Жаңалықтар

Армения баспасөзі, радио, теледидары

Армения баспасөзі, радио, теледидары — Арменияда кітап бастыру ісі Венецияда 1512 жылы шықкан "Парзатумар" ("Түсіндірме календарь") атты тұңғыш армян кітабынан басталады. Алғашқы армян баспаханасы 1567 жылы Константинопольде құрылды, кейін Римде (1584), Парижде (1633), Лейпцигте (1680) армян баспаханалары ашылды. Армян тілінде тұңғыш географиялық карта 1696 жылы шамасында Амстердамда, армян журналы "Аздарар" ("Хабаршы") 1794 жылы Мадраста (Индия), армян газеті "Аревелян цануцманц" ("Шығыс хабарнамасы") 1815 жылы Астраханда шықты. Шығыс Армения Ресейге қосылғаннан кейін (1828) армян тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдар Ереванда, Петербург, Астрахан, Тбилиси, Бакуде басылып шығарылды. 19 ғасырдың 2-жартысында "Мету Айастанн" ("Армения арасы", Тбилиси, 1858-86) газеті мен "Масяц Агавни" ("Масис көгершіні", Париж, Феодосия, 1855-65), "Мурч" ("Балга", Тбилиси, 1889-1907) журналдары шығып тұрды. 1902-07 жылдары Закавказьеде С. Шаумян, С. Спандарян, Б.Кнунянц сияқты лениндік мектептің марксшіл-публицистері шығарған большевиктік "Пролетариат" (1902, армян тілінде), "Пролетариаты крив" ("Пролетариат күресі", 1903-05), "Банвори дзайн" ("жұмысшы үні" РСДЖП Баку большевиктік ұйымының тұңғыш жасырын органы, 1906), жария "Кайц" ("Ұшқын", 1906), "Кочдевет" ("Ұран", 1906, армян, эзірбайжан тілдерінде), жария "Орер" ("Күндер", 1907) т.б. газеттер Арменияда революциялық ой-пікір мен қозғалыстың кең қанат жайып, өрістеуіне зор үлес қосты. Алғашқы маркстік бағыттағы журнал "Нор-Хоск" ("Жаңа сөз", 1911-12). 1913 жылы Арменияда барлығы 55 кітап, 2 журнал, 6 газет шықты. Кеңес революциясын әзірлеу карсаңы мен өткізу кезінде армян тілінде Бакуде "Социал-демократ", Тифлисте "Банвори крив" ("жұмысшы күресі"), "Нор кянк" ("Жаңа өмір"), Александропольде орыс тілінде "Правда жизни" газеттері шықты. Кеңес өкіметі тұсындағы тұңғыш армян газеті Баку коммунасының органы "Техекату" ("Хабар", 1918). 1920 жылы Армения телеграф агенттігі (АрмТАГ), 1921 жылы "Айастан" ("Армения") мемлекеттік баспасы құрылды. 1968 жылы республикалық "Айастан", "Луйс" ("Сэуле") т.б. баспалар жалпы таралымы 9870 мын дана 1104 кітап шығарды. Осы жылы Арменияда 91 газет, 95 журнал шықты. Республикалық газеттер: армян тілінде "Советакан Айастан" ("Советтік Армения", 1920), "Авангард" (1923), "Пионер канч" ("Пионер ұраны", 1925), "Гракан терт" ("Әдебиет газеті", 1932) т. б., орыс тілінде "Коммунист" (1934), "Комсомолец" (1938), әзірбайжан тілінде "Совет әрменистаны" (1921), күрд тілінде "Риа-Таза" ("Жаңа жол", 1930). 1965 жылы бастап шетелдегі армяндар үшін арнаулы апталық "Айреники Дзайн" ("Отан дауысы") газеті шығады. Партиялық, қоғамдық-саяси, әдеби, сатиралық журналдар; "Ленинян угиов" ("Лениннің жолымен", 1923), "Советакан Айастан" (1945), "Айастани ашхатаворуи" ("Армениянын еңбекші әйелдері", 1958), "Советакан граканутгон" ("Совет әдебиеті", 1933), "Советакан арвест" ("Советтік өнер", 1932), "Возни" ("Кірпі", 1954) т. б. Ереванда радиохабары 1926 жылы, телеорталық 1956 жылы бастап жұмыс істейді. Радио және телехабар армян, орыс, әзірбайжан, күрд тілдерінде жүргізіледі. Шетелдегі армяндар үшін армян, араб тілдерінде арнаулы радиохабар беріледі.  
04.12.2012 11:20 3425

Армения баспасөзі, радио, теледидары — Арменияда кітап бастыру ісі Венецияда 1512 жылы шықкан "Парзатумар" ("Түсіндірме календарь") атты тұңғыш армян кітабынан басталады.

Алғашқы армян баспаханасы 1567 жылы Константинопольде құрылды, кейін Римде (1584), Парижде (1633), Лейпцигте (1680) армян баспаханалары ашылды. Армян тілінде тұңғыш географиялық карта 1696 жылы шамасында Амстердамда, армян журналы "Аздарар" ("Хабаршы") 1794 жылы Мадраста (Индия), армян газеті "Аревелян цануцманц" ("Шығыс хабарнамасы") 1815 жылы Астраханда шықты. Шығыс Армения Ресейге қосылғаннан кейін (1828) армян тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдар Ереванда, Петербург, Астрахан, Тбилиси, Бакуде басылып шығарылды. 19 ғасырдың 2-жартысында "Мету Айастанн" ("Армения арасы", Тбилиси, 1858-86) газеті мен "Масяц Агавни" ("Масис көгершіні", Париж, Феодосия, 1855-65), "Мурч" ("Балга", Тбилиси, 1889-1907) журналдары шығып тұрды.
1902-07 жылдары Закавказьеде С. Шаумян, С. Спандарян, Б.Кнунянц сияқты лениндік мектептің марксшіл-публицистері шығарған большевиктік "Пролетариат" (1902, армян тілінде), "Пролетариаты крив" ("Пролетариат күресі", 1903-05), "Банвори дзайн" ("жұмысшы үні" РСДЖП Баку большевиктік ұйымының тұңғыш жасырын органы, 1906), жария "Кайц" ("Ұшқын", 1906), "Кочдевет" ("Ұран", 1906, армян, эзірбайжан тілдерінде), жария "Орер" ("Күндер", 1907) т.б. газеттер Арменияда революциялық ой-пікір мен қозғалыстың кең қанат жайып, өрістеуіне зор үлес қосты. Алғашқы маркстік бағыттағы журнал "Нор-Хоск" ("Жаңа сөз", 1911-12). 1913 жылы Арменияда барлығы 55 кітап, 2 журнал, 6 газет шықты. Кеңес революциясын әзірлеу карсаңы мен өткізу кезінде армян тілінде Бакуде "Социал-демократ", Тифлисте "Банвори крив" ("жұмысшы күресі"), "Нор кянк" ("Жаңа өмір"), Александропольде орыс тілінде "Правда жизни" газеттері шықты. Кеңес өкіметі тұсындағы тұңғыш армян газеті Баку коммунасының органы "Техекату" ("Хабар", 1918).

1920 жылы Армения телеграф агенттігі (АрмТАГ), 1921 жылы "Айастан" ("Армения") мемлекеттік баспасы құрылды. 1968 жылы республикалық "Айастан", "Луйс" ("Сэуле") т.б. баспалар жалпы таралымы 9870 мын дана 1104 кітап шығарды. Осы жылы Арменияда 91 газет, 95 журнал шықты. Республикалық газеттер: армян тілінде "Советакан Айастан" ("Советтік Армения", 1920), "Авангард" (1923), "Пионер канч" ("Пионер ұраны", 1925), "Гракан терт" ("Әдебиет газеті", 1932) т. б., орыс тілінде "Коммунист" (1934), "Комсомолец" (1938), әзірбайжан тілінде "Совет әрменистаны" (1921), күрд тілінде "Риа-Таза" ("Жаңа жол", 1930).

1965 жылы бастап шетелдегі армяндар үшін арнаулы апталық "Айреники Дзайн" ("Отан дауысы") газеті шығады. Партиялық, қоғамдық-саяси, әдеби, сатиралық журналдар; "Ленинян угиов" ("Лениннің жолымен", 1923), "Советакан Айастан" (1945), "Айастани ашхатаворуи" ("Армениянын еңбекші әйелдері", 1958), "Советакан граканутгон" ("Совет әдебиеті", 1933), "Советакан арвест" ("Советтік өнер", 1932), "Возни" ("Кірпі", 1954) т. б. Ереванда радиохабары 1926 жылы, телеорталық 1956 жылы бастап жұмыс істейді. Радио және телехабар армян, орыс, әзірбайжан, күрд тілдерінде жүргізіледі. Шетелдегі армяндар үшін армян, араб тілдерінде арнаулы радиохабар беріледі.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға