Жаңалықтар

Сексеннің асқарында айтылған сөз

  ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Сексеннің асқарында айтылған сөз Ертеде, жапан далада, мыжырайған екі шым үйдің бірінде шыр етіп дүниеге бір нәресте келді. Нәрестенің тілі шыға бастағаннан-ақ әкесі оған «Құдай бір, пайғамбар хақ, құран шын» деп үйретті. Одан әрі сауаты жетпеді, молдаға берді. Молда «Әліпте жоқ би астында бір ноқат, ти үстінде екі ноқат, си үстінде үш ноқат» деп үйретті. Сөйтіп, бір жылда азар дегенде арабша хат таныпты. Бала он жасынан асқан соң, бір жыл орыс мектебінде оқыды. Мектептің, ұстаздардың берген білімі осы ғана. Сіздер қазір сол баланың сексен жасын тойлап отырсыздар. Тойларыңыз құтты болсын. Сексенге ол жәй келген жоқ және басқалар келген жолмен келген жоқ. Соны қарды омбылай, төтелей жүріп жетті. Ондаған жылдар бойы ол ұлы Ленин партиясының, совет үкіметінің мүшесі. Ондаған жылдар бойы ғалымдардың,  академиктердің қатарында. Осылардың үстіне жазушы. Көз көрмесе бұған нану тіпті қиын, көрген соң нанбасқа болмайды. Ал, осы дәрежеге қалай жетті?— деген сұрақ туады. Жетуінде екі-ақ себеп бар. Бірінші себеп: әуел баста нәрестенің басына табиғат өзі бір қасиетті дәнді салып жіберіпті. Сол дәннің қуаты, құдіреті жеткізді. Бірақ, дән қанша құдіретті болса да өздігінен мардымды ештеме бітірмейді. Бап тілейді. Баптаушы — заманы, совет заманы, совет топырағы, совет әуесі болды. Заманды бастаушым, баптаушы ұлы Ленин партиясы болды. Міне, сонымен мен адамшылықтың недәуір жоғары сатысына көтерілдім. Алдыма қарасам, өзімнен озықтарды көрем, өзімді-өзім кемсінем. Артыма қарасам, өзімнен кейін қалғандарды көрем, шүкірлік етем. Шүкірлік керек. Нәпсі тоймайды, болған сайын бола берсем дейді. Ағар бола берсе, тозбаса, өлмесе адам дүниеге сыймас еді, дүниенің өзін жеп бітірер еді. Сондықтан тозу, өлу заңы бар. Бұл заңға бағынбайтын ешкім, іштеме жоқ. Маған арнап жылы сөздер айтылып жатыр. Жылы сөз жан семіртеді. Семіздік кейде кейбір адамдарды есіртеді. Саясат майданында болсын, әдебиет майданында болсын, жалпы ғылым, білім, өнер майданында болсын есірген адам ақылынан адасады. Ат жалын тартып мінгелі құлағымнан бір сыбыр кеткен емес. Әман: «есірме, есірме» деп тұрады. Сондықтан мен есіре алмадым. Дегенмен, көптің қошеметі көңілді көтерді, тіпті ұйтқытады, сонымен бірге мойынға үлкен міндет артады. Осы міндетті атқаруға қуат қаншама жетер, өмір қаншаға жетер — келешек көрсетеді, ал атқару жолында аянбайтыныма сене беріңіздер. Сайып келгенде, қошеметтеріңіздің бәрі әдебиет үшін. Қазақ әдебиеті бұндай қошаметтерді бұрын көрген емес. Тек біздің заманымызда ғана, совет заманында ғана көріп отыр. Көріп қана қоймай халықтық дәстүрге айналдырып жіберді. Дәстүр жасау қиынның қиыны. Жер астын үңгіп жол салудан жақсы дәстүр жасау қиын. Жасалған жақсы дәстүрді бұзу тау бұзудан қиын. Жақсы дәстүр бүгінгі қауымға жасап беріп кеткен даңғыл жолы. Совет дәуірінің әдебиет жолын алдыңғылар жасап кетті. Кейінгілер сол жолдың жалғасын жасай бермек. Әдебиет дегеніміз — халық айнасы, айна дұрыс көрсетсе құба-құп. Қисық көрсетсе қоқыстардың астында қалады. Әдебиет — адам жанының, адам пиғылдарын тәрбиелейтін ең керекті құралдың бірі, бірі болғанда бірегейі. Сол әдебиет тілмен жасалады. Тіл әр халықтың, әр ұлттың ең көркем, ең айқын құдіретті сипаты. Тіл — күн шалмаған қараңғы көңілді шалады, күн жылытпаған, тас көңілді жылыта алады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ. Өле-өлгенше тіл қадірін көтере берелік. Бұрын ана тіліміз біреу болса, енді екеу — қазақ тілі мен орыс тілі. Бұл екеуінің бірін ғана білген ұлт бір аяғы, не бір қолы жоқ дімкәс адам тәрізді. Совет жеріндегі әрбір ұлт өзінің өнер-білім табыстарын орыс тілі арқылы дүниеге таратады. Дүниеде болып жатқан өнер-білім табыстарына орыс тілі арқылы қол жетеді. Бізде қазір осы екі тілдің бірін ұстап, бірін тастап жүгендер байқалады. Олар өздерінің дімкәс екенін сезбестен танауын көтереді. Сездіру керек оларға. Ұлан-байтақ совет елінің әр жерінен, алыстан, жуықтан келіп, осы, кең сарайда үлкен топтың бас қосуына себепкер болғаныма қуанамын, көрсеткен сый-құрметтеріңізге, игі тілектеріңізге көптен-көп рахмет. Бәрімізге бағыт беріп масайратып қойған ұлы Ленин партиясына көптен-көп рахмет! Декабрь, 1982  
04.12.2012 08:55 4975

 

ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Сексеннің асқарында айтылған сөз

Ертеде, жапан далада, мыжырайған екі шым үйдің бірінде шыр етіп дүниеге бір нәресте келді. Нәрестенің тілі шыға бастағаннан-ақ әкесі оған «Құдай бір, пайғамбар хақ, құран шын» деп үйретті. Одан әрі сауаты жетпеді, молдаға берді. Молда «Әліпте жоқ би астында бір ноқат, ти үстінде екі ноқат, си үстінде үш ноқат» деп үйретті. Сөйтіп, бір жылда азар дегенде арабша хат таныпты. Бала он жасынан асқан соң, бір жыл орыс мектебінде оқыды. Мектептің, ұстаздардың берген білімі осы ғана. Сіздер қазір сол баланың сексен жасын тойлап отырсыздар. Тойларыңыз құтты болсын. Сексенге ол жәй келген жоқ және басқалар келген жолмен келген жоқ. Соны қарды омбылай, төтелей жүріп жетті.

Ондаған жылдар бойы ол ұлы Ленин партиясының, совет үкіметінің мүшесі. Ондаған жылдар бойы ғалымдардың,  академиктердің қатарында. Осылардың үстіне жазушы. Көз көрмесе бұған нану тіпті қиын, көрген соң нанбасқа болмайды. Ал, осы дәрежеге қалай жетті?— деген сұрақ туады. Жетуінде екі-ақ себеп бар. Бірінші себеп: әуел баста нәрестенің басына табиғат өзі бір қасиетті дәнді салып жіберіпті. Сол дәннің қуаты, құдіреті жеткізді. Бірақ, дән қанша құдіретті болса да өздігінен мардымды ештеме бітірмейді. Бап тілейді. Баптаушы — заманы, совет заманы, совет топырағы, совет әуесі болды. Заманды бастаушым, баптаушы ұлы Ленин партиясы болды. Міне, сонымен мен адамшылықтың недәуір жоғары сатысына көтерілдім. Алдыма қарасам, өзімнен озықтарды көрем, өзімді-өзім кемсінем. Артыма қарасам, өзімнен кейін қалғандарды көрем, шүкірлік етем. Шүкірлік керек. Нәпсі тоймайды, болған сайын бола берсем дейді. Ағар бола берсе, тозбаса, өлмесе адам дүниеге сыймас еді, дүниенің өзін жеп бітірер еді. Сондықтан тозу, өлу заңы бар. Бұл заңға бағынбайтын ешкім, іштеме жоқ.

Маған арнап жылы сөздер айтылып жатыр. Жылы сөз жан семіртеді. Семіздік кейде кейбір адамдарды есіртеді. Саясат майданында болсын, әдебиет майданында болсын, жалпы ғылым, білім, өнер майданында болсын есірген адам ақылынан адасады. Ат жалын тартып мінгелі құлағымнан бір сыбыр кеткен емес. Әман: «есірме, есірме» деп тұрады. Сондықтан мен есіре алмадым. Дегенмен, көптің қошеметі көңілді көтерді, тіпті ұйтқытады, сонымен бірге мойынға үлкен міндет артады. Осы міндетті атқаруға қуат қаншама жетер, өмір қаншаға жетер — келешек көрсетеді, ал атқару жолында аянбайтыныма сене беріңіздер.

Сайып келгенде, қошеметтеріңіздің бәрі әдебиет үшін. Қазақ әдебиеті бұндай қошаметтерді бұрын көрген емес. Тек біздің заманымызда ғана, совет заманында ғана көріп отыр. Көріп қана қоймай халықтық дәстүрге айналдырып жіберді.

Дәстүр жасау қиынның қиыны. Жер астын үңгіп жол салудан жақсы дәстүр жасау қиын. Жасалған жақсы дәстүрді бұзу тау бұзудан қиын. Жақсы дәстүр бүгінгі қауымға жасап беріп кеткен даңғыл жолы. Совет дәуірінің әдебиет жолын алдыңғылар жасап кетті. Кейінгілер сол жолдың жалғасын жасай бермек. Әдебиет дегеніміз — халық айнасы, айна дұрыс көрсетсе құба-құп. Қисық көрсетсе қоқыстардың астында қалады. Әдебиет — адам жанының, адам пиғылдарын тәрбиелейтін ең керекті құралдың бірі, бірі болғанда бірегейі. Сол әдебиет тілмен жасалады. Тіл әр халықтың, әр ұлттың ең көркем, ең айқын құдіретті сипаты. Тіл — күн шалмаған қараңғы көңілді шалады, күн жылытпаған, тас көңілді жылыта алады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ. Өле-өлгенше тіл қадірін көтере берелік. Бұрын ана тіліміз біреу болса, енді екеу — қазақ тілі мен орыс тілі. Бұл екеуінің бірін ғана білген ұлт бір аяғы, не бір қолы жоқ дімкәс адам тәрізді. Совет жеріндегі әрбір ұлт өзінің өнер-білім табыстарын орыс тілі арқылы дүниеге таратады. Дүниеде болып жатқан өнер-білім табыстарына орыс тілі арқылы қол жетеді. Бізде қазір осы екі тілдің бірін ұстап, бірін тастап жүгендер байқалады. Олар өздерінің дімкәс екенін сезбестен танауын көтереді. Сездіру керек оларға.

Ұлан-байтақ совет елінің әр жерінен, алыстан, жуықтан келіп, осы, кең сарайда үлкен топтың бас қосуына себепкер болғаныма қуанамын, көрсеткен сый-құрметтеріңізге, игі тілектеріңізге көптен-көп рахмет. Бәрімізге бағыт беріп масайратып қойған ұлы Ленин партиясына көптен-көп рахмет!

Декабрь, 1982

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға