Жаңалықтар

Арилер

  Арилер — ежелгі тайпа. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) және үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы — “арья”. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар оңт.-шығысқа қарай бет алып, Солт. Үндістанға, Иран мен Месопатамия жеріне барып тоқтаған. Үндіарилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін қалдырған. Өте ерте замандарда арилер мен үндіарилердің ата-бабалары бір халық болып саналып, түпкіүндіирандықтар (протоиндоиранцы) деп аталуда. Олардың қоғамы басты екі топқа бөлінді: қызметкерлері — абыздар және бақташы-жауынгерлер. Үнді-иран халықтарының көші-қонына байланысты археологиялық мәдениеттер. Андронов мәдениеті қызылмен бөлінген, маргиандық — сарғылт, яздікі — сарымен, гандхар (Swat) — қызыл күрең, H зират мәдениеті — күлгін, культура охряной расписной керамики (Copper Hoard) — қара-көк, сұр жазба қыш мәдениеті ақшыл-көкпен боялған. Арилер көшпелі тіршілік етіп, мал шаруашылығымен айналысқан, ұрыстарда әскери арбаларды пайдаланған. Арбаға жегу үшін жабайы жылқыларды ұстап, қолға үйреткен. Ежелгі Қазақстанның таулы аймақтарында, әсіресе, Алтайда мыс пен қоланың мол қоры болған. Арилер метал өндіріп, әртүрлі тұрмыс құралдарын, қару-жарақтар соққан. Металдан жасалған қарулармен жарақтанған дала тұрғындары сұсты жауынгерлерге айналды. Арбаның пайда болуына байланысты “қаһармандық ғасыр” (“героический век”) басталды. Мұздай қаруланған далалық жасақтар табыс табу, әрі даңқын асыру үшін көршілес елдерге жорықтар ұйымдастырып отырған. Ұлы қоныс аудару кезеңінде Арилердің бәрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі — сақ, сармат, скифтерге араласып, сіңісіп кетті. Арилер өзін қоршаған орта, әлемнің тылсым сырларын түсінуге ұмтылды: тылсым күштердің иесі құдай деп танып, әрбіріне ат таңды, құдаймен тілдесуге ұмтылып, табыну мінәжаттарын тудырды. Әлемдегі жалғыз Жаратушыға ғана табынуды қолдаған дін Ұлы Даладағы көшпелілер ортасында туып, өзге халықтар арасына тарап, насихатталды. Бұл діни ілімнің негізін салушы — Заратуштра пайғамбар, ал оның діни ілімі қазіргі ғылымда заратуштрашылдық (зороастризм) деп аталады.
04.12.2012 10:51 7799

 

Арилер — ежелгі тайпа. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) және үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы — “арья”. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар оңт.-шығысқа қарай бет алып, Солт. Үндістанға, Иран мен Месопатамия жеріне барып тоқтаған. Үндіарилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін қалдырған. Өте ерте замандарда арилер мен үндіарилердің ата-бабалары бір халық болып саналып, түпкіүндіирандықтар (протоиндоиранцы) деп аталуда. Олардың қоғамы басты екі топқа бөлінді: қызметкерлері — абыздар және бақташы-жауынгерлер.

Үнді-иран халықтарының көші-қонына байланысты археологиялық мәдениеттер. Андронов мәдениеті қызылмен бөлінген, маргиандық — сарғылт, яздікі — сарымен, гандхар (Swat) — қызыл күрең, H зират мәдениеті — күлгін, культура охряной расписной керамики (Copper Hoard) — қара-көк, сұр жазба қыш мәдениеті ақшыл-көкпен боялған.

Арилер көшпелі тіршілік етіп, мал шаруашылығымен айналысқан, ұрыстарда әскери арбаларды пайдаланған. Арбаға жегу үшін жабайы жылқыларды ұстап, қолға үйреткен. Ежелгі Қазақстанның таулы аймақтарында, әсіресе, Алтайда мыс пен қоланың мол қоры болған. Арилер метал өндіріп, әртүрлі тұрмыс құралдарын, қару-жарақтар соққан. Металдан жасалған қарулармен жарақтанған дала тұрғындары сұсты жауынгерлерге айналды. Арбаның пайда болуына байланысты “қаһармандық ғасыр” (“героический век”) басталды. Мұздай қаруланған далалық жасақтар табыс табу, әрі даңқын асыру үшін көршілес елдерге жорықтар ұйымдастырып отырған. Ұлы қоныс аудару кезеңінде Арилердің бәрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі — сақ, сармат, скифтерге араласып, сіңісіп кетті. Арилер өзін қоршаған орта, әлемнің тылсым сырларын түсінуге ұмтылды: тылсым күштердің иесі құдай деп танып, әрбіріне ат таңды, құдаймен тілдесуге ұмтылып, табыну мінәжаттарын тудырды. Әлемдегі жалғыз Жаратушыға ғана табынуды қолдаған дін Ұлы Даладағы көшпелілер ортасында туып, өзге халықтар арасына тарап, насихатталды. Бұл діни ілімнің негізін салушы — Заратуштра пайғамбар, ал оның діни ілімі қазіргі ғылымда заратуштрашылдық (зороастризм) деп аталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға