Әйел заты
Әйел заты - адам баласының ұрғашыға ортақ атауы, ер адамның өмірлік серігі, зайыбы. Отбаеындағы және жалпы қоғамдағы орнының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты Әйел затының әлеуметтік жағдайы мен жасына, қандастық, некелік туыстыққа қатысты этикалық мәнді әлеуметтік қарым-қатынасты білдіретін ғұрыптық атаулар халық тілінде аса мол кездеседі: әже, ана, шеше, ене, (қайын ене), қыз, абысын, шешей, жеңге, aпa, ңарындас, сіңілі, қайын сіңілі, балдыз, боле, келін, келіншек, нағашы әже, нағаиіы aпa, нағашы жецге, нағашы қарындас, жиен aпa, жиен қарындас, құдағи, өкіл шеше, әгей шеше, кіндік шеше, бой- жеткен, қалыңдық, бәйбіше, тоқал, жар, жұбай, зайып, жесір, қатын, тамыр, көңілдес, күндес, кемпір, кейуана Т.б.
Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты қазақ әйелі әдепті, мейірімді, қамқоршы болуы тиіс, күйеуін аркез сыйлап, оған қарсы сөйлемеуі керек. Сондай-ақ, ол тек қана күйеуін емес, жалпы қайын жұртындағы адамдарға құрмет көрсетіп, қабақ шытпай, иіліп тұруы керек. Белгілі бір қауымның мүшесіне айналған әйел күйеуінің жақындарымен, яғни, қайын жұртына туысқандық жақын адам ретінде қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық, күнделікті қатынаста қат-қабат байланыста болады және оның көшпелі ортада қалыптасқан ұстанымдары мен өзіндік этикалық нормаларын сақтауға міндеттеледі. Атап айтқанда: қайын ата - күйеуінің әкесі; қайын ене - күйеуінің шешесі, қайын аға - күйеуінің ағасы (жиқып ағалары); қайын бике - күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері); қайын інісі - күйеуінің інісі (жақын інілері); қайын сіңілі күйеуінің қарындасы (жақын карындастары); абысьш - қайын ағасы мен қайын інісінің әйелдері; жезде аға — қайын бикесінің күйеуі; күйеу - қарындасының күйеуі сияқты күйеуінің етене жақын туысқандарымен бірге сол ауылға, әрісі сол төңіректегі қауымға келін болып саналады. Дәстүрлі ортада қалыптасқан моральдық-этикалық нормаларға сай келін жасы мен жолы үлкен көзі тірі туысқандарын ғана емес, дүниеден озған аталарының (кейде әжелерінің) атын атамауға тиіс, олардың атын тергеп, ат қояды. Қазақ әйелдері ертеде күйеулерінің атын тура айтпай мырза, отағасы, үлкен кісі деп атаған.
Қазақтар ырым-тыйымға қатты мән берген және оған қатысты ғұрыптық наным-сенімдер ел арасында кеңінен орын алған. Мысалы, қазақ әйеліне қатысты төмендегідей ырымдарды кездестіруге болады. Қазақ халқы үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның қолынан балаларына дәм татырмайды. Жамандығы бастарына келеді деп ырымдайды. Сондай-ак, өлген ер адамның сүйегіне ерлер, әйел адамның сүйегіне әйелдер түседі. Өлген адамды жоқтап жылағанда, әйел адамдар шашын жайып жіберіп жыласа ішіндегі шері тарқайды деп сенеді. Әйел еш уақытта еріне қол жұмсамауы ксрек, күш көрсетіп, таяқ ала жүгірмейді немесе сес көрсетпеуі тиіс. Ұрысқанда тілдеп, бетке түкірмейді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп есептейді. Жайшылықта ер кісілердің жүресінен отыруын жаман ырымға балайды. Бұл қаралы жағдайды, өлім-жітімді еске түсіреді. Қайғы үстіндегі ерлер, серігінен айырылған кісілер осылай қара тұтып отырады. Сондықтан ер адамдар құйрығын жерге басып отыруға тиіс. Ал әйел адамдардың жүрелеп отыруы - жақсы ырым. Әйелдердің биязы түрімен ибалы бейнеде жүрелеп отыруы ерлерге, үлкен кісілерге көрсеткен құрметі болып саналады. Қазақ танымында ер адам жүрелесе - ауылға қатер төнеді, әйелдер жүрелесе - ауылға ибалық орнайды деп біледі. Әйел еркектің алдында төсін ашып, жарқыратып отырмайды. Бұлай істесе, сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қарайып, омырауы іседі. Тас емшек болып, омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды. Сондықтан да бала емізгенде де бөгде адамға көрсетпей, етегіп жауып отырып емізетін болған. Қазақ әйелдсрі өзінің басына салып жүрген жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдайды. Сонымен қатар әйел адам кешке, қараңғы түсксннен кейін еыртқа жалаңбас шықпайды, өйткені қараңғы түскен кезде жын-шайтандар әйел адамның шашына жабысып, үйге бірге келеді деп ырымдаған. Жерік болган әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған лйслдіц баласы су ауыз болып туылады, ондай бала суайт болады деген ырым бар. Жаңа босанған әйел үйгс кіргсп иткс шық демейді. Бұлай істесе әйелдің тіеі түсіп қалады, бойынан қайраты кетеді деп біледі.