра, біз бейбітшілікті сақтау керек екенін, ол үшін күресу керек екенін тағы да білеміз. Бейбітшілік үшін күрескенде, игі еңбекті өндіре түсіп күресу керек екенін білеміз. Барлық ізгі ниеттегі адам атаулы мен жер жүзіндегі барлық ізгі ниетті халықтар атаулының тұтасқан бірлігі арқылы бейбітшілікті сақтау керек екенін де білеміз. Сан жүз миллиондардың ізгі ниетін жаңа соғыс өртін қоздырушы жыртқыш айуандардың арам тілектеріне қарсы қойып, күресу қажет екенін де білеміз. Дүние жүзі халықтарының қалың тобын алғанда, бейбітшіліктің жарқын ойын арман ету олардың жанын да, арын да кернеген, билеген. Сол ұлы идея қазір халықтардың бақыты мен бостандығы үшін күресу идеясына ауысқан. Ізгі ниетті адам бал асы бұл күнде бейбітшілік үшін ешкімге де жалынып, қолқаланбайды. Бейбітшілік үшін өзінің күресуі қажет екенін біледі. Сондықтан да осы айтылған айқын шындықтар жолында, бейбітшілік жолында ұлы қозғалыс туды. Бұл қозғалыс, адам жыныстарының түс, тектеріне қарамай, дін айырмыстарына қарамай, саясаттық бағыт басқалығына қарамай, жүздеген миллиондардың бастары мен тілектерін бір араға қосып отыр. Ал ССРО-да бейбітшілік үшін күресу — біздің сыртқы саясатымыздың негізі. Ол қасиетті талап — Совет Одағындағы барлық халықтарымыздың біріккен арманы. Дүние жүзіндегі ең демократтық мемлекет — советтік социалистік Отан өзінің бейбітшілік саясаты арқасында барлық адам баласының тұрақты ұзақ замандық бейбітшілікті тілейтінін білдірді. Бүгінгі адамзаттың тарихын жер үстінде жасап келе жатқан жүздеген миллиондармен өз талабы бір екенін танытты. Сондықтан да, бес Ұлы мемлекет арасындағы бейбітшілік шартын жасауға арналған науқан уақытында, совет адамдарының саясаттық және өндірістік қажыры бұрынғыдан да арта түсті. Біздің халқымыз 1951 жылдың шаруашылық өндіріс жоспарын асыра толтыру үшін күреске шықты. Бейбітшілік ісін нығайтудың ең үлкен шарты — өз Отанының қуаты мен байлығын нығайта түсуде екенін совет адамы біледі. Сондықтан да, дәл осы күндерде бүкіл біздің Отанда советтің жұмысшылары, колхозшылары бейбітшіліктің үздіксіз вахтасына тұрды. Сол еңбектерімен бейбітшіліктің іргесін нығайтпақ. Осыған қарап та біз бейбітшілік тілеген халықтардың талабын таудай дейміз. Советтік интеллигенция да әзінің оқымыстылары, инженер мамандары, жазушылары, көркемөнер қайраткерлері және барлық басқа мамандық өкілдері арқылы, өздерінің қарыздарын нық түсінгенін айқын аңғартты. Олар да бейбітшілік пен прогресс үшін алдыңғы сапта күресетінін танытты. Ал біздің Отанның аналары бейбітшілік тілегенде, ізгі еңбек үшін және бала-ұрпақ өсіру үшін тілейтінін білдірді. Осы талап бар дүние жүзіндегі халықтардың барлық анасының талабы екені даусыз. Бейбітшілік шарты игі еңбек екенін айқын танығанымыз үшін, біз — совет адамдары, сол бейбітшілік жолында, өзіміз қосатын үлестің үлкені — қол қоюдың соңынан стахановтық еңбек жасап, сол қойған қолымызды нығайту болады. Совет халықтарының бірлескен достығы ғажайып, зор, қасиетті және мәңгі өшпес ұлы бірлік сезіміне кіреді. Өзінің үлкен ағасындай, орыс халқымен иық сүйесіп келе жатқан қазақтың, совет халқы, большевиктер партиясының және бүкіл жер жүзі еңбекшілерінің досы Ұлы Сталиннің көрсеткен жолымен келеді. Советтік бейбітшілік комитеттің үндеуіне қосылып, қолымызды қоюмен қатар, жаңа жүз миллиондардың талабы Америка, Англияның соғысты тілеуші жауыздарына қарсы үлкен қарсылық, ауыр соққы болатынын біз білеміз. Үндеуге қоса, ынтымақпен қол қоюымызбен қатар, біз өзіміздің Ленин-Сталин партиясына бар ниетпен беріктігімізді білдіреміз. Барлық жер жүзіндегі еңбекші адам баласының қамқор панасы, досы — бейбітшілік туының ұлы басшысы, жолдас Сталинге бар ниетіміз берік екенін білдіреміз. Жасасын біздің Ұлы, алып Отанымыз — Советтік Социалистік Республикалар Одағы! Жасасын халықтарды коммунизмге бастап келе жатқан дана басшымыз — большевиктер партиясы! Жасасын бейбітшілік туын ұстаған біздің сүйікті көсеміміз — жолдас СТАЛИН! Мұхтар Әуезов
05.12.2012 02:45 58625

Бейбітшілік - әлем тілегі

"Бейбітшілік", "достық", "игі еңбек" деген қасиетті мәні бар, жарқын саналы сөздерді ондаған, жүздеген миллиондардың аузымен айтқан шағында, совет халқы жер жүзіндегі озғын ойлы адамзаттың бәрінің ішіндегі ең асыл арманын, ең зор мүддесін, бар ынта пейілін де баян етеді. Бейбітшілікті игі еңбек үшін тілеу, ал игі еңбек арқылы халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту шарт. Біздің Отанның ұлы мұраты осында. Ол — барлық ізгі ниетті адам атаулының, ізгі ниетті халық атаулының мүддесі. Олардың бәрінің алдында жетекшілік етіп, алып тұлғалы совет халқы келеді. Бұл мәңгілік туысқан достықта біте қайнасқан, бір үй іші боп табысқан біздің Совет Одағындағы социалистік ұлттарымыз.

Игі еңбекке шақырған ұрандар — ұлан-ғайыр Отанның бір шетіне дейін, қаршадай жасынан қарт қариясына шейін түгел қанықты, қымбат және ыстық ұран. Ол ұранның жақындығы мен ғажап сенімділігін, бұл күнде коммунизмнің заттық-техникалық негізін жасап жатқан ұлы құрылыстардың сенімділігіндей танимыз. Ол ұрандар, совет адамының кей қалада, қай өлкеде, қай полюсте, қандайлық географиялық алқапта, қай халық арасында еңбек еткеніне қарамай, барлығына да әрі ыстық, әрі қымбат.

Сол совет адамы біздің ұлы құрылыстардың алып қалпына мақтан етумен қатар, партияның және оның ұлы көсемі жолдас Сталиннің ұлы басшылығына зор құрмет көрсетеді. Осымен қатар, сол совет адамы жасаушы боп, коммунизмді алдындағы таңындай көріп келе жатып, өзінің күндегі өмірінде, дәл жанында табиғатты өзгерткен еңбек жемістерін көреді. Совет адамының барлық қиыр шеттерде, әр адым жерде, еңбекте зор қайрат атып келе жатқаннан көреді. Мұның куәлігіне: советтік Арктиканы жеңген, тундраны жаңғыртқан, шөл-сахараны баулаған, тасқындарды табындырған, жер астының ертегілік, ғажайып байлықтарын ашқан совет адамдарының сөздері мен істері айқын айғақ. Ал біздің советтік Қазақстанда игі еңбектің ғажайып тарихтық жаңалықтар тудырғанына барлық өлкенің тарихы мен жаңаша жасаған халықтың тірлігі, оның ұрпақтарының өмірі дәлел бола алады.

Бұрынғы шексіз, нәрсіз сахаралардың, елсіз шөлдердің ғасырлар бойындағы кезбесі болған қазақ кедейлері киіз туырлықты сорлы үйлерде туып, өліп, қайғы кешіп жүріп айтушы еді: "Ел дегенде не бар? Бар жұбанышың — сахара кең, шөлің елсіз. Даланың жел айдаған қаңбағындай қаңғи бер де, кезе бер. Көл бетіндегі көбіктейсің, бұрқ етіп шығып, сәтте жоқ боласың. Бүгін сайда, ертең қырда шаңбарақ атып шыққан боласың... Бірақ ізің қайда, көшкен өміріңнің жұбаныш етер ізі қайда? Кейінгі ұрпаққа қалдырған берік қымбат бұйымың қані?" — дейтұғын.

Еңбекші қазақ - көшпелі сахара тұрғыны, тұл ғасырларды сынап келіп, осыны айтатын. Заттық мәдениет қалдырмаған, жалғыз киіз үйден басқа және жалғыз ғана күмбірлеген қос ішекті үнсіз домбыра сарынынан басқа түк қалдырмаған ескі өмірді шенеп отырып осыны айтатын.

Ал социализм жеңген Отанда, халықтар достығы, мерекесі арқасында қалың көпшілік туғызатын игі еңбек деген не? Мұның жайын енді дүние жүзіне зор мақтанмен, жарқын жүзбен сол жаңағы қазақтың өзі — совет қайраткері баян ете алады.

Ол баян еткенде, кешегі кезде кешу мекендерде толқын бетіндегі көбіктей қалқып жүрген қаңғыма сорлы киіз үйлер орнына, енді совет адамының игі еңбегі ғажайып жаңа қалалар тұрғызғанын айта алады. Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Лениногорск, Теміртау, Текелі, Ащысай, тағы солардай әлденеше жез кенін, тас көмір байлығын, полиметалл қазынасын, қара темір қорын ұшаң-теңіз мол етіп, Қазақстан кең байлығын шығарып жатқан қалалар болды. Соны айтады.

Ол қазақ және де бұрын қаңбақ аунап ұшқан үнсіз, мәнсіз, көп елсіз және шексіз шөлдер мен сахараларда ғажайып шойын жолдар туғанын баян ете алады. Бұл — ұзаққа созылған Түрксіб жолы, Бетпақты басқан, Үстірттен асқан ұзақ шалқар шойын жолдар. Қазақстанның сай-саласын, тау-даласын ғасырлар бойы тылсым буғандай, жым-жырттық күйге салған қараңғы тыныштықты қазір паровоздардың жеңімпаз, іскер үні басты. Фабрик-заводтардың алып айғайы жаңғыртты. Соны баян етеді.

Сол қазақ және де жалаңаш тұл өлкелерді жасыл жапырағы сылдыраған жас тоғайлар басқанын баян етеді. Сахаралар гүлденіп, жасарғанын жар етеді. Солар сияқты өмір көктемі жас ұрпақтардан да гүл атқанын айта алады. Мектепке толған балалардың көңілді даусы, Қазақстан жоғарғы мектептерінің коридор, аудитория-лабораториялары толған жас қайраткерлер үні, шат-шадыман әзілі екенін айта алады.

Сол қазақ және ел тірлігінде жалғыз домбыраның үлкен операға жеткен ертегілік жолын баян етіп, совет көркемөнерінің асқанын да айта алады. Біздің социалистік Отанда бейбітшілікті қостаушы игі еңбектің тудырған ғажайып мәңгілік табыстарын санап та, атап та шығу оңай емес. Сондықтан да біз бейбітшілікті қадірлейміз. Оған ойымыздың беріктігі, сөзде ғана емес, біздің сан миллион халқымыздың жүрегінде нық орнаған...

Бірақ осының бәрін біле тұра, біз бейбітшілікті сақтау керек екенін, ол үшін күресу керек екенін тағы да білеміз. Бейбітшілік үшін күрескенде, игі еңбекті өндіре түсіп күресу керек екенін білеміз. Барлық ізгі ниеттегі адам атаулы мен жер жүзіндегі барлық ізгі ниетті халықтар атаулының тұтасқан бірлігі арқылы бейбітшілікті сақтау керек екенін де білеміз.

Сан жүз миллиондардың ізгі ниетін жаңа соғыс өртін қоздырушы жыртқыш айуандардың арам тілектеріне қарсы қойып, күресу қажет екенін де білеміз.

Дүние жүзі халықтарының қалың тобын алғанда, бейбітшіліктің жарқын ойын арман ету олардың жанын да, арын да кернеген, билеген. Сол ұлы идея қазір халықтардың бақыты мен бостандығы үшін күресу идеясына ауысқан. Ізгі ниетті адам бал асы бұл күнде бейбітшілік үшін ешкімге де жалынып, қолқаланбайды. Бейбітшілік үшін өзінің күресуі қажет екенін біледі. Сондықтан да осы айтылған айқын шындықтар жолында, бейбітшілік жолында ұлы қозғалыс туды. Бұл қозғалыс, адам жыныстарының түс, тектеріне қарамай, дін айырмыстарына қарамай, саясаттық бағыт басқалығына қарамай, жүздеген миллиондардың бастары мен тілектерін бір араға қосып отыр.

Ал ССРО-да бейбітшілік үшін күресу — біздің сыртқы саясатымыздың негізі. Ол қасиетті талап — Совет Одағындағы барлық халықтарымыздың біріккен арманы. Дүние жүзіндегі ең демократтық мемлекет — советтік социалистік Отан өзінің бейбітшілік саясаты арқасында барлық адам баласының тұрақты ұзақ замандық бейбітшілікті тілейтінін білдірді. Бүгінгі адамзаттың тарихын жер үстінде жасап келе жатқан жүздеген миллиондармен өз талабы бір екенін танытты.

Сондықтан да, бес Ұлы мемлекет арасындағы бейбітшілік шартын жасауға арналған науқан уақытында, совет адамдарының саясаттық және өндірістік қажыры бұрынғыдан да арта түсті. Біздің халқымыз 1951 жылдың шаруашылық өндіріс жоспарын асыра толтыру үшін күреске шықты. Бейбітшілік ісін нығайтудың ең үлкен шарты — өз Отанының қуаты мен байлығын нығайта түсуде екенін совет адамы біледі. Сондықтан да, дәл осы күндерде бүкіл біздің Отанда советтің жұмысшылары, колхозшылары бейбітшіліктің үздіксіз вахтасына тұрды. Сол еңбектерімен бейбітшіліктің іргесін нығайтпақ. Осыған қарап та біз бейбітшілік тілеген халықтардың талабын таудай дейміз.

Советтік интеллигенция да әзінің оқымыстылары, инженер мамандары, жазушылары, көркемөнер қайраткерлері және барлық басқа мамандық өкілдері арқылы, өздерінің қарыздарын нық түсінгенін айқын аңғартты. Олар да бейбітшілік пен прогресс үшін алдыңғы сапта күресетінін танытты. Ал біздің Отанның аналары бейбітшілік тілегенде, ізгі еңбек үшін және бала-ұрпақ өсіру үшін тілейтінін білдірді.

Осы талап бар дүние жүзіндегі халықтардың барлық анасының талабы екені даусыз.

Бейбітшілік шарты игі еңбек екенін айқын танығанымыз үшін, біз — совет адамдары, сол бейбітшілік жолында, өзіміз қосатын үлестің үлкені — қол қоюдың соңынан стахановтық еңбек жасап, сол қойған қолымызды нығайту болады. Совет халықтарының бірлескен достығы ғажайып, зор, қасиетті және мәңгі өшпес ұлы бірлік сезіміне кіреді. Өзінің үлкен ағасындай, орыс халқымен иық сүйесіп келе жатқан қазақтың, совет халқы, большевиктер партиясының және бүкіл жер жүзі еңбекшілерінің досы Ұлы Сталиннің көрсеткен жолымен келеді.

Советтік бейбітшілік комитеттің үндеуіне қосылып, қолымызды қоюмен қатар, жаңа жүз миллиондардың талабы Америка, Англияның соғысты тілеуші жауыздарына қарсы үлкен қарсылық, ауыр соққы болатынын біз білеміз.

Үндеуге қоса, ынтымақпен қол қоюымызбен қатар, біз өзіміздің Ленин-Сталин партиясына бар ниетпен беріктігімізді білдіреміз.

Барлық жер жүзіндегі еңбекші адам баласының қамқор панасы, досы — бейбітшілік туының ұлы басшысы, жолдас Сталинге бар ниетіміз берік екенін білдіреміз.

Жасасын біздің Ұлы, алып Отанымыз — Советтік Социалистік Республикалар Одағы!

Жасасын халықтарды коммунизмге бастап келе жатқан дана басшымыз — большевиктер партиясы!

Жасасын бейбітшілік туын ұстаған біздің сүйікті көсеміміз — жолдас СТАЛИН!

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға