Жаңалықтар

ИТЕЛГІ

ИТЕЛГІ (Falco cherrug), балобан – сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс. Қазақстанда биік таулар мен ормансыз жазықтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Сарыарқаның аласа таулы өңірлерінде көп ұшырасады. Баянауланың, Ерейментаудың, Қызыларайдың, Қарқаралының, Көкшетаудың қия тасты, қалың қарағайлы таулары И-нің негізгі мекені болып табылады. Шәулісінің қанатының ұз. 34 – 39 см, салм. 730 – 800 г, ұябасарының қанаты 37 – 41 см, салм. 1000 – 1300 г. Қазақстанда И-нің 5 түр тармағы кездеседі. Олардың реңі таралған аймағына қарай әр түрлі болып келеді. Бәріне ортақ белгі – сырт жоны қоңырқай сұрғылт, бауыры – сарғылт теңбілді болады. И. қанаттарын жиі қағып, ауыр ұшады. Өте биіктеп, ұзақ қалықтайды. Негізінен, наурыздың аяғы – мамырдың басында құз-жартас кемеріне, биік қарағайдың басына ұя салады. Ұядағы 3 – 5 жұмыртқаны ұябасары бір айдан аса шайқайды. Балапандары 40 – 45 күннен соң ұядан ұшады. Бір жұптан орта есеппен алғанда жылына 2 балапан ғана қанаттанады. Негізгі қорегі – құмтышқан, сарышұнақ, майда құстар (торғай, кептер, түркептер, кекілік), сондай-ақ бауырымен жорғалаушыларды, ірі қоңыздарды, тіпті көкқасқа шегірткелерді де жей береді. Жемтігін бір орнында ұзақ отырып, тасадан күтеді, оны көре салысымен өте шапшаң ұшып, қуып жетіп ұстайды. Кейде құсты жоғарыдан шүйлігіп, қағып түсіреді. Тамыз – қыркүйекте жылы жаққа ұша бастайды. Жергілікті құстар республиканың оңт-нде, ал көпшілігі Таяу және Орта Шығыс Азияда қыстайды. Қырандардың ішінде баптауға ең көндіккіші осы – И. Арқа құсбегілері И-ге қоян, үйрек алдырса, Сыр бойының құсбегілері қырғауыл, құр, шіл, кекілік алдыратын болған. Ал араб елінің құсбегілері И-ні көбіне жорға дуадаққа салады. 20 ғ-дың 90-жылдарына дейін Қазақстанда 2 – 3 мың бас И-нің ұялағаны белгілі. Бірақ 1992 жылдан бастап, бұл құсты шет елге (әсіресе, араб елдеріне) сату науқанының кең етек алуына байланысты, И. бей-берекетсіз ауланып, саны күрт төмендеді. Соңғы санақ бойынша Қазақстанда 100 – 150 жұп қана ұялаған (2001). Алматыдағы «Сұңқар» біріккен кәсіпорнының құс питомнигі мен Алматы хайуанаттар саябағында қолда өсіріліп, 100-ден аса И. табиғатқа жіберілді (1990 – 95). Қазақстанда И. Ақсу – Жабағылы, Наурызым, Үстірт қорықтары мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғалады. И-лердің жылдан жылға санының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).  
04.12.2012 10:33 9681

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға