Жаңалықтар

Абылай аспас сары бел

  Абылай аспас сары бел (асу) - Абылай аспайтын асу, баспайтын бел, алмайтын қамал, жеңбейтін жау жоқ дегеннің «кері» мағынадағы метафоралық баламасы. Яғни оның қазақтың даңқты ханы болғандығын білдіретін аллегориялық формула іспеттес ұғым. Фольклорлық дәстүрде хан Абылайдың жорықтарда талай тайғақ асудан төте жол тапқан асау өзеннен көпір салғызып ауыр қол өткізіп, жауды ту сыртынан тұтқиылдан соғып жеңіске жеткені айтылады. Сонда, «Абылай аспас сары бел» (немесе «Абылай аспас асу») адам баласының құдіреті де, әлеуеті де, мүмкіншілігі де жетпейтін тіршіліктегі нелер бір қиыншылықтың ең жоғарғы шегі бар екендігін айғақтайтын метафора болып шығады. Прецеденттік формула-фразеологизмге айналған ұғымды Абылай ханның қырғыздармен соғысқан жері - Қарабалта, Соқылыққа қарсы Сарыбел деп аталатын асумен байланыстырылады. Хан Абылай қырғыздарға жорық барысында Сарыбелді аса алмауының себептерін ауызша деректерде салқын күз түсіп, асудың мұзды болуымен түсіндірген екен. Ал, Мәшһүр Жүсіп Абылай ханның Сарыбелді ала алмауының себебін қазақ-қырғыз өзара бітім жасасып, қазақ ханы қырғыздан аманат алып, Қарабалта, Соқылықтан аспаймын деп уәде беруімен байланыстырады. Хан Абылай қырғыздан аманат алып, Тілеуберді Жамансартұлы бастаған екінші қырғыз елшілігімен қырғыз - қазақ шекарасы бойынша келісімге келуі «Абылай аспас сарыбел» тарихын аша түседі. Кейін екі халық арасындағы болған тарихи оқиғалар қазақ ханының бітімге келуін «аса алмадым» деген ұғымға балағандығын айғақтайды. Бітімге келу дегеннің бір мәні даудың шешілуі дегенді білдіретіні түсінікті, - деп топшылайды зерттеуші А.Ш.Махаева. Яғни «Абылай аспас сарыбел» ұғымы келістім деген мағынада қолданылып, осынау айтулы оқиға халық жадында парема-прецеденттік нұсқада сақталып қалды. Орайы келген соң айта кету керек, Абылайдың «Бекболаттан аса алмадым» деген атышулы сөзі де өзара келісім арқылы еларалық дауды шештім деген мағынаны білдірсе керек. Аталмыш ұғымға қатысты аңыздың басқаша нұсқасы бар. «Абылай хан қалмаққа жорыққа аттанып бара жатып, жолда Қаз дауысты Қазыбек бидің елінде бір ұлы жиынға кез болады. Сол аста Шаншар деген елдің қалжыңбас жас жігіттері: «Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсіргенде не қылар екен?» десіпті жезде деп ойнағанға меңзеп. Сонда Қаз дауысты Қазыбектің інісі, «мөр таңдайлы Балапан» арт жағынан барып, ханның артында тұрып, аңдаусызда шыбықпен басындағы бөркін қағып түсіреді. Алайда хан ештеңе демейді. «Жерге түскен бөрікті қайтып алып киюге жарамайды, жерде қала берсін» деп, бөрікті жерден алдырмайды. Сөйтіп, бөрік жерде қала береді, хан да үнсіз кете береді. Біраз уақыт өткен соң Қызылжарда жәрмеңке болады. Сол жәрмеңкеге базарлап барғандардың ішінен Тортуылдан Ботақанды, Қаракесектен Жанайды Абылайдың адамдары байлап алып қалады. Абылай хан Ботақанды тірілей көрге салдырып, үйіне келгенде ханымы «Ойбай, Орта жүзбен жауласпаңыз, шығара көріңіз», - дейді. Абылай ханымының сөзіне тоқтап, бір кісіні жіберіп, Ботақанға «көрден шықсын!» - дейді. Бірақ Ботақан, «үйге кірген құр шықпайды, көрге кірген тірі шықпайды» - деп, сіресіп жатып алыпты. Сонда Абылайдың өзі келіп, Ботақанды иінінен тартып, «шық» - дегенде, Ботақан өзінен-өзі долданып, жарылып өлген екен. «Абылай Ботақанды өлтіріпті, Жанайды байлап алып қалыпты!» - деп естіп, ел-жұрт намыстанады, Бес Мейрам болып аттанып, Абылайды шаппақшы болады. Ол кезде Бекболаттың алпыс бестегі күні екен, ал Едігенің жиырма бестегі күні екен. Екеуі жаздың шығуын күтпей, қыс ішінде атқа мінеді. Жақабатыр биге кісі жібереді. Сонда Жақабатыр: «Мен қартайдым, өмір бойы отырған жұртыма өрт салып, көшкенім жарамайды! Мен бармаймын, сен бар!» - деп, баласы Жанақты жібереді. Бекболат пен Едігеге сәлем де! «Ханын жаулаған қара оңбайды! Абылаймен ұрыс, соғыс қылмасын, бітім сөйлесіп, жарассын» - деген екен. Сонда Бекболат пен Едігеге еріп келген Көтеш ақын Абылайға былай деген екен: Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,  Есіл ер, жазыгы жоқ, неге өлтірдің?!  Хан басың қарашаңмен даулы болып,  Үстіне аң ордаңның қол келтірдің!  Абылай, күйіп кетті салған қалаң,  Мейрамға не дейсің жапқан жалаң!  Жанайды дәл бүгін босатпасаң,  Болады ертең жесір қатын-балаң! Бекболат пен Едіге осы сөзге тоқталып, екі жақ бітімге келісіпті. Хан баяғы хан, қарашы бұрынғы қарашы болып, масайрап қайтысыпты. Сол оқиғадан кейін осы оқиға өткен жер «Абылай аспаған сары бел» деп аталып кеткен екен» (Мәшһүр Жүсіп Көпей).  
04.12.2012 11:22 6633

 

Абылай аспас сары бел (асу) - Абылай аспайтын асу, баспайтын бел, алмайтын қамал, жеңбейтін жау жоқ дегеннің «кері» мағынадағы метафоралық баламасы. Яғни оның қазақтың даңқты ханы болғандығын білдіретін аллегориялық формула іспеттес ұғым. Фольклорлық дәстүрде хан Абылайдың жорықтарда талай тайғақ асудан төте жол тапқан асау өзеннен көпір салғызып ауыр қол өткізіп, жауды ту сыртынан тұтқиылдан соғып жеңіске жеткені айтылады. Сонда, «Абылай аспас сары бел» (немесе «Абылай аспас асу») адам баласының құдіреті де, әлеуеті де, мүмкіншілігі де жетпейтін тіршіліктегі нелер бір қиыншылықтың ең жоғарғы шегі бар екендігін айғақтайтын метафора болып шығады.
Прецеденттік формула-фразеологизмге айналған ұғымды Абылай ханның қырғыздармен соғысқан жері - Қарабалта, Соқылыққа қарсы Сарыбел деп аталатын асумен байланыстырылады. Хан Абылай қырғыздарға жорық барысында Сарыбелді аса алмауының себептерін ауызша деректерде салқын күз түсіп, асудың мұзды болуымен түсіндірген екен. Ал, Мәшһүр Жүсіп Абылай ханның Сарыбелді ала алмауының себебін қазақ-қырғыз өзара бітім жасасып, қазақ ханы қырғыздан аманат алып, Қарабалта, Соқылықтан аспаймын деп уәде беруімен байланыстырады. Хан Абылай қырғыздан аманат алып, Тілеуберді Жамансартұлы бастаған екінші қырғыз елшілігімен қырғыз - қазақ шекарасы бойынша келісімге келуі «Абылай аспас сарыбел» тарихын аша түседі.
Кейін екі халық арасындағы болған тарихи оқиғалар қазақ ханының бітімге келуін «аса алмадым» деген ұғымға балағандығын айғақтайды. Бітімге келу дегеннің бір мәні даудың шешілуі дегенді білдіретіні түсінікті, - деп топшылайды зерттеуші А.Ш.Махаева. Яғни «Абылай аспас сарыбел» ұғымы келістім деген мағынада қолданылып, осынау айтулы оқиға халық жадында парема-прецеденттік нұсқада сақталып қалды. Орайы келген соң айта кету керек, Абылайдың «Бекболаттан аса алмадым» деген атышулы сөзі де өзара келісім арқылы еларалық дауды шештім деген мағынаны білдірсе керек.
Аталмыш ұғымға қатысты аңыздың басқаша нұсқасы бар. «Абылай хан қалмаққа жорыққа аттанып бара жатып, жолда Қаз дауысты Қазыбек бидің елінде бір ұлы жиынға кез болады. Сол аста Шаншар деген елдің қалжыңбас жас жігіттері: «Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсіргенде не қылар екен?» десіпті жезде деп ойнағанға меңзеп. Сонда Қаз дауысты Қазыбектің інісі, «мөр таңдайлы Балапан» арт жағынан барып, ханның артында тұрып, аңдаусызда шыбықпен басындағы бөркін қағып түсіреді. Алайда хан ештеңе демейді. «Жерге түскен бөрікті қайтып алып киюге жарамайды, жерде қала берсін» деп, бөрікті жерден алдырмайды. Сөйтіп, бөрік жерде қала береді, хан да үнсіз кете береді. Біраз уақыт өткен соң Қызылжарда жәрмеңке болады. Сол жәрмеңкеге базарлап барғандардың ішінен Тортуылдан Ботақанды, Қаракесектен Жанайды Абылайдың адамдары байлап алып қалады. Абылай хан Ботақанды тірілей көрге салдырып, үйіне келгенде ханымы «Ойбай, Орта жүзбен жауласпаңыз, шығара көріңіз», - дейді. Абылай ханымының сөзіне тоқтап, бір кісіні жіберіп, Ботақанға «көрден шықсын!» - дейді. Бірақ Ботақан, «үйге кірген құр шықпайды, көрге кірген тірі шықпайды» - деп, сіресіп жатып алыпты. Сонда Абылайдың өзі келіп, Ботақанды иінінен тартып, «шық» - дегенде, Ботақан өзінен-өзі долданып, жарылып өлген екен. «Абылай Ботақанды өлтіріпті, Жанайды байлап алып қалыпты!» - деп естіп, ел-жұрт намыстанады, Бес Мейрам болып аттанып, Абылайды шаппақшы болады. Ол кезде Бекболаттың алпыс бестегі күні екен, ал Едігенің жиырма бестегі күні екен. Екеуі жаздың шығуын күтпей, қыс ішінде атқа мінеді. Жақабатыр биге кісі жібереді. Сонда Жақабатыр: «Мен қартайдым, өмір бойы отырған жұртыма өрт салып, көшкенім жарамайды! Мен бармаймын, сен бар!» - деп, баласы Жанақты жібереді. Бекболат пен Едігеге сәлем де! «Ханын жаулаған қара оңбайды! Абылаймен ұрыс, соғыс қылмасын, бітім сөйлесіп, жарассын» - деген екен. Сонда Бекболат пен Едігеге еріп келген Көтеш ақын Абылайға былай деген екен:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, 
Есіл ер, жазыгы жоқ, неге өлтірдің?! 
Хан басың қарашаңмен даулы болып, 
Үстіне аң ордаңның қол келтірдің! 
Абылай, күйіп кетті салған қалаң, 
Мейрамға не дейсің жапқан жалаң! 
Жанайды дәл бүгін босатпасаң, 
Болады ертең жесір қатын-балаң!
Бекболат пен Едіге осы сөзге тоқталып, екі жақ бітімге келісіпті. Хан баяғы хан, қарашы бұрынғы қарашы болып, масайрап қайтысыпты. Сол оқиғадан кейін осы оқиға өткен жер «Абылай аспаған сары бел» деп аталып кеткен екен» (Мәшһүр Жүсіп Көпей).
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға