Буддизм кезеңінің өнері
04.12.2012 10:08
12395
Буддизм кезеңінің өнері. Тарихы туралы, әсіресе өнерінің тарихы туралы әңгіме етіп, баға беруге негіз боларлықтай археологиялық материалдары тым аз әрі бізге де жеткені мардымсыз, ұзақ кезеңнің қолда барын қанағат тұта отырып, енді міне біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықтың екінші жартысына — ерте үнді өнері дәуіріне келіп жеттік.
Александр Македонский бүкіл Алғы Азия, Иран мен Солтүстік-Батыс Үндістан арқылы яғни екі ғасырдан астам уақыт бойына Ахеменидтер билігінде болып келген облыстарға шабуыл жасап, сол мемлекетті өзіне бағындырғаннан кейін, Александрдың осы орасан зор жорығы тойтарылғаннан соң ілешала, шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 321 жылы, Үндістанныңшығыс бөлігінде Маурьялар мемлекеті пайда болды. Александрдың жойқын істері Үндістан тарихында ешқандай із қалдырмаса да, оның жорықтары бағытында әр жерде шоғырланып орналасқан грек-македон солдаттарының қорғаныс мекендері ол өлген соң да көп уақыт бойына Азия жерінде қалды және кейіннен Солтүстік-Батыс Үндістандағыоқиғалар барысына сөзсіз ықпал жасады. Бұл әулеттің негізін салушы Чандрагупта Маурья өз астанасы Паталипутрадан (Патна) Магадхаға бет алып, ұрыс сала отырып, Үндістанныңгректер жаулап алған облыстарын кері қайырды, осы қарқынымен Ауғанстанға дейін де жетті. Ол және оның мұрагері Биидусара орасан зор мемлекет құрды. Маурья әулетінен шыққан үшінші әмірші Ашоканың патшалығы тұсында Ориссаның оңтүстік-шығыс жағындағы ол кезде Калинга деп аталған облыс, сол сияқты одан да әріректегі Андхра жерінің бір бөлігі қосып алынып, осының нәтижесінде бұл мемлекет одан әрі ірілене түсті.
Ашока (шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 273—232 жылдар) бізге дейін келіп жеткен жазбаларды қалдырған алғашқы үнді әмірийсі болды. Бұл жазбалардан Ашоканың Калинганы қанға бөктіріп талқандағаннан кейін барлық соғыс жорықтарын мүлдем тоқтатуға ұйғарғанын және өмірін мемлекетті бейбіт жолмен басқаруға, өз бағыныштыларына әкелік қамқорлық жасауға, бұл ретте осы оқиғалардан екі ғасыр бұрын Үндістанның солтүстік-шығысында пайда болған Будда ілімін ұстануға салтанатты уәде бергенін білеміз. Бұдан кейінгі кезеңде ол буддизмнің Үндістаннан тыс жерлеріне де мәлім құдіретті қамқоршысы болады.
Буддистер Ашоканы өздерінің мықты тірегіміз деп білді, ал Шри Ланка (Цейлон аралы) жылнамасында Үндістанның бұл билеушісіне мейлінше құрметті орын берілген. Цейлон жылнамаларынан, сол сияқты Ашоканың сақталып қалған жазбаларынан оның тапсырмасымен буддалық миссионерлер жер жүзінің түкпір-түкпірлеріне жіберілгенін, ал Цейлонға осы тапсырмамен Ашоканың өз ұлының, басбір жазбалар бойынша оның Махинда деген туысқанының келгенін білеміз. Осында — Цейлон жерінде үнді-будда мәдениеті гүлдеді, көне жазбаларға қарағанда мұның өзі біздің дәурімізге дейінгі III ғасырдың өзінде-ақ пайда болған және күні бүгінге дейін өз жемістерін беріп келеді. Бұл жемістер, ең алдымен, будда өнерінің елеулі ескерткіштері болып табылады, ал олар болашақ тараулардың бірінде толығырақ айтылатын болады.
Маурьялар астанасы Паталипутра туралы бұл қалаға Селевок Никатордың (біздің дәуі
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Араб елдерінің спутниктік теледидары
Келесі жаңалық
Қызметтік ит ұландықтарға есірткі табуға көмектесті
Ең оқылымды