Жаңалықтар

«Абылай хан резиденциясы»

  «Абылай хан резиденциясы» — Петропавл қаласында орналасқан Абылай ханның мұражайлық кешені. 2008 ж. 21 тамызда резиденция Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Абылайдың ақ үйі Абылайдың ақ үйі, Абылайдың ордасы – Абылай ханның Петропавл қаласындағы ордасы, тарихи ескерткіш. Қазақстанның солтүстік аймағын отарлау басталған кезде Есіл өзені жағасында орналасқан Қызылжар қыратында 1752 ж. әулие Пётр бекінісінің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде елдердің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың орнығуына әсерін тигізді. Осыған байланысты казактардың дала тұрғындарына тиісіп, қазақтардан мал тартып әкетуі және жер учаскелерін басып алуы тәрізді мәселелерді талқылау үшін ханның арнайы ордасы қасында осындайқұрылыс салу қажеттігі туындады. Мұрағаттық материалдардың мәліметтері бойынша, «Оның, Абылайдың, өтініші бойынша Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Пётрдің бекінісі жанынан оның келіп тұруы үшін 1765 ж. ағаш үй салынды» (Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты, 158-қор, 1-тізбе, 295-іс 33-б.). «Енқыстау (қыстауға арналған кең жазық)» сонымен, «Абылайдың ақ үйі» тек қана тұрғын үй үшін емес, сонымен қатар шиеленісті мәселелерді шешуге арналған орынға айналды. Ғимараттың орналасқан жері туралы әртүрлі пікірлер бар. Оның бекіністен 2-3 шақырым жерде, «тау» етегінде (еңістік жерде) орналасқандығы дәлмедәл анықталды, бұл сол кезде (19-гасырдың екінші жартысы) қаланың шеті болатын. «Абылайдың ақ үйі» қалада болған өрттің бірінің салдарынан жанып кеткен тәрізді, оның орнына тастан үй салынған, оны халық бұрынғыша «Абылайдың ақ үйі» деп атаған. «Абылайдың ақ үйі» қазақ халқының ұлттық тарихи ескерткіші болып табылады. Абылайдың ақ үйінің құрылысы Абылай хан өмірінің деректерімен және мұрасымен тікелей байланысты. Оған көп уақыт жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмегендіктен үй айтарлықтай зиян шеккен. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасымен және ҚР Президентінің қолдауымен 2006-2007 жылдар ішінде тарихи-мәдени ескерткіш толық қалпына келтірілетін болады. Мұражайлық кешені 2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 1829 жылы салынған 1982 жылы 26 қаңтардағы № 38 ҚазКСР Министрлігі Кеңесінің Қаулысымен мемлекеттік сақтауға алынған республикалық маңызы бар тарих ескерткіші «Абылай хан үйінде» қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Тарихи-мәдени мұраны сақтау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңестің байқатқан мүддесі негізінде және-де облыс басшылығымен алғашқы түрде болған тарих ескерткіштерін құру мәселесі бойынша шешім қабылданған. Мұражай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылы 21 тамызда ашылды. Экспозицияның негізі – XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері – Абылай ханның өмірі мен іс-әрекеттері жөнінде. Ғимараттың жалпы аумағы мен құрылымы — 1288,5 м². Жердің жалпы аумағы — 1,58 га енеді.  
04.12.2012 11:38 6911

 

«Абылай хан резиденциясы» — Петропавл қаласында орналасқан Абылай ханның мұражайлық кешені. 2008 ж. 21 тамызда резиденция Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды.
Абылайдың ақ үйі
Абылайдың ақ үйі, Абылайдың ордасы – Абылай ханның Петропавл қаласындағы ордасы, тарихи ескерткіш. Қазақстанның солтүстік аймағын отарлау басталған кезде Есіл өзені жағасында орналасқан Қызылжар қыратында 1752 ж. әулие Пётр бекінісінің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде елдердің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың орнығуына әсерін тигізді. Осыған байланысты казактардың дала тұрғындарына тиісіп, қазақтардан мал тартып әкетуі және жер учаскелерін басып алуы тәрізді мәселелерді талқылау үшін ханның арнайы ордасы қасында осындайқұрылыс салу қажеттігі туындады. Мұрағаттық материалдардың мәліметтері бойынша, «Оның, Абылайдың, өтініші бойынша Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Пётрдің бекінісі жанынан оның келіп тұруы үшін 1765 ж. ағаш үй салынды» (Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты, 158-қор, 1-тізбе, 295-іс 33-б.). «Енқыстау (қыстауға арналған кең жазық)» сонымен, «Абылайдың ақ үйі» тек қана тұрғын үй үшін емес, сонымен қатар шиеленісті мәселелерді шешуге арналған орынға айналды. Ғимараттың орналасқан жері туралы әртүрлі пікірлер бар. Оның бекіністен 2-3 шақырым жерде, «тау» етегінде (еңістік жерде) орналасқандығы дәлмедәл анықталды, бұл сол кезде (19-гасырдың екінші жартысы) қаланың шеті болатын. «Абылайдың ақ үйі» қалада болған өрттің бірінің салдарынан жанып кеткен тәрізді, оның орнына тастан үй салынған, оны халық бұрынғыша «Абылайдың ақ үйі» деп атаған. «Абылайдың ақ үйі» қазақ халқының ұлттық тарихи ескерткіші болып табылады. Абылайдың ақ үйінің құрылысы Абылай хан өмірінің деректерімен және мұрасымен тікелей байланысты. Оған көп уақыт жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмегендіктен үй айтарлықтай зиян шеккен. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасымен және ҚР Президентінің қолдауымен 2006-2007 жылдар ішінде тарихи-мәдени ескерткіш толық қалпына келтірілетін болады.
Мұражайлық кешені
2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 1829 жылы салынған 1982 жылы 26 қаңтардағы № 38 ҚазКСР Министрлігі Кеңесінің Қаулысымен мемлекеттік сақтауға алынған республикалық маңызы бар тарих ескерткіші «Абылай хан үйінде» қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Тарихи-мәдени мұраны сақтау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңестің байқатқан мүддесі негізінде және-де облыс басшылығымен алғашқы түрде болған тарих ескерткіштерін құру мәселесі бойынша шешім қабылданған.
Мұражай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылы 21 тамызда ашылды. Экспозицияның негізі – XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері – Абылай ханның өмірі мен іс-әрекеттері жөнінде.
Ғимараттың жалпы аумағы мен құрылымы — 1288,5 м². Жердің жалпы аумағы — 1,58 га енеді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға