Жаңалықтар

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы (1946-1960) Республикасының индустриялық д

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы (1946-1960) Республиканың индустриялық дамуы. 1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әскери ендірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жүмыстар жүргізді. Соғыс аяқталған соң басқару органдарын қайта күру басталды: халық комиссариаттарының максаттары және міндеттері өзгере бастады, милитаризмнен бас тартуға нүсқау берілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті таратылды, мекемелерде 8 сағаттық жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, уақытынан артык жұмыс істеу жойылды. Экономиканы бейбіт жолға көшіру жоспары белгіленіп, ол жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Алматыда Киров атындағы зауыт, Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығаруға кірісті. Қазақстанға кезінде елдің еуропалық бөлігінен көшіп келген көптеген жұмысшылар жаңа Отанда қалуға ынта білдірді. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі қаржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға жұмсау қарастырылды. Соғыстан кейінгі құрылыстьң болашағы, жақсы өмірге деген үміт республика еңбекшілерін мемлекет жоспарын орындауға рухтандырды. Зауыттар, кәсіпорындар, өндіріс салалары арасында социалистік жарыс ұйымдастырылды. Қарағанды көмір бассейннің кеншілері еңбекте қомақты табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары еңбектің озық төсілдерін насихаттау, тәжірибе алмасу, ерекше көзге түскендерді марапаттау кең құлаш жайды. Жоспарды орындаудың, үлкен жетістіктерге жетудің жолдары қоғамдық жиындарда жиі-жиі талқыланды. Кез келген жаңсақтық немесе жетістіктен тиісті қорытындылар жасалып отырды. Адамдар да болашаққа, Компартияға сеніммен қарады. 1946-1951 жылдары еңбекшілердің қалың топтарының күш- жігері, қажырлы қайрат көрсетуінің аркасында республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және кемір өнер- көсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды. Осы жылдары қара металлургия өндірісі кендяен дамыды. Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші, Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды. 1965 жылға қарай елімізде 19,5 тонна көмір шыға ратын өндірістік қуат іске қосылды. 1954 жылдан Екібастүз бассейнінің калың қабаттарынан көмір ендіріле бастады. 1965 жылы Екібастүзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды. Республиканың батысында жаңа мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды. Мәселен: Мұнайлы, Ембі бассейндерін және баска да кәсіпшіліктерді өндіріске косу арқылы 1950 жылы мұнай өндіруді соғыска дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға арттыруға мүмкшдік туды. Осы кезеңде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Тамақ өнеркәсібінде 60-жылдардың соңына қарай 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды. Дегенмен де тамақ өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркөсіп өндірісінің 17%-ын ғана қамтыды. Бұл сала одан әрі жетілдіре түсуді қажет етті. 1950 жылдары қайта жабдықталған Семейдегі май зауыты,Петропавлдағы «Комсомол» тігін фабрикасы өнім бере бастады, Жамбыл (қазіргі Тараз), Қызылорда, Павлодардағы тері зауыттарының қүрылысы аякталды. Бұл жылдары Қазақстанның өзінің қуатты ауыр өнеркәсіп базасы қүрылды. Жүмысшылардың ішінде ерекше кезге түскендері жоғарғы еңбек марапаттарына ие болды. Атақты кеншілер Т. Күзембаев, Ж. Әбдірахманов, П. Акулов Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ алды. Елімізде экономикалық дамудың қарқыны одан әрі артты. 1954- 1958 жылдары республикамызда 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар салынып, іске қосылды. Олардың қатарында Жезқазған кен байыту, Өскемен таукен жабдықтарын жасау зауытының, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының бірінші кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Қарағанды, Семей және Шымкент цемент зауыттары болды. Осының бәрі 1958 жылы Қазақстанға өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-орынға шығуға мүмкіндік жасады. 1960 жылдардың ортасына қарай республиканың өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті. 729 ірі өнеркәсіп орны және 535 цех қатарга қосылды. 60- жылдардың соңына қарай тағыда 445 ірі кәсіпорын мен цехтар іске қосылды. Жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылып, озық техникамен жарақтандырылды. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыты етіп өндірісті механикаландыру таңдап алынды. Қазақстандағы экономикалық дамудың қарқыны жұмысшы табының жаңа мамандарын даярлауды талап етті. Еңбек резервтерінің жүйесі бір бесжылдық ішіінде ел экономикасына аса қажетті мамандықты меңгерген 50 мың жұмысшы даярлады. Дегенмен мамандар даярлаудың бұл жүйесі өсіп келе жатқан қажеттшіктерді қанағаттандыра алмады. Жұмысшылар қатары республикадан тыс жерлерден келгендер есебінен толығын отырды. Бұл құбылыс әсіресе Қарағанды көмір бассейні, Шымкент, Жамбыл,Ақмола және Алматы өнеркәсіп кәсіпорындарында байқалды. Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының артуына алып келді. 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлер саны 1 044 мың адам (оның ішінде 304 мыңы - өнеркәсіпте) болса, 1950 жылы бұл көрсеткіш тиісішпе 1 403 мың және 366 мыңға жетті. Жоғары маман жұмысшылар үлкен қалалардағы ірі кәсіпорындарда шоғырланды. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті. Нәтижесінде қала халқының саны қарқынды түрде есіп, 1959 жылы 44%-ға жетті. Осы жылдары Қазақстанның қартасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды. Өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте жүмыс істеу үшін республикадан тыс жерлерден жұмысшы күшін тарту көлемі артты. Күштер мен ресурстардың ауыр өнеркәсіпте шектен тыс шоғырлануы, адамдардың қалаға толассыз келуі әлеуметтік саясатқа, халықтың тұрмыстық деңгейіне елеулі әсерін тигізді. Тұрғын үй, тұрмыс жағдайлары өте ауыр болды, түрғын үй салу үнемі артта қалып отырды. Мындаған жұмысшылар жатақханада, олардың көбі вагондар мен палаткаларда тұрды. Тұрғын үйдің, тауар, азық-түліктің жетіспеуішлігіне қарамастан жұмысшылар белгіленген мерзімнен тыс жұмысқа тартылды, демалыссыз жұмыс істеді. Көлік және байланыс жүйесі. Энергетика Экономиканың интенсивті дамуы көлік және байланыс жүйесін қатар дамытуды талап етті. Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамуы өз кезегінде көлік жүйесінін кеңейе түсуіне ықпал eттi. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол тармағы салынды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл-Шолақтау темір жол желісімен пойыздар жүре бастады. 1960 жылы темір жол желісі 1945 жылғымен (8,2 мың км) салыстырғанда 11,47 мың км-ге жетті. Темір жолдағы қалыпты жұмыс оның жекелеген бөліктерінің Түркістан-Сібір, Қарағанды, Орынбор, Ташкент, Омбы, Рязань-Орал, Томск темір жолдарының кұрамына кіруіне байланысты күрделене түсті. 1958 жылы республика аумағьнда Қазақ Темір жолының (қазіргі «Қазақстан Темір жолы») кұрылуымен қиындықтар жойылды. 1951- 1955 жылдары Қазақстандағы пайдаланылатын темір жол ұзындығы 8 407 км-ден 9 973 км-ге дейін (яғни 1566 км-ге артық) ұзарды. 1960 жылдардың соңында Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 13120 км-ге жетті. Бұл Одақтык, көлемдегі темір жолдың 9,3%-ы еді. Қазақстан темір жолы бүкіл Одақтағы темір жолмен жүк тасу айналымының 8,3%-ын, жолаушы тасу айналымышың 5,9%-ын қамтамасыз етті. Республикамызда темір жол транспортымен бірге автомобиль транспортын дамытуға зор көңіл бөлінді. 1960 жылы тас төселген автомобиль жолдарының ұзындығы 11,2 мың км-ге жетті. Осы жылдары барлық аудан орталықтарында телефон орнатылды, совхоздар, ауыл және село Кеңестерінің көпшілігі аудан орталыктарымен телефон байланысына ие болды. 1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда астананы елдің 56 қаласымен байланыстырған автоматтық телефон станциясы жұмыс істей бастады, радио хабарын тарататын станциялар саны 1940 жылмен салыстырғанда екі еседей артты. Қүрылыс жұмыстарының ауқымды көлемі, түсті және қара металлургияның, машина жасаудың және отын өнеркәсібінің жоғары карқынмен дамуы Қазақстандағы энергетикалық базаның ілгері дамуының объективті негізі болды. 1945 жылы республикада 1,15 млн квт/сағат электр куаты өндірілсе, 1960 жылы оның көлемі 10,5 млн квт/сағатка тең болды. Қазақстанның темір кенін өндірудегі одақтағы үлес салмағы 5,4%-ға жетті. Қарағанды металлургия комбинаты тек республиканың ғана емес, сондай-ак Сібір, Орал, Орта Азияны да металмен қамтамасыз ету базасына айналды.[1] Ғылыми-техникалық прогресс. КОКП XX съезінде қабылданған қоғамды демократияландыру бағыты экономикалық саясаттағы кейбір өзгерістерге қолайлы жағдай қалыптастырды. Мемлекет басшыларының сөздерінде және партия құжаттарында алғашқы бесжылдық жылдарындағы шаруашылықты жүргізу жүйесі 50-жылдардың ортасына карай ескіргені және жаңа талаптарға жауап бермейтіні туралы айтылды. Экономиканың экстенсивті даму жолы мүмкіншіліктері сарқылды, жаңа технологиялардың жетіспеушілігі байқалды. Осы кезенде өндірісті басқаруды жетілдірудің, ғылыми-техникалық прогресс екпінін жылдамдатудың, ауыл шаруашылығының артта калуын жоюдың жолдары карастырылды. Экономикалық іс-шаралардың біраз бөлігі басқаруды жаңаша ұйымдастыруға, одақтас республикалардың шаруашылық құқықтарын кеңейтуге бағытталды. Бұл Қазақстанның қоғамдык өмірінің дамуына қолайлы әсерін тигізді. Экономиканы экстенсивті түрде дамытуға алынған бағыт республиканы КСРО-ның еуропалық бөлігінін; шикізат кезіне айналдырды. Республика аумағында алып өнеркәсіптік кұрылыстарды жүргізген орталық ведомстволар, одақтық министрліктер жиі волюнтаристік шаралар қолданып, әлеуметтік базаны дамыту мен экологиялық теңдікті сақтауды ескермеді. Экономиканы тиімді басқаруда түбірлі өзгерістердің қажеттігі. Сонымен қатар әкімшілік жүйе жағдайында экономиканы басқарудағы реформалар түбірлі өзгерістерге алып келе алмағандағын тарихи тәжірибе айқын көрсетті. 1957 жылдан келе жатқан халық шаруашылығы кеңестер жүйесін құруда қарастырылған салаларды аумақтық принциптер бойынша басқару ісі көп етпей-ақ жарамсыздығын көрсетті. Кәсіпорындарға министрліктер емес, халық шаруашылығы кеңестері мардымсыз көмек керсетіп, бақылай бастады. Экономикалық тетіктер жұмыс істемеді. Мәжілістерде мамандар экономикалық өзгерістердің және басқарудың жаңа формаларының тиімсіздігі туралы жиі айтты. Сәтсіздіктер асығыс қабылданған шешімдердің, субъективтік бұрмалаушылықтардың жаңа толқынын туғызды. Мұндағы басты рөлді КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н. С. Хрущев атқарды. 1962 жылы Қазақстандагы халық шаруашылыгы кеңестерін ірілендіру әрекеті жасалды. Осы жылы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық бөлімдерінен тұратын басқару органдарын қайта ұйымдастыру жүзеге асты. Бірақ ел басшылығы бұрынғысынша саяси реформа жүргізудің, саясаттың идеологиялык негіздеріне елеулі түзету енгізудің қажеттілігін түсінбеді. Рационализация, волюнтаризм, жоспарлау, жарыстар, түсті металлургия, қара металлургия Назар аударыңдар! Бұл сендердің білгірліктеріңді арттырады! Рационализация (лат. rationalis - саналы, ratio - сана) - бір нәрсені жетілдіру, барынша жетілдірілген ұйымдарды енгізу (мысалы, өндірісте). Волюнтаризм (лат. voluntas - ерік) - 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде қарастыратын философиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын әрекет. Түсті металлургия - өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы. Қаратүсті металра металлургия - руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы. Жоспарлау - экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешенін әзірлеу. КСРО-да және бірқатар басқа мемлекеттерде жүргізілген директивалы, орталықтанған жоспарлаудың («бесжылдықтар») тарихи тәжірибесі тапсырыстардың, алдын ала бөлудің, ресурстарды қаржыландырудың және т. с. с. қатал жүйесі өндірушіні дербестіктен, бастамашылықтан, дамуға ынталандырудан айыратынын, экономикалық өсудің қарқындарын бәсеңдетуге, ақыры халық шаруашылығындағы пропорционалды емес және т. с. с. дағдарысты құбылыстарға әкеліп соғатынын көрсетті.  
04.12.2012 08:43 120825

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы (1946-1960) Республиканың индустриялық дамуы.

1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әскери ендірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жүмыстар жүргізді.

Соғыс аяқталған соң басқару органдарын қайта күру басталды: халық комиссариаттарының максаттары және міндеттері өзгере бастады, милитаризмнен бас тартуға нүсқау берілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті таратылды, мекемелерде 8 сағаттық жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, уақытынан артык жұмыс істеу жойылды. Экономиканы бейбіт жолға көшіру жоспары белгіленіп, ол жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Алматыда Киров атындағы зауыт, Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығаруға кірісті. Қазақстанға кезінде елдің еуропалық бөлігінен көшіп келген көптеген жұмысшылар жаңа Отанда қалуға ынта білдірді. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі қаржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға жұмсау қарастырылды. Соғыстан кейінгі құрылыстьң болашағы, жақсы өмірге деген үміт республика еңбекшілерін мемлекет жоспарын орындауға рухтандырды. Зауыттар, кәсіпорындар, өндіріс салалары арасында социалистік жарыс ұйымдастырылды. Қарағанды көмір бассейннің кеншілері еңбекте қомақты табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары еңбектің озық төсілдерін насихаттау, тәжірибе алмасу, ерекше көзге түскендерді марапаттау кең құлаш жайды. Жоспарды орындаудың, үлкен жетістіктерге жетудің жолдары қоғамдық жиындарда жиі-жиі талқыланды. Кез келген жаңсақтық немесе жетістіктен тиісті қорытындылар жасалып отырды. Адамдар да болашаққа, Компартияға сеніммен қарады. 1946-1951 жылдары еңбекшілердің қалың топтарының күш- жігері, қажырлы қайрат көрсетуінің аркасында республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және кемір өнер- көсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды. Осы жылдары қара металлургия өндірісі кендяен дамыды. Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші, Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды. 1965 жылға қарай елімізде 19,5 тонна көмір шыға ратын өндірістік қуат іске қосылды. 1954 жылдан Екібастүз бассейнінің калың қабаттарынан көмір ендіріле бастады. 1965 жылы Екібастүзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды.

Республиканың батысында жаңа мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды.

Мәселен: Мұнайлы, Ембі бассейндерін және баска да кәсіпшіліктерді өндіріске косу арқылы 1950 жылы мұнай өндіруді соғыска дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға арттыруға мүмкшдік туды. Осы кезеңде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Тамақ өнеркәсібінде 60-жылдардың соңына қарай 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды. Дегенмен де тамақ өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркөсіп өндірісінің 17%-ын ғана қамтыды. Бұл сала одан әрі жетілдіре түсуді қажет етті. 1950 жылдары қайта жабдықталған Семейдегі май зауыты,Петропавлдағы «Комсомол» тігін фабрикасы өнім бере бастады, Жамбыл (қазіргі Тараз), Қызылорда, Павлодардағы тері зауыттарының қүрылысы аякталды. Бұл жылдары Қазақстанның өзінің қуатты ауыр өнеркәсіп базасы қүрылды. Жүмысшылардың ішінде ерекше кезге түскендері жоғарғы еңбек марапаттарына ие болды. Атақты кеншілер Т. Күзембаев, Ж. Әбдірахманов, П. Акулов Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ алды. Елімізде экономикалық дамудың қарқыны одан әрі артты. 1954- 1958 жылдары республикамызда 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар салынып, іске қосылды. Олардың қатарында Жезқазған кен байыту, Өскемен таукен жабдықтарын жасау зауытының, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының бірінші кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Қарағанды, Семей және Шымкент цемент зауыттары болды. Осының бәрі 1958 жылы Қазақстанға өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-орынға шығуға мүмкіндік жасады. 1960 жылдардың ортасына қарай республиканың өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті. 729 ірі өнеркәсіп орны және 535 цех қатарга қосылды. 60- жылдардың соңына қарай тағыда 445 ірі кәсіпорын мен цехтар іске қосылды. Жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылып, озық техникамен жарақтандырылды. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыты етіп өндірісті механикаландыру таңдап алынды. Қазақстандағы экономикалық дамудың қарқыны жұмысшы табының жаңа мамандарын даярлауды талап етті. Еңбек резервтерінің жүйесі бір бесжылдық ішіінде ел экономикасына аса қажетті мамандықты меңгерген 50 мың жұмысшы даярлады. Дегенмен мамандар даярлаудың бұл жүйесі өсіп келе жатқан қажеттшіктерді қанағаттандыра алмады. Жұмысшылар қатары республикадан тыс жерлерден келгендер есебінен толығын отырды. Бұл құбылыс әсіресе Қарағанды көмір бассейні, Шымкент, Жамбыл,Ақмола және Алматы өнеркәсіп кәсіпорындарында байқалды. Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының артуына алып келді. 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлер саны 1 044 мың адам (оның ішінде 304 мыңы - өнеркәсіпте) болса, 1950 жылы бұл көрсеткіш тиісішпе 1 403 мың және 366 мыңға жетті. Жоғары маман жұмысшылар үлкен қалалардағы ірі кәсіпорындарда шоғырланды. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті. Нәтижесінде қала халқының саны қарқынды түрде есіп, 1959 жылы 44%-ға жетті. Осы жылдары Қазақстанның қартасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды. Өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте жүмыс істеу үшін республикадан тыс жерлерден жұмысшы күшін тарту көлемі артты. Күштер мен ресурстардың ауыр өнеркәсіпте шектен тыс шоғырлануы, адамдардың қалаға толассыз келуі әлеуметтік саясатқа, халықтың тұрмыстық деңгейіне елеулі әсерін тигізді. Тұрғын үй, тұрмыс жағдайлары өте ауыр болды, түрғын үй салу үнемі артта қалып отырды. Мындаған жұмысшылар жатақханада, олардың көбі вагондар мен палаткаларда тұрды. Тұрғын үйдің, тауар, азық-түліктің жетіспеуішлігіне қарамастан жұмысшылар белгіленген мерзімнен тыс жұмысқа тартылды, демалыссыз жұмыс істеді.
Көлік және байланыс жүйесі. Энергетика

Экономиканың интенсивті дамуы көлік және байланыс жүйесін қатар дамытуды талап етті. Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамуы өз кезегінде көлік жүйесінін кеңейе түсуіне ықпал eттi. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол тармағы салынды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл-Шолақтау темір жол желісімен пойыздар жүре бастады. 1960 жылы темір жол желісі 1945 жылғымен (8,2 мың км) салыстырғанда 11,47 мың км-ге жетті. Темір жолдағы қалыпты жұмыс оның жекелеген бөліктерінің Түркістан-Сібір, Қарағанды, Орынбор, Ташкент, Омбы, Рязань-Орал, Томск темір жолдарының кұрамына кіруіне байланысты күрделене түсті. 1958 жылы республика аумағьнда Қазақ Темір жолының (қазіргі «Қазақстан Темір жолы») кұрылуымен қиындықтар жойылды. 1951- 1955 жылдары Қазақстандағы пайдаланылатын темір жол ұзындығы 8 407 км-ден 9 973 км-ге дейін (яғни 1566 км-ге артық) ұзарды. 1960 жылдардың соңында Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 13120 км-ге жетті. Бұл Одақтык, көлемдегі темір жолдың 9,3%-ы еді. Қазақстан темір жолы бүкіл Одақтағы темір жолмен жүк тасу айналымының 8,3%-ын, жолаушы тасу айналымышың 5,9%-ын қамтамасыз етті. Республикамызда темір жол транспортымен бірге автомобиль транспортын дамытуға зор көңіл бөлінді. 1960 жылы тас төселген автомобиль жолдарының ұзындығы 11,2 мың км-ге жетті. Осы жылдары барлық аудан орталықтарында телефон орнатылды, совхоздар, ауыл және село Кеңестерінің көпшілігі аудан орталыктарымен телефон байланысына ие болды. 1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда астананы елдің 56 қаласымен байланыстырған автоматтық телефон станциясы жұмыс істей бастады, радио хабарын тарататын станциялар саны 1940 жылмен салыстырғанда екі еседей артты. Қүрылыс жұмыстарының ауқымды көлемі, түсті және қара металлургияның, машина жасаудың және отын өнеркәсібінің жоғары карқынмен дамуы Қазақстандағы энергетикалық базаның ілгері дамуының объективті негізі болды. 1945 жылы республикада 1,15 млн квт/сағат электр куаты өндірілсе, 1960 жылы оның көлемі 10,5 млн квт/сағатка тең болды. Қазақстанның темір кенін өндірудегі одақтағы үлес салмағы 5,4%-ға жетті. Қарағанды металлургия комбинаты тек республиканың ғана емес, сондай-ак Сібір, Орал, Орта Азияны да металмен қамтамасыз ету базасына айналды.[1]
Ғылыми-техникалық прогресс.

КОКП XX съезінде қабылданған қоғамды демократияландыру бағыты экономикалық саясаттағы кейбір өзгерістерге қолайлы жағдай қалыптастырды. Мемлекет басшыларының сөздерінде және партия құжаттарында алғашқы бесжылдық жылдарындағы шаруашылықты жүргізу жүйесі 50-жылдардың ортасына карай ескіргені және жаңа талаптарға жауап бермейтіні туралы айтылды. Экономиканың экстенсивті даму жолы мүмкіншіліктері сарқылды, жаңа технологиялардың жетіспеушілігі байқалды. Осы кезенде өндірісті басқаруды жетілдірудің, ғылыми-техникалық прогресс екпінін жылдамдатудың, ауыл шаруашылығының артта калуын жоюдың жолдары карастырылды. Экономикалық іс-шаралардың біраз бөлігі басқаруды жаңаша ұйымдастыруға, одақтас республикалардың шаруашылық құқықтарын кеңейтуге бағытталды. Бұл Қазақстанның қоғамдык өмірінің дамуына қолайлы әсерін тигізді. Экономиканы экстенсивті түрде дамытуға алынған бағыт республиканы КСРО-ның еуропалық бөлігінін; шикізат кезіне айналдырды. Республика аумағында алып өнеркәсіптік кұрылыстарды жүргізген орталық ведомстволар, одақтық министрліктер жиі волюнтаристік шаралар қолданып, әлеуметтік базаны дамыту мен экологиялық теңдікті сақтауды ескермеді.

Экономиканы тиімді басқаруда түбірлі өзгерістердің қажеттігі.

Сонымен қатар әкімшілік жүйе жағдайында экономиканы басқарудағы реформалар түбірлі өзгерістерге алып келе алмағандағын тарихи тәжірибе айқын көрсетті. 1957 жылдан келе жатқан халық шаруашылығы кеңестер жүйесін құруда қарастырылған салаларды аумақтық принциптер бойынша басқару ісі көп етпей-ақ жарамсыздығын көрсетті. Кәсіпорындарға министрліктер емес, халық шаруашылығы кеңестері мардымсыз көмек керсетіп, бақылай бастады. Экономикалық тетіктер жұмыс істемеді. Мәжілістерде мамандар экономикалық өзгерістердің және басқарудың жаңа формаларының тиімсіздігі туралы жиі айтты. Сәтсіздіктер асығыс қабылданған шешімдердің, субъективтік бұрмалаушылықтардың жаңа толқынын туғызды. Мұндағы басты рөлді КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н. С. Хрущев атқарды. 1962 жылы Қазақстандагы халық шаруашылыгы кеңестерін ірілендіру әрекеті жасалды. Осы жылы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық бөлімдерінен тұратын басқару органдарын қайта ұйымдастыру жүзеге асты. Бірақ ел басшылығы бұрынғысынша саяси реформа жүргізудің, саясаттың идеологиялык негіздеріне елеулі түзету енгізудің қажеттілігін түсінбеді. Рационализация, волюнтаризм, жоспарлау, жарыстар, түсті металлургия, қара металлургия
Назар аударыңдар! Бұл сендердің білгірліктеріңді арттырады!

Рационализация (лат. rationalis - саналы, ratio - сана) - бір нәрсені жетілдіру, барынша жетілдірілген ұйымдарды енгізу (мысалы, өндірісте).

  • Волюнтаризм (лат. voluntas - ерік) - 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде қарастыратын философиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын әрекет.
  • Түсті металлургия - өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы.
  • Қаратүсті металра металлургия - руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.
  • Жоспарлау - экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешенін әзірлеу. КСРО-да және бірқатар басқа мемлекеттерде жүргізілген директивалы, орталықтанған жоспарлаудың («бесжылдықтар») тарихи тәжірибесі тапсырыстардың, алдын ала бөлудің, ресурстарды қаржыландырудың және т. с. с. қатал жүйесі өндірушіні дербестіктен, бастамашылықтан, дамуға ынталандырудан айыратынын, экономикалық өсудің қарқындарын бәсеңдетуге, ақыры халық шаруашылығындағы пропорционалды емес және т. с. с. дағдарысты құбылыстарға әкеліп соғатынын көрсетті.
     
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға