Бу қазандық агрегаттардың негізгі элементтері
04.12.2012 10:06
9638
Бу қыздырушы - оған түсетін қаныққан буды берілген температураға дейін қыздыруға арналған. Қазіргі кездегі, қазандық агрегаттардың бу қыздырғыштары бірден бір жауапты элементтері болып есептеледі, себебі бу қыздырғыштардың бетін қыздыру өте ауыр жағдайда болуда. Оларды жасау, бір жағынан бу - қыздырғыштарды газдардың жоғарғы температура (800...1100°С) облысында орналастырудағы мақсаты, оның қыздыру бетін кеміту, ал басқа жағынан кемшілігі - қабырғасынан буға жылу беру коэффициентінің аздығы.
Бу қыздырғыштың болып көрінуі, ішкі кіші диаметрлі (20... 40 мм) болат құбырлы, жылан түтіктердің параллелді (қос-қостан) қосылу жүйесін, түтінді газдармен, оның сыртынан жұғыса ағуы. Жылан түтіктердің ұштарын, дөңгелек қималы коллекторға пісіреді. Тұтастығын арттыру үшін және қос жылан түтіктегі қажетті жылдамдығын қамтамасыздандыру үшін, екі қатарлы және үш қатарлы түрінде жасайды.
Бу мен газдың ағыс қозғалысының бағытына байланысты - тік ағынды жылан түтікшелісі, жеңілденген температуралық режимде жұмыс орындайды, бірақ, ең үлкен қыздыру бетінің ауданын қажет етеді. Қарама - қарсы ағынды сүлбеде, ең үлкен температуралы тегеурінді алуға мүмкін болады және қыздыру бетінің ең кіші ауданына сәйкес келеді, бірақ, оны, будың қыздырылуы көп емес кезіндегісіне (375...400°С дейінгі), қолдануға болады және газдың бастапқы температурасы 800...900°С жоғары болмағандығысына қолданады. Будың қыздырылуының өте жоғарғы температура жағдайына, аралас сүлбені қолданады.
Бу қыздырғыштарды конвективті жэне құрастырылған түрлеріне ажыратады. Конвективті бу қыздыртқышты, қазандық агрегаттардың газ жүргізгішіне орналастырады да, оны, оттықтан немесе фестонмен артқы экраннан құралған құбырымен бөледі немесе бірнеше қатар қойылған қайнатқыш қүбырмен ажыратады. 20.8 суретте, қазандық агрегаттың конвективті бу қыздырғышы, табиғи таратқышпен бейнеленген. Қаныққан бу, барабанынан, жыланды түтікшеге келіп, одан ағуы бойынша бу қыздырғыштың қос сатысына енеді, мұнда алдымен, қарама-қарсы ағыс өтеді, ал одан кейін, жылу тасығыштың тік ағынды қозғалысы (бу мен ыстық газдар) жүреді.
Бірінші сатысынан, бу температурасын реттеушісіне арналған, беттік бу салқындатқышына келіп кіреді. Бу салқындатқышының түрі, құбыршалы жылу алмастырғыш, онда, буды салқындатушы, сумен қамтамасыз етушіге айналады. Бу салқындатқыш арқылы өтіп, бу, бу қыздырғыштың екінші сатысына кіреді, одан ары - қыздырылған бу коллекторына, ал одан, бас бу жүргізгішке кіреді.
Құрастырылған қазандық агрегаттың, жоғарғы қысымды буқыздырғышының құрамы - радиационды, жартылай радиационды және конвективті бөлігінен тұрады. Радиационды бөлігі 2, оттықтың төбесіне орналасқан. Жартылай радиационды 3 бөлігі, құбырлар жүйесінен тұрады да, жазық нағыз пакеттерден құралады ды, оны қалқан деп атайды. Қалқандарды оттықтың жоғарғы жағына 700... 1000 мм қашықтықта, бірінен соң бірін орналастырады. Барабан 1, радиационды және жартылай радиационды бөліктерінен өткеннен кейін, бу төбелік құбырмен 4, ковективті бөлігінің буқыздырғышына ағып кіреді, ол, екі сатыдан 5 және 6 тұрады. Осы сатылар арасында, бусалқындатқыш 6 қосылған.
Су үнемдегіштері - ұшпалы газдардың жылуымен, сумен қатамасыздандырушыны, жылытуға арналған құрылғы. Үнемдегішті қондырғы 5... 12 % дейін, отынды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Суды жылыту дәрежесіне байланысты, үнемдегіштер қайнамайтын және қайнайтын болып бөлінеді. Қайнамайтынында - судың шығар жеріндегі қанығу температурасынан, 30...50°С төмен ұсталып тұрады. Қайнаушы үнемдегіштерде - қазандықтағы берілген қысым кезіндегі, қайнау температурасына дейінгі, судың қыздырылуы өтеді. Жасалу материалдары бойынша, үнемдегіштер, құйылған шойынды және болат жыланды түтікше болып бөлінеді. Шойынды үнемдегіштердің қондырғыдағы қысымы 2,8 МПа артпауы тиіс.
Қазандықтың, аз қуаттылығына арналған, шойынды үнемдегіштерінің негізгі типтері болып, ВТИ жүйесіндегі қатпарлы үнемдегіштер жатады. Оның жиналыстырылуы, шойынды горизонталды құбыр 1, диаметрі - 60/76 мм көлденең квадратты қатпарлы, құбыр бойымен орналасқан.
Құбырларды бір бірімен бұйық (калач) 2 көмегімен жалғастырады. Суды, сұйық сорғышпен төменгі қатардың, соңғы құбырына айдамалайды және үнемдегіштердің барлық құбырларымен кезектесе ағып өтеді. Шойынды үнемдегіштер, қайнамайтын типіне жатады; үнемдегіштің құбырында булы көпіршіктің суға айналуы кезіндегі, құбырда гидравликалық соққы құбылысының пайда болуынан сақтау үшін, онда бу пайда болуына жол бермейді.
Шойынды үнемдегіштердің артықшылығы - құнының арзандығы және тотығуға тұрақтылығы.
Болаттан жасалған жылан түтікшелерді, үнемдегішітердің орташа және жоғарғы қысымды қазандықтарына орнатады. Диаметрі 30...40 мм тұтас созылған және пісірілген құбырдан жасайды.
Болаттан жасалынған, газдың үлкен жылдамдығымен жыланлы түтікшелі үнемдегішітердің жылу беру коэффициенті, жылдамлығымен, қатты құбырлар шоғыры арқасында шойындыға қарағанда 3...4 есе жоғары.
Отынды жағу кезінде, күкірт құрамының көптігінен, үнемдегіш құбырының бетіне, қабырға бетінің температурасы шық түсу нүктесінен кем болғандықтан, яғни су буының конденсациялану температурасы, түтінді газдың болуынан - күкірт қышқылынын құралуы өтеді де, металда тотықтану процессі жүреді. Тотықтануды болдырмау үшін, қыздыру бетінің температурасы, шық нүктесінен 10... 15°С жоғары болуы тиіс. Сондықтан, сумен қамтамасыздандыру кезінде, түтінді газдың, шық нүктесінен төмен температурасындағысын, міндетті түрде, үнемдегішке кірерінде жылыту қажет. Осы мақсатқа жету үшін, пайдаланылғаннан кейінгі, буды қолданады.
Ауа жылытқыш. Қазандық агрегаттың ауа жылытқышынын жылулық балансындағы мағынасы, елеулі түрде, сулы үнемдегіштегі жылытудан айырмашылығы бар. Үнемдегішті қамтамасыздандыратын судың, ұшпалы газ жылуын қабылдауынан, ыстық су ретінде тікелей қазандық барабанға құйылады да, оның азаю салдары есебінен, будың пайда болуынан қазандықтың ПӘК артады.
Қолданылған ауа жылытқыштағы, ұшпалы газ жылуын, ауаны жылыту үшін, оттыққа кіргізеді. Осының арқасында, оттықтағы температура артады және отынның химиялық және механикалык түгел жанбауындағы, жылу шығыны кемиді. Ылғалды отынды жағу кезіндегі, ауа жылытқыштың маңызы өте ерекше зор, ал сонымен қатар, көмірдің ұшпалы заттарының аз шығуы да әсерін тигізеді.
Беттегі күлді, өзі үрлеуін қамтамасыз ету үшін, газдың жылдамдығы 14... 18 м/с, ауа жылдамдығы 6...8 м/с болуы тиіс.
Регенеративті ауа жылытқыштағы жылу алмасуы, кезектесіп қыздыру және газбен салқындатылуымен және жай айналушы роторға бекітілген, тік гоприрланған пластинамен 1, ауа ағысы нәтижесінде өтеді. Сол кезде, жылудың пластинамен шоғырлануынан, ыстық газбен жұғыса ағады да, одан кейін, ауа ағыны арқылы пластинадан өткен кезде, ауа беріледі. Регенеративті ауа жылытқышты ірі қондырғыларда қолданады.
Ауа жылытқышты құбырларының, сыртқы тотықтануын болдырмаудың, бірнеше тәсілдері бар. Оның біреуі - ауаны рециркуляциялау, яғни жылытылған ауа бөлігін, желдеткіштің сорушы потрубкасына қайтадан енгізу. Өте ылғалды отынды жағу кезінде, өте ұтымды пайдалану болып, ауа жылытқыштың алдында орналасқан, колориферден пайдаланылған бумен, ауаны жылыту тәсілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға