Жаңалықтар

Қараша революциясы (1918)

Қараша революциясы (1918) (нем. Novemberrevolution) — Германияда монархияны құлатып, буржуазиялық-парламенттік республика орнатқан революция. Революция қарсаңында Германия мейлінше дамыған капиталист елдердің бірі еді. Елдің экономикасында трестер мен картельдер шешуші рөл атқарды. Ауыл шаруашылығында юнкерлердің ірі жер иеліктері басым болды. Олар ірі буржуазиямен одақтасып, билікті өз қолдарына ұстады. Неміс пролетариаты шешуші революция күшке айналды. Аяғы ұзаққа созылған 1-дүние жүзілік соғыс (1914-18) таптық қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Сөйтіп социалист революцияның барлық алғы шарттары жасалды.   Германиядағы революция қозғалыстың өрістеуіне Ресейдегі 1917 жылғы Ұлы Октябрь социалист революциясы ықпал етті. 1918 ж. қаңтарда саяси сипатта өткен жаппай ереуілге 1 млн-нан астам жұмысшы қатысты. Армия арасында революция толқу басталды. «Спартак» тобының 1918 ж. 7 қазанда өткен конференциясы халық революциясының бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама соғысты дереу тоқтату, герман империализмнің құлату міндеттерін алға қойды. Герман империалистері 4 қазанда Макс Баден бастаған демократиялық коалициялық үкімет құрды. Бірақ бұл революция қозғалыс дүмпуін тежей алмады. 3 қарашада басталған Киль теңізшілерінің көтерілісі Қараша революциясының жаршысы болды.   «Спартак» тобы мен Берлиннің революция старосталары 9 қарашада ереуілге және қарулы көтеріліске шақырды. Берлин көшелеріне шыққан жұмысшыларға әскердер қосылды. Сол күні түс кезінде Кайзер тақтан тайдырылып, монархия құлады. Енді жұмысшы табының алдында феодализм қалдықтарын жою, ескі мемлекет тәртіпті күйрету, социалист революция жолында күресу міндеттері тұрды. 9 қараша күні сағат 4 кезінде К. Либкнехт революция пролетариат атынан социалист республиканы жариялады. Германияның революцияшыл жұмысшылары Советтік Ресейдің үлгісімен барлық жерде жұмысшы және әскери Советтерін құрды. Дегенмен бұл Советтерден «Спартак одағы» жеткілікті орын ала алмады. 10 қарашада Берлин Советтерінің жалпы жиналасында сайланған Уақытша үкімет – «Халық өкілдерінің Советіне» солшыл социал-демократ мен центристік «тәуелсіздер» кіріп кетті. Үкімет кайзерлік мемлекеттің чиновниктерін өз орындарына қалдырды. К.Либкнехт бүкіл өкімет билігін Советтерге беруді, буржуазиялық саясатшылардың аласталуын талап етті. Оңшыл социал-демократ бұл заңды талаптарға құлақ аспай, неміс халқы үшін аса маңызды болып отырған социалист республика құру, үкімет саясатын белгілеу мәселелерін Құрылтай жиналысының сайлауына дейін кейінге қалдырды.   «Спартак одағы» революция күресті одан әрі дамыту жолында күресті. Үкімет революция бұқара қысымымен Одақтар бостандығын жариялап, саяси тұтқындарды босатты, 8 сағаттық жұмыс күнін белгіледі. Сөйте тұра армия басындағы монархист, реакционер П.Гинденбургпен революцияға қарсы одақ құрды. Бұл күресте олар АҚШ, Ұлыбритания, Франция испериалистеріне иек артты. 1918 ж. 11 қарашада Германия мен Антанта уақытша бітім жасасты. Украина мен Балтық жағалауындағы әскерлерін әкетпеді. Сөйтіп социал-демократ үкімет неміс халқының ұлттық мүддесіне қайшы кайзерлік саясатты одан әрі жалғастырып, жұмысшы табына ашықтан-ашық қарсы шықты. 1918 ж. 24 желтоқсанға қараған түні үкімет әскерлері Берлиннің революция теңізшілеріне шабуыл жасады. Бұл шабуыл қарулы жұмысшылар көмегімен ғана тойтарылды. Енді олар көтеріліске әзір тұрды. Бірақ 1919 ж. қаңтарда буржуазия пролетариатты мезгілсіз көтеріліске шақырып, арандатуға ұрындырды да, оны революция қозғалысты күйрету үшін пайдаланды. 15 қаңтарда революяция көсемдері К.Либкнехт пен Р.Люксембург айуандықпен өлтірілді. 1919 жылғы 31 шілдедегі Құрылтай жиналысында қабылданған Веймар конституциясы буржуазиялық республиканы нығайта түсті. Революцияның герман империализмнің құлату міндеті орындалмай қалды. Монархия орнына буржуазиялық республика орнады. Юнкерлердің ірі жер иеліктері сол күйінде қалды. Социал-демократ басшыларына сүйенген неміс буржуазиясы мен юнкерлер жұмысшы қозғалысын күйретті. Өйткені қозғалысты басқаратын күресте шыныққан, шын мәніндегі революцияшыл, бұқаралық, маркстік-лениндік партия болмады. Идеялық және ұйымдық жағынан бөлшектенген жұмысшы табы шаруаларды соңына ерте алмады. Осыған қарамастан Қараша революция герман тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол Ұлы Октябрь социалист революциясынан кейін іле басталған қуатты революция антиимпериалистік қозғалыс еді.  
04.12.2012 11:31 13246

Қараша революциясы (1918) (нем. Novemberrevolution) — Германияда монархияны құлатып, буржуазиялық-парламенттік республика орнатқан революция. Революция қарсаңында Германия мейлінше дамыған капиталист елдердің бірі еді. Елдің экономикасында трестер мен картельдер шешуші рөл атқарды. Ауыл шаруашылығында юнкерлердің ірі жер иеліктері басым болды. Олар ірі буржуазиямен одақтасып, билікті өз қолдарына ұстады. Неміс пролетариаты шешуші революция күшке айналды. Аяғы ұзаққа созылған 1-дүние жүзілік соғыс (1914-18) таптық қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Сөйтіп социалист революцияның барлық алғы шарттары жасалды.

 
Германиядағы революция қозғалыстың өрістеуіне Ресейдегі 1917 жылғы Ұлы Октябрь социалист революциясы ықпал етті. 1918 ж. қаңтарда саяси сипатта өткен жаппай ереуілге 1 млн-нан астам жұмысшы қатысты. Армия арасында революция толқу басталды. «Спартак» тобының 1918 ж. 7 қазанда өткен конференциясы халық революциясының бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама соғысты дереу тоқтату, герман империализмнің құлату міндеттерін алға қойды. Герман империалистері 4 қазанда Макс Баден бастаған демократиялық коалициялық үкімет құрды. Бірақ бұл революция қозғалыс дүмпуін тежей алмады. 3 қарашада басталған Киль теңізшілерінің көтерілісі Қараша революциясының жаршысы болды.
 
«Спартак» тобы мен Берлиннің революция старосталары 9 қарашада ереуілге және қарулы көтеріліске шақырды. Берлин көшелеріне шыққан жұмысшыларға әскердер қосылды. Сол күні түс кезінде Кайзер тақтан тайдырылып, монархия құлады. Енді жұмысшы табының алдында феодализм қалдықтарын жою, ескі мемлекет тәртіпті күйрету, социалист революция жолында күресу міндеттері тұрды. 9 қараша күні сағат 4 кезінде К. Либкнехт революция пролетариат атынан социалист республиканы жариялады. Германияның революцияшыл жұмысшылары Советтік Ресейдің үлгісімен барлық жерде жұмысшы және әскери Советтерін құрды. Дегенмен бұл Советтерден «Спартак одағы» жеткілікті орын ала алмады. 10 қарашада Берлин Советтерінің жалпы жиналасында сайланған Уақытша үкімет – «Халық өкілдерінің Советіне» солшыл социал-демократ мен центристік «тәуелсіздер» кіріп кетті. Үкімет кайзерлік мемлекеттің чиновниктерін өз орындарына қалдырды. К.Либкнехт бүкіл өкімет билігін Советтерге беруді, буржуазиялық саясатшылардың аласталуын талап етті. Оңшыл социал-демократ бұл заңды талаптарға құлақ аспай, неміс халқы үшін аса маңызды болып отырған социалист республика құру, үкімет саясатын белгілеу мәселелерін Құрылтай жиналысының сайлауына дейін кейінге қалдырды.
 
«Спартак одағы» революция күресті одан әрі дамыту жолында күресті. Үкімет революция бұқара қысымымен Одақтар бостандығын жариялап, саяси тұтқындарды босатты, 8 сағаттық жұмыс күнін белгіледі. Сөйте тұра армия басындағы монархист, реакционер П.Гинденбургпен революцияға қарсы одақ құрды. Бұл күресте олар АҚШ, Ұлыбритания, Франция испериалистеріне иек артты. 1918 ж. 11 қарашада Германия мен Антанта уақытша бітім жасасты. Украина мен Балтық жағалауындағы әскерлерін әкетпеді. Сөйтіп социал-демократ үкімет неміс халқының ұлттық мүддесіне қайшы кайзерлік саясатты одан әрі жалғастырып, жұмысшы табына ашықтан-ашық қарсы шықты. 1918 ж. 24 желтоқсанға қараған түні үкімет әскерлері Берлиннің революция теңізшілеріне шабуыл жасады. Бұл шабуыл қарулы жұмысшылар көмегімен ғана тойтарылды. Енді олар көтеріліске әзір тұрды. Бірақ 1919 ж. қаңтарда буржуазия пролетариатты мезгілсіз көтеріліске шақырып, арандатуға ұрындырды да, оны революция қозғалысты күйрету үшін пайдаланды. 15 қаңтарда революяция көсемдері К.Либкнехт пен Р.Люксембург айуандықпен өлтірілді. 1919 жылғы 31 шілдедегі Құрылтай жиналысында қабылданған Веймар конституциясы буржуазиялық республиканы нығайта түсті. Революцияның герман империализмнің құлату міндеті орындалмай қалды. Монархия орнына буржуазиялық республика орнады. Юнкерлердің ірі жер иеліктері сол күйінде қалды. Социал-демократ басшыларына сүйенген неміс буржуазиясы мен юнкерлер жұмысшы қозғалысын күйретті. Өйткені қозғалысты басқаратын күресте шыныққан, шын мәніндегі революцияшыл, бұқаралық, маркстік-лениндік партия болмады. Идеялық және ұйымдық жағынан бөлшектенген жұмысшы табы шаруаларды соңына ерте алмады. Осыған қарамастан Қараша революция герман тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол Ұлы Октябрь социалист революциясынан кейін іле басталған қуатты революция антиимпериалистік қозғалыс еді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға