Жаңалықтар

Бұйрықты сөйлемдер

  Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады. Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше ренде білдіріледі. Осынысына орай бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасын ғана емес, басқа формаларды да қатыстырып жасалады. Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі не- гізгі тірек форма — етістіктің жалаң II жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы  жасалады.  Бұл  баяндауышты тірек форма деуіміз — ол бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді. Қөп сөзді қайтесің? Одан да та- уығыңа ие бол,— деп күзетті Құрманға тапсырды да, Мақпал үйіне қайтты (Қ. Ж.)- I жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды -айын, -ейін, -айық, -ейік формалы етістіктерден жасал- ған баяндауыштар білдіріледі. Етістік тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға болады: -айын, -ай, -ын, -ейін, -ей, -ін; -ай, -ей бұйрық мағына беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ьщ, ік,— жақтық көр- сеткіштер -ын, -н жақтық керсеткіш ретінде бұрын жиі жұмсалған. «Шайбаниғіамада» алғанын тәрізді  I жақ- тық форма жиі ұшырайды . III жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын түлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ре-тінде жүмсалады. Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін формалы баяндауыштардың қатысуымен де құ- ралады: Сен ертең келгін. Бұл баяндауыш тек анайы тұлғада келеді, сыпайы тұлғасы жоқ. Сөйлеуде де сирек жұмсалатын бұл форма өте көнеден келеді, әрі ол осы күнгі бірқатар өзге формаларға негіз болған3. Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін ал- саңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер   баян- дауыш болып жұмсалады. ЕгіннІң болары болды ғой, онан да шөпті айтсаңшы! (Қ. Ж.). Тұрсаңшы, ауырып жатырсың ба! (Д. Д.). Алсаңшы, алсаңызшы формалы баяндауыштарды ал, алшы тұлғалы баяндауыштармен салыстырғанда ілгеріде біз атаған қызмет ерекшеліктері анық көрінеді. Баяндауыш шартты рай тұлғасын қатыстыру арқылы жасалған: ал-са-ң-шы, ал-са-ң-ыз-шы . Қарапайым сөзде бұл баяндауыш -шы,-ші жұрнағын қоспай да айты-латыны болады: Сен ертерек келсең! Барсаң, күткізіп қарамай Барсаң, келсең тәрізді бұйрық мағыналы баяндауыштар әдеби норма шеңберінен тыс, тек қарапайым тілде жұмсалғанмен, ол сөз бастапқы бір формасын бұзудың, кысқартудың нәтижесінде пайда болған форма емес. Бұлар тіліміздің ерте кездегі қалпының ізі. Орхон жазуларында бұйрық рай етістік -ң, -ың жұрнақтары арқылы жасалған. Олурың, тілін тіміс — Отыр ... деді. Осы күнде да өзбек тілінде бұйрық райдың келің, алің формалары еркін жұмсалады, Осылай болғандықтан бұйрық мағыналы барыңыз, барсаң, барсаңшы, барсаңызшы деген тұлғалардағы -ң жақтық жалғау емес, ертеден келе жатқан бұйрық райдың жұрнағы. В. Г. Кондратьевтің айтуынша, бұйрық мағыналы -ң (басқа тілдерде -ің, -ң) бұрынырақтан бар -ын (алғын) жұрнағының қысқаруынан пайда болған. 5. Шартты рай тұлғалы етістікті қатыстырып бұйрық мағыналы баяндауыш жасау басқа түркі тілдерінде де бар. А. Н. Кононов түрк тілінде ашсана (ашсаңшы) сөй-лесене (сөйлесеңші) деген бұйрық мағыналы етістіктерді шартты рай тұлға негізінде жасалған деп есептейді: ашса-н-а4. Қой сана, батыр, қой сана, Ашуы жоқ бол сана. Қой дегенде коймасан, Тусіремін ой-сана! Айналдырған алтауың, Бір кісідей бол сана!' («Алпамыс батыр»). 6. Бұйрықты бұдан гөрі тұжырымды етіп, үзілді-ке- сілді айту үшін «II жақ бұйрық форма — деген соң — II жақ бұйрық форма» болып құралған баяндауыш (ал деген соң ал) жұмсалады. Шық деген соң шық!—деп таяғына жармасты (Б. М.). Баяндауыштық формаға етістіктің жіктік тұлғалары, есім сөздер де катысуы мүмкін. Көп,— деп басын шайқайды. Неге?— деймін мен өз-өзімнен қысылып... Көп деген соң көп! — дейді ол ақшаны қайырмай, уыстап тұрып. (Ә. Нұрш.). Сірә «етістік — деген соң — етістік», немесе «есім— деген сон — есім» болып кұралған баяндауыш сөйлеуші өз ойын тындаушысына мойындату үшін үзілді-кесілді байлам түрінде айтқанда жұмсалатын форма болуға тиіс. 7. Осы қызметте — «-уші формалы есімше — болма» құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады. Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған (М.Ә.). Бұл баяндауыш негізінде тек екінші жаққа тән формада жұмсалады. 8. Іске жұмсауды, тілек, өтініш ретінде айту үшін алшы, келші, алайыншы түрінде кұралған баяндауыш- тар қызмет етеді. Сен енгізші осы ұсынысты. Осыны да айта баршы (М.Ә.). 9. -айық, -ейік тұлғалы баяндауышқа синонимдік сы- нар ретінде жұмсалатын -алық, -елік арқылы жасалған баяндауыш бар: баралық, келелік. Соңғы  формадағы баяндауыш эпостық жырларда және соған ұқсатып мә- нерленген сөзде жұмсалады. Егінді даланы бөліп әуре болмалық дестік,-— дейді Қасен (Ғ. Мұст.). 10. -алықшы, -елікші бұйрықты өкініш, тілек ретінде білдіру үшін жұмсалады. Бір шөбі қалың, ойпаңдау жерге келгенде Бибі «аттан түселікші» дейді (С. Мұрат.). Бұйрық мағыналы етістік тудыратын -алық, -елік жұрнағы түркі тілдерде әр түрлі грамматикалык сипатта дамыған. Сібірдегі Чулыма өзенінің өңірін жайлаған түркі тілдерінде -лық, -лік келер шақтық жұрнақ  ретінде қызмет етеді. Түрік тілінде аталған жұрнақ -алым, -елім түрінде I жақ жекеше тұлғадағы бұйрық рай етістік жасайды. Бұл келтірілген мағлұматтар қазак тілінде жіктік түрленуден оқшау тұрып жұмсалатын—(а)лық—(е)-лік жұрнақтарының генезисін байқатады. Қазақ тілінің жергілікті ерекшелігі ретінде бұйрық мағына білдіретін алалы, көрелі (ал-алы, көр-елі) тұлғалы баяндауыш бар. Бұл форма қалыптасуы жағынаи тілдік ортақ қордан шет тұрған жоқ. Өйткені -алы, -елі кейіндеу, -алыщ, -елік жұрнақтарының негізінде пайда болған. Бірақ жұмсалу аясы тар, белгілі территориялық сөйлеу практикасында ұшырайды . Көрсеткішін айталы: төрт кило жарым жүн беріп, төрт қозыдан табады. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінің көрінісі ретінде -алы, -елі фольклорлық шығармаларда да ұшырасады. Өткен іске өкініп біз кетелі, Біраз айтып, мұратқа біз жетелі. (Қозы Қөрпеш — Баян сұлу). 11. Ауызекі тіл бұйрық мағынаны білдіру үшін ашық райдың келер шақ формасындағы етістікті баяндауыш ретінде жұмсайды. Бүгіннен бастап есігін ашушы болмайсың, олармен сөйлеспейсің! Олардың бетіне қараушы болмайсың! (Б. М.). Бұл сөйлемдердегі келер шақ етістіктен жасалған баяндауыштар (ашушы болмайсың, сөйлеспейсің, қараушы болмайсың, бармайсың) белгілі бір оқиғаны хабар-лау ретінде емес, тыңдаушыны іске міндеттеу мағынасын білдіріп түр. Осы жағынан ол бұйрық мағыналы баяндауыштармен жуықтасады. Аталған баяндауыштың қызмет, мағына ерекшеліктері -ушы болмайсың етістігінің жұмсалуынан анық ажыратылады. Өйткені бұл құрамдағы етістік хабарлы сөйлемнің баяндауышы ре-тінде жұмсала алмайды. Ол негізінен тыңдаушы жаққа тұжырымды түрде айтылған бұйрықты білдіру үшін құралған етістік: алушы болма, тыңдаушы болмайсың. 12. Ашық рай формасындағы алушы болмайсың, бұй- рық рай алушы болма қызмет тұрғысынан ғана емес, кұрылысы жағынан да ыңғайлас. Іске міндеттеу мағы- насында жұмсалатын бұл күрделі етістік бұйрық  рай тұлғаға (алушы болма) сүйеніп, соның негізінде қалып- тасқан. Өйткені қызметі қатар бұл екі форма- дағы күрделі етістіктің, құрамы да ыңғайлас өлшемге түскен. Екеуіне де бол етістігі тек болымсыздық тұлға- да кірігеді, -ушы — болымды бол болып кұралған етіс- тік бұйрық мағынада, міндеттеу мағынасында жұмсала алмайды. Алушы болмайсың, аласың тәрізді ауыспалы келер шақ формалы етістік баяндауышты қатыстырып құралып, бір істі міндеттеу, бұйыруды білдіретін бұй- рық формалы сөйлемдер мағына жағынан бұйрық фор- малы сөйлемдермен жуықтас келгенмен өзінің грамма- тикалық сипаты жағынан хабарлы   сөйлем  қатарына жата береді. Ашық рай тұлғалы етістіктің бұйрык, мін- деттеу мағынасын білдіруі бір жағынан контекске, ком- муникативтік жағдайға байланысты болса, екінші жа- ғынан осы форманың аясында ерекше (бұйрық, міндет- теу) мағынаға сай даралана бастаған тұлғалар да жоқ емес. Оның көрінісін алушы болмайсың тәрізді баяндауыш- тардың бұйрық мағынаға түгел бейімделуінен бай- қаймыз. 13. Іске қосу қызметінде ерекше жұмсалатын тағы бір баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың бір түрі «ке- лер шақ етістік — сұраулық шылау ба (бе)» болып құ- ралады: келесің бе, (осыны) айтып барасың ба т. б. Осы құрамдағы баяндауыштардың бұйрық мағынаға жуық келу мүмкіншілігін мына  мысалдардан  байқауға  бо- лады. Сен Төремді шақыртасың  ба, жаздыратын қағаздарым бар еді (Б. М.). Бұл сөйлемдегі шақыртасың ба дегенде сұраулық мағына жоқ, олар тыңдаушыны іске қосу қызметінде жұмсалып тұр. Бірақ бұйрық мағынасының бұл формадағы баяндауыш арқылы білдірілуінің ерекше стильдік мәні бар. Бұл ерекшелік іске қосуды өтініш, тілек ретінде білдіруде ғана емес. «Келер шақ етістік — ба» болып құралған баяндауыш — ауызекі сөйлесу үстінде ерекше мәнерлік тудыратын тұлға. Аталған мағыналы баяндауыш жасауға келер шақ етістік тек екінші жақ тұлғада қатысады. Осыньщ өзінде форманың сұраулық мағынадан ажырап, бұйрық мағына алуы көптен-көп контекске сүйенеді. Ауызекі сейлеу тілінде құрамы, кызметі жағынан осы реттес тағы бір баяңдауыш бар. Ол баяндауыш «бо-лымсыз келер шақ етістік — ба» болып кұралады: бармайсың ба, айтпайсың ба. Бұл баяндауыш та бұйрық мағынаны контекске сүйеніп білдіреді.  
04.12.2012 10:33 28157

 

Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады.
Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше ренде білдіріледі. Осынысына орай бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасын ғана емес, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.
Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі не-
гізгі тірек форма — етістіктің жалаң II жақ бұйрық рай
тұлғасы арқылы  жасалады.  Бұл  баяндауышты тірек
форма деуіміз — ол бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз
жалаң түрде білдіреді. Қөп сөзді қайтесің? Одан да та-
уығыңа ие бол,— деп күзетті Құрманға тапсырды да,
Мақпал үйіне қайтты (Қ. Ж.)-
I жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды
-айын, -ейін, -айық, -ейік формалы етістіктерден жасал-
ған баяндауыштар білдіріледі. Етістік тудыратын бұл
жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға
болады: -айын, -ай, -ын, -ейін, -ей, -ін; -ай, -ей бұйрық
мағына беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ьщ, ік,— жақтық көр-
сеткіштер -ын, -н жақтық керсеткіш ретінде бұрын жиі
жұмсалған. «Шайбаниғіамада» алғанын тәрізді  I жақ-
тық форма жиі ұшырайды .
III жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын түлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ре-тінде жүмсалады.
Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын,
келгін формалы баяндауыштардың қатысуымен де құ-
ралады: Сен ертең келгін. Бұл баяндауыш тек анайы
тұлғада келеді, сыпайы тұлғасы жоқ. Сөйлеуде де сирек
жұмсалатын бұл форма өте көнеден келеді, әрі ол осы
күнгі бірқатар өзге формаларға негіз болған3.
Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін ал-
саңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер   баян-
дауыш болып жұмсалады.
ЕгіннІң болары болды ғой, онан да шөпті айтсаңшы! (Қ. Ж.). Тұрсаңшы, ауырып жатырсың ба! (Д. Д.).
Алсаңшы, алсаңызшы формалы баяндауыштарды ал, алшы тұлғалы баяндауыштармен салыстырғанда ілгеріде біз атаған қызмет ерекшеліктері анық көрінеді. Баяндауыш шартты рай тұлғасын қатыстыру арқылы жасалған: ал-са-ң-шы, ал-са-ң-ыз-шы . Қарапайым сөзде бұл баяндауыш -шы,-ші жұрнағын қоспай да айты-латыны болады: Сен ертерек келсең! Барсаң, күткізіп қарамай
Барсаң, келсең тәрізді бұйрық мағыналы баяндауыштар әдеби норма шеңберінен тыс, тек қарапайым тілде жұмсалғанмен, ол сөз бастапқы бір формасын бұзудың, кысқартудың нәтижесінде пайда болған форма емес. Бұлар тіліміздің ерте кездегі қалпының ізі. Орхон жазуларында бұйрық рай етістік -ң, -ың жұрнақтары арқылы жасалған. Олурың, тілін тіміс — Отыр ... деді. Осы күнде да өзбек тілінде бұйрық райдың келің, алің формалары еркін жұмсалады, Осылай болғандықтан бұйрық мағыналы барыңыз, барсаң, барсаңшы, барсаңызшы деген тұлғалардағы -ң жақтық жалғау емес, ертеден келе жатқан бұйрық райдың жұрнағы. В. Г. Кондратьевтің айтуынша, бұйрық мағыналы -ң (басқа тілдерде -ің, -ң) бұрынырақтан бар -ын (алғын) жұрнағының қысқаруынан пайда болған.
5. Шартты рай тұлғалы етістікті қатыстырып бұйрық мағыналы баяндауыш жасау басқа түркі тілдерінде де бар. А. Н. Кононов түрк тілінде ашсана (ашсаңшы) сөй-лесене (сөйлесеңші) деген бұйрық мағыналы етістіктерді шартты рай тұлға негізінде жасалған деп есептейді: ашса-н-а4.
Қой сана, батыр, қой сана, Ашуы жоқ бол сана. Қой дегенде коймасан, Тусіремін ой-сана! Айналдырған алтауың, Бір кісідей бол сана!'
(«Алпамыс батыр»).
6. Бұйрықты бұдан гөрі тұжырымды етіп, үзілді-ке-
сілді айту үшін «II жақ бұйрық форма — деген соң —
II жақ бұйрық форма» болып құралған баяндауыш (ал
деген соң ал) жұмсалады.
Шық деген соң шық!—деп таяғына жармасты (Б. М.). Баяндауыштық формаға етістіктің жіктік тұлғалары, есім сөздер де катысуы мүмкін.
Көп,— деп басын шайқайды.
Неге?— деймін мен өз-өзімнен қысылып...
Көп деген соң көп! — дейді ол ақшаны қайырмай,
уыстап тұрып. (Ә. Нұрш.).
Сірә «етістік — деген соң — етістік», немесе «есім— деген сон — есім» болып кұралған баяндауыш сөйлеуші өз ойын тындаушысына мойындату үшін үзілді-кесілді байлам түрінде айтқанда жұмсалатын форма болуға тиіс.
7. Осы қызметте — «-уші формалы есімше — болма»
құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған
(М.Ә.).
Бұл баяндауыш негізінде тек екінші жаққа тән формада жұмсалады.
8. Іске жұмсауды, тілек, өтініш ретінде айту үшін
алшы, келші, алайыншы түрінде кұралған баяндауыш-
тар қызмет етеді.
Сен енгізші осы ұсынысты. Осыны да айта баршы (М.Ә.).
9. -айық, -ейік тұлғалы баяндауышқа синонимдік сы-
нар ретінде жұмсалатын -алық, -елік арқылы жасалған
баяндауыш бар: баралық, келелік. Соңғы  формадағы
баяндауыш эпостық жырларда және соған ұқсатып мә-
нерленген сөзде жұмсалады.
Егінді даланы бөліп әуре болмалық дестік,-— дейді Қасен (Ғ. Мұст.).
10. -алықшы, -елікші бұйрықты өкініш, тілек ретінде білдіру үшін жұмсалады.
Бір шөбі қалың, ойпаңдау жерге келгенде Бибі «аттан түселікші» дейді (С. Мұрат.).
Бұйрық мағыналы етістік тудыратын -алық, -елік жұрнағы түркі тілдерде әр түрлі грамматикалык сипатта дамыған. Сібірдегі Чулыма өзенінің өңірін жайлаған түркі тілдерінде -лық, -лік келер шақтық жұрнақ  ретінде қызмет етеді.
Түрік тілінде аталған жұрнақ -алым, -елім түрінде I жақ жекеше тұлғадағы бұйрық рай етістік жасайды.
Бұл келтірілген мағлұматтар қазак тілінде жіктік түрленуден оқшау тұрып жұмсалатын—(а)лық—(е)-лік жұрнақтарының генезисін байқатады.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшелігі ретінде бұйрық мағына білдіретін алалы, көрелі (ал-алы, көр-елі) тұлғалы баяндауыш бар. Бұл форма қалыптасуы жағынаи тілдік ортақ қордан шет тұрған жоқ. Өйткені -алы, -елі кейіндеу, -алыщ, -елік жұрнақтарының негізінде пайда болған. Бірақ жұмсалу аясы тар, белгілі территориялық сөйлеу практикасында ұшырайды .
Көрсеткішін айталы: төрт кило жарым жүн беріп, төрт қозыдан табады.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінің көрінісі ретінде -алы, -елі фольклорлық шығармаларда да ұшырасады.
Өткен іске өкініп біз кетелі, Біраз айтып, мұратқа біз жетелі.
(Қозы Қөрпеш — Баян сұлу).
11. Ауызекі тіл бұйрық мағынаны білдіру үшін ашық райдың келер шақ формасындағы етістікті баяндауыш ретінде жұмсайды.
Бүгіннен бастап есігін ашушы болмайсың, олармен сөйлеспейсің! Олардың бетіне қараушы болмайсың! (Б. М.).
Бұл сөйлемдердегі келер шақ етістіктен жасалған баяндауыштар (ашушы болмайсың, сөйлеспейсің, қараушы болмайсың, бармайсың) белгілі бір оқиғаны хабар-лау ретінде емес, тыңдаушыны іске міндеттеу мағынасын білдіріп түр. Осы жағынан ол бұйрық мағыналы баяндауыштармен жуықтасады. Аталған баяндауыштың қызмет, мағына ерекшеліктері -ушы болмайсың етістігінің жұмсалуынан анық ажыратылады. Өйткені бұл құрамдағы етістік хабарлы сөйлемнің баяндауышы ре-тінде жұмсала алмайды. Ол негізінен тыңдаушы жаққа тұжырымды түрде айтылған бұйрықты білдіру үшін құралған етістік: алушы болма, тыңдаушы болмайсың.
12. Ашық рай формасындағы алушы болмайсың, бұй-
рық рай алушы болма қызмет тұрғысынан ғана емес,
кұрылысы жағынан да ыңғайлас. Іске міндеттеу мағы-
насында жұмсалатын бұл күрделі етістік бұйрық  рай
тұлғаға (алушы болма) сүйеніп, соның негізінде қалып-
тасқан. Өйткені қызметі қатар бұл екі форма-
дағы күрделі етістіктің, құрамы да ыңғайлас өлшемге
түскен. Екеуіне де бол етістігі тек болымсыздық тұлға-
да кірігеді, -ушы — болымды бол болып кұралған етіс-
тік бұйрық мағынада, міндеттеу мағынасында жұмсала
алмайды. Алушы болмайсың, аласың тәрізді ауыспалы
келер шақ формалы етістік баяндауышты қатыстырып
құралып, бір істі міндеттеу, бұйыруды білдіретін бұй-
рық формалы сөйлемдер мағына жағынан бұйрық фор-
малы сөйлемдермен жуықтас келгенмен өзінің грамма-
тикалық сипаты жағынан хабарлы   сөйлем  қатарына
жата береді. Ашық рай тұлғалы етістіктің бұйрык, мін-
деттеу мағынасын білдіруі бір жағынан контекске, ком-
муникативтік жағдайға байланысты болса, екінші жа-
ғынан осы форманың аясында ерекше (бұйрық, міндет-
теу) мағынаға сай даралана бастаған тұлғалар да жоқ
емес. Оның көрінісін алушы болмайсың тәрізді баяндауыш-
тардың бұйрық мағынаға түгел бейімделуінен бай-
қаймыз.
13. Іске қосу қызметінде ерекше жұмсалатын тағы
бір баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың бір түрі «ке-
лер шақ етістік — сұраулық шылау ба (бе)» болып құ-
ралады: келесің бе, (осыны) айтып барасың ба т. б. Осы
құрамдағы баяндауыштардың бұйрық мағынаға жуық
келу мүмкіншілігін мына  мысалдардан  байқауға  бо-
лады.
Сен Төремді шақыртасың  ба, жаздыратын қағаздарым бар еді (Б. М.).
Бұл сөйлемдегі шақыртасың ба дегенде сұраулық мағына жоқ, олар тыңдаушыны іске қосу қызметінде жұмсалып тұр. Бірақ бұйрық мағынасының бұл формадағы баяндауыш арқылы білдірілуінің ерекше стильдік мәні бар. Бұл ерекшелік іске қосуды өтініш, тілек ретінде білдіруде ғана емес. «Келер шақ етістік — ба» болып құралған баяндауыш — ауызекі сөйлесу үстінде ерекше мәнерлік тудыратын тұлға. Аталған мағыналы баяндауыш жасауға келер шақ етістік тек екінші жақ тұлғада қатысады. Осыньщ өзінде форманың сұраулық мағынадан ажырап, бұйрық мағына алуы көптен-көп контекске сүйенеді.
Ауызекі сейлеу тілінде құрамы, кызметі жағынан осы реттес тағы бір баяңдауыш бар. Ол баяндауыш «бо-лымсыз келер шақ етістік — ба» болып кұралады: бармайсың ба, айтпайсың ба. Бұл баяндауыш та бұйрық мағынаны контекске сүйеніп білдіреді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға