Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы
Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы - 1979 жылы Абай қалалық атқару комитеті мәдениет бөлімінің бастамасымен қоғамдық негізде ашылды. 1980 жылғы мамыр айында мұражай ашылды. Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 қыркүйектегі № 25/10 «Мәдениет және өнер мемлекеттік ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Абай ауданы әкімдігі Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы» ҚМҚК Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық мұражайы» КҚМК болып қайта құрылды.
Мұражайдың жалпы көлемі – 240 ш.м., экспозициялық — 210, қор сақтау — 15. Экспозициялар:
1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі 2. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы 3. Абай және қазіргі кезең 4. Шерубай-Нұра – Абай қаласының алғы тарихы
«Абай Құнанбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі» залының экспозициясы Семей қаласының республикалық музейінен әкелінген Абай Құнанбаевтың өмірі мен қоғамдық – саяси қызметі туралы, туған-туысқандарының материалдары, Абайдың ізбасарларының шығармалары фотосурет пен фотоматериалдар бойынша хронологиялық ретпен әңгімеленіп және суретшілердің картиналары қойылған. Бірінші залда «Қазақы кигіз үйі» экспозициясында қазақ халқының қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары қойылған. «Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы» залының экспозициясы ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы туралы әңгімелейді. Витриналарға қойылған Абай Құнанбаевтың 1933 жылы Қызылордада араб тілінде шыққан, ақынның шығармаларының интернационалдық маңызын насихаттау үшін әртүрлі халықтың тілінде шыққан «Қара сөзі», 1945 жылы Алматыда қазақ тілінде баспадан шыққан өлеңдер кітабы мен шығармалар жинағы. «Абайды әлем оқиды» атты тұрақты экспозиция өзінің мән-мағынасын жоғалтпай келушілерді қызықтыруда. Экспозицияда ұлы ақын-сазгердің жекелеген әндері жазылған күйтабақтар және ақынның сазгерлік шығармашылығын насихаттаған достарының фотосурет көшірмелері бар. «Абай және қазіргі кезең» залында Абайдың бейнелеу өнеріндегі, кино, театр, әдебиеттегі бейнесін сомдаған шығармалар қойылған. «Шерубай-Нұра – Абай қаласының алғы тарихы» залы Абай қаласының тарихы туралы әңгімелейді. Шерубай – Нұра кентінің өткен тарихы туралы хронологиялық деректер береді.Экспозицияға құжаттар, суреттер, жеке заттар, фотосуреттер қойылған. Бұл зал 1959–1960 жылдардағы даму кезеңінің материалдарымен аяқталады.
«Абай өңірі тарихынан» атты ғылыми-зерттеу жұмысы Шерубай-Нұра кентінің 60 жылдығына байланысты қаланың негізін қалаушылар мен қаланың өркендеуіне атсалысқан байырғы тұрғындардың материалдарымен толықтырылды. Осы тақырып барысында қаланың кәсіпорындары, шағын және орта кәсіпкерлер, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, демография салалары, қоғамдық-саяси жағдайлар туралы жаңа мағлұматтар зерттеліп жиналды. «Абай ауданының ауыл шаруашылығын дамыту» ғылыми-зерттеу жұмысы ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық өсу қарқыны, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жергілікті басшылардың, инвесторлар мен Үкімет тарапынан ауыл еңбеккерлеріне көмек көрсетудің нәтижесі екендігі жөнінде жаңа мәліметтермен толықтырылды Жалпы есеп беру кезеңінде ғылыми-зерттеу жұмысы аудандық экономика бөлімінің, статистика басқармасының, күнделікті баспасөздің материалдарымен толықтырылды. Жыл бойы жинау жұмысының мақсаты мен бағыты дұрыс жолға қойылғандықтан қорды толықтыру жақсы қөрсеткіштерге жетті. Жыл бойы жинау жұмысының нәтижесінде қорға Абай қаласының негізін қалаушылар Г. Г. Матвиец, М. П. Подобо, М. В. Блинцова, Н. Г. Хайдарованың және Абай қаласының тарихы туралы қаланың байырғы тұрғындары Н. Г. Лепетухина мен И. Н. Шамилиналар берген құнды материалдар қордың «Абай қаласының негізін қалаушылар», «Абай қаласының тарихы» бөлімдерін толықтырды. Көксу ауылының клуб меңгерушісі Л. Г. Блажиевская сыйға тартқан украин халқының жүн иіретін ұршығы, Абай қаласының тұрғыны С. И. Домоевский мен Агрогородок ауылының клуб меңгерушісі Л. В. Шишикинаның тапсырған жәдігерлер «Қазақстан халқының тұрмыс-салты мен этнографиясы» атты бөлімді толықтырды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қанзада Қазыбаева мұражайға сыйға тартқан 19- ғасырдың аяғы 20- ғасырдың басында сол жердің нақышымен жасалған сақина «Қазақ халқының зергерлік бұйымдары» атты бөлімді толықтырды. Сонымен қатар Түркістанда өткен «Қожа Ахмет Ясауи мұралары мен ілімінің зерттелу мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары да қорға алынды. Мұражай қоры — 3977 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде: 3003 — негізгі қор, 974- қосымша қор.