Жаңалықтар

Тәжік Эйр

Құрылған жылы    1924, 3 қыркүйек Хабтар Душанбе Әуежайы Екінші Дәрежелі Хаб    Худжанд Әуежайы Ұшақтар саны    14 Ұшу бағыттары    12 Бас компаниясы    Тәжікстан Үкіметі Штаб-пәтері    Душанбе, Тәжікстан Басшылары    Тижана Бинесрисингх (Teejana Beenessreesingh (CEO)) Сайты: http://www.tajikair.tj/ Тәжік Эйр (тәжікше Тољик Эйр, ағылш. Tajik Air) Тәжікстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Ол Душанбе Әуежайында негізделген. Тарихы Компания өз жұмысын 1924 жылдың 3 қыркүйегінде Tajik Aviation атымен бастаған. Оның ең алғаш рейсі Бұқарадан Душанбеге бағытталған. Бұл әлемдегі жетінші алғашқы әуе тасымалдаушы болып табылады. Тәуелсіздіктен кейін Азаматтық Авияция министрлігінің қайта құрылуынан кейін Тәжікстан Републикасының Мемлекеттік Әуе Компаниясы құрылды.  1992 жылдың 2 наурызында Тәжікстан әуежолдары “Tojikiston” белгісімен қысқа мерзім аралығында Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкстан, Иран, Индия, Сауд Арабиясы, Қытай және Германияға ұша бастады. Компанияның басқару жүйесін жақсарту үшін ол Тәжікстан Мемлекеттік Унитарлы Авиация Ұйымы болып қайта құрылды. Яғни, ол енді мемлекет еншісінен шыққан, рыноктағы толыққанды коммерциялық бірлік болып танылды. Қазіргі жағдайы Тәжік Эйр бренді аймақта қатаң бәсекеге тап болды. 2006 жылдың тоғыз айында әуекомпания тек 320,000 жолаушы тасып, 2005 жылмен салыстырғанда жолаушылар саны күрт төмендеп кетті. Осыған төтеп беру үшін Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің көмегімен компания Airbus A320 және Boeing 737 ұшақтарын техникалық зерттеуден өткізуде. 2007 жылы әуекомпанияға Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынды. Алайда ол уақытта компания тек Германияның Дюссельдорф қаласына ғана ұшып жүрген еді. Ұшу бағыттары Тәжік Эйр келесідей бағыттарға қызмет етеді (2009 тамыз айына қарай): •    Иран o    Теһран - Имам Хомени Халықаралық Әуежайы •    Қазақстан o    Алматы - Халықаралық Алматы Әуежайы o    Астана - Халықаралық Астана Әуежайы •    Қырғызстан o    Бішкек - Манас Халықаралық Әуежайы •    Ресей o    Мәскеу - Домодедово Халықаралық Әуежайы o    Новосібір - Толмачево Әуежайы o    Самара - Куромох Халықаралық Әуежайы o    Сән-Питербор - Пулково Әуежайы o    Екатеринбург - Колтсово Әуежайы o    Нижний Новгород - Нижний Новгород Әуежайы •    Тәжікстан o    Душанбе - Душанбе Әуежайы Хаб o    Хорог - Хорог Әуежайы o    Худжанд - Худжанд Әуежайы •    Түркия o    Ыстамбұл - Халықаралық Ататүрк Әуежайы •    Біріккен Араб Әмірліктері o    Шаржа - Халықаралық Шаржа Әуежайы Әуепаркі Тәжік Эйр әуепаркі төмендегі ұшақтармен жабдықталған (2009 жылдың тамызы): Ұшақ    Барлығы    Қосымша Антонов АН-24    5    Ішкі Антонов АН-26    2     Антонов АН-28    8    Ішкі Boeing 737-200 2    Skylink Arabia-ға біреуі қызмет етуде Boeing 757-200 1    Nordwind Airlines қызмет көрсетуде Туполев ТУ-154B2    2     Туполев ТУ-154M    4    Taban Air-ға екеуі қызмет етуде Як-40    4    Ішкі     28      
04.12.2012 10:52 3097

Құрылған жылы    1924, 3 қыркүйек
Хабтар
Душанбе Әуежайы

Екінші Дәрежелі Хаб    Худжанд Әуежайы

Ұшақтар саны    14
Ұшу бағыттары    12
Бас компаниясы    Тәжікстан Үкіметі
Штаб-пәтері    Душанбе, Тәжікстан

Басшылары    Тижана Бинесрисингх (Teejana Beenessreesingh (CEO))
Сайты: http://www.tajikair.tj/


Тәжік Эйр (тәжікше Тољик Эйр, ағылш. Tajik Air) Тәжікстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Ол Душанбе Әуежайында негізделген.

Тарихы

Компания өз жұмысын 1924 жылдың 3 қыркүйегінде Tajik Aviation атымен бастаған. Оның ең алғаш рейсі Бұқарадан Душанбеге бағытталған. Бұл әлемдегі жетінші алғашқы әуе тасымалдаушы болып табылады.
Тәуелсіздіктен кейін

Азаматтық Авияция министрлігінің қайта құрылуынан кейін Тәжікстан Републикасының Мемлекеттік Әуе Компаниясы құрылды.  1992 жылдың 2 наурызында Тәжікстан әуежолдары “Tojikiston” белгісімен қысқа мерзім аралығында Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкстан, Иран, Индия, Сауд Арабиясы, Қытай және Германияға ұша бастады.
Компанияның басқару жүйесін жақсарту үшін ол Тәжікстан Мемлекеттік Унитарлы Авиация Ұйымы болып қайта құрылды. Яғни, ол енді мемлекет еншісінен шыққан, рыноктағы толыққанды коммерциялық бірлік болып танылды.

Қазіргі жағдайы

Тәжік Эйр бренді аймақта қатаң бәсекеге тап болды. 2006 жылдың тоғыз айында әуекомпания тек 320,000 жолаушы тасып, 2005 жылмен салыстырғанда жолаушылар саны күрт төмендеп кетті. Осыған төтеп беру үшін Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің көмегімен компания Airbus A320 және Boeing 737 ұшақтарын техникалық зерттеуден өткізуде.

2007 жылы әуекомпанияға Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынды. Алайда ол уақытта компания тек Германияның Дюссельдорф қаласына ғана ұшып жүрген еді.

Ұшу бағыттары

Тәжік Эйр келесідей бағыттарға қызмет етеді (2009 тамыз айына қарай):

•    Иран
o    Теһран - Имам Хомени Халықаралық Әуежайы
•    Қазақстан
o    Алматы - Халықаралық Алматы Әуежайы
o    Астана - Халықаралық Астана Әуежайы
•    Қырғызстан
o    Бішкек - Манас Халықаралық Әуежайы
•    Ресей
o    Мәскеу - Домодедово Халықаралық Әуежайы
o    Новосібір - Толмачево Әуежайы
o    Самара - Куромох Халықаралық Әуежайы
o    Сән-Питербор - Пулково Әуежайы
o    Екатеринбург - Колтсово Әуежайы
o    Нижний Новгород - Нижний Новгород Әуежайы
•    Тәжікстан
o    Душанбе - Душанбе Әуежайы Хаб
o    Хорог - Хорог Әуежайы
o    Худжанд - Худжанд Әуежайы
•    Түркия
o    Ыстамбұл - Халықаралық Ататүрк Әуежайы
•    Біріккен Араб Әмірліктері
o    Шаржа - Халықаралық Шаржа Әуежайы

Әуепаркі

Тәжік Эйр әуепаркі төмендегі ұшақтармен жабдықталған (2009 жылдың тамызы):
Ұшақ    Барлығы    Қосымша
Антонов АН-24    5    Ішкі
Антонов АН-26    2    
Антонов АН-28    8    Ішкі
Boeing 737-200
2    Skylink Arabia-ға біреуі қызмет етуде
Boeing 757-200
1    Nordwind Airlines қызмет көрсетуде
Туполев ТУ-154B2    2    
Туполев ТУ-154M    4    Taban Air-ға екеуі қызмет етуде
Як-40    4    Ішкі
    28    
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға