QWERTY
04.12.2012 08:42
4069
QWERTY — қәзіргі таңдағы ағылшын тілінде қолданылатын латын пернетақта жаймасының ең кең тараған түрі. Осының негізінде басқа да көптеген тілдерде пернетақталар жарық көрген. Бұл пернетақта жаймасының атауы оның жоғарғы сол жақ қатарындағы 6 әріптің тіркесінен пайда болған.
•
Пайда болу тарихы
1867-1971 жылдары аралығында жасалған Кристофер Шоулздың алғашқы тәжірибелік жазба машиналары әліпби тәртібі бойынша орналасқан пернелердің екі қатарынан тұрған. Бұндай тәртіп иіндердің бір-бірімен жиі соғылуына әкеліп соқты. Осы мәселені шешу барысында Кристофер Шоулз пернелердің орналасуын өзгерте отырып, бірнеше рет тәжрірибе жасаған. Нәтижесінде ол Ремингтон 1-ді жарыққа шығарды. Бұл өндірістік мақсатта шығарылған алғашқы жазба машинасы еді, пернетақтада QWERTY тәртібі қолданылған. Пернетақта нарықта орнын тауып, бес жыл бойы сатылымда болды, тұтынушылар QWERTY-ге уйреніп те үлгерді.
Көрмей теру тәсілінің 1888 жылы Франк Макгурриннің ашуы Ремингтон-2 жазба машинасының кең тарауына көмегін тигізді. Макгурриннің таң қалдырарлық жеңісімен аяқталған 1888 жылы орын алған пернетақтада тез теру сайысы QWERTY пернетақталарының кең қолданысқа ие болуына тағы да оң әсерін тигізді. Осы кезеңнен бастап жазба пернетақталарын өндірушілер QWERTY тәртібіне көше бастады.
Қазіргі уақытта QWERTY - ең көп тараған пернетақта түрі және оны ары қарай дамытудың қажеттілігі жоқ.
Балама пернетақта түрлері
QWERTY пернетақта жаймасы осы уақытта мынадай анахронизммен сипатталады: QWERTY-дің пайда болуына әкеліп соққан қажеттіліктер қазір жойылды. Оны өзгертуге тырысқан бірнеше талпыныстар бар.
1936 жылы Вашингтон университетінің профессоры Август Дворак пернелердің стандартты тәртібіне оралып, жаңа перне тәртібінің қажеттілігін ғылыми түрде дәлелдеуге тырысты. Оның зерттеулерінің нәтижесі автордың атымен аталған жаңа пернетақтаны дүниеге әкелді. Оның негізгі мақсаты - қолданушыға сөз теруді барынша ыңғайлы ету. Дворак пернетақтасының барлық талаптарға сай, кез келген Windows нұсқасына қолдануға болатынына қарамастан, онымен компьютер қолданушылардың тек 2%-ы ғана қолданады. 1943 ж. желтоқсан айында Дворак жазған еді:
Аса көп еңбектенбей-ақ, кем дегенде Шолулздың әмбебап пернетақтасынан кем болмайтын ондаған пернетақталар шығаруға болады. Шоулз пернетақтасының төменгі үш қатарындағы әріптер мен таңбаларының орнын кездесоқ ауыстырсақ, қол мен саусақтарға түсетін күшті біркелкі сейілтетін қолайлы пернетақтаның пайда болуы ықтимал. Сонымен қатар, Шоулз пернетақтасымен салыстырғанда, бір қолмен терілетін сөздер және теруге қолайсыз әріптер тізбегінен құралған сөздер саны азаяды.
Colemak теру тәртібін 2006 жылы Шай Коулман ағылшын әріптерін теру үшін шығарған. Атауы Coleman және Dvorak сөздерінің тіркесуінен шыққан. Заманауи компьютерлерге бейімделген пернетақта Коулманның айтуына қарағанда мынадай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
1. QWERTY-ден әлдеқайда тез және Дворактан бірнеше рет тез - Colemak-та шынашақтарға аз күш түседі, оң және сол қол жиі ауысады.
2. QWERTY және Colemak пернетақталарының ішінара ұқсастығына байланысты QWERTY-де, мысалы, жұмыс кезінде, ал Colemak-пен үйде қолдануға болады. Дворак пернетақтасы QWERTY-ге мүлдем сәйкес келмейді.
3. Маңызды пернетақта командаларын (Ctrl+Z, Ctrl+S т.с.с.) қол оңай жететіндей өз орнында қалдырады.
4. Дворак пернетақтасына қарағанда Colemak пернетақтасында бағдарламалау оңайырақ, нүктелі үтірден басқа тыныс белгілері QWERTY-дегі орындарында қалдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Микроғарыш және макроғарыш