Жаңалықтар

Ежелгі Месопотамия мен Иранның мәдениеті

  Ежелгі Месопотамия мен Иранның мәдениеті   XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.   Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.   Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген. Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер.   Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.   Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған. Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792—1750 ж. патшалық қүрған) Вави¬лон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хамму- рапи заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вави¬лон патшалығы мен және үлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродот- тың жөне тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында таңқаларлық археологиялық жаңалық ашып, осы бір үлы мөдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып берді. Қос өзен бойының байырғы түрғындары суға және аспанға табынған. Суға табынушылық, бір жағынан ол қүнарлылық, береке көзі болғандықтан болса, екінші жағынан бүл өңірді талай рет ойрандаған мейірімсіз жауыздық күші болғандықтан қалыптасса керек. Вавилондықтар аспан жарықтарына жай ғана табынып қана қойған жоқ, оның құпия сырларын ашуға да талпыныс жасады. Олар күннің, айдың айналысын және тұтылудың қайталану заң- дылықтарын есептеп шығарды, сонымен қатар вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни жұлдыздарды бақылап зерттеуде тамаша табыстарға ие болды. Б.з.д. V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған. Ахменидтік иран өнері, ғалымдардың пікірінше, нағыз сарайлық өнер болды. Бірақ Ирандық өнерде сабырлылық пен байсалдылық сарын болды, ассириялықтардың өнерінде байқалатын мейірімсіздік — қайырымсыздық қасиеттер кездеспейді десек те болады. Ең бастысы — мәдени мирасқорлық дәстүр бүзылмай сақталған. Ирандық бейнелеу өнеріне аңдарды, олар¬дың ішінде қанатты бүқаларды, арыстандар мен барақ иттерді (үзын жүнді иттің бір түқымы) бейнелеу — осы өнер саласын- дағы басты элемент болып қала береді. Мысалы, Ассирия са- райындағы сияқты Пасаргадыдағы, Персопольдегі және Сузыдағы сарайлардың қақпасының алдында айбынды қанатты бұқалар орналасты. Басқа мәдени мүраларға еліктей отырып, парсы сәулетшілері өнері саласында талай тамаша жаңалықтар ашты. Солардың бірі — «ападана» болатын, яғни түрлі-түсті тастардан жасалған, түтас орман тәрізді жүздеген жеңіл, тіп-тік көп колонналы тақ залы. «Патша сарайларының сән-салтанаты өткен ғасырларда басқа мемлекеттерде жасалғанның бәрін дерлік ба- сып өтті», — деген ғалымдар пікірінің ақиқаттығына сәулетшілік өнердің әрі әдемі, әрі үйлесімді ескерткіштері айқын дәлел бола алады. Иранның сарайлық өнері — мерекелі де, салтанатты өнер болды, тіпті жеңістерді дәріптегеннің өзінде де қатыгездіктен ада таза өнер екендігін көрсете білді. Иран өркениетінің тірегі — зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қол- дау тапты. Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылады. Зороастризм ежелгі заманның фило-софиялық жүйелерінің қалыптасуына, христиан және ислам діндеріндегі жорамалдық ілімдерге де зор эсер етті. Иран өркениетінің тағы бір жетістігі — ондағы ескі парсылық сына жазуы. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда бар-жоғы 43 таңба қалған. Б.з.б. IV ғ. Иранда Сасанидтер династиясы үстемдік етті. Олар өздерінің ата-тегін құдайлармен байланыстырды, табиғат күштеріне сыйынды, отқа, суға табынды. Өкінішке орай, Саса¬нидтер династиясының көптеген мөдени мүралары әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты құрып кетті. Гүлденген Сасанид¬тер мәдениетінен қалғаны — патша сарайлары мен сәулетті храмдардың үйінділері, ондаған алтын, күміс ыдыстар, парсы кілемдері мен жібектің қалдықтары ғана. Сөйтіп, адамзат мәдениетінің ең құнарлы бастамаларының бірі болған бұл мемлекет те құлады. Б.з.б. IV ғ. Александр Македонский жаулап алғаннан кейін Иран дәл Египет сияқты эллинистік мәдениетінің арнасына қосылды.
04.12.2012 08:47 47628

 

Ежелгі Месопотамия мен Иранның мәдениеті

 

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.

 

Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.

 

Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген.

Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер.

 

Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.

 

Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған.

Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792—1750 ж. патшалық қүрған) Вави¬лон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хамму- рапи заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вави¬лон патшалығы мен және үлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродот- тың жөне тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында таңқаларлық археологиялық жаңалық ашып, осы бір үлы мөдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып берді.

Қос өзен бойының байырғы түрғындары суға және аспанға табынған. Суға табынушылық, бір жағынан ол қүнарлылық, береке көзі болғандықтан болса, екінші жағынан бүл өңірді талай рет ойрандаған мейірімсіз жауыздық күші болғандықтан қалыптасса керек. Вавилондықтар аспан жарықтарына жай ғана табынып қана қойған жоқ, оның құпия сырларын ашуға да талпыныс жасады. Олар күннің, айдың айналысын және тұтылудың қайталану заң- дылықтарын есептеп шығарды, сонымен қатар вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни жұлдыздарды бақылап зерттеуде тамаша табыстарға ие болды. Б.з.д. V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.

Ахменидтік иран өнері, ғалымдардың пікірінше, нағыз сарайлық өнер болды. Бірақ Ирандық өнерде сабырлылық пен байсалдылық сарын болды, ассириялықтардың өнерінде байқалатын мейірімсіздік — қайырымсыздық қасиеттер кездеспейді десек те болады. Ең бастысы — мәдени мирасқорлық дәстүр бүзылмай сақталған. Ирандық бейнелеу өнеріне аңдарды, олар¬дың ішінде қанатты бүқаларды, арыстандар мен барақ иттерді (үзын жүнді иттің бір түқымы) бейнелеу — осы өнер саласын- дағы басты элемент болып қала береді. Мысалы, Ассирия са- райындағы сияқты Пасаргадыдағы, Персопольдегі және Сузыдағы сарайлардың қақпасының алдында айбынды қанатты бұқалар орналасты. Басқа мәдени мүраларға еліктей отырып, парсы сәулетшілері өнері саласында талай тамаша жаңалықтар ашты. Солардың бірі — «ападана» болатын, яғни түрлі-түсті тастардан жасалған, түтас орман тәрізді жүздеген жеңіл, тіп-тік көп колонналы тақ залы. «Патша сарайларының сән-салтанаты өткен ғасырларда басқа мемлекеттерде жасалғанның бәрін дерлік ба- сып өтті», — деген ғалымдар пікірінің ақиқаттығына сәулетшілік өнердің әрі әдемі, әрі үйлесімді ескерткіштері айқын дәлел бола алады. Иранның сарайлық өнері — мерекелі де, салтанатты өнер болды, тіпті жеңістерді дәріптегеннің өзінде де қатыгездіктен ада таза өнер екендігін көрсете білді.

Иран өркениетінің тірегі — зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қол- дау тапты. Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылады. Зороастризм ежелгі заманның фило-софиялық жүйелерінің қалыптасуына, христиан және ислам діндеріндегі жорамалдық ілімдерге де зор эсер етті.

Иран өркениетінің тағы бір жетістігі — ондағы ескі парсылық сына жазуы. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда бар-жоғы 43 таңба қалған. Б.з.б. IV ғ. Иранда Сасанидтер династиясы үстемдік етті. Олар өздерінің ата-тегін құдайлармен байланыстырды, табиғат күштеріне сыйынды, отқа, суға табынды. Өкінішке орай, Саса¬нидтер династиясының көптеген мөдени мүралары әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты құрып кетті. Гүлденген Сасанид¬тер мәдениетінен қалғаны — патша сарайлары мен сәулетті храмдардың үйінділері, ондаған алтын, күміс ыдыстар, парсы кілемдері мен жібектің қалдықтары ғана. Сөйтіп, адамзат мәдениетінің ең құнарлы бастамаларының бірі болған бұл мемлекет те құлады. Б.з.б. IV ғ. Александр Македонский жаулап алғаннан кейін Иран дәл Египет сияқты эллинистік мәдениетінің арнасына қосылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға