Жаңалықтар

Абат-Байтақ

  Абат-Байтақ — зират, Батыс Қазақстандағы діни - жерлеу кешені. Сонымен қатар, Қазақстанның Актөбе облысы, Қобда ауданының Талдысай аулынан 12 шақырым жерде орналасқан тап осы зират аумағындағы кесене. Сипаттамасы Зират сәулетті – жоспарлық және көркем өнер шешімімен ерекшеленетін әртүрлі мемориалдық құрылыстардан тұрады. Зираттың ортасында 9,52×9,8 м көлемді, екі бөліктен тұратын 11 – қырлы дағыра мен конустық күмбезді Абат – Байтақ кесенесі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ішкі қаланған қабаттарда қаттама кірпіш қолданылған. Кесенеге жақын жерде XVIII ғасырда Абат – Байтақ кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген кірпіштен салынған басқа кесене орналасқан. Халық арасында оны «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп атайды. Кесенеден батысқа қарай қашаулы стелалы тастармен өрнектелген, XVIII-XX ғасырларға салынған 200 құлпытастар орналасқан. Құлпытастар композияциялық және сәндік шешімдердің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Осы ретте 1848 жылы салынған құлпытас қашау шеберлігімен таң қалдырады. Кейбір көлемді – сәндік элементтер ағашты ою әдісімен жасалған.1893 жылы әйгілі құмдауыт блоктерінен ойып салынған құлпытас сирек кездесетін түрге жатады. Абат – Байтақ ескерткішінде қазақ тілінде арабша графикалық құлпытас жазуы мен тамға ойып жазылған. Зерттеу мен қорғау Абат – Байтақ кесенесі туралы алғаш рет XVIII ғасырда подпоручия және инженер Ригельман айтқан болатын. Оның деректерінде және тарихшы П.И.Рычковтың деректерінде кесене «Байтан» деп аталынған. Толық түрде ескерткіш Я.Я.Полферовтың Орынбор ғылыми архивті комиссиясының мүшелерімен және ғалым Жозеф Кастаньемен суреттелген. Кейінгі уақытта ескерткіш біржола қиратылып, ғылыми зерттеулер үшін мәнгі жоғалған қайіпте болды. Тек 1980 жылдарының бас жағында Қазақстанның Мәдениет Министрінің экспедициясы аясында археолог Серік Әжіғалиев іс жүзінде оны қайтадан ашты. 1982 жылы зират мемлекеттік маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің қатарына енгізілді және мемлекет оны өз қорғауына алды. Зерттеулерден кейін Абат – Байтақ кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Ол үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен 30 миллион тенге және кірпіштерді күйдіру пешін салу үшін жергілікті бюджеттен 3,5 миллион тенге бөлінді. Кесенені толық қалау үшін ұсталарға 32 мың кірпіш тағайындау қажет болды.  
04.12.2012 11:03 4155

 

Абат-Байтақ — зират, Батыс Қазақстандағы діни - жерлеу кешені. Сонымен қатар, Қазақстанның Актөбе облысы, Қобда ауданының Талдысай аулынан 12 шақырым жерде орналасқан тап осы зират аумағындағы кесене.
Сипаттамасы
Зират сәулетті – жоспарлық және көркем өнер шешімімен ерекшеленетін әртүрлі мемориалдық құрылыстардан тұрады. Зираттың ортасында 9,52×9,8 м көлемді, екі бөліктен тұратын 11 – қырлы дағыра мен конустық күмбезді Абат – Байтақ кесенесі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ішкі қаланған қабаттарда қаттама кірпіш қолданылған. Кесенеге жақын жерде XVIII ғасырда Абат – Байтақ кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген кірпіштен салынған басқа кесене орналасқан. Халық арасында оны «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп атайды.
Кесенеден батысқа қарай қашаулы стелалы тастармен өрнектелген, XVIII-XX ғасырларға салынған 200 құлпытастар орналасқан. Құлпытастар композияциялық және сәндік шешімдердің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Осы ретте 1848 жылы салынған құлпытас қашау шеберлігімен таң қалдырады. Кейбір көлемді – сәндік элементтер ағашты ою әдісімен жасалған.1893 жылы әйгілі құмдауыт блоктерінен ойып салынған құлпытас сирек кездесетін түрге жатады. Абат – Байтақ ескерткішінде қазақ тілінде арабша графикалық құлпытас жазуы мен тамға ойып жазылған.
Зерттеу мен қорғау
Абат – Байтақ кесенесі туралы алғаш рет XVIII ғасырда подпоручия және инженер Ригельман айтқан болатын. Оның деректерінде және тарихшы П.И.Рычковтың деректерінде кесене «Байтан» деп аталынған. Толық түрде ескерткіш Я.Я.Полферовтың Орынбор ғылыми архивті комиссиясының мүшелерімен және ғалым Жозеф Кастаньемен суреттелген.
Кейінгі уақытта ескерткіш біржола қиратылып, ғылыми зерттеулер үшін мәнгі жоғалған қайіпте болды. Тек 1980 жылдарының бас жағында Қазақстанның Мәдениет Министрінің экспедициясы аясында археолог Серік Әжіғалиев іс жүзінде оны қайтадан ашты.
1982 жылы зират мемлекеттік маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің қатарына енгізілді және мемлекет оны өз қорғауына алды.
Зерттеулерден кейін Абат – Байтақ кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Ол үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен 30 миллион тенге және кірпіштерді күйдіру пешін салу үшін жергілікті бюджеттен 3,5 миллион тенге бөлінді. Кесенені толық қалау үшін ұсталарға 32 мың кірпіш тағайындау қажет болды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға