Жаңалықтар

Имамия

Имамия Имамия - имамдылықты және он екі имамға сенуді діннің негізі деп санап, Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Хазіреті Әли мен оның ұрпағының имамдар екенін қабылдаған мазһаб. Бұл мазһабтың көзқарасы - Хазіреті Әли мен оның ұрпағының имамдар екенін қабылдау болып табылады. Бұл мазһабтың көзқарасы бойынша Хазіреті Әли және оның он екі ұлы мен немерелері Аллаһтың аяттары және Хазіреті Пайғамбарлық өсиетімен имам болып тағайындалған. Қазіргі кездегі Иранның ресми мазһабы болған шииттік, осындай сенімдерге ие. Имамдықтың «насс» және өсиет арқылы болатынына, сондықтан да діннің парыздарының бірін кұрайтынына сенгендіктен Имамия деп аталатын бұл қоғам, он екі имамды қабылдағандықтан «Он екіншілер» (Иснәашария), сенім, ғибадат және іс-әрекет мәселелерінде имам Жафар әс-Садықтың көзқарастары мен анықтамаларына бағынғандықтан «Жағфария» деп те аталады. Шииттіктің негізін құрайтын Имамия шииттікпен бірге пайда болған. Шииттіктің қашан пайда болғаны туралы кесімді бір мәлімет жоқ. Бірақ көп тараған көзқарас бойынша бұл фырқа Хазіреті Хұсейін Кербалада шейіт болғаннан кейін пайда болған қарсы әрекеттердің нәтижесінде саяси және діни топ ретінде кұрылған. Ал мазһаб ретінде он екінші имам Мұхаммед әл-Мәхдидің жоғалуымен басталған «Кіші жасырындылық» (ғайбат-и суғра) кезеңінен кейін қабылданған.Шииттіктің, сонымен катар Имамияның пайда болуына ықпал еткен басты фактор - имамдық, яғни мемлекет басшылығы мәселесі болып табылады. Көпшілігі сасанидтердің әдет-ғұрыптарының ықпалында болған шииттердің көзқарасы бойынша имамдық мұрагерлік жолмен болады. Бұйрық арқылы әкеден балаға өтеді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін оған ең жақын кісі ретінде Хазіреті Әли мемлекет басшысы (имам-халиф) болу керек. Хазіреті Әли Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) жақыны ғана емес, мұсылмандардың ең беделдісі (әфдалы) болып табылады. Олай болса, имамдыққа ең лайықты адам - Хазіреті Әли және одан кейінгі ұрпақтары. Екінші жақтан шииттер осы саяси түсінікті дін ұғымы ретінде қалыптастырған. Көзқарастарын Құран аяттары есім және сипаттарымен Хазіреті Әли және оның ұрпағының Хазіреті Пайғамбардай (с.а.у.) кейін имам болатынын көрсеткендей, Расулуллах Гадир Хум және Қыртас оқиғаларымен басқа да сөздерінде Хазіреті Әлиді өзінен кейін имам (мемлекет басшысы) етіп тағайындаған. Сондықтан имамдық дін әдісі (усул-и дин) болып табылады және де ол мұсылман қоғамының еркі мен сайлауы арқылы жүзеге аспайды. Керісінше, имамдық діннің негізгі парыздарының бірі болып имам негіздері арасынан орын алады. Бірақ та Құран аяттары мен сахих сүннеттерге қараған кезде Шии-имамияның мұндай түсінігі мен сенімін ақиқатқа шығаратын дәл елдер кездеспейді. Имамдықтың Құран мен сүннет тарапынан Хазіреті Әли және оның ұрпағына берілуі насс және таинмен жүзеге асырылатындығы. Исламның негізі мен әлемдік екеніне теріс келеді. Өйткені Исламият жер бетінде адамға басқару жұмысы мен адамға саяси ерік берген. Адамға ақылы, ғылымы және пікірін қолданыл, өзіне сай басқару түрін белгілеуді, басқаруда сөз алуды, басқарушыларды өз еркімен таңдаулы ұсынған. Мемлекет атын, түрін және ұйымдарын, басқарушыларды анықтау құқығын түгелдей ақылды және ерікті адамға берген. Осыларды назарға алғанда, Шии-имамияның имандықтың насс және тағайындаумен болу сенімі де, «Хазіреті Әли - мұсылмандардың ең беделдісі» деген көзқарасы да Ислам дінінде қолдау таппаған. Хазіреті Әлиді мұсылмандардың ең беделдісі санауы - олардың өз көзқарасы. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) көз жұмғанда оған ең жақын адам Хазіреті Әлгі емес, Хазіреті Фатима болған. Көне сасанид әдет-ғұрыптарының ықпалында қалған шииттер Хазіреті Фатиманың имамдығын әйел болғандықтан қабылдамаған. Шииттерден басқа мұсылмандардың көзқарасы бойынша имамдық (мемлекет басшысы) еркі сайлау жолымен жүргізіледі. Шии-имамияның имандықтарына сенуді діннің негізі деп санаған он екі имамы мыналар: Әли бин Өбу Тәліп (қайтыс болған күні - 661 ж. 28 қаңтар), Хасан бин Әли (қ.б.к. - 670 ж. 28 наурыз), Хусейін бин Әли (қ.б.к. - 680 ж. 15 қазан), Әли бин әл- Хусейн (қ.б.к. - 713 ж. 17 қазан), Мұхаммед әл-Бақыр бин Әли Зейнелабидин (қ.б.к. - 733 ж. 28 қаңтар), Жағфар әс-Садық бин Мұхаммед (қ.б.к. - 765 ж. 15 желтоқсан), Мұса әл-Қасым бин Жағфер (қ.б.к. - 799 ж. 1 қыркүйек), Әли әр-Риза бин Мұса (қ.б.к. - 818 ж. 24 тамыз), Мұхаммед әт- Тақи бин Әли (қ.б.к. - 835 ж. 25 қараша), Әли ән-Наки бин Мұхаммед (қ.б.к. - 868 ж. 28 маусым), Хасан әл-Аскари бин Әли ән- Нақи (қ.б.к. - 873 ж. 2 қаңтар), Мұхаммед әл-Мәхди бин Хасан әл-Аскари (873 ж. жоталан кеткен).   Қазір де тірі деп есептелетін он екінші имам Мұхаммед әл-Мәһдидің жоғалуынан, яғни 873 жылдан 940 жылдың 27 мамырға дейінгі кезең Шии-имамияда «кіші жасырындылық» (ғайбет-и суғра) деп аталады. Хасан әл-Аскари 873 ж. қайтысболған кезде ұлы Мұхаммед эл-Махди жа- сырынған. Міне, осы жасырыну кезеңінде он екінші имам мен шииттер арасында «сеферилік» (елшілік) қызмет атқаратын төрт адам онымен кездескен. «Төрт елші» (суфера-и ербаа) деп аталатын бұл адамдар - Өбу Амр Осман бин Саид, Әбу Жағфар Мұхаммед бин Осман, Хусейн бин Рух және Әли бин Мұхаммед. Имамия тобының көзқарасы бойынша төртінші елші Әли бин Мұхаммедтің 940 ж. 27 мамырла қайтыс болуымен «Кіші жасырындылық» кезеңі аяқталып, «үлкен жасырындылық» (ғайбет-и кубра) кезеңі басталған. Үлкен жасырындылық кезеңінде И. барлық мәселелері мен ұйымдарын Әхл-и бәйт, яғни он екі имамның бірінің жолымен келген риуаяттарды негізге алатын равилердің көзқарастарын сүйенген. Негізінен, саяси әрекет ретінде пайда болып, кейіннен діни мазһабқа айналған Имамия тобы Фатими, Бувейхи және сафебилер сияқты саяси хандықтарға сүйене отырып, жұмыстарын жүзеге асырған. Бірақ, үлкен жасырындылық кезеңінен (X ғ.) Иранның ресми мазһабы болғанға дейін (XV ғ.) Ислам әлемінде үлкен жетістікке жетпеген. Қазіргі кезде «Аятуллаһу-л-Узма» (ең үлкен аятулла) басшылығымен өмір сүріп жатқан И. тобы Иран Ислам Республикасының Ата заңында мемл. ресми мазһабы ретінде қабылданған. Ауғаныстан, Ирак, Ливия және Әзербайжан сияқты елдерде де Имамия тобына мүше мұсылмандар кездеседі. Көзқарастары. Имамия тобының діни көзқарастары, негізінде, саяси түсініктерінің жалғасы болып табылады. Тәухид, сифатуллах (Аллаһтың сипаты), нубувет (Пайғамбарлық) және меад (ақырет) тақырыптарында дәстүрлі Ислам түсінігі шеңберінде және Әхл-и Суннамен бірдей пікірде. Бірақ Пайғамбарлыққа, иманның бір бөлігі болған кітаптарға иман туралы бірқатар өзгеше түсініктері бар. Іс жүзінде қолымыздағы Құран Кәрімге бағынғанмен, олардың Мұхаммед бин Кулейни сияқты үлкен ғалымдары Құранның Хазіреті Әлиге жаздырылған басқа бір нұсқаның бар екенін және оның Құран нұсқасынан бір жарым есе үлкен екенін айтады. Имамияның Пайғамбарлық мәселелерінде Әхли суннадан тағы бір айырмашылық - сүннет түсінігі. Олардың көзқарасы бойынша діннің негіздеріне қатысты болсын, іс- әрекеттерге қатысты болсын Исламның хадиске сүйенетін әрбір үкімі тек Әхли Бәйт және соларға сүйенетін равилердің риуаяттары негізге алына отырып шығарылады. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) сүннеті және он төрт күнәсіз кісінің (Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) қызы Фатима және Хазіреті Әли мен он екі имам), Хазіреті Пайғамбардай (с.а.у.) алған риуаяттары дінді түсіндіріп, анықтайды. Имамия көзқарасы бойынша бір хадистің сахих болып саналуы тек Әхли Бәйтке сүйенуі арқылы болады, әйтпесе ол «хадис дайыф» деп қабылданады немесе қабылданбауы. Сондықтан олар сахабаларды Хазіреті Әлидің әрекеттеріне қарай бағалайды және оған қарсылық білдіргендердің залым және мүртед (діннен шыққан) екенін айтады. Хазіреті Әлидің қасында болмаған сахабалардың риуаяттарына сенбейді және де оны дәлел етіп алмайды. Имамия тобының негізгі сенімі мен көзқарасы - имамдық. Олардың көзқарасы бойынша иман діннің бірі деп санайтын имамдыққа сенумен толықтырылады. Сонымен қатар Имамия әрбір ғасырда Пайғамбар қызметін атқаратын, адамдардың ақиқатқа жетуіне көмектесетін күнәсіз бір имамның бар болатынын сенеді. Олардың көзқарасы бойынша Пайғамбар жіберу де илаһи жақсылық болып табылады. Сондықтан да имамдық Пайғамбарлықтың жалғасы болып табылады. Имамия көзқарасы бойынша имамның сайлануы насс арқылы немесе сол имамнан бұрынғы имамның оның имамдығын анықтаумен болады. Имам адамдардың қалауымен немесе тағайындауымен сайланбайды. Алғашқы имам Хазіреті Әлидің имамдығы Аллаһтың аяттары (насс) және Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) белгілеуімен (өсиет) тұрақты. Сонымен қатар, Хазіреті Әли мен оның жолына түскен он бір күнәсіз имам. Аллаһ оларға мойынсұнуды бұйырған. «Улу-л- Әмр» (бұйрық иелері) кісілер болып табылады. Олар Аллаһ ғылымының қазынасы, уаһиді түсіндіруші және тәухидтің шарттары. Олар қателік пен жаңылысудан корғалған (масум) кісілер. Бұл жағдайда Имамия көзқарасы бойынша имамдық дін негіздерінің бірі болып табылады. Имамға мойынсұну - Аллаһқа мойынсұну деген сөз. Имамға қарсы шыққан адам Аллаһқа бас көтерген адам деп саналады. Мүміндер діни және дүниелік істерінде міндетті түрде имамдарға бағыну керек. Он екі күмәнсіз имамның он екіншісі Мәһди Мунтазар (оны келеді деп күтеді) болып, қазір де тірі, қиямет орнаудан бұрын зұлымдық толған дүниеге әділдік орнату үшін келеді. Олай болса, Мәһдидің келетініне сену де иман негіздерінің бірі болып табылады. Ал Әхли сунна көзқарасы бойынша имамдық діннің негіздерінен емес. Мұсылмандар кімді қалап таңдаса, сол имам (мемлекет басшысы) болады. Имамдық діни мәртебе болмағандықтан, имам да күшсіз немесе көсемдік ерекшелікке ие емес. Имам сайлау насс және өсиет арқылы емес, таңдау жолымен жүргізіледі. Рижат (имамның қайтып оралуы), бәда (ортаға шығу) және тәкие (жасырыну) Имамия шиасының діни сенімдері арасынан орын алады. Ғибадат пен іс-әрекеттерге қатысты көзқарастарын келсек, Кітап, сүннет, ижма және қиясты діни үкімдерінің қайнар көзі ретінде қабылдайтын Имамия шиасы ғибадаттар мен оның жасалу түрлерінде Әхли сүннетпен бірдей көзқарасы бөліседі. Намаз, ораза, қажылық және зекет сияқты ғибадаттарды да сол қалпында қабылдап, түсіндіреді. Бірақ діни-амалдық үкімдерді анықтауда күнәсіз имамдардың риуаяттарын және Аллаһтың дәлелі деп санайтын ғалымдардың ортақ көзқарастарын басқару әдісі ретінде қабылдайды. Имам Жағфар Садықтың түсіндірмелеріне сүйенетін фикһтық үкімдері Ханафилікке өте жақын.
04.12.2012 08:57 5062

Имамия

Имамия - имамдылықты және он екі имамға сенуді діннің негізі деп санап, Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Хазіреті Әли мен оның ұрпағының имамдар екенін қабылдаған мазһаб. Бұл мазһабтың көзқарасы - Хазіреті Әли мен оның ұрпағының имамдар екенін қабылдау болып табылады. Бұл мазһабтың көзқарасы бойынша Хазіреті Әли және оның он екі ұлы мен немерелері Аллаһтың аяттары және Хазіреті Пайғамбарлық өсиетімен имам болып тағайындалған.

Қазіргі кездегі Иранның ресми мазһабы болған шииттік, осындай сенімдерге ие. Имамдықтың «насс» және өсиет арқылы болатынына, сондықтан да діннің парыздарының бірін кұрайтынына сенгендіктен Имамия деп аталатын бұл қоғам, он екі имамды қабылдағандықтан «Он екіншілер» (Иснәашария), сенім, ғибадат және іс-әрекет мәселелерінде имам Жафар әс-Садықтың көзқарастары мен анықтамаларына бағынғандықтан «Жағфария» деп те аталады. Шииттіктің негізін құрайтын Имамия шииттікпен бірге пайда болған. Шииттіктің қашан пайда болғаны туралы кесімді бір мәлімет жоқ. Бірақ көп тараған көзқарас бойынша бұл фырқа Хазіреті Хұсейін Кербалада шейіт болғаннан кейін пайда болған қарсы әрекеттердің нәтижесінде саяси және діни топ ретінде кұрылған. Ал мазһаб ретінде он екінші имам Мұхаммед әл-Мәхдидің жоғалуымен басталған «Кіші жасырындылық» (ғайбат-и суғра) кезеңінен кейін қабылданған.Шииттіктің, сонымен катар Имамияның пайда болуына ықпал еткен басты фактор - имамдық, яғни мемлекет басшылығы мәселесі болып табылады. Көпшілігі сасанидтердің әдет-ғұрыптарының ықпалында болған шииттердің көзқарасы бойынша имамдық мұрагерлік жолмен болады. Бұйрық арқылы әкеден балаға өтеді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін оған ең жақын кісі ретінде Хазіреті Әли мемлекет басшысы (имам-халиф) болу керек. Хазіреті Әли Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) жақыны ғана емес, мұсылмандардың ең беделдісі (әфдалы) болып табылады. Олай болса, имамдыққа ең лайықты адам - Хазіреті Әли және одан кейінгі ұрпақтары.

Екінші жақтан шииттер осы саяси түсінікті дін ұғымы ретінде қалыптастырған. Көзқарастарын Құран аяттары есім және сипаттарымен Хазіреті Әли және оның ұрпағының Хазіреті Пайғамбардай (с.а.у.) кейін имам болатынын көрсеткендей, Расулуллах Гадир Хум және Қыртас оқиғаларымен басқа да сөздерінде Хазіреті Әлиді өзінен кейін имам (мемлекет басшысы) етіп тағайындаған. Сондықтан имамдық дін әдісі (усул-и дин) болып табылады және де ол мұсылман қоғамының еркі мен сайлауы арқылы жүзеге аспайды. Керісінше, имамдық діннің негізгі парыздарының бірі болып имам негіздері арасынан орын алады. Бірақ та Құран аяттары мен сахих сүннеттерге қараған кезде Шии-имамияның мұндай түсінігі мен сенімін ақиқатқа шығаратын дәл елдер кездеспейді. Имамдықтың Құран мен сүннет тарапынан Хазіреті Әли және оның ұрпағына берілуі насс және таинмен жүзеге асырылатындығы. Исламның негізі мен әлемдік екеніне теріс келеді. Өйткені Исламият жер бетінде адамға басқару жұмысы мен адамға саяси ерік берген. Адамға ақылы, ғылымы және пікірін қолданыл, өзіне сай басқару түрін белгілеуді, басқаруда сөз алуды, басқарушыларды өз еркімен таңдаулы ұсынған. Мемлекет атын, түрін және ұйымдарын, басқарушыларды анықтау құқығын түгелдей ақылды және ерікті адамға берген. Осыларды назарға алғанда, Шии-имамияның имандықтың насс және тағайындаумен болу сенімі де, «Хазіреті Әли - мұсылмандардың ең беделдісі» деген көзқарасы да Ислам дінінде қолдау таппаған. Хазіреті Әлиді мұсылмандардың ең беделдісі санауы - олардың өз көзқарасы. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) көз жұмғанда оған ең жақын адам Хазіреті Әлгі емес, Хазіреті Фатима болған. Көне сасанид әдет-ғұрыптарының ықпалында қалған шииттер Хазіреті Фатиманың имамдығын әйел болғандықтан қабылдамаған.

Шииттерден басқа мұсылмандардың көзқарасы бойынша имамдық (мемлекет басшысы) еркі сайлау жолымен жүргізіледі. Шии-имамияның имандықтарына сенуді діннің негізі деп санаған он екі имамы мыналар: Әли бин Өбу Тәліп (қайтыс болған күні - 661 ж. 28 қаңтар), Хасан бин Әли (қ.б.к. - 670 ж. 28 наурыз), Хусейін бин Әли (қ.б.к. - 680 ж. 15 қазан), Әли бин әл- Хусейн (қ.б.к. - 713 ж. 17 қазан), Мұхаммед әл-Бақыр бин Әли Зейнелабидин (қ.б.к. - 733 ж. 28 қаңтар), Жағфар әс-Садық бин Мұхаммед (қ.б.к. - 765 ж. 15 желтоқсан), Мұса әл-Қасым бин Жағфер (қ.б.к. - 799 ж. 1 қыркүйек), Әли әр-Риза бин Мұса (қ.б.к. - 818 ж. 24 тамыз), Мұхаммед әт- Тақи бин Әли (қ.б.к. - 835 ж. 25 қараша), Әли ән-Наки бин Мұхаммед (қ.б.к. - 868 ж. 28 маусым), Хасан әл-Аскари бин Әли ән- Нақи (қ.б.к. - 873 ж. 2 қаңтар), Мұхаммед әл-Мәхди бин Хасан әл-Аскари (873 ж. жоталан кеткен).

 

Қазір де тірі деп есептелетін он екінші имам Мұхаммед әл-Мәһдидің жоғалуынан, яғни 873 жылдан 940 жылдың 27 мамырға дейінгі кезең Шии-имамияда «кіші жасырындылық» (ғайбет-и суғра) деп аталады. Хасан әл-Аскари 873 ж. қайтысболған кезде ұлы Мұхаммед эл-Махди жа- сырынған. Міне, осы жасырыну кезеңінде он екінші имам мен шииттер арасында «сеферилік» (елшілік) қызмет атқаратын төрт адам онымен кездескен. «Төрт елші» (суфера-и ербаа) деп аталатын бұл адамдар - Өбу Амр Осман бин Саид, Әбу Жағфар Мұхаммед бин Осман, Хусейн бин Рух және Әли бин Мұхаммед.

Имамия тобының көзқарасы бойынша төртінші елші Әли бин Мұхаммедтің 940 ж. 27 мамырла қайтыс болуымен «Кіші жасырындылық» кезеңі аяқталып, «үлкен жасырындылық» (ғайбет-и кубра) кезеңі басталған. Үлкен жасырындылық кезеңінде И. барлық мәселелері мен ұйымдарын Әхл-и бәйт, яғни он екі имамның бірінің жолымен келген риуаяттарды негізге алатын равилердің көзқарастарын сүйенген.

Негізінен, саяси әрекет ретінде пайда болып, кейіннен діни мазһабқа айналған Имамия тобы Фатими, Бувейхи және сафебилер сияқты саяси хандықтарға сүйене отырып, жұмыстарын жүзеге асырған. Бірақ, үлкен жасырындылық кезеңінен (X ғ.) Иранның ресми мазһабы болғанға дейін (XV ғ.) Ислам әлемінде үлкен жетістікке жетпеген. Қазіргі кезде «Аятуллаһу-л-Узма» (ең үлкен аятулла) басшылығымен өмір сүріп жатқан И. тобы Иран Ислам Республикасының Ата заңында мемл. ресми мазһабы ретінде қабылданған. Ауғаныстан, Ирак, Ливия және Әзербайжан сияқты елдерде де Имамия тобына мүше мұсылмандар кездеседі.

Көзқарастары. Имамия тобының діни көзқарастары, негізінде, саяси түсініктерінің жалғасы болып табылады. Тәухид, сифатуллах (Аллаһтың сипаты), нубувет (Пайғамбарлық) және меад (ақырет) тақырыптарында дәстүрлі Ислам түсінігі шеңберінде және Әхл-и Суннамен бірдей пікірде. Бірақ Пайғамбарлыққа, иманның бір бөлігі болған кітаптарға иман туралы бірқатар өзгеше түсініктері бар. Іс жүзінде қолымыздағы Құран Кәрімге бағынғанмен, олардың Мұхаммед бин Кулейни сияқты үлкен ғалымдары Құранның Хазіреті Әлиге жаздырылған басқа бір нұсқаның бар екенін және оның Құран нұсқасынан бір жарым есе үлкен екенін айтады.

Имамияның Пайғамбарлық мәселелерінде Әхли суннадан тағы бір айырмашылық - сүннет түсінігі. Олардың көзқарасы бойынша діннің негіздеріне қатысты болсын, іс- әрекеттерге қатысты болсын Исламның хадиске сүйенетін әрбір үкімі тек Әхли Бәйт және соларға сүйенетін равилердің риуаяттары негізге алына отырып шығарылады. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) сүннеті және он төрт күнәсіз кісінің (Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) қызы Фатима және Хазіреті Әли мен он екі имам), Хазіреті Пайғамбардай (с.а.у.) алған риуаяттары дінді түсіндіріп, анықтайды. Имамия көзқарасы бойынша бір хадистің сахих болып саналуы тек Әхли Бәйтке сүйенуі арқылы болады, әйтпесе ол «хадис дайыф» деп қабылданады немесе қабылданбауы. Сондықтан олар сахабаларды Хазіреті Әлидің әрекеттеріне қарай бағалайды және оған қарсылық білдіргендердің залым және мүртед (діннен шыққан) екенін айтады. Хазіреті Әлидің қасында болмаған сахабалардың риуаяттарына сенбейді және де оны дәлел етіп алмайды. Имамия тобының негізгі сенімі мен көзқарасы - имамдық. Олардың көзқарасы бойынша иман діннің бірі деп санайтын имамдыққа сенумен толықтырылады. Сонымен қатар Имамия әрбір ғасырда Пайғамбар қызметін атқаратын, адамдардың ақиқатқа жетуіне көмектесетін күнәсіз бір имамның бар болатынын сенеді. Олардың көзқарасы бойынша Пайғамбар жіберу де илаһи жақсылық болып табылады. Сондықтан да имамдық Пайғамбарлықтың жалғасы болып табылады.

Имамия көзқарасы бойынша имамның сайлануы насс арқылы немесе сол имамнан бұрынғы имамның оның имамдығын анықтаумен болады. Имам адамдардың қалауымен немесе тағайындауымен сайланбайды. Алғашқы имам Хазіреті Әлидің имамдығы Аллаһтың аяттары (насс) және Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) белгілеуімен (өсиет) тұрақты. Сонымен қатар, Хазіреті Әли мен оның жолына түскен он бір күнәсіз имам. Аллаһ оларға мойынсұнуды бұйырған. «Улу-л- Әмр» (бұйрық иелері) кісілер болып табылады. Олар Аллаһ ғылымының қазынасы, уаһиді түсіндіруші және тәухидтің шарттары. Олар қателік пен жаңылысудан корғалған (масум) кісілер.

Бұл жағдайда Имамия көзқарасы бойынша имамдық дін негіздерінің бірі болып табылады. Имамға мойынсұну - Аллаһқа мойынсұну деген сөз. Имамға қарсы шыққан адам Аллаһқа бас көтерген адам деп саналады. Мүміндер діни және дүниелік істерінде міндетті түрде имамдарға бағыну керек. Он екі күмәнсіз имамның он екіншісі Мәһди Мунтазар (оны келеді деп күтеді) болып, қазір де тірі, қиямет орнаудан бұрын зұлымдық толған дүниеге әділдік орнату үшін келеді. Олай болса, Мәһдидің келетініне сену де иман негіздерінің бірі болып табылады. Ал Әхли сунна көзқарасы бойынша имамдық діннің негіздерінен емес. Мұсылмандар кімді қалап таңдаса, сол имам (мемлекет басшысы) болады. Имамдық діни мәртебе болмағандықтан, имам да күшсіз немесе көсемдік ерекшелікке ие емес. Имам сайлау насс және өсиет арқылы емес, таңдау жолымен жүргізіледі.

Рижат (имамның қайтып оралуы), бәда (ортаға шығу) және тәкие (жасырыну) Имамия шиасының діни сенімдері арасынан орын алады.

Ғибадат пен іс-әрекеттерге қатысты көзқарастарын келсек, Кітап, сүннет, ижма және қиясты діни үкімдерінің қайнар көзі ретінде қабылдайтын Имамия шиасы ғибадаттар мен оның жасалу түрлерінде Әхли сүннетпен бірдей көзқарасы бөліседі. Намаз, ораза, қажылық және зекет сияқты ғибадаттарды да сол қалпында қабылдап, түсіндіреді. Бірақ діни-амалдық үкімдерді анықтауда күнәсіз имамдардың риуаяттарын және Аллаһтың дәлелі деп санайтын ғалымдардың ортақ көзқарастарын басқару әдісі ретінде қабылдайды. Имам Жағфар Садықтың түсіндірмелеріне сүйенетін фикһтық үкімдері Ханафилікке өте жақын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға