Британ Әуе Жолдары
04.12.2012 09:59
3999
Британ Әуе Жолдары (ағылш. British Airways') (LSE: BAY) Ұлыбританияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Британ Әуежолдары әуепаркі көлемі, халықаралық бағыттары және басқа да көрсеткіштер бойынша Британиядағы ең үлкен әуекомпания.Оның басты хабтары Лондон Хитроу мен Лондон Гатвик аэропорттары.
Британ Әуежолдары Групп 1974 қыркүйегінде сол кездегі Лейбористер Үкіметімен ұлттандырылған. Ол Лондондық екі ірі әуе компаниялары British Overseas Airways Corporation мен British European Airways, және екі кішірек әуекомпания Cambrian Airways пен Northeast Airlines тың қосылуы арқасында құрылған. Барлық төрт компания 1974 жылдың 31 наурызында Британ Әуежолдарын құру үшін таратылған. Кейін он үш жылдан кейін 1987 жылдың ақпанында компания қайта жекешелендірілген. Тасымалдаушы кейіннен British Caledonian 1988 мен Гатвикте негізделген Dan-Air 1992 компанияларын да өзіне қосып алған.
Негізі Боингтің клиенті болуына қарамастан, Британ Әужолдары 1998 жылдың қарашы айында 89 Airbus A320 ұшағына ірі тапсырыс жасады. 2007 жылы тасымалдаушы өзінің келесі үлкен тапсырысын жасады. Ұзақ қашықтықтарға ұшатын машиналарды айырбастау Airbus A380 мен Boeing 787 ұшақтары арқылы жасалмақ. Барлығы 2008 жылы әуекомпания 35.7 миллион жолаушы тасымалдады.
Тарихы
Империал Әуе Жолдары ұшағы, Hanno
1924 жылдың 31 наурызында Британияның төрт алғашқы әуе компаниясы Handley Page Transport, British Marine Air Navigation Co Ltd, Daimler Airway және Instone Air Line Ltdюірге қосылып Imperial Airways Limited компаниясын құрады. Құрылған жаңа құрылым Британ Империясы бойынша Индия, Африканың кейбір бөліктері мен кейін Австралияның Канберрасына рейстер ашты.
Сонымен қатар Британияда кіші гірім бірталай әуе компаниялары пайда бола бастап, 1935 жылға қарай олар алғашында жекеменшік Британ Әуежолдары ЖШС құрды. Алайда Империал Әуе Жолдары мен Британ Әуежолдары 1939 қарашасында ұлттандырып Британдық Шетел Әуе Жолдары Корпорациясын құрды (БШӘК). (British Overseas Airways Corporation).
Жекешелендіру
Сэр Джон Кинг Chairman 1981 жылы әуекомпанияны жекешелендіруге дайындауға төраға етіп тағайындалды. Кинг 1983 жылы Колин Маршалды компания президенті ретінде тағайындады. Сэр Джон Кинг үлкен шығынға батқан ұйымды әлемдегі ең түсімді әуе тасымалдаушылардың қатарына қосты. Әуекомпания паркі мен ұшатын аймақтары қайта қарастырылып, брэнд және жарнамалау эксперттері компанияның имиджін жасарту үшін жалданды. Сол 1980 жылдардың басында 23,000 астам жұмыс жойылды. Соған қарамастан Сэр Джон Кинг жұмысшылардың моралін жоғарыда қалыпта сақтап қалып, компанияны жұмысын жаңартып, заманауи деңгейге жеткізді. Алайда, жұмыстан шығарылғандарға компенсацияна аямай төлегеніне байланысты, компания £545 фунттық шығынға батты. Яғни, салық төлеуші азаматтардың ақшасы болашақ жекелеуші компанияның игілігіне жұмсалды. Ұлттық тасымалдаушы 1987 жылы жекешелендіріп, оның акциялары Лондонның биржасына жіберілді.
1990 жылдары БӘ "Әлемнің Сүйікті Әуежолы" слоганымен, әлемдегі ең кірісі мол компаниялардың біріне айналды. 1992 жылы ол Гармендық кішкентай Delta Air Transport әуе тасымалдаушысын сатып алып, оның атын Deutsche British Airways қылып ауыстырды. Оны 2003 жылдың маусымында сатқан кезде, оның 16 Boeing 737сі эәне 800 жұмыскері болған.
Лорд Кинг жылы төрегеліктен 1993 жылы төрегелігінен кетті. Оның орнын сол кездегі президент болған Колин Маршал келіп, президент пен төраға орындарын алып отырды. Маршалдың орнына президенттіктің орнына көп өтпей Роберт Эйлинг келді. 1999 жылы Род Еддингтон президентікке келсе, 2005 жылы Уилли Уалш оның орнына келіп қазірге дейін компанияны басқарып келеді.
1995 лылы компания өзінің Азиядағағы British Asia Airways бөлімшесін ашты. Бөлімше Пекинде емес, саяси қарама-қайшылықтарына байланысты Қытайдың Тайпей қаласында орныққан. British Asia Airways Қытайда өзінің аты мен белгісін де өзгертуге тура келді. Компания ұшақтаныдағы өз туынан құралған логоның орнына қытайдың 英亞 символын қоюға мәжбүр болды.
Қаржылық жағдайы
Британ Әуежолдарының қаржылық көрсеткіштері
Жыл соңына қарай Тасымалданған жолаушылар Айналымы (£m) Салық төлеуге дейінгі кіріс/шығын (миллион фунт) Таза пайда/шығын (миллион фунт) Адам басына шаққандағы кіріс
31 Наурыз 2009 33,117,000 8,992 (401) (358) (32.6)
31 Наурыз 2008 33,161,000 8,753 883 696 59.0
31 Наурыз 2007 33,068,000 8,492 611 438 25.5
31 Наурыз 2006 (Қайта қаралған)* 32,432,000 8,213 616 464 40.4
31 Наурыз 2006 35,634,000 8,515 620 467 40.4
31 Наурыз 2005 35,717,000 7,772 513 392 35.2
31 Наурыз 2004 36,103,000 7,560 230 130 12.1
31 Наурыз 2003 38,019,000 7,688 135 72 6.7
31 Наурыз 2002 40,004,000 8,340 (200) (142) (13.2)
31 Наурыз 2001 36,221,000 9,278 150 114 10.5
31 Наурыз 2000 36,346,000 8,940 5 (21) (2.0)
31 Наурыз 1999 37,090,000 8,915 225 206 19.5
31 Наурыз 1998 34,377,000 8,642 580 460 44.7
31 Наурыз 1997 33,440,000 8,359 640 553 55.7
31 Наурыз 1996 32,272,000 7,760 585 473 49.4
Британ Әуе Жолдары Паркі
Ұшақ атауы Қызметте Тапсырыс Сатып алу опциясы Жолаушылар
(First/Club World/World Traveller Plus/World Traveller) Қашықтығы Қосымша
Airbus A318
0 2 16 32 (0/32/0/0) Арнайы қызмет
LCY-JFK Қызметке кіру мерзімі: Қыркүйек 2009
Airbus A319
33 0 132 (0/0/0/132)
126 (0/0/12/114)
114 (0/0/36/78) Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған
Airbus A320-200
37 8 155 (0/0/0/155)
156 (0/0/0/156)
150 (0/0/12/138)
130 (0/0/52/78) Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған
Airbus A321-200
11 0 188 (0/0/0/188)
184 (0/0/12/172)
153 (0/0/67/86) Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған
Airbus A380-800
0 12 7 Әлі белгісіз Ұзақ қашықтыққа арналаған Қызметке кіру мерзімі: 2012 BA deferred 6 A380s by an average of 5 months, the other 6 until 2016
Boeing 737-400
19 0 0 147 (0/0/0/147)
142 (0/0/10/132)
117 (0/0/50/67) Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған Қызметмен шығу мерзімі: 2016
Boeing 737-500
2 0 0 110 (0/0/0/110) Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған Қызметмен шығу мерзімі: 2009
Boeing 747-400
55 0 0 291 (14/70/30/177)
299 (14/70/30/185)
337 (14/52/36/235) Ұзақ қашықтықтарға арналған 2 a/c Stored at CWL since Nov 08
Қосымша 8 ұшақ 09 жылда сақтауға қойылады.
Boeing 757-200
7 0 0 186 (0/0/0/186)
179 (0/0/14/165)
158 (0/0/56/102) Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған Қызметмен шығу мерзімі: 2009/10 (каргоға айналдырады)
Boeing 767-300ER
21 0 0 189 (0/24/24/141)
252 (0/0/0/252)
249 (0/0/18/231)
228 (0/0/134/94) Қысқа және Орта қашықтыққа арналаған
Boeing 777-200
3 0 0 229 (17/48/24/127) Орта-
Ұзын қашықтықтарға арналған
Boeing 777-200ER
41 0 0 226 (14/48/40/124)
220 (13/48/32/127)
272 (0/36/24/212)
280 (0/40/24/216)
275 (0/48/24/203) Ұзын қашықтықтарға арналған
Boeing 777-300ER
0 6 4 TBA Ұзын қашықтықтарға арналған Қызметке кіру мерзімі: 2010
Boeing 787-8
0 8 18 183 (0/42/51/90) Ұзын қашықтықтарға арналған Қызметке кіру мерзімі: 2012
Boeing 787-9
0 16 Әлі белгісіз Ұзын қашықтықтарға арналған Қызметке кіру мерзімі: 2014
Барлығы 229 52 45
Код бөлісу
Оneworld альянс мүшелерінен басқа, Британ Әуе Жолдары келесі тасымалдаушылармен де код бөліседі:
• Aer Lingus
• BMI
• Brussels Airlines
• Flybe
• Loganair
Бөлімшелері мен франшизалары
Бөлімшелері
• BA CityFlyer
• OpenSkies
Британ Әуе Жолдары Airways Aero Associations Limitedтің толық иегері. Ашық Аспандарды бағдарламасы құрылғаннан кейін Британ Әуе Жолдары OpenSkies атты жаңа әуекомпания құрды. Әуекомпания өз жұмысын 2008 жылдың маусым айында бастады. Ол Париж бен Амстердамнан Нью-Йоркқа рейстер жасай бастады.
Бұрынғы BEA тікұшақтары 1974 жылы Британ Әуежолдары Тікұшақтарына айналды.
Франшизалар
• Comair, Оңтүстік Африка, 1996 жылдан бері франшизаны ұстаушы.
• Sun Air, Дания, 1996 жылдың тамызынан бері франшизаны ұстаушы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әйел құқығы