Көшпенділердің материалдық мәдениеті
Көшпенділердің материалдық мәдениеті
Көшпенділердің материалдық мәдениеті- Қазақстан аумағында түріктердің саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелердің беттерінен кездеспейді деуге болады, олардың орнына, әдетте, жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Алайда, мұның өзі көптеген жергілікті тайпалар бір- бірімен әбден араласып, сіңісіп кетті деген сөз емес. Олар, сөз жоқ, Батыс түрік қағанаты халқының көпшілігін кұраған, археологиялық зертгеулердің дәлелдегеніндей, өздерінің мәдениеті мен өнерін сақтап қалған. Шаруашылық кәсібі, тұрмыс салты бойынша түріктерге жақын болғандықтан, олар түрік қағанатының, одан соң Түргеш және Қарлұқ мемлекетінің құрамына сінісіп кеткен. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экономикалық және этникалық-мәдени жағынан Батыс кағанат құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыранқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды. Сонымен бірге түріктер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгереді, мысалы, өліктің басын батысқа беріп жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, олардың басын солтүстікке бағдарлап жерлеу басым бола бастады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жауға мінген аттарының сүйектерімен, жорықтағы қару-жарақтарымен бірге жатты. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштарының және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болады. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сөнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарайды. VI — IX ғасырлардағы ескерткіштер қорымдар, жекелеген қабірлер, кездейсоқ табылған заттар және тастан жасалған тұлғалар түрінде кездеседі. Қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштер мен олжалар кешендерін нақты этникалық кұрылымдармен тендестіру үшін материалдар әзірше аз болып отыр.
Тайпаларды оқаулар болу жөніндегі ұсыныстардың көпшілігі шартты сипатға болып табылады. Ертісте қазып ашылған қабірлердің кейбіреулерін мейлінше сенімді түрде қимақтармен байланыстыруға болады.