Қарашығанақ Бірлескен Ұйымы
Қарашығанақ Бірлескен Ұйымы– газ өндірісі кәсіпорны, Қарашығанақ кен орнын бірлесе игеру жұмыстарын басқаратын ұйым. Бритишгаз Интернэйшнл (32,5%), Аджип (32,5%), Тексако (20%) және ЛУКойл (15%) компаниялары кіреді.Өндірістік жұмыстарды атқару үшін осы компаниялардың «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг БВ» атты қазақстандық филиалы құрылған. Қарашығанақ кен орнын игеру технологияларын жетілдіру мақсатында 1995 жылы тапсырысшы тарап — Қазақстан («Қазақойл») мен мердігер ұйым — КИО арасында «Өнімді бөлу туралы келісімінің» 1-кезеңі жасалды. 1997 жылы мәмілелесуші тараптар 40 жылдық мерзімге арналған «Өнімді бөлу туралы негізгі келісімге» (2-кезең) қол қойды. Бұл кезеңде Үлкен Шаған-Атырау құбырын іске қосып, сүйық өнім өндіру қуатын жылына 9 млн, тонға, газды кері айдау мөлшерін 6,5 млрд м3-ге жеткізу көзделді. Сол үшін КИО 2,0 млрд АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция салды. Содан кейін үшінші тарапта қаржыландыратын (60 %-ке дейін) жылына 5 млрд м3 газ өндіру жобасы іске асырылуға тиіс. Кен орнын игерудің 4-кезеңінде өнім өндірудің қалыпты деңгейіне жетіп, газды сыртқы рынокқа шығаруға 2,0 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қаржы бөлінеді. Қазіргі кезде Қарашыганақтың өндірістік қуатын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2006 жылдан кейін өндіріс мөлшері шырқау шегіне жетіп, кен орнынан тәулігіне 37,000 т (290,000 баррель) мұнай және 70 млн. м3 (25 млрд фут3) газ алынбақ. Әзірше Қарашыганақта өндірілген көмірсутегі Ресей мен Қазақстан рыногына шығарылуда. Алайда Батыс Қазақстаннан Қара теңіздегі Новороссийск портына тартылған құбырмен тасымалдау жүйесі кен орнының өндірістік мүмкіндігін жоғары деңгейге жеткізбек. КИО-ға қатысушы «Бритшгаз» жөне «Аджип» компаниялары осы құбыр құрылысын жүргізу жөніндегі консорциумның мүшелері болып саналады, сондықтан жылына шамамен 2,75 млн тон өнім айдауға қақылы. «ЛУК-оил» да жылына 1 млн тон қосымша мөлшердегі өнім айдау құқын иеленді. Қазақстан мен КИО арасындағы 40 жылға арналған «Өнімді бөлу туралы негізгі келісім» барысында шамамен 300 млн тон (2,4 млрд баррель) мұнай мен кондетсат, 480 млрд м3 (17 трлн фут3) газ өндіру көзделген. Кен орнындағы кәсіпшілік операцияларды жүзеге асыру мақсатында КИО жергілікті инфрақұрылымды жетілдіру жүмыстарын жүргізуде. Мыс., электр энергиясын алдын ала жөне түбегейлі өндіру қондырғьшарын (3,5 МВТ жөне 40 МВТ генераторларын) орнатып, кәсіпшілік аумағында ұзыны. 12 км-лік үш автожол, Ақсай қаласына ұзыны. 28 км жаңа темір жолы тармағын салу белгіленді. Өндірістік сипатгағы объектілермен (қоймалар, лабораториялар, шеберханалар, өрт сөндіру етсалары) қатар мұнайшылар мен құрылысшыларға арналған кенттер салу, оларды байланыс жүйесімен қамту ісі қолға алынды. Елді мекендерді, Ақсай қаласы. тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Бестау су қоймасы қайта жөнделді. Сонымен қатар «Негізгі келісім» шарттарына сәйкес КИО жергілікті түрғындар мұқтажын өтеуге жыл сайын 10 млн доллар мөлшерінде қаржы бөледі. Әлеуметік бағдарламалар аясында Казталовка селосында аудандық аурухана үйі салынып, Ақсай, Орал қалаларының емдеу орындары күрделі жөндеуден өткізілді, сондай-ақ осы заманғы медикалық құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. КИО «Негізгі келісімнің» арнаулы баптарына сай жұмыс істеп, облыстағы халық денсаулығын, табиғи ортаны қорғау ісін әлемдік деңгейге көтеруге өз үлестерін қосу міндеттемесін алған.