Жаңалықтар

Баймұқамбетұлы жолдас

Баймұқамбетұлы жолдас Оның аты — сол өңірдегі ең атақты, ең даңқты аттың бірі. Алтайдың қай өндірісін араласаң да, сол атқа құлағың көбірек қанады. Өз өндірісіндегі барлық жұмысшылар оны "Бәкең" дейді. Баймұқамбетұлы деген фамилиясынан өзгерткен сыйлау аты; немесе "Жәке" дейді, өз аты Жанайдан өзгерткен, еркелетер үлкейте айтқан атаулары. Гражданин пар-торг! — деп. сөйлеседі, айдалып келген шораяқ1 бір кәрі граф2. Жанайдың майданы — атақты "Ақжал". Боз қараған, боз көде, ақ селеу басқан бір адыр. Жанай енбегін осы жым-жырт сары адырдың бір ғана желсіз, тымырсық сайы баян етеді. Бұлақсыз, суатсыз шол адыр бұрын қыс қыстау, жаз қоныс боп та көрген емес. Жалғыз-ақ анда-санда өрістен шыққан қой келсе, соның соңынан өгіз аяңмен мимыңдаған ұйқылы-ояу қойшы тарихтың ғасырлық шөліне қамалған қазақ еңбекшісінің көйгөйін, мұңды сарыны, даланың шабан желіне жар етуші еді. Бүгін сол сайда, кешегі қойшы-қолаңнан құралған, Жанай бастаған коллектив социалдық өндірістің аммонол3, перператорын4 сүңгідей сермеп, меңіреу адырдың тас жүрегін тілгілеп жатыр. Өгей ана сараң даланың тас емшегі азаттық алған, бағыт тапқан еңбектің тау тамырын жүлгелей салған шеңгеліне шыдамай, алпыс екі тамыры иіп, уыз алтынын тамшылата бастады. Осындай ескі тарихпен есеп айырысып жатқан еңбектің бір басшысы — Жанай. Оның өндірістегі басшылығы туралы Ақжалдың бүгінгі өнімі сөйлейді. Бірнеше жыл бойында жоспар толтырудан қалып, 32, 33-жылдарда жабылуға жақындаған Ақжал Жанай келгеннен бері қайта серпілді. 34-жылы Ақжал жоспарын толтырып шықты. Биыл жарым жылдық жоспарды мезгілінен көп бұрын бітіріп, енді жылдық жоспарды Қазақстанның 15 жылдық мерекесіне қарсы бітіруге "Балажал", "Құлынжүн" сияқты алтын сауыры қалың жатқан паң кендермен социалдық жарысқа түсіп отыр. Жанай еңбегінің бір саласын 33-жылдан бері қарай түзеле бастаған жұмысшы күйі баян етеді. 800 жұмысшының үйінде биылғы жазға қарсы 700 сиыр пайда болған. 90 сиыр, екі жүз қойды тағы үлестірмек. Белгілі асыра сілтеу кезінде өндірісті тастап, тарап кеткен ескі жұмысшылар қайта ағылып кеп жатыр. Жұмысшы балаларына арналған 600 бала оқитын орта мектеп, жұмысшыларға арналған клуб, кино, үй басы орнатылған радио, орталық, өлкелік газет, журнал, кітапханалары — осының барлығы да Ақжалдағы партия басшылығының айғақтары. Сонымен қатар Ақжал кеніндегі барлық цехтағы көрнекті жұмысшының қайсысын алсаң да, бәр-бәрінің соңғы жылдардағы еңбегі, бейілі, табыстары, өсулері — барлығы да бір жағынан ылғи Жанай атына байланысты. Жанайдың өмірбаянын айту осындай көп отряд боп өзгеріп, өсіп келе жатқан кеңес кадрларының табыстарын айтпай, тола болмайтын сияқты. Көпке өзі тарап жайылған, көптен өзін тапқызатын, танытатын талантты ұйыстырушының өмірбаяны боп шығады. Міне, Ақжалда 30 жыл еңбек еткен, бұл кеннің Изотовы5 кәрі бурщик Бокин6. Оның өндірісте 30 жыл болғанын құрметтеп, арнап жақсы пәтер салдырған; оның мамандығын арттыру үшін бір инженерге қосақтап, жалпы сауатын арттыру үшін қазақ мұғалімін міндеттендіріп, мәдениетті жұмысшы кып шығармақ боп отыр Жанай. Бокин Ақжалдағы партия тәрбиесі арқылы өзін партиясыз большевикпін деп санайды. 1909 жылдан бері Ақжалда істеген, бүгіндегі ударник крепильщик Нысанғали Қарауылұлы7: "32-жылғы асыра сілтеуде Сібір жағына кетіп ем, 33-жылы Бәкең келген соң, өндірісті қайта кеп таптым. Бұл күнде 3 бөлмелі пәтерім бар. Тұрмысым бұрынғы қазақ ғұрпындай емес. Жерге отыру, киіз төсенуді қойып, үстел, орындық, кірауатқа8 ауыстырдым. 34-жыл Ақжалдың жоспары толу үстінде бәйге алған ударниктің бірі — мен едім", — дейді. Ақжалдың өзінде туып, өзінде өскен соңғы жылдардың ішінде майданға шығып, нық өскен жаңа адамның бірі — бүгінгі партком хатшысы Ырғызбайұлы Ахметжан9. Мұның осы, бергі жылдарда түлеп, өзгеруінің саты-сатысын айтса. Жанай тәрбиесі, Жанай басшылығының бір ерекше жемісті нәтижесін көресің. Ахметжанның өз аузымен сөйлегенде, мұның бұрынғы Ақжалға белгілі аты "хулиган" екен. Ақжалда "кейде жұмысшы, кейде оқушы болып жүріп, артынан профсоюз ісінде жүрсем де, Жанай келгенше өзім де өспедім, тындырып іс те істемедім. Жанай келіп, менің тәртібімді қолына алғанда, әуелі бір кішкене ячейкеге хатшы қылып, өзі жетекке алды. Күнделік істеріме маслихат беріп, нұсқаушылық етуден басқа кітап оқып, сол оқығанымды талқылап, түсінуіме жәрдемші болды. Бұрын партия жиылысына әзірленбей барушы едім де, жолдастар мен көтерген мәселеге белсене қатыспаушы еді. Бұл жөнде әр жиылысқа әзірленудің жолын үйретті. Әлі күнге шейін жеңе алмай келе жатқан бір кемшілігім — өзімнің еңбек күнімді тәртіпке сала алмай келем. Жанай бұл жөнде де баулиды. Соның үлгісімен қазір таңертең тұрысымен сол күні істейтін істерімді жазып, ойлап, алдын ала екшеп алам. Бұрынғы бір қатам — барлық іске өзім шапқылаушы ем. Қазір Жанайдың ақылы бойынша көп іске активті тартатын болдым", — дейді. Жанай өз өмірі, өз басы туралы өте сараң сөйлейді. Ол өз еңбегі, өз табысы дегеннің барлығы, көптің табысы, көптің еңбегінің жемісі дейді. Өзім сүйттім деудің орнына ылғи өзі өсірген адамның пәлендей іс еткенін көңілдене, шаттана айтады. Өз жайынан оқта-текте айтқан бірен-саран мағлұматтарына қарағанда, мұның өз басы құмды, шөлді даладан, жабайыға жақын бақташы Адайдан10 шығып, рушылдықты, көшпенділікті, құба қалмақ заманын басынан кешіріп, ғасырлар шөлін жеңіп өтіп, дүние пролетариатының ұлы партиясының сыналған, көрнекті активінің бірі болып отыр. Көрген мен бастан кешкен күйлердің жаңағыдай ішкі шетін алсақ, өктәбір болмаса әншейінде ата, бала, немере сияқты бірнеше буынның көрген-білгенін алсаң да мұндай көп шалқар дәуірлерді аралаған болмас еді. Бұрын істеп көрмеген, жаңадан кеп баурап алған алтын кенін, барлық өндіріс түрлерімен болжап қарап, кейде алтын айыру ісіндегі әлі айықпай жүрген шалағайлықты қатты шенейді. Амалға11 фабригінің қос дөңгелекті лай сулы билдон12 қазаны болсын, фабрикте түгел алынса сыртқа ағып шығып, зумпа13 апандарына лай батпақ болып шөгіп жатқан алтын қалдықтары бар лай болсын, барлығына қарап, ол: "әлі алтын айыру ісіміз жабайылық күйіне жақын" дейді. Өндірісінің әлі машиналанып жетпегендігіне және ғылым техниканың бұл жердегі шалалығы көптігіне күйзеледі. Ол бір беткей, іске ғана жұмылған сыңар жақ адам емес. Үлкен мәдениетті большевик. Өз елінің ән-күйін, театр өнері, басқа мәдениетің барлық тарихын тегіс біледі. Қазақ әні, қазақ музыкалы шығармаларын өте сүйіп еститін тыңдаушысының бірі, үлкен ойлы сыншысы, ақылшысының бірі. Жалпы кеңес әдебиетінің барлық үлкен жазушысы, үлкен шығармалары да оған мәлім. Әдебиет жайында маған айтқан пікірлерінің бірінде ол "Капитальный ремонт"14 авторының "өткір боп ұшталған ойлы образдарын, масштабы үлкен, нәрі көп образдарын" сүйетінін айтады. "Санаңа толы болумен қатар, барлық суреттері ерекше бір сығымдалған түрі мен әрі өте жаңа, әрі кісіні тартатын өзгеше ұлы боп сезіледі", — дейді. Мұхтар Әуезов
05.12.2012 02:39 3480

Баймұқамбетұлы жолдас

Оның аты — сол өңірдегі ең атақты, ең даңқты аттың бірі. Алтайдың қай өндірісін араласаң да, сол атқа құлағың көбірек қанады.

Өз өндірісіндегі барлық жұмысшылар оны "Бәкең" дейді. Баймұқамбетұлы деген фамилиясынан өзгерткен сыйлау аты; немесе "Жәке" дейді, өз аты Жанайдан өзгерткен, еркелетер үлкейте айтқан атаулары. Гражданин пар-торг! — деп. сөйлеседі, айдалып келген шораяқ1 бір кәрі граф2.

Жанайдың майданы — атақты "Ақжал". Боз қараған, боз көде, ақ селеу басқан бір адыр. Жанай енбегін осы жым-жырт сары адырдың бір ғана желсіз, тымырсық сайы баян етеді. Бұлақсыз, суатсыз шол адыр бұрын қыс қыстау, жаз қоныс боп та көрген емес. Жалғыз-ақ анда-санда өрістен шыққан қой келсе, соның соңынан өгіз аяңмен мимыңдаған ұйқылы-ояу қойшы тарихтың ғасырлық шөліне қамалған қазақ еңбекшісінің көйгөйін, мұңды сарыны, даланың шабан желіне жар етуші еді. Бүгін сол сайда, кешегі қойшы-қолаңнан құралған, Жанай бастаған коллектив социалдық өндірістің аммонол3, перператорын4 сүңгідей сермеп, меңіреу адырдың тас жүрегін тілгілеп жатыр. Өгей ана сараң даланың тас емшегі азаттық алған, бағыт тапқан еңбектің тау тамырын жүлгелей салған шеңгеліне шыдамай, алпыс екі тамыры иіп, уыз алтынын тамшылата бастады.

Осындай ескі тарихпен есеп айырысып жатқан еңбектің бір басшысы — Жанай. Оның өндірістегі басшылығы туралы Ақжалдың бүгінгі өнімі сөйлейді. Бірнеше жыл бойында жоспар толтырудан қалып, 32, 33-жылдарда жабылуға жақындаған Ақжал Жанай келгеннен бері қайта серпілді. 34-жылы Ақжал жоспарын толтырып шықты. Биыл жарым жылдық жоспарды мезгілінен көп бұрын бітіріп, енді жылдық жоспарды Қазақстанның 15 жылдық мерекесіне қарсы бітіруге "Балажал", "Құлынжүн" сияқты алтын сауыры қалың жатқан паң кендермен социалдық жарысқа түсіп отыр.

Жанай еңбегінің бір саласын 33-жылдан бері қарай түзеле бастаған жұмысшы күйі баян етеді. 800 жұмысшының үйінде биылғы жазға қарсы 700 сиыр пайда болған. 90 сиыр, екі жүз қойды тағы үлестірмек. Белгілі асыра сілтеу кезінде өндірісті тастап, тарап кеткен ескі жұмысшылар қайта ағылып кеп жатыр. Жұмысшы балаларына арналған 600 бала оқитын орта мектеп, жұмысшыларға арналған клуб, кино, үй басы орнатылған радио, орталық, өлкелік газет, журнал, кітапханалары — осының барлығы да Ақжалдағы партия басшылығының айғақтары. Сонымен қатар Ақжал кеніндегі барлық цехтағы көрнекті жұмысшының қайсысын алсаң да, бәр-бәрінің соңғы жылдардағы еңбегі, бейілі, табыстары, өсулері — барлығы да бір жағынан ылғи Жанай атына байланысты. Жанайдың өмірбаянын айту осындай көп отряд боп өзгеріп, өсіп келе жатқан кеңес кадрларының табыстарын айтпай, тола болмайтын сияқты. Көпке өзі тарап жайылған, көптен өзін тапқызатын, танытатын талантты ұйыстырушының өмірбаяны боп шығады.

Міне, Ақжалда 30 жыл еңбек еткен, бұл кеннің Изотовы5 кәрі бурщик Бокин6. Оның өндірісте 30 жыл болғанын құрметтеп, арнап жақсы пәтер салдырған; оның мамандығын арттыру үшін бір инженерге қосақтап, жалпы сауатын арттыру үшін қазақ мұғалімін міндеттендіріп, мәдениетті жұмысшы кып шығармақ боп отыр Жанай. Бокин Ақжалдағы партия тәрбиесі арқылы өзін партиясыз большевикпін деп санайды.

1909 жылдан бері Ақжалда істеген, бүгіндегі ударник крепильщик Нысанғали Қарауылұлы7: "32-жылғы асыра сілтеуде Сібір жағына кетіп ем, 33-жылы Бәкең келген соң, өндірісті қайта кеп таптым. Бұл күнде 3 бөлмелі пәтерім бар. Тұрмысым бұрынғы қазақ ғұрпындай емес. Жерге отыру, киіз төсенуді қойып, үстел, орындық, кірауатқа8 ауыстырдым. 34-жыл Ақжалдың жоспары толу үстінде бәйге алған ударниктің бірі — мен едім", — дейді.

Ақжалдың өзінде туып, өзінде өскен соңғы жылдардың ішінде майданға шығып, нық өскен жаңа адамның бірі — бүгінгі партком хатшысы Ырғызбайұлы Ахметжан9. Мұның осы, бергі жылдарда түлеп, өзгеруінің саты-сатысын айтса.

Жанай тәрбиесі, Жанай басшылығының бір ерекше жемісті нәтижесін көресің.

Ахметжанның өз аузымен сөйлегенде, мұның бұрынғы Ақжалға белгілі аты "хулиган" екен. Ақжалда "кейде жұмысшы, кейде оқушы болып жүріп, артынан профсоюз ісінде жүрсем де, Жанай келгенше өзім де өспедім, тындырып іс те істемедім. Жанай келіп, менің тәртібімді қолына алғанда, әуелі бір кішкене ячейкеге хатшы қылып, өзі жетекке алды. Күнделік істеріме маслихат беріп, нұсқаушылық етуден басқа кітап оқып, сол оқығанымды талқылап, түсінуіме жәрдемші болды. Бұрын партия жиылысына әзірленбей барушы едім де, жолдастар мен көтерген мәселеге белсене қатыспаушы еді. Бұл жөнде әр жиылысқа әзірленудің жолын үйретті.

Әлі күнге шейін жеңе алмай келе жатқан бір кемшілігім — өзімнің еңбек күнімді тәртіпке сала алмай келем. Жанай бұл жөнде де баулиды. Соның үлгісімен қазір таңертең тұрысымен сол күні істейтін істерімді жазып, ойлап, алдын ала екшеп алам. Бұрынғы бір қатам — барлық іске өзім шапқылаушы ем. Қазір Жанайдың ақылы бойынша көп іске активті тартатын болдым", — дейді.

Жанай өз өмірі, өз басы туралы өте сараң сөйлейді. Ол өз еңбегі, өз табысы дегеннің барлығы, көптің табысы, көптің еңбегінің жемісі дейді. Өзім сүйттім деудің орнына ылғи өзі өсірген адамның пәлендей іс еткенін көңілдене, шаттана айтады. Өз жайынан оқта-текте айтқан бірен-саран мағлұматтарына қарағанда, мұның өз басы құмды, шөлді даладан, жабайыға жақын бақташы Адайдан10 шығып, рушылдықты, көшпенділікті, құба қалмақ заманын басынан кешіріп, ғасырлар шөлін жеңіп өтіп, дүние пролетариатының ұлы партиясының сыналған, көрнекті активінің бірі болып отыр. Көрген мен бастан кешкен күйлердің жаңағыдай ішкі шетін алсақ, өктәбір болмаса әншейінде ата, бала, немере сияқты бірнеше буынның көрген-білгенін алсаң да мұндай көп шалқар дәуірлерді аралаған болмас еді.

Бұрын істеп көрмеген, жаңадан кеп баурап алған алтын кенін, барлық өндіріс түрлерімен болжап қарап, кейде алтын айыру ісіндегі әлі айықпай жүрген шалағайлықты қатты шенейді. Амалға11 фабригінің қос дөңгелекті лай сулы билдон12 қазаны болсын, фабрикте түгел алынса сыртқа ағып шығып, зумпа13 апандарына лай батпақ болып шөгіп жатқан алтын қалдықтары бар лай болсын, барлығына қарап, ол: "әлі алтын айыру ісіміз жабайылық күйіне жақын" дейді. Өндірісінің әлі машиналанып жетпегендігіне және ғылым техниканың бұл жердегі шалалығы көптігіне күйзеледі.

Ол бір беткей, іске ғана жұмылған сыңар жақ адам емес. Үлкен мәдениетті большевик. Өз елінің ән-күйін, театр өнері, басқа мәдениетің барлық тарихын тегіс біледі. Қазақ әні, қазақ музыкалы шығармаларын өте сүйіп еститін тыңдаушысының бірі, үлкен ойлы сыншысы, ақылшысының бірі.

Жалпы кеңес әдебиетінің барлық үлкен жазушысы, үлкен шығармалары да оған мәлім. Әдебиет жайында маған айтқан пікірлерінің бірінде ол "Капитальный ремонт"14 авторының "өткір боп ұшталған ойлы образдарын, масштабы үлкен, нәрі көп образдарын" сүйетінін айтады. "Санаңа толы болумен қатар, барлық суреттері ерекше бір сығымдалған түрі мен әрі өте жаңа, әрі кісіні тартатын өзгеше ұлы боп сезіледі", — дейді.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға