Жаңалықтар

Моңғолиядағы қазақ әдебиеті

  Моңғолиядағы қазақ әдебиеті, ауыз әдебиетінен бастау ала отырып, қазақ сөз өнерінің бір тармағы ретінде дамыды. Өлкедегі қазақтардан жиналған ауыз әдебиеті үлгілері 5 томдық кітап ретінде басылып шықты. Бат. Моңғолияны қазақтар 1867 жылдан қоныстана бастаған. 1940 ж. Баян Өлгий аймағы құрылып, Моңғолиядағы қазақтардың әлеум.-саяси өміріне бетбұрыс әкелді, әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне ықпалы зор болды. М. қ. ә-нің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады: 1) 1940 – 70 ж., жаңа әдебиеттің қалыптасу кезеңі; 2) 1970 жылдан қазірге дейінгі даму кезеңі. 1942 ж. 3 қыркүйекте “Жаңа әліпбиді қолдану туралы” қаулы қабылданып, латын әліпбиінің орнына кирилл әліпбиі қолданысқа енгізілді, ана тілінде алғаш рет “Өркендеу” газеті (қазіргі “Жаңа өмір”) жарыққа шықты. Моңғолия Жазушылар одағының 1948 ж. өткен құрылтайына (съезіне) А.Бәбиұлы, Қ.Мұқамадиұлы бастаған қазақ қаламгерлері қатысты. 1955 ж. қазақ қаламгерлеріне арналған үйірме ашылып, 1957 жылдан 3 ай сайын жарық көретін “Жаңа талап” альманағы (қазіргі “Шұғыла”) шыға бастады. 1968 ж. 28 желтоқсанда МХР Жазушылар одағының қазақ бөлімшесі ресми түрде құрылды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің жаңғыруына, әсіресе жаңа әдебиеттің қалыптасуына игі әсерін тигізді. Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ақтан Бәбиұлы жасынан айтыскер ретінде танылып, “Кедей күні”, “Сары мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” атты уытты өлеңдерімен өз заманындағы мешеулікті сын тезіне алды. Ақынның өмсындық, ұазиза, Ақбала ақындармен айтыстарын сол тұстағы қазақ өмірінің айнасы деуге болады. Құрманхан Мұқамадиұлы (1923 – 64) әдебиеттегі жолын өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Қазақстандық достарға”, “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері сезімнің шынайы суреттелуімен ерекшеленді. Ақын Арғынбай Жұмажанұлы “Тақпақтар” (1949), “Ертіс жырлары” (1960), “Біздің өлкеде” (1972), “Меңтікөл” (1979) жинақтарымен танылды. Даниял Дікейұлының “Жетілген жетім”, “Таң алдында”, “Солдат сөзі”, “Алтай аясында” атты поэмалары, Имашхан Байбатырұлының “Телқоңыр”, “Аққу әні”, Шабдарбай Қатшанұлының “Көрімдік”, “Шығыстағы алау”, “Майлы жер”, Дайын Қалаубайұлының “Жас дәурен”, “Гүлсім” секілді жинақтары поэзияның даму жолындағы айтулы туындылар болды. Әдебиеттің аға буыны Ж.Байыт, И.Жәбенұлы, Қ.Кәп, М.Егеухан, А.Қауия мен орта буын өкілдері Ж.Кәкей, Ш.Зуқай, Р.Шынай, І.Кеңес, Қ.Тойлыбай, Қ.Бодаухан, О.Солдатхан, Ж.Қуанған, Б.Мұрат, Ә.Дәулетхан секілді ақындардың туындылары өлең өнерінің биік үлгіде дамуына үлес қосты. М. қ. ә-нде проза жанры 1955 жылдан кейін ғана дами бастады. Мұқамадиұлының тұңғыш әңгімесі “Алғашқы қадам” (1964) оның прозаға жасаған сәтті қадамы болды. “Жұрт ала ма, жұт ала ма?” атты эссесін де оқырман жылы қабылдады. Көркем проза М.Құлыбекұлының “Мұралық“, “Көк лақтың құпиясы” әңгімелері мен “Қызыл қайың хикаясы” повесі арқылы жалғасын тапты. Ш.Нығышұлының “Күрделі керуен” (1967), Ж.Шалұлының “Көкала жорға” (1969), Қ.Ойнақбайұлының “Көк күлапара” (1969), С.Таукейұлының “Ақиық” (1971), А.Алақанұлының “Ананың ақ тілегі” (1974), “Менің анам”, “Егіншінің баласы”, М.Батықасынұлының “Шудақ” (1975), Ш.Рахметұлының “Күміс керуен” (1978) секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді. 1970 жылдан бастап М. қ. ә-де бірнеше роман жарық көрді. Алғашқы роман Мұқамадиұлының “Қобда қойнауында” саналса, кейін Ш.Қатшанұлы “Өз қолымен”, Нығышұлы “Жырақта қалған жылдар”, М.Сұлтанияұлы “өрпақ тағдыры”, І.Қабышұлы “өрпағың үзілмесін”, Шалұлы “Үлкен үй”, Қ.Арыспайұлы “Жиекте”, С.Әбілқасымұлы “Қара боран”, Тәукейұлы “Мұнар таулар” романдарын жазды. Бұл әдебиеттің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі еді. Драматургия жанрында Бәбиұлының “Ермалай” пьесасы алғашқы қарлығаш саналса, “Жамал” (1941), “Еріншек пен екпінді әйел” (1942), “Қалқаман-Мамыр”, “Ағайша” секілді пьесалары театр өнерінің қалыптасуы мен дамуына септігін тигізді. Мұқамадиұлының “Кезең үстінде”, “Қарға қарғаның көзін шұқымайды”, “Жасыл дөң”, “Тұлбакөл шайқасы” секілді драмалық шығармалары күрделі жанрды игеруде соны соқпақ салды. А.Жұмажанұлының “Талаптылар мен табынушылар” пьесасы 1956 ж. сахналанды. Ол “Ертіс шындығы”, “Сандуғаш” секілді драмалық туындылар мен “Шайқас алдында”, “Домбыра әуені” фильмдерінің сценариін жазды. Ж.Баят, Қ.Шабдарбай сияқты қаламгерлер драматургияның дами түсуіне үлесін қосса, Байбатырұлы “Керім – Торым” либреттосын жазды. Моңғолия қазақ әдебиетінің драмалық шығармалары негізінен Баян Өлгий аймақтық театрында қойылды. Көркем аудармада Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары түгелге дерлік моңғол тіліне тәржімаланды. Сондай-ақ моңғолдың көне фольклорлық мұралары қазақ тіліне аударылды. Аударма ісінде Шалұлы, О.Қаһар, Қабышұлы, М.Сұлтан, Ж.Қамайұлы және Б.Құрманханұлы, Қ.Жұмаханұлы есімдерін атап айтуға болады.    Р.Қорғанбайұлы, Ж.Қамай-ұлы, С.Рахметұлын, А.Мауқараұлын, Е.Кәпқызы мен Д.Кәпұлы, А.Ақынбабақызы, т.б. жас қаламгерлер Қазақстанға оралды. Бүгінгі күні әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етеді, олардың 20-дан астамы Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі, 70-тейі одақтың аймақтық бөлімшесіне мүше. Барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу еңбектер мен қазақ қаламгерлерінің 30-ға жуық жинағы моңғол тілінде жарыққа шықты. Қазіргі уақытта М. қ. ә. жанрлық түрі жан-жақты дамыған бай әрі мазмұнды әдебиет болып саналады.   А. Тойшанұлы    
05.12.2012 02:15 5789

 

Моңғолиядағы қазақ әдебиеті, ауыз әдебиетінен бастау ала отырып, қазақ сөз өнерінің бір тармағы ретінде дамыды. Өлкедегі қазақтардан жиналған ауыз әдебиеті үлгілері 5 томдық кітап ретінде басылып шықты. Бат. Моңғолияны қазақтар 1867 жылдан қоныстана бастаған. 1940 ж. Баян Өлгий аймағы құрылып, Моңғолиядағы қазақтардың әлеум.-саяси өміріне бетбұрыс әкелді, әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне ықпалы зор болды. М. қ. ә-нің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады: 1) 1940 – 70 ж., жаңа әдебиеттің қалыптасу кезеңі; 2) 1970 жылдан қазірге дейінгі даму кезеңі. 1942 ж. 3 қыркүйекте “Жаңа әліпбиді қолдану туралы” қаулы қабылданып, латын әліпбиінің орнына кирилл әліпбиі қолданысқа енгізілді, ана тілінде алғаш рет “Өркендеу” газеті (қазіргі “Жаңа өмір”) жарыққа шықты. Моңғолия Жазушылар одағының 1948 ж. өткен құрылтайына (съезіне) А.Бәбиұлы, Қ.Мұқамадиұлы бастаған қазақ қаламгерлері қатысты. 1955 ж. қазақ қаламгерлеріне арналған үйірме ашылып, 1957 жылдан 3 ай сайын жарық көретін “Жаңа талап” альманағы (қазіргі “Шұғыла”) шыға бастады. 1968 ж. 28 желтоқсанда МХР Жазушылар одағының қазақ бөлімшесі ресми түрде құрылды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің жаңғыруына, әсіресе жаңа әдебиеттің қалыптасуына игі әсерін тигізді. Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ақтан Бәбиұлы жасынан айтыскер ретінде танылып, “Кедей күні”, “Сары мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” атты уытты өлеңдерімен өз заманындағы мешеулікті сын тезіне алды. Ақынның өмсындық, ұазиза, Ақбала ақындармен айтыстарын сол тұстағы қазақ өмірінің айнасы деуге болады. Құрманхан Мұқамадиұлы (1923 – 64) әдебиеттегі жолын өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Қазақстандық достарға”, “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері сезімнің шынайы суреттелуімен ерекшеленді. Ақын Арғынбай Жұмажанұлы “Тақпақтар” (1949), “Ертіс жырлары” (1960), “Біздің өлкеде” (1972), “Меңтікөл” (1979) жинақтарымен танылды. Даниял Дікейұлының “Жетілген жетім”, “Таң алдында”, “Солдат сөзі”, “Алтай аясында” атты поэмалары, Имашхан Байбатырұлының “Телқоңыр”, “Аққу әні”, Шабдарбай Қатшанұлының “Көрімдік”, “Шығыстағы алау”, “Майлы жер”, Дайын Қалаубайұлының “Жас дәурен”, “Гүлсім” секілді жинақтары поэзияның даму жолындағы айтулы туындылар болды. Әдебиеттің аға буыны Ж.Байыт, И.Жәбенұлы, Қ.Кәп, М.Егеухан, А.Қауия мен орта буын өкілдері Ж.Кәкей, Ш.Зуқай, Р.Шынай, І.Кеңес, Қ.Тойлыбай, Қ.Бодаухан, О.Солдатхан, Ж.Қуанған, Б.Мұрат, Ә.Дәулетхан секілді ақындардың туындылары өлең өнерінің биік үлгіде дамуына үлес қосты. М. қ. ә-нде проза жанры 1955 жылдан кейін ғана дами бастады. Мұқамадиұлының тұңғыш әңгімесі “Алғашқы қадам” (1964) оның прозаға жасаған сәтті қадамы болды. “Жұрт ала ма, жұт ала ма?” атты эссесін де оқырман жылы қабылдады. Көркем проза М.Құлыбекұлының “Мұралық“, “Көк лақтың құпиясы” әңгімелері мен “Қызыл қайың хикаясы” повесі арқылы жалғасын тапты. Ш.Нығышұлының “Күрделі керуен” (1967), Ж.Шалұлының “Көкала жорға” (1969), Қ.Ойнақбайұлының “Көк күлапара” (1969), С.Таукейұлының “Ақиық” (1971), А.Алақанұлының “Ананың ақ тілегі” (1974), “Менің анам”, “Егіншінің баласы”, М.Батықасынұлының “Шудақ” (1975), Ш.Рахметұлының “Күміс керуен” (1978) секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді. 1970 жылдан бастап М. қ. ә-де бірнеше роман жарық көрді. Алғашқы роман Мұқамадиұлының “Қобда қойнауында” саналса, кейін Ш.Қатшанұлы “Өз қолымен”, Нығышұлы “Жырақта қалған жылдар”, М.Сұлтанияұлы “өрпақ тағдыры”, І.Қабышұлы “өрпағың үзілмесін”, Шалұлы “Үлкен үй”, Қ.Арыспайұлы “Жиекте”, С.Әбілқасымұлы “Қара боран”, Тәукейұлы “Мұнар таулар” романдарын жазды. Бұл әдебиеттің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі еді. Драматургия жанрында Бәбиұлының “Ермалай” пьесасы алғашқы қарлығаш саналса, “Жамал” (1941), “Еріншек пен екпінді әйел” (1942), “Қалқаман-Мамыр”, “Ағайша” секілді пьесалары театр өнерінің қалыптасуы мен дамуына септігін тигізді. Мұқамадиұлының “Кезең үстінде”, “Қарға қарғаның көзін шұқымайды”, “Жасыл дөң”, “Тұлбакөл шайқасы” секілді драмалық шығармалары күрделі жанрды игеруде соны соқпақ салды. А.Жұмажанұлының “Талаптылар мен табынушылар” пьесасы 1956 ж. сахналанды. Ол “Ертіс шындығы”, “Сандуғаш” секілді драмалық туындылар мен “Шайқас алдында”, “Домбыра әуені” фильмдерінің сценариін жазды. Ж.Баят, Қ.Шабдарбай сияқты қаламгерлер драматургияның дами түсуіне үлесін қосса, Байбатырұлы “Керім – Торым” либреттосын жазды. Моңғолия қазақ әдебиетінің драмалық шығармалары негізінен Баян Өлгий аймақтық театрында қойылды. Көркем аудармада Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары түгелге дерлік моңғол тіліне тәржімаланды. Сондай-ақ моңғолдың көне фольклорлық мұралары қазақ тіліне аударылды. Аударма ісінде Шалұлы, О.Қаһар, Қабышұлы, М.Сұлтан, Ж.Қамайұлы және Б.Құрманханұлы, Қ.Жұмаханұлы есімдерін атап айтуға болады. 
 
Р.Қорғанбайұлы, Ж.Қамай-ұлы, С.Рахметұлын, А.Мауқараұлын, Е.Кәпқызы мен Д.Кәпұлы, А.Ақынбабақызы, т.б. жас қаламгерлер Қазақстанға оралды. Бүгінгі күні әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етеді, олардың 20-дан астамы Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі, 70-тейі одақтың аймақтық бөлімшесіне мүше. Барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу еңбектер мен қазақ қаламгерлерінің 30-ға жуық жинағы моңғол тілінде жарыққа шықты. Қазіргі уақытта М. қ. ә. жанрлық түрі жан-жақты дамыған бай әрі мазмұнды әдебиет болып саналады.
 
А. Тойшанұлы
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға