Жаңалықтар

Амандасу

  Амандасу (Сәлемдесу) - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген. Хан немесе күшті әмірші, өзінің қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!» деп сәлем берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды. Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір- бірінің бір қолын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар) бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды. Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады. Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс. Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді), тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі. Егер аға сұлтанның әйелдерімен қарапайым әйелдер кезігіп қалса, қарапайым әйелдер жанарларын төмен түсіріп, ізет көрсетіп иіледі. Бірақ, ханша немесе белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек. Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады. Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен мал- жан аман ба? - деп сұрасқан. Мал аман ба? - деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сәлемдескенінен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал- жаның аман ба?», - деп сәлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?» — деп жауап береді. Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген. Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?», — деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. «Уағалейкүмсалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады. Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үйдің жанына жақындағанда аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман-саулық сұрайды. Осы кезде әйел адамдар үй-ішін реттеп, кілем-сырмақтарын төр көрпешелерін төсейді. Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкүм» деп жалпыға сәлем беріп кіреді. Тіпті, баспанада адамдар жоқ болса да немесе әйелдер отырған жағдайда да «Ассалаумағалейкүм» деп шаңырққа сәлем беру әдет қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында амандасудың да өзіндік дәстүрге бағынған рәсімі бар. Арал, Қазалы өңірінде ер бала, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап сәлем бердік дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік», - деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер келіннің сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!» -деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр келіндердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді. Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды. Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің әйеліне қонақ «құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер, үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сәлемдеседі, қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал әйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» - дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» - дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда; «Қарағым», «шырағым» - деген сөздерді қосады. Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттіліктің бірі сол әулеттің ертеден келе жатқан қара шаңырағына соғу міндет.
04.12.2012 08:57 14764

 

Амандасу (Сәлемдесу) - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген. Хан немесе күшті әмірші, өзінің қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!» деп сәлем берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды.

Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір- бірінің бір қолын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар) бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды. Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады. Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс. Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді), тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі. Егер аға сұлтанның әйелдерімен қарапайым әйелдер кезігіп қалса, қарапайым әйелдер жанарларын төмен түсіріп, ізет көрсетіп иіледі. Бірақ, ханша немесе белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек. Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады.

Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен мал- жан аман ба? - деп сұрасқан. Мал аман ба? - деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сәлемдескенінен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал- жаның аман ба?», - деп сәлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?» — деп жауап береді. Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген. Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?», — деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. «Уағалейкүмсалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады. Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үйдің жанына жақындағанда аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман-саулық сұрайды. Осы кезде әйел адамдар үй-ішін реттеп, кілем-сырмақтарын төр көрпешелерін төсейді. Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкүм» деп жалпыға сәлем беріп кіреді. Тіпті, баспанада адамдар жоқ болса да немесе әйелдер отырған жағдайда да «Ассалаумағалейкүм» деп шаңырққа сәлем беру әдет қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында амандасудың да өзіндік дәстүрге бағынған рәсімі бар. Арал, Қазалы өңірінде ер бала, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап сәлем бердік дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік», - деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер келіннің сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!» -деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр келіндердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді.

Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды. Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің әйеліне қонақ «құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер, үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сәлемдеседі, қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал әйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» - дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» - дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда; «Қарағым», «шырағым» - деген сөздерді қосады.

Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттіліктің бірі сол әулеттің ертеден келе жатқан қара шаңырағына соғу міндет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға