Міндеттемелік құқық
Міндеттемелік құқық
Міндеттемелік құқық және оның түрлері
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Несие беруші борышқордан белгілі бір міндеттерді орындауды талап ету кезінде құкықтар мен міндеттілікке ие болады, өйткені ол борышқордан міндеттемені талап етуге құқығы бар.
Міндеттемеге қатысушылар болып несие беруиіі мен борышқор танылады.
° Несие беруші — борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға.
Борышқор — міндеттемедегі несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.
Міндеттеменің пайда болуына шарт және т.б. негіздер, яғни, зардап келтіру мен басқа да заңды фактілер әсер етуі мүмкін.
Міндеттемелер пайда болу негізіне байланысты шартты және шартсыз міндеттемелер болып екіге бөлінеді. Міндеттеменің мазмұнын осы міндеттемеге қатысушы субъектілер: борышкор мен несие берушінің құқықтары мен міндеттері кұрайды.
Кейбір жағдайда міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысуы мүмкін. Бұл орайда сөз міндеттемедегі көп тұлғалар жөнінде болып отыр.
Міндеттемедегі құқыктар мен міндеттер арақатынастарына байланысты: біржақты, екіжақты немесе өзара ортақ міндеттемелерге бөлінеді. Біржақты міндеттеменің бір жағында тек құқықтар, ал екінші жағында тек міндеттер ғана болады. (Мысалы: зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер). Екі жақты немесе өзара ортақ міндеттемеде оған қатысушылардың әрқайсында міндеттемелер мен құқықтар болады. (Мысалы: сату және сатып алу шарты.)
Міндеттемені орындау
Міндеттемелер заң талаптарына, міндеттеме шарттарына, іскерлік айналым әдет-ғұрпына және өзге де қойылатыи талаптарға сөйкес орындалуы тиіс.
Тиісті негізде орындалуға қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін, атап айтсақ, орындау тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті әдіспен жүзеге асырылуы тиіс. Міндеттемені орындау шарттары тек тараптардың келісімі бойынша иемесе заңда бекітілген негіздер бойынша өзгертілуі тиіс.
Міндеттемені орындау мерзімі көп жағдайда шарттың талаптарымен, яғни, тараптардың келісімі бойынша анықталады. Бірақ кей кездерде тараптардың шарт морзімін ескермейтін жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген Ережелер қолданылады. Сондай-ақ заңда міндеттемені ақылға қонымды мерзім ішінде орындамаған немесе міндеттеменің орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған жағдайда борышқор міндеттемені несие берушінің талап еткен күнінен бастап жеті күн мерзім ішінде орындауға тиіс.
Нұрлан Айнұрға қарызға ақша береді. Екі жақтың келісуі боиынша орындау мерзімі талап ету сәтімен анықталады (маған ақша қажет болған жағдайда қайтарасың). Нұрлан Аинұрдан қарызды қайтаруын талап еткен жағдайда Айнұрдың міндеттемені тиісті негізде орындауы үшін жеті күндік уақыты бар, себебі өзге ереже шартпен бекітілмеген.
Кейбір міндеттемелердің мерзімі бойынша орындалу тәртібі міндеттеме мәнінен тікелей туындауы мүмкін. Мысалы вокзалдағы сақтау қоймасынан затты талап еткенде сақтаушы талапты бірден орындауы тиіс, мұнда ешқандай жеті күндік мерзімнің болуы мүмкін емес. Сақтаушы уақытты сақтауда түрған қажетті затты алып беруге ғана пайдаланады (сөреден, қоймадан алу, қойманы ашұ және т.б.)
Егер орындалатын жер заңдармен немесе міндеттеме талаптарымен анықталмаса, онда міндеттеме төмендегідей жағдайда орындалуы тиіс:
• міндеттемеге сөйкес жылжымайтын мүлікті мүліктің тұрған орына берумен байланысты;
• міндеттемелер — тасымалдауды пайдалана отырып тауарды немесе өзге демүлікті несие берушіге жеткізу үшін алғашқы тасымалдаушыға өткізген жеріне байланысты;
• өзге де міндеттемелер бойынша тауар немесе басқа да мүлік мүліктің жасалған немесе сақталган орны бойынша берумен байланысты, егер бұл міндеттеме туындаған сәтте несие рушіге бұл жер белгілі болса;
•ақшалай міндеттемелер бойынша — несие берушінің тұрғылыңты жері бойынша, ал егер несие беруші заңды тұлға болса — орналасқан жері бойыша. Қолмакол ақшамен есеп айырыспаған жағдайда несие берушінің тұрғылықты жері есеп айырысатын жер болып табылады. Бұл төлемнің орындалды деп есептелуі есеп шотқа ақша аударылғаннан кейін ғана мүмкін болатындығын білдіреді;
•басқа міндеттемелер бойынша — борышқордың тұрғылыңты жері бойыша, ал егер борышқор заңды тұлға болса — оның тұрған жері бойыша.
Бірнеше мұздатқыш Мөскеу қаласынан Алматыға жөнелтіледі. Егер шартпен өзгеше көзделмесе сатып алушыға жөнелту үшін жүкті темір жолға өткізу орны міндеттеменің орындалатын жері болып табылады, сондай-ақ жүкті жөнелту кезінде сатып алушының меншік құқығының пайда болу сәті де анықталады.
Ақшалай міндеттемелерді орындау тәртібіне баса назар аудару қажет.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай міндеттемелер тек теңге түрінде көрініс табуы қажет.
° Міндеттеменің орындалуы куәландырылған болуы қажет, яғни міндеттеменің орындалуы кезінде несие беруші борышқорға міндеттеменің толық немесе ішінара орындалғаны жөнінде қолхат беруі тиіс. Жалпы тәртіп бойынша, егер борыштық құжат несие берушіде болса, борышқор міндетте- менің орындалғанын дөлелдемейінше міндетті болып қалады.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері
Күнделікті өмірде өр түрлі жағдайларға байланысты міндеттемелерді дер кезінде орындау қиындык тудырып жатады. Сондықтан да осындай жағдайлар болып қалғанда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер болады. Оларға заңдар мен шарттарда көзделген айып төлеу, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілақы, кепіл, т.б. жататындағы көрсетілген. Бұл өдістердің басты мақсаты — борышқордың өзінің міндеттемесін тиісті дөрежеде орындауына түрткі болу.
° Айып төлеу (айыппүл, өсім) — міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.
Өсім — міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда қолданылатын пайыздық қатынаспен анықталатын шара (көп жағдайда өткізіп алынған бір күн үшін белгіленеді). Өсім ұзақ мерзімді айып төлеу болып есептеледі, оны есептеу төленген сомадан алынып тасталады.
Айыппүлдың өсімнен ерекшелігі айыппүл заңда немесе шартта көрсетілген сомада алынады.
Тәжірибеде көп жағдайда кез келген айып төлеуде «айыппұл санкциясы» термині қолданылады.
Айып төлеу заңды айып төлеу және шартты айып төлеу дпген түрлерге бөлінеді. Заңды айып төлеу — міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда заңмен немесе басқа да қүқықтық нормалар актісімен белгіленеді. Несие беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндеті көзделген-көзделмегеніне қарамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құқығы бар. Заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшерін көбейтуге болады. Ал шартты айып төлеу міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда төленетін сома тараптардың келісімімен белгіленеді.
Несие берушінің шеккен залалдарына байланысты айып төлеудің есептік, айыппулдық, ерекіие баламалық деген түрлерін ажыратуға болады. Есептік айыппүл — келтірілген залалды өндіріп алудың ішіне кіргізіледі. Айыппұлдықта — айыппұл да, залал да өндіріледі, ал тек айыпты өндірумен шектелетін айып төлеудің түрі ерекше айып төлеуге жатады. Не айыпты, не залалды өндіріп алу баламалы айып төлеу көрсетеді.
°Кепілақы — бір тараптың екінші тарапқа міндеттемені орыидауды қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша сомасын оның еімішотына беруі.
Кепілақының көптеген қызметі бар: төлемнің бір бөлігі, шартты жасаудың дәлелі, міндеттемені орындауды қамтамасыз етеді. Кепілақыны борышқор төлейді.
Егер Міндеттемені орындамағаны үшін кепілақы берген таран жауапты болса, онда кепілақты екінші тарапта қалады, ал егер кепілақты алған тарап кінөлі болса, онда ол екінші таранқа екі еселенген мөлшерде қайтаруы тиіс.
° Кепілдік — негізі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас.
Кепіл болушылық. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жактың (борышқордың) несие берушісі алдында сол жактың міндеттемесін толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді. Кепіл мен кепіл болушыльщтың бүзылмайтын жазбаша түрі болады. Егер жазбаша шарт болмаса шарт жарамсыз болып есептеледі.
° Кепіл — бұл несие берушінің борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда кепілге алынған мүліктің құнын төлеуге мүмкіндік алатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету өдісі.
Кепілдіктің турлері
Ипотека — кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жактың иелігінде жөне пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға жылжымайтын мүліктер жатады, сондықтан да ипотека жөніндегі келісім міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс және кепілге күкык осы тіркеуден кейін пайда болады.
Кепілзат — кепілге салынған мүліктің кепіл ұстаушының иелігіне берілетін кепіл түрі. Кепілзат кепіл ұстаушыда қалады және сол мүлікте кепілде түр деген жазба болуы шарт. Кепілзаттың ипотекадан ерекшелігі кепіл үстаушы мүлікті пайдалана алмайды.
Сонымен, міндеттемелерді орындау дегеніміз — борыш қордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына сөйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата түруы. Бұл әрекеттерге мүлікті беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. жатады. Өмірди түрлі жағдайлар болуы мүмкін, олар міндеттемені орындауды күрделендіруге немесе тиісінше орындауға алып келуі мүмкін.