Жаңалықтар

Армян әдебиеті

Армян әдебиеті Әуезов көзі тірісінде-ақ туған елінен тыс жерлерде кеңінен танылды. Оның «Абай жолы» роман-эпопеясы, повестері, әңгімелері, драмалық шығармалары, әдебиеттану саласындағы терең мазмұнды еңбектері, публицистикасы мен педагогтік қызметі бұрынғы Кеңес Одағы халықтарымен бірге армян халқына да кеңінен танылып, өте жоғары бағаланды. Көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең биік табыстарының, қазақ халқының рухани мәдениетінің өшпес ескерткіштерінің қатарына қойылды. Қазақстан Армениядан алыста жатқанмен, рухани туыстықтың көпірі қазақ халқы мен армян халқын бір-біріне жақындатып, біріктіріп тұрады. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын армян мәдениеті мен әдебиеті өз абысындай қабылдады. Әуезов шығармашылығымен алдымен орыс тілінде танысқан армян оқырмандары көп ұзамай өз ана тілінде танысты. 1952 ж. Г. Баразанян «Абай жолы» романын армян тіліне аударды. Аударма ұлы жазушының қолтаңбасын біршама жақсы сақтаған. Сәтті еңбектер қатарынан саналады. 1988 ж. Э. Масумян М. Әуезовтің повестері мен әңгімелер жинағын«Асудағы атыс» деген атпен армян тілінде шығарды. Бұл жинаққа «Қараш-Қараш», «Қорғансыздың күні», «Көксерек», «Бүркітші» т. б. повесть, әңгімелері кірді. М. Әуезов жайында армян әдеби баспасәзіндегі алғашқы жарияланымдар оның 1949 ж. Сталиндік сыйлық алған кезінен басталады. 1952 ж. «Абай жолы» романы армян тіліне аударылып шыққанда және 1959 ж. Лениндік сыйлық алғанда Армения мерзімдік баспасөзінде Әуезовтің тамаша романы туралы терең профессионалдық талдау жасалған, жоғары баға берілген көлемді екі мақала шықты. Алғашқы мақаланы А. Матханиян республикалық «Коммунист» газетінде 1949 ж. 8 маусымда жариялады. Мақала аты - «Абай». Газет мақаласы көлемінің шектеулілігіне қарамастан, қазақтың проза шеберінің эпикалық масштабтағы шығармасына жан-жақты аналитикалық шолу, байсалды, дәлөлді талдау жасалып, қазақтың тарихи шығармасына баға берілген. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының армян тіліне аударылуына және Лениндік сыйлық алуына байланысты Арменияның әдеби-қоғамдық «Советакан гракапутюн» («Совет әдебиеті») журналында 1959 ж. 9-нәмірінде Л. Григорянның «Мұхтар Әуезовтің «Абай» романы» атты мақаласы шықты. Мақала авторы ең алдымен қазақ халқының 19 ғасырдағы бірнеше онжылдықтар бойындағы мызғымас тұтастығын, эпикалық рухын атап көрсөтеді. Ол В. Г. Белинскийдің роман-эпопея атаулығы берген классикалық анықтамасына сүйене отырып, Ә. кітабын халықтың тарихи даму жолын шыншылдықпен көрсететін, феодалдық құрылыстың бірте-бірте жойылуы мен қазақ даласын-дағы халықтың әлеуметтік ояну ерекшеліктерін ашатын ірі эпикалық туындыға жатқызады. Григорян Абайды библиографиялық тұрғыдан өз халқының кең полотнолы өмірімен байланыстыра, оның барлық өмір өткелдеріне жіті қарап, халық тұрмысымен тығыз байланысты рухани өсу жолына барлау жасаған. Романнан өзіне унаған үзінділерді молынан келтіре отырып, Абай мен оның әкесі ірі билік иесі Құнанбайдың арасындағы контрасты ашады. Григорян интерпретациясында Абай - халықтың нағыз ұлы, табиғат берген әділетсіздікке қарсылық өкілі, басқаның қайғы-мұңын түсіну дарыны мол ақын. Бала Абайдың өмірінде ерекше қаталдығымен із қалдырған Қодар мен Қамқаны жазалау оқиғасы тәптіштей талданған. Зерттеуші Абайдың негізгі ерекшелігі ретінде оның қарапайым халық өміріндегі әрбір қиын, қайғылы жағдайға жанымен беріліп, қорғауға, көмектесуге умтылуын баса айтады. Және осы жолда оның ең негізгі серігі поэзия дейді. Абай мен Пушкин линиясы, «Евгений Онегиннің» қазақ топырағындағы тағдыры жайында да талдаулар бар. Мақала авторы романдағы әйелдер бейнесіне де арнайы тоқталған. Ол роман авторы лирикалық, романтикалық көркемдік қуралдарды пайдалана отырып, бұл бейнелерді саналы турде биікке көтерген деп тұжырымдайды. Олардың бәрі көз тоқтар сұлу керемет әнші, әділетсіздік пен зұлымдыққа жанымен қас жандар болып шыққан. Сыншы кейбір зерттеушілердің «Әуезов қазақтың ескі тұрмысын идеализациялады» дегеніне келіспейді. Жазушы қазақ халқындағы ас беру, тұрмыс құру, құдалық сияқты халықтың ертеден келе жатқан салттарын шеберлікпен суреттеу арқылы қазақ ауылының объективті суретін бергенін мақүлдайды. Армян зерттеушісі кейбір сыншылардың романда көрсетілген жер аударылған орыс революционерлерінің бейнелөрі айқын ашылмаған деген пікірлерімен келіспейді. Ә. олардың бейнесін Абайдың қабылдауы арқылы ашып, Абайға олардың патша өкіметіне қарсылығы, ағартушылық ықпалы, Михайлов пен басқа да жер аударылғандардың прогрессивті идеялары, орыс мәдениетін таратуы арқылы ғана жақын екенін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл бейнелер романдағы өз қызметін толықтай атқарып тур. Шамамен шығарманың орта тұсынан бастап баяндауда эпикалық сипат күшейіп, негізгі қаһарман өмірі ұлттық тағдырды тудырушы халық өмірімен тұтасып кетеді дейді автор. Ол романның негізгі екінші кейіпкері ретінде Базаралыны алған. Егер Абай татуластырушы, айыптаушы, үкім айтушы болса, Базаралы айбат шегіп, кек алушы дейді. Осы орайда Әуезов шығармашылығының кейбір қырларын А. Горький шығармаларымен салыстырады. Осы мақалалар арқылы армян баспасөзіндө, әдеби сынында М. Әуезовтің роман-эпопеясына лайықты, жоғары баға беріліп, ол армян халқының рухани мүрасына қосылды. Армян халқы мен қазақ халықтарының тарихи тағдырлары әрқилы қалыптасқанмөн, екі халықтың да көркемдік шежірелерінде ұқсас жерлері де аз емес. Осы орайда екі халықтың да эпикалық мұраларында аса жақын болмағанмен, типологиялық байланыстардың бар екенін байқаймыз.С. Ханзяданның «Мхитар Спарапет», X. Даштенцтің «Диқан даусы», А. Сайнянның «Аңсау» т. б. романдары «Абай жолы» роман-попеясындағы секілді кейіпкерлерінің тағдыры халық тағдырымен байланысып жатқан, улттық мінез тарихи даму барысында алынған, халықтың ұзақ жылдарға созылған өмірі суреттелген, идеялық, көркемдік тенденциялары уқсас, кейіпкер сомдау принциптері, ұлттық тұрмысты бейнелеу әдістері бір, кең планды эпикалық шығармалар. Армян әдебиетінде жазушы ағартушылық қызметі жағынан да, өмірімен де, талант тағдырларымен де, азаматтығымен де Әуезовтің ұлы кейіпкеріне ұқсас X. Абовян жайында эпикалық біртұтас шығарма әзір жазылған жоқ. Абовянның орыс мәдениетімен байланысы да Абайға ұ қсас. Әуезов армянның ұлы ағартушысы және жазушысы X. Абовянды және революцияшыл демократ, жазушы М. Налбандянды, Грузияның И. Чавчавадзе, Украинаның Т. Шевченко сияқты дәуірлік маңызды мәселелерді шешкен, туған халықтарының тілін реформалаған, халық мүддесін жан-тәндерімен қорғаған патриот-жазушылардың қатарына тектен-тек қоймаған. Бір өкініштісі Ә. шығармаларының біразын армян оқырмандары өз тілдерінде әзірше оқи алмай келеді. Әйткенмен жазушының негізгі кітабы - «Абай жолы» роман-эпопеясының, біраз әңгімелерінің аударылуы армян халқының қазақ мәдениетіне деген шынайы қызығушылығын көрсетеді. Әуезов өзінің бір әдеби-сын мақаласында қазақ халқын бақыт іздеу жолында өн дала мен ғасырлар қойнауында көшіп жүрген «қасірет арқалаған кезбе» («трагический странник») деген екен. Арменияда кең дала жоқ, көшпелі өмір армяндарға тән емес, бірақ қазақ халқының ұлы жазушысы айтқан бул сөз армян халқының қасіретті тағдырына өте ұқсас.  
04.12.2012 11:27 8803

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға