Жаңалықтар

Иман – үлкен нығмет

Иман – үлкен нығмет Жоқтан бар етіп, бізді ең көркем бейнеде жаратқан Аллаһқа сансыз мақтаулар мен шүкірлер болсын! Оның игілігі мен сәлемі ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) және оның үй-іші мен туыстары және сахабасына болсын!     Жаратқан Аллаһтың барлығына сенбейтін адам жоқ. Тіпті Құдайға сенбейтін кәпірдің өзі жүрегінің түбінде Аллаһтың бар екенін біледі. Бірақ тәкаппарлығының кесірінен оны мойындағысы келмейді. Кейде қиналғанда олардың ішінде Аллаһқа жалбарынып кететіндері мен айналасындағы жаратылыстарға қарап, «осының бәрі өзінен-өзі жаратылуы мүмкін емес» - деп өз райларынан қайтқандары да бар. Өкінішке орай тәкаппарлықтары таза иман иесі болудан тосады. Ал, кейбір адамдар болса, «Құдайға сенемін»- дейді, бірақ сол сенімін салихалы амалдармен растамайды. Халал нәрселерді талап етіп, харамнан қашпайды. Парыз етілген істерді істеп, тыйым салынғаннан бойын тартпайды. Ислам ғұламалары былай дейді: «Адамның кеудесінде жанның бар екенін немесе жоқ екенін, ол дененің әрекеттер жасап, қимылдағанынан білгеніміз сияқты,жүректе иманның бар екенін немесе жоқ екенін, ол адамның салихалы амалдарды жасайтынына немесе жасамайтынына қарап білеміз» -деген.       Серік қосушылардан болмай, таза иманның егесі болған адам-бақытты адам. Иманның үлкен нығмет екені рас. Біздер басқа нығметтердің бәрін олардан ажырап қалмау үшін қорғаштаумен боламыз.Ал, осылардың ішіндегі ең артығы – иман нығметін қалай қорғауымыз керек? Оған артықша көңіл бөлуіміз керек. Өйткені иман өзінде екі дүниенің жақсылығынан ұстап тұрады. Одан ажырау – екі дүниенің жақсылығынан ажыраумен тең. Сондықтан оны салихалы амалдармен бесігіне бөлеп,жүректің төріне жасырып, ықыласпен жуып жалтыратып, Аллаһтың сөзі Құранмен мәпелеуіміз керек. Расында осы иман салихалы амалдарға жетелейді, әрі күнәлардан қориды. Ал, иман қорғансыз қалса, ол әлсіреп пенде амал қылуға бейғамдық танытып, күнәлі істерге бой алдырады.        Пенде өзінің иман дәрежесіне қарай амал жасайды, жәрдем және жеңіске жетеді, бақыттық дәмін сезеді. Жүрегі тыныштық пен рахатта болады. Құран аяттарында былай дейді: «Ізет-мәртебе Аллаһқа, оның Елшісіне және иман келтіргендерге тән!» және «Әли Имран» сүресінің 139-аятында Аллаһ Тағала: «Егер нағыз иман егелері болсаңдар,сендер әрқашан үстемсіңдер», - деп айтқан. Ал, «Ғафир» сүресінің51- аятында: «Расында елшілер-рімізге, иман келтіргендерге бұл дүниеде де, куәгерлер әзір болып тұратын қиямет күнінде де жәрдем етеміз»,- делінген. Егер кім шынайы иман егесі болса, онда екі дүниеде де қайғы-қасіреттен аман болады. Себебі кім иманмен бірге болса, ол Аллаһпен бірге болғандарға кім қиянат жасай алады?Аллаһпен бірге ететін де, Оның панасына кіргізетін де - Оған деген шынайы иман.        Бұрынғы өткен мұсылмандар бір-біріне: «Егер Аллаһ сенімен бірге болса кімнен қорқасың, ал егер Аллаһ саған қарсы болса, кімнен үміт етесің?»- деп өсиет ететін. Иманның өзіне тән ләззаты да бар. Дүние ләззаттары өте көп. Мысалы, жеу ләззаты, сусын ішу ләззаты, көлік ләззаты, көру, есту, сезіну ләззаттары, жұбай ләззаты және т.б. Осылардың барлығына адам баласы жеткісі келеді. Бірақ осы ләззаттардың ішінде ең артығы-иман ләззаты. Иман ләззатының дәмін бір татқан адам одан ешқашан ажырағысы келмейді. Өйткені  ол – жүрек ләззаты. Жүректің иманның тәтті дәмін сезінгеннен кейінгі тапқан ләззаты.        Белгілі ғалым Ибн Таймия өзінің бір сөзінде : «Бұл дүниеде бір жәннат бар. Кім ол жәннатқа  кірмеген болса, онда ақиреттегі жәннатқа да кіре алмайды»,- деген. Яғни, бұл дүниедегі жәннат – иман, ислам жәннаты.       Және Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің шарапатты хадистерінің бірінде: «мына үш нәрсе кімде болса, онда ол иманның ләззатын татады. Олар :Оған Аллаһ және Оның Елшісі басқа нәрселердің бәрінен сүйіктірек болуы; кісінің тек Аллаһ үшін ғана сүюі; Аллаһтың оны күпірліктен құтқарғаннан кейін оған қайтып оралуды, тозаққа тасталғанды жек көргендей жек көруі», - деген (Бұхари, Мүслим).       Егер кімде осы үш нәрсе болса, онда ол сөзсіз иманның тәтті дәмін татады.       Аллаһ баршамызға шынайы иманды нәсіп етсін!       Аллаһқа деген махаббат оның әмірлеріне мойынсұну. Махаббаттың шынайлығының белгісі де үшеу: -    сүйгенінің сөзін өзгелердің сөзінен артық көру; -    сүйгенімен бірге болуды өзгелермен бірге болудан артық көру; -    сүйгенінің  ризалығын табуды басқалардың разылығын табудан артық көру;       Сондықтан Аллаһты шынайы сүйген адам оған көп ғибадат-құлшылықтар жасайды, оған ұнайтын істерді істейді және Оның елшісі Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) сүннет жолын бекем ұстайды. Себебі Аллаһ Тағала Құранда:       «Ей, Мұхаммед! Оларға: «Егер сендер Аллаһты сүйетін болсаңдар маған ілесіңдер. Сонда Аллаһ сендерді сүйеді»,- деп айт».- деген (Әли Имран,31).        Тағы бір мәселе – Аллаһты сүйіп қана қоймай, сол Аллаһтың сүйікті құлы бола білуде. Сол үшін Аллаһтың Елшісінің (с.а.у) сүннет жолын берік ұстану кере.        Ғалымдар былай деген: «Салихалы амалдар атқарылып, күнәлі істер тасталмайынша иман кәміл иман болып есептелмейді»,- деген.        Кімнің иманы күшті болса, онда ол пенденің амалы да күшті. Кейбір ғалымдар айтқан : «Сыртқы амал ішкі иман дәрежесінің көрсеткіші» . Егер адам баласы таң намазына ұйықтап қала берсе немесе бес уақыт намаздарды кешіктіріп оқыса, дүние сөздерін көп айтып, Құран оқуға уақыт таппаса, онда оның иманының әлсіреп жүргені. Егер біздер Аллаһтың Елшісінің (с.а.у) қасында жүріп одан кейінгілердің амал-ғибадаттарына назар салып көрсек,олардың иманды берген Раббыларына қалай ықылас танытқанын байқаймыз. Иман нығметінің қадірін түсіну, сол иманның талаптарына қарай амал жасау, әрі сол амалды шын ықыласпен орындау болып табылады.        Пайғамбарымыз (с.а.у) бен сахабалардың және одан кейінгілердің құлшылықтарына назар салсақ, олардың намазға ерекше көңіл бөлгенін байқаймыз. Құдіретті күшті Аллаһ намазды өзінің кітабы Құранда иман деген атаумен де атаған.        Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у): « Намазды дүниедегі барша заттан артық сүйемін» - деген екен. Ол (с.а.у) өзінің өмірінің саңғы сәтінде үмметтеріне «Намаз! Намаз!» - деп өсиет айтып кеткен.       Аллаһ Тағала біздерді өз панасына алып, шынайы иман келтіргендерден етсін! Құлшылықтарымызды шын ықыласымызбен орындайтын өзінің сүйікті құлдарынан етсін! Аллаһ Тағала біздерге шынайы иманды нәсіп етсін деп тілейік!    
04.12.2012 09:02 9598

Иман – үлкен нығмет
Жоқтан бар етіп, бізді ең көркем бейнеде жаратқан Аллаһқа сансыз мақтаулар мен шүкірлер болсын! Оның игілігі мен сәлемі ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) және оның үй-іші мен туыстары және сахабасына болсын!
    Жаратқан Аллаһтың барлығына сенбейтін адам жоқ. Тіпті Құдайға сенбейтін кәпірдің өзі жүрегінің түбінде Аллаһтың бар екенін біледі. Бірақ тәкаппарлығының кесірінен оны мойындағысы келмейді. Кейде қиналғанда олардың ішінде Аллаһқа жалбарынып кететіндері мен айналасындағы жаратылыстарға қарап, «осының бәрі өзінен-өзі жаратылуы мүмкін емес» - деп өз райларынан қайтқандары да бар. Өкінішке орай тәкаппарлықтары таза иман иесі болудан тосады. Ал, кейбір адамдар болса, «Құдайға сенемін»- дейді, бірақ сол сенімін салихалы амалдармен растамайды. Халал нәрселерді талап етіп, харамнан қашпайды. Парыз етілген істерді істеп, тыйым салынғаннан бойын тартпайды. Ислам ғұламалары былай дейді: «Адамның кеудесінде жанның бар екенін немесе жоқ екенін, ол дененің әрекеттер жасап, қимылдағанынан білгеніміз сияқты,жүректе иманның бар екенін немесе жоқ екенін, ол адамның салихалы амалдарды жасайтынына немесе жасамайтынына қарап білеміз» -деген.
      Серік қосушылардан болмай, таза иманның егесі болған адам-бақытты адам. Иманның үлкен нығмет екені рас. Біздер басқа нығметтердің бәрін олардан ажырап қалмау үшін қорғаштаумен боламыз.Ал, осылардың ішіндегі ең артығы – иман нығметін қалай қорғауымыз керек? Оған артықша көңіл бөлуіміз керек. Өйткені иман өзінде екі дүниенің жақсылығынан ұстап тұрады. Одан ажырау – екі дүниенің жақсылығынан ажыраумен тең. Сондықтан оны салихалы амалдармен бесігіне бөлеп,жүректің төріне жасырып, ықыласпен жуып жалтыратып, Аллаһтың сөзі Құранмен мәпелеуіміз керек. Расында осы иман салихалы амалдарға жетелейді, әрі күнәлардан қориды. Ал, иман қорғансыз қалса, ол әлсіреп пенде амал қылуға бейғамдық танытып, күнәлі істерге бой алдырады.
       Пенде өзінің иман дәрежесіне қарай амал жасайды, жәрдем және жеңіске жетеді, бақыттық дәмін сезеді. Жүрегі тыныштық пен рахатта болады. Құран аяттарында былай дейді: «Ізет-мәртебе Аллаһқа, оның Елшісіне және иман келтіргендерге тән!» және «Әли Имран» сүресінің 139-аятында Аллаһ Тағала: «Егер нағыз иман егелері болсаңдар,сендер әрқашан үстемсіңдер», - деп айтқан. Ал, «Ғафир» сүресінің51- аятында: «Расында елшілер-рімізге, иман келтіргендерге бұл дүниеде де, куәгерлер әзір болып тұратын қиямет күнінде де жәрдем етеміз»,- делінген. Егер кім шынайы иман егесі болса, онда екі дүниеде де қайғы-қасіреттен аман болады. Себебі кім иманмен бірге болса, ол Аллаһпен бірге болғандарға кім қиянат жасай алады?Аллаһпен бірге ететін де, Оның панасына кіргізетін де - Оған деген шынайы иман.
       Бұрынғы өткен мұсылмандар бір-біріне: «Егер Аллаһ сенімен бірге болса кімнен қорқасың, ал егер Аллаһ саған қарсы болса, кімнен үміт етесің?»- деп өсиет ететін. Иманның өзіне тән ләззаты да бар. Дүние ләззаттары өте көп. Мысалы, жеу ләззаты, сусын ішу ләззаты, көлік ләззаты, көру, есту, сезіну ләззаттары, жұбай ләззаты және т.б. Осылардың барлығына адам баласы жеткісі келеді. Бірақ осы ләззаттардың ішінде ең артығы-иман ләззаты. Иман ләззатының дәмін бір татқан адам одан ешқашан ажырағысы келмейді. Өйткені  ол – жүрек ләззаты. Жүректің иманның тәтті дәмін сезінгеннен кейінгі тапқан ләззаты.
       Белгілі ғалым Ибн Таймия өзінің бір сөзінде : «Бұл дүниеде бір жәннат бар. Кім ол жәннатқа  кірмеген болса, онда ақиреттегі жәннатқа да кіре алмайды»,- деген. Яғни, бұл дүниедегі жәннат – иман, ислам жәннаты.
      Және Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің шарапатты хадистерінің бірінде: «мына үш нәрсе кімде болса, онда ол иманның ләззатын татады. Олар :Оған Аллаһ және Оның Елшісі басқа нәрселердің бәрінен сүйіктірек болуы; кісінің тек Аллаһ үшін ғана сүюі; Аллаһтың оны күпірліктен құтқарғаннан кейін оған қайтып оралуды, тозаққа тасталғанды жек көргендей жек көруі», - деген (Бұхари, Мүслим).
      Егер кімде осы үш нәрсе болса, онда ол сөзсіз иманның тәтті дәмін татады.
      Аллаһ баршамызға шынайы иманды нәсіп етсін!
      Аллаһқа деген махаббат оның әмірлеріне мойынсұну. Махаббаттың шынайлығының белгісі де үшеу:
-    сүйгенінің сөзін өзгелердің сөзінен артық көру;
-    сүйгенімен бірге болуды өзгелермен бірге болудан артық көру;
-    сүйгенінің  ризалығын табуды басқалардың разылығын табудан артық көру;
      Сондықтан Аллаһты шынайы сүйген адам оған көп ғибадат-құлшылықтар жасайды, оған ұнайтын істерді істейді және Оның елшісі Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) сүннет жолын бекем ұстайды. Себебі Аллаһ Тағала Құранда:
      «Ей, Мұхаммед! Оларға: «Егер сендер Аллаһты сүйетін болсаңдар маған ілесіңдер. Сонда Аллаһ сендерді сүйеді»,- деп айт».- деген (Әли Имран,31).
       Тағы бір мәселе – Аллаһты сүйіп қана қоймай, сол Аллаһтың сүйікті құлы бола білуде. Сол үшін Аллаһтың Елшісінің (с.а.у) сүннет жолын берік ұстану кере.
       Ғалымдар былай деген: «Салихалы амалдар атқарылып, күнәлі істер тасталмайынша иман кәміл иман болып есептелмейді»,- деген.
       Кімнің иманы күшті болса, онда ол пенденің амалы да күшті. Кейбір ғалымдар айтқан : «Сыртқы амал ішкі иман дәрежесінің көрсеткіші» . Егер адам баласы таң намазына ұйықтап қала берсе немесе бес уақыт намаздарды кешіктіріп оқыса, дүние сөздерін көп айтып, Құран оқуға уақыт таппаса, онда оның иманының әлсіреп жүргені. Егер біздер Аллаһтың Елшісінің (с.а.у) қасында жүріп одан кейінгілердің амал-ғибадаттарына назар салып көрсек,олардың иманды берген Раббыларына қалай ықылас танытқанын байқаймыз. Иман нығметінің қадірін түсіну, сол иманның талаптарына қарай амал жасау, әрі сол амалды шын ықыласпен орындау болып табылады.
       Пайғамбарымыз (с.а.у) бен сахабалардың және одан кейінгілердің құлшылықтарына назар салсақ, олардың намазға ерекше көңіл бөлгенін байқаймыз. Құдіретті күшті Аллаһ намазды өзінің кітабы Құранда иман деген атаумен де атаған.
       Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у): « Намазды дүниедегі барша заттан артық сүйемін» - деген екен. Ол (с.а.у) өзінің өмірінің саңғы сәтінде үмметтеріне «Намаз! Намаз!» - деп өсиет айтып кеткен.
      Аллаһ Тағала біздерді өз панасына алып, шынайы иман келтіргендерден етсін! Құлшылықтарымызды шын ықыласымызбен орындайтын өзінің сүйікті құлдарынан етсін! Аллаһ Тағала біздерге шынайы иманды нәсіп етсін деп тілейік!
 
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға