Жаңалықтар

"Абай" операсы

  «Абай» операсы. Композитор А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің операсы. Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 ж. желтоқсанның 26 күні Қазақтың опера және балет театрында Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссері Қ. Жандарбеков, суретшісі Қ. Қожықов, дирижері Л. М. Шаргородский болды. Операның 2-редакциясын Жұбанов пен Хамиди 1956 ж. қайта жазды. Бұл жолы оны сахнаға қойған - режиссері Қ. Жандарбеков пен Қ. Байсейітов, суретшісі - А. Ненашев, дирижері - Т. Османов. Операда басты кейіпкер - Абайдың өмір сүрген заманы, қазақ даласындағы Ресей патшалығының отаршыл саясаты, қазақ халқын бір жағынан орыс әкімдері, екінші жағынан жергілікті феодалдардың қанауы, ақынның еңбекші халық үшін істеген қоғамдық, адамгершілік қызметтері көрініс тапқан. Композиторлар-қазақтардың қоғамдық, әлеуметтік тұрмысын суреттей отырып, ақын тұлғасын оның реакцияшыл болмысқа, бай-феодалдарға қарсы күрес үстінде көрсете білген. Операда бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі түрлі әлеуметтік күш: Жақсылық пен Зұлымдық, яғни, алдыңғы қатарлы озық ой мен кертартпа күш үнемі арбасып отырады. Операда жаңашыл жастардың бірі Абайдың шәкірті - Айдар. Сүйенері жоқ, бірақ әділдікті көксеген, жолы түзу, дарынды жас ақын. Оның сүйгені Ажар да өзінің бас бостандығын аңсаған, сол үшін әділетсіздікке қарсы күресіп келе жатқан жағымды тұлға. Абайдың достары Көкбай, Қарлығаштар да тартымды бейнелер. Операдағы жағымсыз кейіпкерлердің бірі - Әзім, ол Абайдың жақыны, ақын, бірақ оның негізгі ұстаған жолы, тілегі Абайға қарсы. Операның өн-бойында Әзімнің жүріс-тұрысы, әрекеті, оның халық алдындағы сөзі мен билігі оны Абай жағындағы адам сияқты көрсетеді де, шығарма соңында ол Айдарға у беріп өлтіреді. Осының өзі Абай арманының құлаған сәтін көрсетсе де.осы тұстағы қуатты ария шындықты тап басып, ұлы ақынның болашаққа сеніммен қарайтынын танытады. Операның мазмұны мен кейіпкерлердің бір- бірімен қарым-қатынасы, шиеленіскен тартыс шиыршық атқан уытты музыка арқылы ашыла түседі. Операның жалпы музыкасы халық әндерімен әдемі жарасым тапқан. Абайдың кейбір ариялары мен ариозалары ұлы ақынның өз әндерімен үндес пайдаланылған, ал бірқатары халық музыкасынан алынған, сондай-ақ Ӏ-актідегі «Қай талқы құл алдына құрылмаған» деп басталатын ариясы мен «Зарлының наласы, жас жүрек жарасы» әні композиторлардың өздері туғызған туындылар. Операдағы Абай, Айдар, Ажар ариялары әуендік жағынан бай, үлкен шеберлікпен жазылған. Басқа да кейіпкерлердің ариялары, дуэттері, ансамбльдері, речитативтік әндері, хорлар мен би музыкалары операның жалпы драматург, құрылысымен тығыз байланысты және Абай әндерімен, халық музыкасымен сарындас: Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1 акт, 2 картина), «Айттым сәлем, қалам қас» (3 акт), «Сегіз аяқ» (4 акт) әндерімен қоса «Қаралы қайғы кештім-ай, талай, талай» (1 акт) немесе «Қош, жазықсыз арыстаным» (4 акт) деп басталатын тұстардан Біржанның «Ақ тентек» әнінің әуені естілгендей болады. Операда Нарымбет пен Жиренше тұлғаларын бейнелеуге речитативтік әндер пайдаланылған. «Абай» операсының алғашқы қойылымында Абайдың бейнесін - Р. Абдуллин, Ажарды - К. Байсейітова, Айдарды - Б. Досымжанов, Әзімді - М. Абдуллин, Қарлығашты - О. Симоновқа, Көкбайды - А. Байғожаев, Сырттанды - М. Толыбаев, Жиреншені-С. Әбжанов, Нарымбетті - Ә. Мұсабеков, Месті - Ғ. Құрманғалиев сомдады. Бұл опера – қазақ операсының классик, үлгісі және опера өнеріндегі жаңа белес. Опера қазақтың опера және балет театры репертуарынан берік орын алды.Театр өзінің жыл сайынғы жаңа маусымын осы операмен ашады. Опера 1958 ж. Москвада өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің он күндігінде қойылды. Композитор А. Жұбанов пен Л. Хамидиге «Абай» операсы үшін Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978 Ж.).  
04.12.2012 10:48 19846

 

«Абай» операсы. Композитор А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің операсы. Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 ж. желтоқсанның 26 күні Қазақтың опера және балет театрында Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссері Қ. Жандарбеков, суретшісі Қ. Қожықов, дирижері Л. М. Шаргородский болды. Операның 2-редакциясын Жұбанов пен Хамиди 1956 ж. қайта жазды.
Бұл жолы оны сахнаға қойған - режиссері Қ. Жандарбеков пен Қ. Байсейітов, суретшісі - А. Ненашев, дирижері - Т. Османов. Операда басты кейіпкер - Абайдың өмір сүрген заманы, қазақ даласындағы Ресей патшалығының отаршыл саясаты, қазақ халқын бір жағынан орыс әкімдері, екінші жағынан жергілікті феодалдардың қанауы, ақынның еңбекші халық үшін істеген қоғамдық, адамгершілік қызметтері көрініс тапқан. Композиторлар-қазақтардың қоғамдық, әлеуметтік тұрмысын суреттей отырып, ақын тұлғасын оның реакцияшыл болмысқа, бай-феодалдарға қарсы күрес үстінде көрсете білген. Операда бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі түрлі әлеуметтік күш: Жақсылық пен Зұлымдық, яғни, алдыңғы қатарлы озық ой мен кертартпа күш үнемі арбасып отырады. Операда жаңашыл жастардың бірі Абайдың шәкірті - Айдар. Сүйенері жоқ, бірақ әділдікті көксеген, жолы түзу, дарынды жас ақын. Оның сүйгені Ажар да өзінің бас бостандығын аңсаған, сол үшін әділетсіздікке қарсы күресіп келе жатқан жағымды тұлға. Абайдың достары Көкбай, Қарлығаштар да тартымды бейнелер. Операдағы жағымсыз кейіпкерлердің бірі - Әзім, ол Абайдың жақыны, ақын, бірақ оның негізгі ұстаған жолы, тілегі Абайға қарсы. Операның өн-бойында Әзімнің жүріс-тұрысы, әрекеті, оның халық алдындағы сөзі мен билігі оны Абай жағындағы адам сияқты көрсетеді де, шығарма соңында ол Айдарға у беріп өлтіреді. Осының өзі Абай арманының құлаған сәтін көрсетсе де.осы тұстағы қуатты ария шындықты тап басып, ұлы ақынның болашаққа сеніммен қарайтынын танытады.
Операның мазмұны мен кейіпкерлердің бір- бірімен қарым-қатынасы, шиеленіскен тартыс шиыршық атқан уытты музыка арқылы ашыла түседі. Операның жалпы музыкасы халық әндерімен әдемі жарасым тапқан. Абайдың кейбір ариялары мен ариозалары ұлы ақынның өз әндерімен үндес пайдаланылған, ал бірқатары халық музыкасынан алынған, сондай-ақ Ӏ-актідегі «Қай талқы құл алдына құрылмаған» деп басталатын ариясы мен «Зарлының наласы, жас жүрек жарасы» әні композиторлардың өздері туғызған туындылар. Операдағы Абай, Айдар, Ажар ариялары әуендік жағынан бай, үлкен шеберлікпен жазылған. Басқа да кейіпкерлердің ариялары, дуэттері, ансамбльдері, речитативтік әндері, хорлар мен би музыкалары операның жалпы драматург, құрылысымен тығыз байланысты және Абай әндерімен, халық музыкасымен сарындас: Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1 акт, 2 картина), «Айттым сәлем, қалам қас» (3 акт), «Сегіз аяқ» (4 акт) әндерімен қоса «Қаралы қайғы кештім-ай, талай, талай» (1 акт) немесе «Қош, жазықсыз арыстаным» (4 акт) деп басталатын тұстардан Біржанның «Ақ тентек» әнінің әуені естілгендей болады. Операда Нарымбет пен Жиренше тұлғаларын бейнелеуге речитативтік әндер пайдаланылған.
«Абай» операсының алғашқы қойылымында Абайдың бейнесін - Р. Абдуллин, Ажарды - К. Байсейітова, Айдарды - Б. Досымжанов, Әзімді - М. Абдуллин, Қарлығашты - О. Симоновқа, Көкбайды - А. Байғожаев, Сырттанды - М. Толыбаев, Жиреншені-С. Әбжанов, Нарымбетті - Ә. Мұсабеков, Месті - Ғ. Құрманғалиев сомдады. Бұл опера – қазақ операсының классик, үлгісі және опера өнеріндегі жаңа белес. Опера қазақтың опера және балет театры репертуарынан берік орын алды.Театр өзінің жыл сайынғы жаңа маусымын осы операмен ашады. Опера 1958 ж. Москвада өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің он күндігінде қойылды. Композитор А. Жұбанов пен Л. Хамидиге «Абай» операсы үшін Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978 Ж.).
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға