Жаңалықтар

Ислам Каримов

КАРИМОВ Ислам Абдуғаниұлы (30.1.1938 ж.т., Өзбекстан, Самарқан қ.) – Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті, мемлекет қайраткері, Өзбекстан ҒА-ның акад. (1994), Өзбекстан Қаїарманы (1994). Орта Азия политехника ин-тын және Ташкент халық шаруашылығы ин-тын бітірген. 1960 – 61 ж. “Ташсельмаш” з-тында көмекші шебер, аға шебер, технолог, 1961 – 66 ж. Ташкент авиация өндірістік бірлестігінде инженер, жетекші инженер, конструктор болды. 1966 – 83 ж. Өзбекстан Мемл. жоспарлау к-тінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, төрағаның 1-орынбасары қызметтерін атқарған. 1983 – 86 ж. Өзбекстан қаржы министрі, 1986 ж. Мин. Кеңесі төрағасының орынбасары, Мемл. жоспарлау к-тінің төрағасы болды. 1986 ж. желтоқсанда Өзбекстан Компартиясы Қашқадария обл. к-тінің 1-хатшысы, 1989 ж. маусымда Өзбекстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды. 1990 ж. 24 наурызда К. Өзбекстан Ұлы Кеңесінің сессиясында Өзбекстан Президенті болып сайланып, конституцияға сәйкес Мин. Каб. (Уәзірлер маккамасы) төрағасы қызметін қоса атқарды. 1991 ж. тамызда Өзбекстан өзінің мемл. тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, К. елдің саяси жүйесін жетілдіру ісіне тікелей басшылық жасап, нақты шараларды жүзеге асырды. 1995 ж. 26 наурызда Бүкілхалықтық референдум шешімімен К-тің президенттік уәкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Ал 2000 ж. өткен бүкілхалықтық сайлауда К. Өзбекстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. Ол “Тәуелсіздік жолында: проблемалар мен мұраттар”, “Өзбекстанның дербестігі мен даму жолы”, “Тәуелсіздік және руханият”, т.б. көптеген еңбектердің авторы. К. тәуелсіз мемлекеттің саяси, экон. және әлеум. жүйелерін қалыптастыруға, оның халықар. қарым-қатынастарын орнықтыруға, ішкі тыныштық пен татулық ахуалды орнатуға көп үлес қосты. Сыртқы саясатта ТМД-ның, түркі халықтары мемлекеттері басшыларының саммиттерін, кездесулерін белсенді ұйымдастырушылардың бірі ретінде танылды. К. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ны, 1992 ж. 10 мамырда Ашғабатта Орталық Азия экон. ынтымақтастық ұйымын, 2001 ж. 14 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымын (1996 ж. 26 сәуірде “Шанхай бестігі” ұйымы болып құрылған) құруға белсене қатысты. 1997 ж. 10 қаңтарда Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы “Мәңгілік достық туралы” Шартқа қол қойды. Қазақстанға достық сапармен әлденеше рет келді.Екі ел арасындағы туысқандық қарым-қатынасты жетілдіріп, жақсарта түсу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевпен көптеген кездесулер өткізді. Халықар. қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін К. әлемнің бірнеше елінің жоғары наградаларымен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен берілген “Алтын қыран” орденімен (2.06.1997) марапатталған.  
04.12.2012 11:54 3948

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға