Жаңалықтар

Ұлы өзгеріс

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Ұлы өзгеріс Бұрынғылар «елу жылда ел жаңа» депті. Өйтіп-бүйткенше сол елу келіп қалды. Жас едік, енді қартпыз, қатарымыз қадау-қадау. Қарт — сақ аяғын аңдап басады. Жастың өзіне тән алғырлығы мен аңғалдығы қоса жүреді. Орта жасқа келгенде жастың да, қарттың да сырын түюге болады. Осы үш шақты бастан кешіріп, айналаға көз жіберсең бәрі жаңа, ескінің тек жұрнағы көрінеді. Бұл жаңа дүниенің босағасын аттаған жас шағымда жолда не тұр, іздегенім не, алатын орным қайсы?.. бірін де анықтай алғаным жоқ, алып ұшқан жүрекке ерік бердім. Ақыры міне жазушы атандық. Жазушы деген зор атақ. Біреулер оны еңбегімен, біреулер әлдеқалай алып жүр. Әлдеқалай әлі-ақ қалады, еңбегімен алғандар бара береді. Еңбектің де еңбегі бар. Ең дарынды жазушының қинала отырып жыл бойы жазғанын графамандар ай бойында маңдайы тершіместен жаза салады. Сондықтан жазушы еңбегінің саны емес, сапасы шарт. Сапа дегенім ой мен тіл. Ойы мешеу, тілі доғал шығарма өктесең де оқушының көмейінен өтпейді. Ойы жоғары, тілі алғыр шығарма қашан да естен кетпейді. «Өнер алды қызыл тіл». Тілді халық өмір бойы жасап, жаңартып, байытып келеді. Жазушының, жалғыз құралы осы тіл. Жүрек кілті де сол. Ата-баба, өткен қауымдар қалдырған, адамды адам еткен бұл абзал құралды жаңа қауымға, кейінгі ұрпаққа жоғалтпай, бүлдірмей мәпелеп жеткізетін — әдебиет. Әдебиетшілер бұрын некен-саяқ болса, қазір лек-лек. Елу жылда қазақ совет әдебиеті өзінің ұлттық арнасынан асып, бүкіл советтік әдебиетпен ұласты. Қазақ жазушыларының үлкен тобы құралды, жазушы жауапкерлігі бұрынғыдан әлдеқайда күшейді. Сондықтан ой биіктігі, тіл сұлулығы арта беру керек. Жаңа қауым ескі қауымның қалдырғанын тек қабылдаушы емес, сұрыптап, дамытушы да екенін ұмытпайық. Біз әдебиетке келгенде білім, тәжірибеге кедей едік. Бұл күнде бойда бардың бәрін жолшыбай үйрендік. Қазіргі жастар әдебиет қағидаларын оқып, үйреніп келе жатыр. Өнер - білім арқасында бұрын жүз қолдың істейтінін — он, ондікін — бір қол істеп жүр. Жастар қанша сауаттанса да, өнер-білім қанша шарықтаса да әдебиет автоматқа көнбейді. Талай томдар жазған дарынды жазушы әрбір жаңа шығарманың тұсында биік шыңға өрмелегендей демігеді, ізденеді, кейде тіпті аяғы тайып, кейін сырғанайды, сонда да қайтпастан өрмелей береді. Нағыз жазушы осы бейнетін рахатқа айырбастамайды. Әдебиет: тарих, ғылым, өмір айнасы, жан азығы. Оны тек талант жасайды, талантсыздар кәсіпке айналдырады. Совет заманы теңдесі жоқ ұлы заман. Ұлы заманның әдебиеті де ұлы. Біз осы ұлы әдебиетті жасап барамыз, ұлы өзгеріс үстіндеміз.  
04.12.2012 09:34 5562

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Ұлы өзгеріс

Бұрынғылар «елу жылда ел жаңа» депті. Өйтіп-бүйткенше сол елу келіп қалды. Жас едік, енді қартпыз, қатарымыз қадау-қадау. Қарт — сақ аяғын аңдап басады. Жастың өзіне тән алғырлығы мен аңғалдығы қоса жүреді. Орта жасқа келгенде жастың да, қарттың да сырын түюге болады. Осы үш шақты бастан кешіріп, айналаға көз жіберсең бәрі жаңа, ескінің тек жұрнағы көрінеді.

Бұл жаңа дүниенің босағасын аттаған жас шағымда жолда не тұр, іздегенім не, алатын орным қайсы?.. бірін де анықтай алғаным жоқ, алып ұшқан жүрекке ерік бердім. Ақыры міне жазушы атандық.

Жазушы деген зор атақ. Біреулер оны еңбегімен, біреулер әлдеқалай алып жүр. Әлдеқалай әлі-ақ қалады, еңбегімен алғандар бара береді. Еңбектің де еңбегі бар. Ең дарынды жазушының қинала отырып жыл бойы жазғанын графамандар ай бойында маңдайы тершіместен жаза салады. Сондықтан жазушы еңбегінің саны емес, сапасы шарт.

Сапа дегенім ой мен тіл. Ойы мешеу, тілі доғал шығарма өктесең де оқушының көмейінен өтпейді. Ойы жоғары, тілі алғыр шығарма қашан да естен кетпейді.

«Өнер алды қызыл тіл». Тілді халық өмір бойы жасап, жаңартып, байытып келеді. Жазушының, жалғыз құралы осы тіл. Жүрек кілті де сол. Ата-баба, өткен қауымдар қалдырған, адамды адам еткен бұл абзал құралды жаңа қауымға, кейінгі ұрпаққа жоғалтпай, бүлдірмей мәпелеп жеткізетін — әдебиет. Әдебиетшілер бұрын некен-саяқ болса, қазір лек-лек. Елу жылда қазақ совет әдебиеті өзінің ұлттық арнасынан асып, бүкіл советтік әдебиетпен ұласты. Қазақ жазушыларының үлкен тобы құралды, жазушы жауапкерлігі бұрынғыдан әлдеқайда күшейді. Сондықтан ой биіктігі, тіл сұлулығы арта беру керек. Жаңа қауым ескі қауымның қалдырғанын тек қабылдаушы емес, сұрыптап, дамытушы да екенін ұмытпайық.

Біз әдебиетке келгенде білім, тәжірибеге кедей едік. Бұл күнде бойда бардың бәрін жолшыбай үйрендік. Қазіргі жастар әдебиет қағидаларын оқып, үйреніп келе жатыр. Өнер - білім арқасында бұрын жүз қолдың істейтінін — он, ондікін — бір қол істеп жүр. Жастар қанша сауаттанса да, өнер-білім қанша шарықтаса да әдебиет автоматқа көнбейді. Талай томдар жазған дарынды жазушы әрбір жаңа шығарманың тұсында биік шыңға өрмелегендей демігеді, ізденеді, кейде тіпті аяғы тайып, кейін сырғанайды, сонда да қайтпастан өрмелей береді. Нағыз жазушы осы бейнетін рахатқа айырбастамайды.

Әдебиет: тарих, ғылым, өмір айнасы, жан азығы. Оны тек талант жасайды, талантсыздар кәсіпке айналдырады. Совет заманы теңдесі жоқ ұлы заман. Ұлы заманның әдебиеті де ұлы. Біз осы ұлы әдебиетті жасап барамыз, ұлы өзгеріс үстіндеміз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға