Жаңалықтар

Тимур Асқарұлы Құлыбаев

Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10 қыркүйек 1966, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, KazEnergy ассоциациясының төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі. Өмірбаяны 1966 жылы 10 қыркүйекте Қазақ ССР-і Алматы қаласында туған. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 жылы). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988 жылы). «Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999 жылы). 1988–1990 жылдар аралығында ҚазССР Мемелекеттік жоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған. 1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры болып тағайындалды. Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен «Алмэкс» холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі» акциясының бақылау пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері болатын. Мемлекеттік органдарда,компаниялар мен қорларда қызмет атқарған кезеңдерде жеке активтерді басқаруды банк IPO-сын іс жүзіне асыра алған және оның банктік сектордағы озық ұстанымын сақтап қала алған жас та болса тәжірибелі менеджерлер командасына (Григорий Марченко, Александр Павлов, Әнуар Сәйденов, Қайрат Сатылғанов) тапсырды. 1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып тағайындалды(министр орынбасары құқығында). 1997 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың наурыз айы аралығына дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994–1997 жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған мемлекеттік компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды. Сол кезеңде «Казахойл» президенті болған Нұрлан Балғымбаев бұл жөнінде былай деп атап өтеді: «Халықаралық қаржылық институттармен жұмыс істейтін, жаңа жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыра алатын адамдар қажет болды. Мен ойлана келе Құлыбаевты шақыруға шешім қабылдадым. Сол уақытта Алматыда ешкім де мұнайшы болуға ынталылық танытпайтын. Мен ұстанымымда тайқымастан нық тұрып, Тимурды үгіттей бастадым. Бұл, әрине, бүгінгі күнде әдеттен тыс, оғаш естілуі мүмкін. Оның компанияға келуімен жұмыс жаңа арнаға түсіп, тың идеялар туындап, алдағы уақытта іске асырылуы тиіс міндеттер қойыла бастады. Біз бүгінде капиталдың өзара байланыстылығын, әдетте, болуы тиіс құбылыс деп қараймыз, ал сол кезеңде "несиелік рейтинг", "еурооблигация" деген сөздер қолданысқа енді еніп келе жатқан, жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер болатын. Құлыбаев "еуробондтарды" шығаруда ізашар болды. Оның бастамасымен өнеркәсіп тиімділігін бағалаудың жаңа критерилері мен ресурстарды басқарудың жаңа формалары пайда болды. Айтпақшы, "Трактебелден" газ тасымалдаушы жүйелерді және электр энергетикалық өнеркәсіптерді мемлекетке қайтарудың бастамашысы Құлыбаев болған. - Нұрлан Балғымбаевпен, Ләззат Қиыновпен және Балтабек Қуандықовпен сұқбат.» 1999 жылдың наурызында «KazTransOil Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания) президенті болып тағайындалды. 2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың ақпанына дейін — «Мұнай-газ тасымалы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың қазан айы аралығында — «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларының бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті. «ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік негізгі компанияларды біріктірген «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы ЗТБ-ны құруға бастамашы болды және оған басшылық жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің қаржылық және энергетикалық саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ие болды. 2005–2006 және 2007–2008 жылдары өзінің жеке бизнесін қоғамдық қызметімен қатар алып жүрді. 2006 жылдың сәуір айы мен 2007 жылдың тамызы аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болып істеді. Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды. Қызмет жолы Самұрық-Қазына басшылығында 2008 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қордың еншілес «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2011 жылы 12 сәуірде Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оның басшылығымен Қор ұлттық компанияларға корпоративті басқару қағидаттарын енгізу және ауқымды индустриялау міндеттерін іске асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. «Бізге жүктелген міндеттер аз емес. Оның ең бастысын жаңа жасақталған Үкіметтің жақында ғана өткен кеңейтілген мәжілісінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап ескерткен болатын. Ол Қор компанияларын "ұлттық чемпиондар" деңгейіне дейін көтеруді міндеттеді. Инновацияларды енгізуге қабілетті, өз саласында кез келген күрделі жобаларды жүзеге асыруға дайын, аймақтық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, мықты компанияларға айналдыруды тапсырды. Екінші маңызды мәселе - мемлекеттік компаниялардың бірқатарын "халықтық IPO-ға" өткізу, сонымен бірге қазақстандықтарды қор нарығына тарту үшін олардың өз табыстарын арттыруына қолайлы жағдайлар туғызу. Бұл мәселе бойынша біз үкіметпен бірлікте ұлттық компанияларды қор нарығына шығарудың тұжырымдамалары мен механизмдерін жасау үстіндеміз. Инновацияларды дамыту -мемлекет әлеуетін көтерудің маңызды шарасы екендігін Елбасымыз баса атап көрсетті. Осы мәселенің өзі біздің алға қойған басым бағытымыз болып саналады. Қор ұлттық компаниялардың негізгі акционері, басқарушы жалғыз корпоративтік орталық ретінде басты рөлге ие болуы тиіс. Біз топтарға тұтастай жіктеп, сондай-ақ ірі компанияларға жеке-дараланған күйде корпоративтік инновациялық-технологиялық стратегия жасауға кірістік. Қордың Инновациялық кеңесі, ал еншілес компанияларда Ғылыми-техникалық кеңестер құрылды. Біз табысқа жетудің жолы туындаған ойдың дайын өнім болғанына дейінгі жүретін барлық процестер кешенінің іске асуын қамтамасыз ететін инновацияны басқарудың заманауи әдістерін енгізу деп білеміз. Егер қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы айтар болсақ, осы жылы біз үкіметтің дағдарыстың алдын алу бойынша жүргізген бағдарламаларын толықтай іске асырып боламыз. Қор үшін ішкі жүйелік міндеттемелер де маңызды. Бұл арада еншілес компанияларды басқарудың жүйелерін жетілдіру жөнінде айтып отырмын. "Самұрық-Қазына" - шаруашылық құрылым емес, қор еншілес компаниялардың операциялық қызметтеріне араласпайды, компанияның сарапшы қызметкерлерін ауыстырмайды, ауыстыруға тиіс те емес. Біз активтермен басқарамыз. Бұл дегеніміз, басты бағыт ретінде корпоративтік басқару қағидаттары қойылуы тиіс. Корпоративтік құжаттар мен реттемелер жасау және жасау үдерістерін қалыптастыру, бағалаудың нақты критерилерін енгізе отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау және оны жүзеге асырумен біз әртүрлі жобалар арқылы нақты экономиканың тетіктерін меңгеріп, еншілес компаниялар ісінің тиімділігін арттырамыз.»  
05.12.2012 02:26 5982

Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10 қыркүйек 1966, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, KazEnergy ассоциациясының төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі.


Өмірбаяны


1966 жылы 10 қыркүйекте Қазақ ССР-і Алматы қаласында туған. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 жылы). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988 жылы).
«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999 жылы).
1988–1990 жылдар аралығында ҚазССР Мемелекеттік жоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.


1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры болып тағайындалды.


Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен «Алмэкс» холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі» акциясының бақылау пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері болатын.


Мемлекеттік органдарда,компаниялар мен қорларда қызмет атқарған кезеңдерде жеке активтерді басқаруды банк IPO-сын іс жүзіне асыра алған және оның банктік сектордағы озық ұстанымын сақтап қала алған жас та болса тәжірибелі менеджерлер командасына (Григорий Марченко, Александр Павлов, Әнуар Сәйденов, Қайрат Сатылғанов) тапсырды.


1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып тағайындалды(министр орынбасары құқығында).
1997 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың наурыз айы аралығына дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994–1997 жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған мемлекеттік компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды.


Сол кезеңде «Казахойл» президенті болған Нұрлан Балғымбаев бұл жөнінде былай деп атап өтеді:


«Халықаралық қаржылық институттармен жұмыс істейтін, жаңа жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыра алатын адамдар қажет болды. Мен ойлана келе Құлыбаевты шақыруға шешім қабылдадым. Сол уақытта Алматыда ешкім де мұнайшы болуға ынталылық танытпайтын. Мен ұстанымымда тайқымастан нық тұрып, Тимурды үгіттей бастадым. Бұл, әрине, бүгінгі күнде әдеттен тыс, оғаш естілуі мүмкін. Оның компанияға келуімен жұмыс жаңа арнаға түсіп, тың идеялар туындап, алдағы уақытта іске асырылуы тиіс міндеттер қойыла бастады. Біз бүгінде капиталдың өзара байланыстылығын, әдетте, болуы тиіс құбылыс деп қараймыз, ал сол кезеңде "несиелік рейтинг", "еурооблигация" деген сөздер қолданысқа енді еніп келе жатқан, жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер болатын. Құлыбаев "еуробондтарды" шығаруда ізашар болды. Оның бастамасымен өнеркәсіп тиімділігін бағалаудың жаңа критерилері мен ресурстарды басқарудың жаңа формалары пайда болды. Айтпақшы, "Трактебелден" газ тасымалдаушы жүйелерді және электр энергетикалық өнеркәсіптерді мемлекетке қайтарудың бастамашысы Құлыбаев болған. - Нұрлан Балғымбаевпен, Ләззат Қиыновпен және Балтабек Қуандықовпен сұқбат.»

1999 жылдың наурызында «KazTransOil Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания) президенті болып тағайындалды.

2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың ақпанына дейін — «Мұнай-газ тасымалы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың қазан айы аралығында — «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларының бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті.

«ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік негізгі компанияларды біріктірген «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы ЗТБ-ны құруға бастамашы болды және оған басшылық жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің қаржылық және энергетикалық саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ие болды.

2005–2006 және 2007–2008 жылдары өзінің жеке бизнесін қоғамдық қызметімен қатар алып жүрді.

2006 жылдың сәуір айы мен 2007 жылдың тамызы аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болып істеді. Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды.

Қызмет жолы

Самұрық-Қазына басшылығында

2008 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қордың еншілес «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2011 жылы 12 сәуірде Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оның басшылығымен Қор ұлттық компанияларға корпоративті басқару қағидаттарын енгізу және ауқымды индустриялау міндеттерін іске асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
«Бізге жүктелген міндеттер аз емес. Оның ең бастысын жаңа жасақталған Үкіметтің жақында ғана өткен кеңейтілген мәжілісінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап ескерткен болатын. Ол Қор компанияларын "ұлттық чемпиондар" деңгейіне дейін көтеруді міндеттеді. Инновацияларды енгізуге қабілетті, өз саласында кез келген күрделі жобаларды жүзеге асыруға дайын, аймақтық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, мықты компанияларға айналдыруды тапсырды. Екінші маңызды мәселе - мемлекеттік компаниялардың бірқатарын "халықтық IPO-ға" өткізу, сонымен бірге қазақстандықтарды қор нарығына тарту үшін олардың өз табыстарын арттыруына қолайлы жағдайлар туғызу. Бұл мәселе бойынша біз үкіметпен бірлікте ұлттық компанияларды қор нарығына шығарудың тұжырымдамалары мен механизмдерін жасау үстіндеміз.

Инновацияларды дамыту -мемлекет әлеуетін көтерудің маңызды шарасы екендігін Елбасымыз баса атап көрсетті. Осы мәселенің өзі біздің алға қойған басым бағытымыз болып саналады. Қор ұлттық компаниялардың негізгі акционері, басқарушы жалғыз корпоративтік орталық ретінде басты рөлге ие болуы тиіс. Біз топтарға тұтастай жіктеп, сондай-ақ ірі компанияларға жеке-дараланған күйде корпоративтік инновациялық-технологиялық стратегия жасауға кірістік. Қордың Инновациялық кеңесі, ал еншілес компанияларда Ғылыми-техникалық кеңестер құрылды. Біз табысқа жетудің жолы туындаған ойдың дайын өнім болғанына дейінгі жүретін барлық процестер кешенінің іске асуын қамтамасыз ететін инновацияны басқарудың заманауи әдістерін енгізу деп білеміз. Егер қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы айтар болсақ, осы жылы біз үкіметтің дағдарыстың алдын алу бойынша жүргізген бағдарламаларын толықтай іске асырып боламыз. Қор үшін ішкі жүйелік міндеттемелер де маңызды. Бұл арада еншілес компанияларды басқарудың жүйелерін жетілдіру жөнінде айтып отырмын. "Самұрық-Қазына" - шаруашылық құрылым емес, қор еншілес компаниялардың операциялық қызметтеріне араласпайды, компанияның сарапшы қызметкерлерін ауыстырмайды, ауыстыруға тиіс те емес. Біз активтермен басқарамыз. Бұл дегеніміз, басты бағыт ретінде корпоративтік басқару қағидаттары қойылуы тиіс. Корпоративтік құжаттар мен реттемелер жасау және жасау үдерістерін қалыптастыру, бағалаудың нақты критерилерін енгізе отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау және оны жүзеге асырумен біз әртүрлі жобалар арқылы нақты экономиканың тетіктерін меңгеріп, еншілес компаниялар ісінің тиімділігін арттырамыз.»
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға